Close Menu
    Оқылып жатыр

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 15 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық 229 мектептің оқушылары төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқиды

    Жамбылдық 229 мектептің оқушылары төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқиды

    Өңір тынысы 29.03.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында IV тоқсанда 229 мектеп дәстүрлі форматта оқытылатын болды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты. Сондай-ақ, брифингте Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Ускумбаева қатысып, алдағы жоспарлар жайын бөлісті.

    Жамбыл облысы жасыл аймақта болғандықтан, төртінші тоқсанда оқу үрдісі дәстүрлі және аралас форматта ұйымдастырылады. Жалпы облыстағы 442 мектеп бар десек, онда 238 682 оқушы оқиды. Бұған дейін ІІІ тоқсанда оқушылардың 51% дәстүрлі форматта оқыса, 49% қашықтықтан білім алған болатын.

    Оқушылар үшін пандемия жағдайында бірыңғай мектеп формасын кию талап етілмейді. Ал оқу пәндерінің 70% дәстүрлі форматта, қалған 30% қашықтықтан оқытылады. Олардың қатарында алдыңғы тоқсандағыдай денешынықтыру, АӘД, өзін-өзі тану, кәсіпкерлік негіздері, көркем еңбек пәндері бар.

    «Сыныпта балалар саны 25-тен және сабақ уақыты 40 минуттан аспайды. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Кабинеттер арасында жүру, мұғалімдер бөлмесіне бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі» деді, Г. Ходжабергенова.

    Жиында мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау жайы да айтылды. Алдағы мамыр мен маусымда 9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады. Оның ішінде оқыту тілі бойынша эссе, математикадан (алгебрадан), өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан болады. Ал 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады. Соңғы сынып түлектерінен екі жазбаша, екі тестілеу алынады. Мәселен, Қазақстан тарихы, өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілі, ал қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу жүргізіледі. Қалған оқыту тілі бойынша эссе, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан алынады.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.