Close Menu
    Оқылып жатыр

    І. Жансүгіров атындағы университетте «Цифрлық білім беру» семинары ұйымдастырылды

    11.02.2026

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      І. Жансүгіров атындағы университетте «Цифрлық білім беру» семинары ұйымдастырылды

      11.02.2026

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда «AULIEATA-MEDIA» ЖШС құрылды

    Жамбылда «AULIEATA-MEDIA» ЖШС құрылды

    Өңір тынысы 10.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өңірде «AULIEATA-MEDIA»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, облыстың БАҚ саласында біршама құрылымдық өзгерістер орын алғандығын бұрын хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыстық «Ақ жол» газетіне арнайы келіп, облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және «Арай» жастар газетінің ұжымымен кездесіп, жаңа құрылымның мақсат-міндеттері қахында, қазіргі баспасөзге қойылатын талаптар  жайлы кеңінен баяндады.                                              

    -Басылымдарды бір медиа құрылымына топтастырудағы басты мақсатымыз орталық қаржыландыруға оңтайлы жағдай жасау. Сол арқылы журналистердің табысты жұмыс жүргізуіне мүмкіндік тумақ. Алдағы уақытта қаламақыны, үстемақыны көбейту жағдайын да қарастыратын боламыз. Бұл бір жағынан заманның талабы. Облыстағы үш газеттің де өзіндік тарихы бар. Журналистер қашанда халық пен биліктің арасындағы үнкөпір болып қала бермек. Өздеріңіз бағамдап отырғандарыңыздай, бүгінгі уақыт тынысы өзгерді. Ақпарат таратуда  тек жеделдік керек. Ізденіс болу қажет. Газеттер шығармашылық тұрғыда дайындалған, ел есінде қалатын кесек–кесек туындыларды жариялауға ұйытқы болуы қажет. Қарап отырсақ, ауданда, ауылдарда түрлі салаларда қордаланған мәселелер көп. Сол жағын да журналистер назарға алуы тиіс. Олармен кері байланыс орнату жайын да ойластырған жөн.  Жаңа құрылым болған соң, оқырман үлкен өзгерістер күтеді. Осыған орай, газеттер жаңаша форматпен, үйлесімді безендіріліп  шығуы керек. Сіздердің осы міндеттердің үддесінен табылатындарыңызға  сенімім кәміл, — деді Ержан Жұматұлы.

    Сондай-ақ, ол «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып, жас та болса тәжірибесі қалыптасқан, өзіндік көзқарасы бар азамат, белгілі журналист Нұрбек Бекеннің тағайындалғанын, ал облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы қызметі Оралхан Дәуітке жүктелгенін, «Знамя труда» және «Арай» газеттеріне бұрынғысынша Татьяна Борисенко мен Дәулет Төленді басшылық етенін айтты.

    Келесі кезекте сөз алған Оралхан Дәуіт  жаңа медианың жұмысына сәттілік тілеп, жүз жылға жуық тарихы бар облыстың бас басылымы –  «Aq jol» газетінің шығармашылық әлеуетін жақсартуға аянбай еңбек ететіндігін, әріптестеріне деген ізгі тілегін жеткізді. 

    Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары бұл жиын журналистермен жылы жарқын жүздесіп, пікір алмасудың соңы еместігін, бүгінгідей ашық қоғамда кез-келген туындаған мәселені ойласып шешуге болатынын баса айтты.

    Сөз соңында сенім бар жерде ұжымға артылатын міндеттің де ауқымды екендігін алға тартты.

    Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    І. Жансүгіров атындағы университетте «Цифрлық білім беру» семинары ұйымдастырылды

    11.02.2026

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    І. Жансүгіров атындағы университетте «Цифрлық білім беру» семинары ұйымдастырылды

    11.02.2026

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.