Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар инвесторлардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды, — деп хабарлайды Тarazy.kz порталы.
Нақтырақ айтсақ, «Korcem» ЖШС бас директоры Станислав Щербаков «Жамбыл облысы Қордай ауданында жылдық қуаттылығы 1,2 миллион тонна цемент зауытының құрылысын жүзеге асыру жобасымен таныстырды.
Ал, «НұрХим» ЖШС директоры Нұржамал Нұрманалиева аралас кешенді минералды тыңайтқыштар және киім тігін бұйымдары өндірісінде, «Qazaq Soda» ЖШС бас директоры Ибраимов Рамазан кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысына қатысты мәселелерге назар аудартты.
Аймақ басшысы аталған жобалар жүзеге асқанда ашылатын жұмыс орны, өндірілетін өнім көлемі және оның өткеру нарығы, түсетін инвестициялардың ауықымына айрықша көңіл бөлді.
Нұржан Нұржігітов жауаптыларға инвесторлардың ұсыныстарын жүзеге асыру мүмкіншілігін және тиімділігін жан-жақты зерделеуді тапсырды.