Author: admin

Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет». Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 08 қазанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-18 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші түнде және таңертең кей жерлерде 15-18 м/с күтіледі. Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде…

Read More

«Бірде-бір базар белгіленген талаптарға толық сәйкес келмейді. Қабылданған шаралар сатып алушылардың да, саудагерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз». Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев базар иелерінің қатысуымен өткен жиында осылай деді. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыс бойынша 41 базар тіркелген, онда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. – Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тұрғындардың тауарларды негізінен базардан сатып алатынын көрсетіп отыр. Мәселен, азық-түлік тауарлары көлемінің 64 пайызы, азық-түлік емес тауарлар көлемінің 73 пайызы, техникаға қажетті бөлшектердің 81 пайызы және құрылыс материалдарының 85 пайызы базарлардан сатып алынады, – деп атап өтті А.Сейсебаев. Тұтынушылардың көптігін ескерсек, базарлардағы…

Read More

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылғы 5 қазанда бұйрық шығарып, 2020 жылдың 14 тамызындағы «Жамбыл облысында шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды zakon.kz. Атап айтқанда, қазір қонақ үй, отельдер, демалыс үйлері, туристік орталықтар және басқа да туристік нысандар мен тұрғылықты орын жалдау қызметтерін көрсету саласындағы ұйымдардың жұмысына рұқсат етілді. Сот орындаушыларына да жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру орталықтары да енді өз жұмысын бастай алады. Барлардың, ойын клубтарының, сауда желілерінің жұмысына салынған тыйым жойылды. Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының / электр пойыздарының қозғалысына рұқсат етілді. Сонымен бірге 65-тен асқан адамдар үшін емін-еркін жүруіне салынған…

Read More

Таулы Қарабақтағы Степанакерт қаласының маңында бірнеше жарылыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости. Басылым мәліметінше, Степанакертте жергілікті уақытпен сағат 20:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20) әуе шабуылының сиренасы шықты, бұл әдетте қаланың үстінде соққы жасаушы немесе барлаушы ұшқышсыз ұшақтардың пайда болуын білдіреді. Бұл жолы сирена ұзақ уақытқа қосылды – шамамен бір сағат. Содан кейін қала аумағында төрт жарылыс естілді. Әзірше қай нысандар бұзылғаны белгісіз. Степанакерттегі түнгі атыстан кейін зардап шеккен көппәтерлі тұрғын үй. Фото: РИА Новости

Read More

Ақтауда 16, 17, 18 және 19 шағынаудандар қиылысында жігіт пен қыздың арасындағы төбелес видеоға түсірілді, – деп хабарлайды Lada.kz. Видео кадрларынан қыздың жігітті қалай ұрып жатқаны көрінеді. Жігіт тек артқа шегінеді. Редакция түсініктеме алу үшін Маңғыстау облысының полиция департаментіне жүгінді.

Read More

Соңғы бір тәулікте қанша адамнан коронавирус табылғаны белгілі болды. «Қазақстанда өткен тәулікте 71 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды», – делінген Coronavirus2020.kz сайтында. Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 14Алматы қаласы – 1Шымкент қаласы – 1Ақмола облысы – 4Алматы облысы – 4Атырау облысы – 3Шығыс Қазақстан облысы – 18Жамбыл облысы – 1Батыс Қазақстан облысы – 1Қарағанды облысы – 9Қостанай облысы – 2Маңғыстау облысы – 1Павлодар облысы – 3Солтүстік Қазақстан облысы – 9 Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 108 177-ке жетті.

