Close Menu
    Оқылып жатыр

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 15 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда банктер мен құқық қорғау қызметтері құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі

    Жамбылда банктер мен құқық қорғау қызметтері құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі

    Өңір тынысы 11.03.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    🔰Жамбылда тоқсан сайын аймақтың тілдік ахуалы зерделенеді. Бұл мақсатта аймақтағы атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалады. Былтыр мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы – 99,2% құраған. Алайда, өңірдегі банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты.

    ✅Спикердің айтуынша, жамбылдық тұрғындардың тілдік ахуалына өткен жылы әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 91,9% көрсеткен. Ал 70,5% үлесті мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатындар құраған. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 93,5%. Сондай-ақ, ағылшын тілін білетін тұрғындар үлесі 27,7%. Үш тілді меңгерген тұрғындар үлесі – 27,8%, мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі – 76%-ті құраған.

    🔺Былтыр Жамбыл облысында тіл саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 157 млн.теңгеден астам қаржы бөлінген.

    ▶️Былтыр мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 48%-ды құрап, 28%-ке артқан. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері 62,2%-ды құрап, 26,7%-ға артқан.

    🧲Былтыр үш тілді оқыту бойынша барлығы 3512 тыңдаушы тегін оқу курстарына жіберілген. Мемлекеттік тілді оқытудан 2385 тыңдаушы курстан өтсе, оның ішінде 93,8%-і өзге ұлт (2239) өкілдері.

    ✅Айта кету керек, аймақта этностардың ана тілдерін оқыту да жолға қойылған. Осы бағыттағы оқыту бойынша былтыр барлығы 142 адам қамтылыпты. Оның ішінде 36-і әзірбайжан, 60 дүнген, 19 күрді, 16 балқар мен 12 қырғыз бар. Ал қазақ тілін тілдесу арқылы меңгерту, қазақ тілінде ойын еркін жеткізе білуге жақсы жағдай жасалған. Бұл ретте TedX форматында жүргізілетін барлық ауданда «SÓILE» клубтары құрылған. Жыл ішінде «SOILE» клубының 97 отырысы өткен. Нәтижесінде, 1600-ден аса өзге ұлт өкілі мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге үйрететін тілдік ортаға тартылыпты.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.