Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жастарға 1 миллион теңге грант беріледі. Кімдер ала алады?

    Жастарға 1 миллион теңге грант беріледі. Кімдер ала алады?

    Жаңалықтар 04.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қарағанды және Ұлытау облыстарының жастарына 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша, жоба аясында сомасы 1 миллион теңге көлеміндегі 63 жобаға қолдау көрсетіледі.

    «Біздің ұйым Қарағанды және Ұлытау облыстарында «Zhas project» жобасын іске қосты. Мақсатымыз жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтардағы жастарды қолдау. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп атқарады», — дейді Динара Сәдуақасова.

    Ұйым басшысының айтуынша, жобаға 18 және 28 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

    «Ерекше басымдық жастардың осал топтарына берілмек. Атап айтқанда, жұмыссыз тіркелген жастар, аз қамтылған отбасыдан шыққан азаматтар, жетімдер мен мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері мен көпбалалы ата-аналар жатады. Өтінім беруші Қарағанды және Ұлытау облысы аумағында кемінде 3 ай тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы тиіс», — дейді ол.

    Байқауға өтінім беру 2022 жылдың 26 шілдесінен 10 тамызына дейін жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау жобаның сайты арқылы қабылданады. Гранттарды жүзеге асыру үшін 3 айға дейінгі көлемде уақыт беріледі. Грант берілетін жобалар әлеуметтік маңызы бар, аймақты, ауылдар мен ауданды көркейтуге бағытталған болуы керек.

    «Жеңімпаздарға жобаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар менторлар қолдау көрсетіп, арнайы оқыту өткізеді. Сондай-ақ, Қарағанды және Ұлытау облыстарының әр ауданында жоба үйлестірушілері бар. Жоба бойынша Қарағанды қаласында фронт-офис ашылып, колл-орталық жұмыс жасап жатыр. Қараша айында жобаларын сәтті жүргізген жеңімпаздардың қатысуымен Үздік тәжірибелер форумын өткізу жоспарланған.», — дейді қоғамдық ұйымның төрайымы.

    2022 жылы «Zhas project» жобасы пилоттық режимде еліміздің Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылуда.

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.