Black Star лейблініңәншісі Назима Жәнібекова (Наzима) ауруханаға түсіп қалғанын және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жоспарланған концерттер кейінге шегерілгенін айтады, – деп хабарлайды Tarazy.kz.
«Әлеуметтік желілерде неліктен көрінбей кеткенімді түсіндіре кетейін. Мені ауруханаға жатқызды, сол себерті Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтуі керек концерттер қазанның 18-19-ына шегеріледі. Сол үшін мені түсінуін сұраймын. Біз міндетті түрде кездесеміз, ал әзірге мен тынығып алып, денсаулығымды қалып келтірейін», – деді әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Әнші алдағы бес күн бойы ауруханада жататын болды.
«Кеше достарым ауруханаға көтеріп алып, келді, себебі мен жүре де алмай қалдым», – деді Назима.