Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 21 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда Арыс қаласына көрсетілетін гуманитарлық көмек жалғасуда

    Жамбылда Арыс қаласына көрсетілетін гуманитарлық көмек жалғасуда

    Өңір тынысы 29.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов брифинг өткізді. Онда орын алған жарылыстан зардап шеккендерге облыс тарапынан ұйымдастырылып жатқан көмек туралы баяндалды.

    Айта кетейік апат орын алған күні 24-26 маусым күндері Жамбыл облысының Жамбыл, Луговое және Шу станцияларында 11 жолаушы пойызы тоқтаған болатын. Ондағы жолаушыларға облыс тарапынан тиісті жағдай жасалды. Теміржол станцияларында тәулік бойы медицина қызметкерлерінен 4 бригада кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетті. Вокзал маңындағы мектептер мен қонақ үйлерден төсек орындар әзірленіп, тамақтану пункттері ашылды.

    Сондай-ақ, 25 маусымда Тараз қаласына Арыс қаласының («Һибатулла Тарази» мешітіне) 134 тұрғыны жеткізіліп, орталық мешітке жайғастырылған. Оларға жергілікті билік пен тұрғындар тарапынан барлық керекті жағдайлар қарастырылып, ыстық тамақ, жатақхана, монша, медициналық көмек ұйымдастырылды.

    Өңір басшысының айтуынша, 28 маусым күні Арыс қаласының 100 баласы «Болашақ» жазғы сауықтыру лагеріне және 10 бала «Тау самалы» лагеріне қабылданған. Қосымша тағы 12 бала қабылданбақ.

    Зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету бойынша «Арыс. Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Тараз қаласында 4 қабылдау пункті ашылды. Онда жинақталған азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттар Арысқа жеткізілді. Жамбыл облысы арыстықтарға алғашқылардың бірі болып қол ұшын созып, бүгінге дейін барлығы 182 тонна гуманитарлық көмек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жөнелтілген.
    Ол ғана емес, тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 2,2 миллион теңгеге қажетті дәрі-дәрмегімен қамтылған арнайы жасақталған 4 реанимобильмен 8 фельдшер Арыс қаласына жіберілген.

    Сондай-ақ, брифингте Асқар Исабекұлы Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша облыс тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

    “Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлініп, Жамбыл облысына 3-ші сектор бекітілді. Белгіленген аумақта 9 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелді. Қазіргі таңда, менің орынбасарымның басқаруымен тұрғын үйлердің ақаулық актілерін рәсімдеу үшін құрамында 70 адамы бар 9 мекеме жұмылдырылып, 28 маусымға 257 үйге тексеру жұмыстарын аяқтады”,- деді облыс әкімі.

    Бүгінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 15 құрылыс фирмасы тартылып, 100 адам жұмыс атқаруда. Арыс қаласына аттанған Жамбыл облысының Штабы аталған сектордағы «Арасан шипажайының» аумағында орналасты. Штаб жұмысына 170-тен астам адам жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарына қажетті күштер мен құралдар толығымен жеткізілді.

    Қазіргі таңда «Әулие Ата – Демеу» қайырымдылық қорына бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардан қаржылар аударылуда. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты облыс тарапынан көрсетілетін гуманитарлық көмек жалғасуда.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.