Жамбыл облысында тапсырылған қару-жарақтың құны 9 миллион теңгеге жуықтайды

0

Жамбыл облысында арнайы акция аясында жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрайтын  161 бірлік қару тапсырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар сатып алу акциясы жалғасуда. Осы акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 11 миллион  168 мың теңге қарастырылған.

Облыстық полиция департаментінің мамандары акция барысында атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарын тапсырған адамдар  әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтады.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше екі аптада құны 9 миллион теңгеге жуық  болатын қару-жарақ тапсырылыпты.

«Бүгінгі күні заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсыруға ниетті  тұлғалардан 101 өтініш түсіп, барлығы 161 қару тапсырылды. Олардың ішінде 18 калибрлі винтовка 5,6 мм және 143 тегіс ұңғылы және 1 шолақ мылтық бар.  Тапсырылған  қарулардың жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрап отыр. Ал тапсырған азаматтарға  бүгінгі таңда 3 миллион 141 мың 100 теңге төленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.