Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Дүйсенбі, 9 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдықтар Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті

    Жамбылдықтар Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті

    Өңір тынысы 23.06.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Полиция қызметінің қалыптасу кезеңдерінде кәсіби шеберліктерін, адалдықтарын мойындатқан, тіпті, қызмет жолында қаза болған әріптестеріміз аз емес. Оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында Халық Қаһарманы атағын алған алғашқы әрі жалғыз полицей Ғазиз Байтасовтың ерлігі мәңгі өшпес өнеге.

    Сондай-ақ тәуелсіздік алған жылдары Жамбыл облысы Полиция департаментінің 37 қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болып, 23 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен, 13 қызметкер «Айбын» орденімен наградталған болатын.

    Осы ретте, мерейлі мерекеге орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында батыр полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.

    Іс-шара барысында қатысушылар қызмет бабында қаза болған полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

    Одан кейін облыстық Полиция департаментінің саптық алаңында сала қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Іс-шараға облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, құқық қорғау және сот органдарының, ҰҚКД бастықтары, қоғам белсенділері, ішкі істер органдары ардагерлері, Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы, сондай-ақ қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері қатысты.

    Мерекелік жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың құттықтау жеделхаттарын жеке құрам назарына жеткізумен басталды. Содан соң, алғашқылардың бірі болып тәртіп сақшыларын Облыс әкімі Н. Нұржігітов пен Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А.Баймурзин құттықтады.

    Облыс басшысы мен бас полицейі өз сөздерінде, жамбылдық сақшылардың өңірдегі тыныштықты күзетіп, тәртіпті қадағалау және қылмыспен күрес жолындағы ерен еңбектерін жоғары бағалап, қызметке адалдықтары мен шыдамдылықтары үшін алғыстарын білдірді.

    Мерейтойға орай, 23 қызметкер ҚР Ішкі істер министрінің, 400-ден астам қызметкер Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен «ҚР полициясына 30 жыл» медалі, «Құрмет» ордені, грамота мен алғыс хаттармен және т.б. марапатталды.

    Салтанатты жиын барысында Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыс элементтерін, жауынгерлік самбо тәсілдерін және суық қарудан сақтану және шабуылға тойтарыс беру тәсілдерін көрсетті.

    Бүгінгі таңда Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қатарында 70 спорт шеберіне үміткер, 15 спорт шебері және 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері қызмет етеді.

    Келесі кезекте ПД Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор кинологы өзінің қызметтік итімен есірткі заттарын табу және шартты қылмыскерді ұстаудағы шеберліктерімен бөлісті.  Аталған қызметтік иттің көмегімен есірткінің заңсыз айналымына байланысты 50-ден аса қылмыс ашылған.

    Полиция департаменті Арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерінің қару қолдану арқылы көрсеткен түрлі тактикалық әдістері көпшілік көңілінен шығып, ерекше әсер қалдырды.

    Жиын соңында жеке құрам салтанатты шерумен жүріп өтті.

    Кәсіби мереке облыстық Баласағұн орталық концерт залында полиция қызметкерлерінің құрметіне арналған мерекелік бағдарламаға ұласты.

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.