Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 1 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматы облысына қосымша қаржы бөлінбейтін болды

    Алматы облысына қосымша қаржы бөлінбейтін болды

    Ел іші 06.06.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы облысының бюджеттік кірістері аймақ міндеттемелерін орындауға жеткілікті, сондықтан қосымша қаржыландыру бөлінбейді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов депутат Жанарбек Әшімжанға жауабында айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат 7kun.kz-ке сілтеме жасап.

    «2024 жылы Алматы облысына республикалық бюджеттен 325,6 млрд теңге, оның ішінде субвенциялар – 183,6 млрд теңге, 142 млрд теңге түрінде мақсатты трансферттер қарастырылған. Сондай-ақ 2024 жылғы республикалық бюджетте 27,8 млрд теңгеге ағымдағы несиелер көзделген. Айтылғандарды ескере отырып, облыс бюджетінің кірістері жеткілікті деп есептейміз», – деп жауап берді Премьер депутаттық сауалға.

    Бектенов атап өткендей, Алматы облысындағ қаңтар-сәуір айларындағы жоспар бойынша жергілікті бюджеттің өз кірістері 101,4% орындалды — жоспар бойынша 170,3 млрд теңге болса, бюджетке 172,7 млрд теңге түсті. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жергілікті бюджеттің кірістері 56,1 млрд теңгеге немесе 48,2% өсті.

    «Жергілікті бюджеттің кірістерінің құрылымында салық түсімдері шамамен 96,2% құрайды, олар бойынша жоспар 99,5% орындалды, яғни жоспар бойынша 166,9 млрд теңге болса, шын мәнінде 166,1 млрд теңге түсті. 2023 жылдың 4 айының фактісіне қарағанда 145% немесе 51,5 млрд теңгеге артық (2023 жылдың 4 айының фактісі – 114,6 млрд теңге)», – деді Премьер.

    Айта кетейік, 2 мамырда депутат Жанарбек Әшімжан Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, Алматы облысын қаржыландыру көлемін көбейтуді сұрады. Облыстағы бюджет тапшылығына қатысты бірқатар себептерді атап өткен мәжілісмен облыста  жергілікті салықтарды орындамауға байланысты қалыптасқан объективті жағдайлар келесі екі жылдағы үшжылдық бюджет кезеңінде логикалық түрде жалғасатынын атап өтті.

    «Алдын ала есептеулер бойынша, ағымдағы жылы болжам бойынша потенциалдық шығындар шамамен 40 млрд теңгені құрайды», – деді депутат.

    Сонымен қатар, облыс орталығының Қонаев қаласына көшуіне байланысты облыс орталығы мен агломерацияны дамыту кешенді жоспарларын іске асыруда үлкен жұмыс күтілуде. Мұнда инженерлік, энергетикалық, әлеуметтік, жол және әкімшілік объектілердің құрылысы бойынша іс-шаралар кіреді.  Депутат осыған байланысты жергілікті кірістердің болжамы орындалмағанын ескере отырып, келесі реттегі республикалық бюджетті нақтылау кезінде аймаққа мақсатты трансферттер бөлуді, сондай-ақ 16,7 млрд теңге көлемінде ауысатын қарыздарды жабуды сұраған еді.

    Айта кетейік, депутат Жанарбек Әшімжан Алматы облысының тумасы. Мәжілісмен жыл сайынғы депутаттық кездесулерін осы облыста өткізеді. 7kun.kz бұған дейін депутаттың Алматы облысындағы сапарлары мен көтерген мәселелері туралы бірнеше рет жазған еді.

    Алматы облысы бюджет депутаттық сауал Жанарбек Әшімжан Қонаев қаласы Олжас Бектенов

    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.