Арыстағы жарылыстан кейін жеті мыңға жуық үйдің құрылысы аяқталды

0

Арыста жеті мыңға жуық үйдің құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, жарылыстан зардап шеккен қаланы қалпына келтіру кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Бірақ бүгінгі таңда үй егелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

«Арыста жалпы тұрғын үй саны – 8634. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететіні 7197 құрайды. Ал 433 баспананы толық қалпына келтірілетін болады. Жалпы осы уақытқа дейін 6924 үйде жөндеу жұмысы толық біткен. Бұл – 90,7 пайыз. Бүгінгі таңда 101 жеке тұрғын үйде құрылыс жұмыстары басталған жоқ, оның 53 де үй иелері келісім бермей отыр», – деді Өскенбаев.

Ал Арыс әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әрбір сектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7579, аудандардан  315 жұмысшы тартылған.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.