Close Menu
    Оқылып жатыр

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

    06.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026

      Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

      06.04.2026

      Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

      06.04.2026

      Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

      06.04.2026

      Сарбаз өлімі: «Үстірт» шекара бөлімшесінің басшысы 2 жылға сотталды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда ҚХА мүшелері мен қоғам белсенділері марапатталды

    Жамбылда ҚХА мүшелері мен қоғам белсенділері марапатталды

    Өңір тынысы 17.07.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Осыдан тура 25 жыл бұрын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы айтулы күнге мерейтойлық медаль белгіленген болатын. Ол елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі.

    Осы орайда Жамбыл облыстық әкімдігінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерейтойлық медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Медальдар Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, қоғам белсенділеріне берілді.

    — ҚХА-ның негізгі міндеті – елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық институттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ұлтаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халықтың бірлігін нығайту үшін көп жұмыс атқаруда. Біздің еліміздің өркендеуінің кепілі – түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен сыйластық. Мен баршаңызды ҚХА мерейтойымен құттықтаймын, – деді жиналғандарға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Ол сондай-ақ облысымыздағы 70-тен астам этномәдени бірлестік көптеген ұлттардың мәдениеті, тілдері мен дәстүрлерін дамытуға өз үлестерін қосып отырғандығын атап өтті.

    – ҚХА түрлі ұлттың бірлігін көрсетеді. Біз бір болсақ, біз жеңілмейміз. Тек жақын адамдар ғана қиын кезеңдерден өтіп, барлық қиындықтарды бірге жеңе алады, – деді облыс әкімі.

    Ал «Днепро» украин ұлттық мәдени орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Федор Клименко ҚХА құрылған күн адамдардың жүрегінде өшпес із қалдыратын даталардың бірі екенін атап өтті.

    «ҚХА – бұл бірліктің қазақстандық моделін құруға үлес қосқан бірегей институт», – дейді ол.Сонымен қатар, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Кабиева өз сөздерінде тұрақтылық пен өзара құрметтің маңыздылығы туралы айтты.Бердібек Сапарбаев барлығына жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, алдағы жоспар-жобаларына  табыс тіледі.

    Қазақстан халқы Ассамблеясы марапаттау

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

    06.04.2026

    Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

    06.04.2026

    Сарбаз өлімі: «Үстірт» шекара бөлімшесінің басшысы 2 жылға сотталды

    06.04.2026

    Алты жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын бостандық көре ме?

    06.04.2026

    Атыраудағы BINOM мектебінің маңында оқушы қызды көлік қағып кетті

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.