Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа қазақстандық паспорт корей паспортының көшірмесі деген ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Желіде жаңа паспорттың үлгісі жарияланып, оның Оңтүстік Корея паспортына ұқсастығы сынға ұшырады.
Алайда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин таратылған суреттің шынайы үлгіге қатысы жоғын айтты.
«Жоқ, бұл жаңа паспорттың дизайны емес. Желіде тарап жүрген өзге эскиздер де жай ғана бастама ретінде жасалған жобалар. Негізгі концепция мүлде басқа, қазір дизайн-макетті жинақтау және соңғы жұмыстары жүріп жатыр», — деді ол.
Қариннің айтуынша, қазақстандық паспорт өзінің негізгі концепциясын, соның ішінде түсі мен ою-өрнегін сақтап қалады. Ал жаңарту қорғаныс және техникалық элементтерді күшейту үшін қажет.
