Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл жерінде өткен әскери сайыста Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

    Жамбыл жерінде өткен әскери сайыста Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

    Өңір тынысы 21.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның әскери қызметшілері Халықаралық армия ойындарының үш сайысында жеңімпаз атанды. «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Тактикалық мерген» және «Меридиан» жарыстары аяқталып, олардың қорытындысы бойынша қазақстандық жауынгерлер көш бастап тұр, — деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz. 

    «Артиллериядан оқ ату шеберлері»

    Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында жекелей сайыс, түнгі спринт және эстафета кезеңдерінен тұратын байқау өтті. Бұл жарысқа Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетті. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түс. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындады. 

    Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты – 15 минут 53 секунд. Екінші орындағы ресейлік әскери қызметшілердің нәтижесі –18 минут 17 секунд. Үшінші орынды иеленген Беларусь миноаатқыштарының нәтижесі – 22 минут 16 секунд.

    Түнгі спринтте де 10 минут 33 секунд нәтижесімен Қазақстан үздік атанды. Мәреге екінші болып 14 минут 15 секундпен Әзербайжанның әскери қызметшілері келді. Ресейден келген артиллеристердің көрсеткіші – 16 минут 01 секунд. 

    Үшінші, «эстафета» кезеңінде де қазақстандық артиллеристер үздік деп танылды. Қазақстан командасы «Артиллериядан оқ ату шеберлері» байқауында екінші және үшінші орындарды иеленген Ресей мен Әзербайжанның әскери қызметшілерін басып озды.

    «Артиллериядан оқ ату шеберлері» жарысында Қазақстан құрамасының жетекшісі Серікбаев Тілек Назымбекұлының айтуынша, 12 елге шақырту жіберілген. Соның тоғызы сайысқа қатысқанр. Әр елдің құрамасында 21 әскери қызметші бар. 

    «Артиллериядан оқ ату шеберлері» сайысы жылда Гвардейск қаласында өткізіледі. Әзербайжан, Ресей және Беларусь құрамаларының дайындығы өте жақсы. Еліміздің әр өңірінен мықтылар іріктеліп, олар бір ай бойы дайындалды. Латын Америкасы, Африка құрлығынан Зимбабве сынды елдердің осы ойындарға қатысуы Ресей Федерациясының шақыртуымен ұйымдастырылды. Жалпы мұндай жиындардың басты мақсаты — тәжірибе алмасу және қарым-қатынасты нығайту», – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары — ракета әскерлері мен артиллерия бастығы Тілек Серікбаев.

    Айта кетейік, Қарағанды облысында өтіп жатқан «Тактикалық мерген» байқауының кезекті кезеңінде Қазақстан командасы жеңіске жетті. Екі жауынгер жарысында әскери қызметшілер тосқауылға түскен кездегі тактикалық және атыс тапсырмаларын орындады. Қатысушылар қалқалана отырып жылжып, нысанаға оқ жаудырды. Қазақстандық жауынгерлердің нәтижелі әрекеттері байқаудың соңғы кезеңінде оларды жеңіске жеткізді. Екінші орында – Ресей әскери қызметшілері, үшінші орында – Қытай.

    «Тактикалық мерген» байқауы

    Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Тактикалық мерген» байқауына қатысушылар қорытынды кезеңде топ құрамында іс-қимыл жасай отырып, оқ ату тапсырмаларын орындады. Қатысушылар ойлы-қырлы жерлермен жүріп өтіп, ғимараттағы және шатқалдағы нысаналарға оқ жаудырды.

    «Қатысушыларға қосымша қиындық тудырған экстремалды дене белсенділігі мен жылдам қозғалыс болды. Сайысушылар дәл ату үшін күш-жігері мен байыптылығын сақтап, команданың тактикалық тұрғыдан тексерілген іс-әрекеттері туралы ұмытпаулары қажет болды. Себебі команданың бір мүшесінің қателігі бүкіл топтың нәтижесіне әсер етеді, — дейді байқаудың төрешісі Ғалым Садықов.

    Соңғы кезеңде де және «Тактикалық мерген» байқауының қорытындысы бойынша да Қазақстан жауынгерлері жеңіске жетті. Байқауда екінші орынды Қытай командасы иеленсе, үшінші орынды Ресей мен Өзбекстанның әскери қызметшілері өзара бөлісті.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Әскери медиа (@as_media2022)

    «Меридиан» байқауы

    Ақмола облысындағы «Амандық» полигонында әскери топографтардың «Меридиан» байқауында қазақстандық команда жеңіске жетті. «Топографиялық квадратлон» деп аталатын қорытынды кезеңде қатысушылар «лабиринттен» өтіп, кедергілер жолағын еңсерді, бөлек-бөлек топографиялық карталардан объектілердің координаттарын анықтады.

    Топогеодезиялық есептоп құрамында аға лейтенант Ернат Сұлтанғазы, аға лейтенант Нұрбек Рысқожаев және капитан Нұрболат Жұмабеков бағыт бойынша өтуден үздік нәтиже көрсетіп, оның нәтижесі Қазақстанға байқаудың жалпы жеңісін қамтамасыз етті. Екінші орын Қытай әскери қызметшілеріне, үшінші орын Беларусь еліне бұйырды.

    «Меридиан» байқауында мамандардың күрделі геодезиялық есептоптардың ептілігін, топогеодезиялық бөлімшелердің шеберлігі мен үйлесімдігі тексеріледі. Бұндай сәтте интуиция және логикалық ойлау қасиеттері де маңызды. Биыл командалардың дайындық деңгейі жоғары, – деп атап өтті байқаудың бас төрешісі полковник Шаяхмет Әшіров.

    Айта кетейік, Қазақстанның әскери қызметшілері Әзербайжан Республикасының Пута әскери-теңіз базасы аумағындағы теңіз полигонында су үсті кемелері экипаждарының «Теңіз кубогы» атты сайысында үш жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық теңізшілер 132 ұпаймен екінші орында. Бірінші орынды теңдей 135 ұпай жинаған Әзербайжан мен Ресей кемелерінің экипаждары өзара бөлісті.

    Ал, Армян елінің Дилижан полигонындағы «Бейбітшілік жауынгері» сайысы аяқталды. Әскери тарихты, географияны, халықаралық гуманитарлық құқықты, әлемдік өнер мен әдебиетті білуге арналған жарыста қазақстандық жауынгерлер Ресей мен Беларусь әскери қызметшілерінен кейінгі үшінші орынға тұрақтады. Алда шешуші жарыстар өтетін болады, сондықтан әлі қазақстандық команданың жеңіске жетуге деген мүмкіндігі бар.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.