Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жексенбі, 8 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық  полицейлер  кәмелетке толмағандардың үйінен кетуінің негізгі себептері туралы айтты

    Жамбылдық  полицейлер  кәмелетке толмағандардың үйінен кетуінің негізгі себептері туралы айтты

    Өңір тынысы 14.07.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың үйінен кетіп қалуының 78 дерегі  тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8% — ға аз.

    Статистикалық   талдау көрсеткендей, жасөспірімдердің рұқсатсыз  үйден кетуінің негізгі себептері  —   отбасындағы жанжалдасу, ата -аналардың жұмысбасты болуы, соның салдарынан  балалардың бос уақыты мен байланысына  бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуының ұйымдастырылмауы, компьютерлік ойындарға деген құштарлық, отбасылық күйзеліс және жасөспірімнің сенімділікке  деген ұмтылысы  және бақылаудан шығып кетуі. 

    Кездейсоқ кетіп қалу сирек кездеседі, балалар үйден  ұзап кеткен  кезде,  автобусқа мінгенде тұрғылықты жерін таба алмай  адасып кетеді.

    Мысалы, 6 маусымда бұрын бірнеше рет қашып кеткен 16 жасар жасөспірім үйден кетіп қалды. Бала интернеттегі ойындарға тәуелді болған, ал оның тәуелділігін  заңды өкілдері  білмеген.  Кәмелетке толмаған жасөспірім  қандай да бір тәртіпке бағынғысы келмеді. Оның орналасқан жерін анықтауға таныстар көмектесті, олар полицияға оның жиі болатын жерлері туралы айтты. Қазіргі уақытта баланы арнайы мектепке жіберу мәселесі қарастырылуда.

    Ал, 2022 жылдың 8 маусымында 14 жасар қыз үйден кетіп қалған.  Кету себебі  анасымен жанжалдасқан.  Полиция қызметкерлері  таңертең  қызды  дос  қызының  үйінен тапты. Жасөспірім қыздармен  және ата-аналарымен  профилактикалық әңгіме өткізілді. 

    Ағымдағы жылдың  10 маусымында  Жаңатас қаласына үйлену тойға  қонаққа келген  Тараз қаласының 15 жастағы тұрғыны жоғалып кетіп табылды.   Кейінірек белгілі болғандай, ол үйлену тойында  танысқан  жігітпен таңды қарсы алуды шешкен.

    Бүгінде барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына табысталды.  Іздестіру кезеңінде балаларға қатысты не олардың қатысуымен жасалған қандай да бір қылмыстарды жасау деректері тіркелген жоқ.  Барлық балаларды іздеуге тек полиция қызметкерлері ғана емес, еріктілер мен жанашыр азаматтар да қатысты.

    — Балаларыңызға әділ және мұқият болыңыз, олардың мәселелерін бірге шешіңіз, балаңыздың ынтасы мен бос уақытына көңіл бөліңіз.  Егер бала үйден өз еркімен кетіп қалса, онда сіз оның барлық таныстары мен достарына дереу қоңырау шалуыңыз керек. Оның не үшін кеткенін және өзімен бірге не ала кеткенін  анықтауға тырысыңыз. Егер,  сіз баланың үйден саналы түрде кетуінің ешқандай белгілерін көрмесеңіз, шұғыл түрде полицияға хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге баланың құжаттары,  кәмелетке толмағанның кетуі  және оның кетуінің алдындағы мән- жайлар туралы өтініш  суретімен   болуы қажет, — деді  Жамбыл облысы Полиция департаментінің  Жергілікті  полиция қызметі басқармасы  ювеналдық полиция тобының  аға инспекторы полиция майоры Оксана Семенова.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.