Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 16 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ағылшын тіліндегі пән оқушыларға тек 10-11 сыныптарда оқытылады

    Ағылшын тіліндегі пән оқушыларға тек 10-11 сыныптарда оқытылады

    Ел іші 06.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мектепте оқушыларға ағылшын тілінде пәндер тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана берілетін болады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлім етті.

    «Үштілділікке байланысты: ең бірінші мәселе — қазақ тілін оқыту мәселесі. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі мәселелері. Яғни тілдерді оқыту бұл деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Олар — тыңдау, айту, сөйлеу және жазу дағдылары. Сондықтан ағылшын тілінде балаларға пәнді беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана жүретін болады. Қазіргі таңда 153 мектепте ұйымдастырылған ағылшын тілінде оқытуға біз мониторинг өткізіп отырмыз. Осы мониторингтің нәтижесінде дамытуға болатын сұрақтар және осы нәрсені дамытуға кедергі келтіретін мәселелер анықталып, болашақта мектептерге көмек ретінде берілетін болады», — дейді министр.

    Еске сала кетсек, Күләш Шәмшидинова мектепте төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту мәселесін бұған дейін де түсіндірген болатын.

    «Бүгінде барлық адамдарды ойландырып жүрген маңызды бір мәселе ол — xимия, физика, информатика мен биология пәндерін жоғары сыныпты ағылшын тілінде оқыту. Осыған байланысты қазір ағылшынша сабақ беруге асықпай көшу туралы шешім қабылданып отыр. Республика бойынша 150-ден артық мектеп ол бағдарламаға көшкен. Біз қазір бұларды зерделеп, қарап отырмыз. Оқушылар неден қиналып отыр? Ұстаздар қандай қиындық көріп жатыр? Біз оларға қалай көмектесеміз? Соны жан-жақты зерделеп жатырмыз. Сондықтан ұстаз бен мектеп дайын болған кезде, өздеріңізбен келісе отырып, біртіндеп ағылшын тілінде оқытуды енгізе бастаймыз. Асықпаймыз, ешкім қуып келе жатқан жоқ», — деген еді К.Шәмшидинова Астанадағы көпбалалы аналармен болған кездесуде.

    ағылшын тілі білім Қазақстан

    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025

    Ақтөбеде тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтті

    20.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.