«Шенеуніктер төбелесі»: Алматы облысындағы аудан әкімінің орынбасары жұмыстан босатылды

0

Жаңажылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды. Алматы облысы Жамбыл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы мен мәдениет үйінің қызметкері жылы орнынан айырылды. Ал аудан әкімінің орынбасары Алмас Әбдібаев қызметтік тексеріс аяқталғанша жұмысынан уақытша шеттетілген, – деп хабарлайды КТК арнасы. 

Олар 25 желтоқсанда Ұзынағаштағы мейрамханалардың бірінде болған банкетте жанжал шығарған. Әлеуметтік желіде таралған видеода әкімдік қызметкерлерінің бір-біріне үстел лақтырып, мейрамхананың ішін астаң-кестең қылғаны анық көрінеді.

Бір жарым ай бұрын ғана жаңа лауазымға тағайындалған әкім орынбасары мен бөлім маманы Мәдениет үйінің қызметкеріне жабылып, сабаған. Десе де, қызуқанды шенеунік мейрамханаға келген шығынды өтеп беріпті. Соған қарамастан, шу шығарған әкімдік қызметкерлері сот алдында жауап береді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.