Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық шаруалар елордадағы жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкелді

    Жамбылдық шаруалар елордадағы жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкелді

    Өңір тынысы 04.09.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Екі күнге жоспарланған (3-4 қыркүйек күндері) шарада түрлі өнімдер  нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен өткерілуде.

    Жәрмеңке «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаңда ұйымдастырылған. Мұнда барлығы 90 шаруа қожалығы мен кәсіпорын 423,2 млн теңгенің 495,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкелген. Азық-түлік өнімдерінің алуан түрі ұсынылуда десек, олардың қатарында 62 тонна жылқы, сиыр және қой еті, 38,8 тонна сүт өнімдері, алты мың жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік, 13 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, алты тонна бал, 5,5 тонна мақсары майы және 336,1 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 10 тонна қант және тағы басқалар бар.

    Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев жәрмеңкені аралап, тауарлардың түрлері және бағасымен танысып, сатушылар мен жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.

    Елордадағы жәрмеңкенің бағасы нарықтық бағадан 10-20 пайызға төмен. Айталық, қой етінің бір келісі 2500 теңгеге, сиыр еті – 2400, жылқы еті – 2600, қазы – 3100, сүттің бір литрі 320 , айран – 330, қымыз –1200, картоптың бір келісі 160 теңге, пияз –120, алма – 300, қант – 480 теңгеден өткерілуде.

    Жәрмеңкеге келушілер де төмен бағалар мен сапалы өнімдер үшін ризашылықтарын жеткізуде.

    — Таңертеңнен бастап мен осы жәрмеңкеге асықтым. Тауарлардың бағалары көңілімізден шығуда, барлығы қол жетімді. Осындай жәрмеңкелердің арқасында бізге сапалы, ең бастысы экологиялық таза өнімдерді сатып алуға мүмкіндік болады. Бір жерден ет, сүт, ірімшік, көкөніс, жұмыртқа да сатып алып жатырмыз, — дейді елорда тұрғыны Нұргүл Мұстафаева.

    «Жәңгір» шаруа қожалығының өкілі Юрий Алиев 10 тонна пияз, бір тонна қырыққабат, бір тонна сәбіз, екі тонна картоп әкелгенін айтады.

    — Жәрмеңкеге бірінші рет қатысып отырмыз. Үш сағаттың ішінде қырыққабаттың барлығы дерлік сатылып кетті. Сатып алушылардың қарасы қалың. Басқа да өнімдер жәрмеңкенің соңына дейін өтіп кетеріне сенімдімін, — дейді ол.

    Ал, «Шәушен» шаруа қожалығының өкілі Ғайша Бейсембаева елордада өтетін мұндай жәрмеңкеге бірнеше жылдан бері қатысып келеді.

    — Биыл 1,5 тонна ет әкелдік. Өнімдерді тасымалдау үшін тоңазытқыштар қарастырылған, ол барлық азық-түліктің бұзылып кетпеуінен сақтайды. Алдағы уақытта да осындай шара ұйымдастырылып жатса, келуге дайынбыз. Мұнда, тіпті, біздің тұрақты тұтынушыларымызда бар, — деді ол.

    Жәрмеңкеде халықтың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба аясында құрылған жамбылдық шаруа қожалықтары да өнімдерін ұсынуда.

    Мәселен, жәрмеңкеде «Қанатбаева» ЖК басшысы Гүлбану Қанатбаева кондитерлік өнімдердің бірнеше түрін әкелген. Ол аталған пилоттық жоба аясында Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округінде кондитерлік цех ашып, жұмысын жолға қойған.

    — Мұндай жәрмеңкелер біз үшін өз өнімдерімізді таныстыруға, сатуға тамаша мүмкіндік береді, — дейді ол.

    Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов мұндай өңірлік шаралар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.

    — Барлық өнімдер санитарлық және ветеринарлық талаптарға сай. Тасымалдау шығындарын және сауда орындарымен қамтамасыз етуді ауыл шаруашылығы басқармасы көтереді. Өнімдерді жеткізуге 10 ауыр жүк көлігі бөлінді, – дейді Е.Жиенқұлов.

    Жәрмеңке барысында жергілікті тұрғындар үшін ұйымдастырылған облыстық Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.