Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 3 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жылыту маусымы кедергісіз өтуі тиіс – Нұржан Нұржігітов

    Жылыту маусымы кедергісіз өтуі тиіс – Нұржан Нұржігітов

    Өңір тынысы 09.01.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды.

    Аймақ басшысы алдымен қатты дауылдың салдарын қайта қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын сұрап, сапалы әрі жедел орындалу керектігін баса айтты.

    Талас және Сарысу аудандарының әкімдері жөндеу, реттеу шаралары бойынша қысқаша есеп берді.

    Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз баяндамасында ағымдағы жылыту маусымының өту барысы туралы жан-жақты тоқталды.

    Айта кетейік, ағымдағы жылыту маусымы өткен жылдың 10 қазанынан басталып, бүгінгі күнге дейін 91 тәулігі өткен. Жылыту маусымының аяқталуына шамамен 80 тәулік қалып отыр.

    Басқарма басшысының айтуынша, облыс бойынша 9 негізгі жылу энергетика кәсіпорын және 565 автономды қазандық бар.

    — Аталған жылу көздерімен 1 650 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысандары жылумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде, диспетчерлік-апаттық қызметтері тәулік бойы өз жұмысын атқаруда,-деді Құдайберген Қорғанбаев.

    Сондай-ақ, баяндамашы бүгінде Жаңатас, Қаратау қалаларындағы қазандықтар қалыпты күйде жұмыс істеп, тұрғын үйлерді жылумен үздіксіз қамтамасыз етіп отырғандығын атап өтті. Бұдан бөлек ол, Тараз және Қаратау, Жаңатас қалалаларындағы қазандықтарды резервтік отын түрімен жұмыс істеуі үшін қосымша жаңғырту жұмыстары қажеттігін жеткізді. «Жаңатас-Су-Жылу» МКК қазандығы бойынша табиғи газ отын түріне ауыстыру жолымен қайта жаңғырту жұмыстарына  жоба-сметалық құжаты әзірленіп, сараптамадан өткізуге тапсырылған.

    Шағын қалалардағы ішкікварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша жобалау жұмыстарын қолға алу да маңызды мәселеге айналып отыр.

    Осыған айрықша назар аударған аймақ басшысы Үкімет тарапынан соңғы жағдайларды ескере отырып, жылу желілерін жаңғырту үшін республикалық бюджеттен қайтарымсыз нысаналы трансферт бөлу мәселесі шешілгенін, алайда соңғы жылдары тозған ішкі жылу желілерін жаңғырту бойынша жобалар мүлдем жоқтығын сынға алды.

    Облыс әкімі алдағы уақытта ауа райы болжамына сәйкес күннің күрт суытуы және қатты жел күтілетінін ескертіп, барлық нысандарды толық дайындыққа келтіру керектігін баса айтты. Білім, денсаулық, мәдениет, спорт салалары бойынша басқарма және жылу энергетика кәсіпорындарының басшыларынан жеке жауаптар алды.

    Басқосудағы келесі мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков сөз алып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы тоқталды. Оның айтуынша ағымдағы жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын 770,7 мың гектар алқапқа орналастыру жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7 мың гектарға артық. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,2 мың тонна тұқым көлемінің, бүгінгі күнге 76,4 пайызы қолда бар.

    Нұржан Нұржігітов көктемгі егін дала жұмыстарын жүргізу барысында жанар-жағармайдың жеткілікті болуын, аудандарда кепілдендірілген дизель отынын тарататын операторлармен тиісінше меморандум жасалу керектігін атап өтті.

    Ал, күн тәртібіндегі үшінші мәселеге сәйкес облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұхамед Ниязбеков, облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, Жамбыл облысының бірыңғай диспечерлік қызметінің басшысы Бақкелді Тұрсынбек баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдар мен басшыларының халықпен кері байланысының деңгейлеріне тоқталды. Баяндамашылар тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге қала, аудан әкімдері және басқарма басшыларының  берген жауаптарының сапасы мен мәселелердің шешілуіне, әлеуметтік желідегі белсенділігіне тоқталды.

    Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мақсатын тағы бір еске салған облыс әкімі, оған немқұрайлы қараған жауапты тұлғаларды сынға алды. Осы тұрғыда кеткен кемшіліктерге сәйкес Тараз қаласының, Жамбыл, Жуалы, Байзақ аудандарының тиісті әкім орынбасарларына тәртіптік шара қаралатын болды.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.