Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Дүйсенбі, 7 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

      05.07.2025

      Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

      05.07.2025

      Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

      02.07.2025

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін тың тәсіл енгізіліп жатыр

    Жамбылда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін тың тәсіл енгізіліп жатыр

    Өңір тынысы 02.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Егер қызметкер тексеру кезінде сыйлық немесе пара алуға келіскен жағдайда тәртіптік, оның ішінде, қызметінен босатылуға дейінгі жауапкершілік қарастырылған

    Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық деңгейін түпкілікті азайтуға бағытталған реформалардың жаңа пакеттерін дайындау бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр, — деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев хабарлады.

    «Кешенді жұмыстардың бірі – «Integrity Check» енгізу. Бұл — құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлеріне қатысты ерекше өндіріс аясында, яғни құпия әдістермен және соттың санкциясымен қатаң түрде жүргізілетін қызметтік тексерістің аналогы. Тексерілуші пара, өзге де пайда мен артықшылықтар алуға келісімін білдірген жағдайда жұмыстан босатылады. Бұл ретте оның үш жыл бойы мемлекеттік лауазымдарды атқаруына тыйым салынады»,- дейді Р.Төлебаев.

    Осыған орай бүгінгі күні департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары негізінде Парасаттылық шектеулерін сақтау келісімін әзірлеген. Осы парасаттылық келісім парағында қызметкерлер өз өкілеттігі шегінде бірқатар шектеулерді қабылдай алады. Ол бойынша қызметкер өз қызметін атқару кезінде қандай да бір азамат тарапынан сыйлық, пара ұсынуға қатысты адалдықты тексеруге өз рұқсатын береді.

    Егер қызметкер тексеру кезінде сыйлық немесе пара алуға келіскен жағдайда тәртіптік, оның ішінде қызметінен босатылуға дейінгі жауапкершілік қарастырылған.

    Бүгінгі күні ішкі істер органдары бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде көші-қон полициясы, патруль полициясы, тергеушілер мен жедел қызметтің 1500-ден аса қызметкері парасаттылық шектеулерді қабылдады. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты күрт төмендетуге және полиция қызметіне деген сенімді арттырады деп есептейміз», — дейді аталмыш Департамент басшысының бірінші орынбасары.

    жемқорлық соңғы жаңалықтар

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айрылмақ

    05.07.2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.