Read More

АҚШ президентін емдеп жатқан дәрігер Шон Конли Дональд Трамптың жағдайы туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости. «Президент бүгін таңертең өзін жақсы сезінді», – деді дәрігер журналистерге. Ол президенттің сақтық үшін ауруханаға жатқызылғанын айтты. «Біз қазір президенттің көрсетіп отырған жетістіктеріне өте ризамыз», – деді Конли. Оның айтуынша, Трампта аздап жөтел мен әлсіздік бар. Баспасөз мәслихатына қатысқан басқа дәрігерлер президентке оттегі берілмейтінін, тыныс алу және қимыл-қозғалыста қиындық жоқ екенін мәлімдеді. Трампта жұмадан бері температура жоқ. Трампты емдеу кезінде олар екі эксперименттік препарат қолданған: «Ремдесивир» және антиденелерден жасалған коктейль. Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғаны хабарланған. 

Read More

Осы жұмада Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті. Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде. Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен Жастар сарайының фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты. – Бізде барлығы 70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда,…

Read More

Жұма күні Тараз қаласындағы Марс Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша «Мейірім» жобасының тұсаукесері өтті. Облыста 18 жасқа дейінгі барлығы 433 мың бала тұрады. Оның ішінде 1352 бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы әлеуметтік санатқа жататын 113 бала облыстың мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.Жобаның тұсаукесеріне келген қонақтар алдымен  Жастар сарайыың фоесінде әзірленген өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықтың балаларына арналған суреттер мен қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты. — Бізде барлығы  70 бала бар, олардың 49-ы осы «Мейірім» жобасына енді, ал бүгін көмекке мұқтаж алты бала шараға қатысуда, — дейді өмірлік қиын…

Read More

Бүгін Праймеризге қатысушылардың сайлауының үшін күні. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының №3 учаскесінде болып, онлайн режимінде дауыс берді. Жалпы, облыс бойынша праймеризге 768 үміткер қатысуда. Оның 269-ы әйелдер, 222-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы аналар, 8-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Айта кету керек, кандидаттардың басым бөлігі, яғни 657 адам өзін-өзі ұсынған. Осы уақытқа дейін олардың қатысуымен шамамен 2800 іс-шара және 176 қоғамдық пікірсайыс өткізілген. Қазіргі таңда жамбылдықтар үміткерлерге дауыс беруде белсенділік танытуда. Таңертеңгі сағат 10:00-ге дейін учаскелерше шамамен 42 500 адам келеді деп күтілсе, ресми мәліметтерге сәйкес, осы уақытқа дейін 31…

Read More

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде дауыс берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook-те жазды. «Праймеризде дауыс бердім. Сайлау учаскесіне арнайы барып өз таңдауымды жасадым. Бір жағынан дауыс беру процесінің ұйымдастырылу деңгейін де байқап көрмек болдым. Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan»-ның партияішілік сайлауы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық ауқымда өтуде. Бұл – Елбасы бастамасымен қолға алынған партияны «қайта жандандыруды» түйіндейтін кезеңнің бірі. Бүгінгі таңда адамдар қоғам өміріне белсенді атсалысқысы келеді. Өзгерістерге, жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы ел сұранысын дер кезінде қанағаттандырып…

Read More

«Коза Пресс» интернет-басылымының бас редакторы Ирина Славина Нижний Новгородтағы ІІМ ғимаратының алдында өзін орындыққа байлап, киімін өртеп жіберді, – деп хабарлайды «Подъем». Жолаушылар мен полиция қызметкерлері журналисті құтқармақ болған, алайда ол оларды итеріп жіберген. Нәтижесінде Ирина Славина қайтыс болды. Осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік журналист өзінің Facebook-тегі парақшасында: «Менің өліміме Ресей Федерациясын кінәлауды сұраймын», деп жазған. Қайғылы оқиғадан екі күн бұрын журналистің үйінде тінту жүргізілген. Славинаның айтуынша, одан бірнеше компьютер, телефон және ақпарат құралдары тәркіленген. Адвокатпен байланысуға рұқсат берілмеген, ал күйеуі қызына қоңырау шала алмаған. Журналист тәркіленген заттардың хаттамасы берілмегенін айтты. «Соңғы уақытта осындай жағдайлар кездесті… Оны билік тарапынан қыса…

Read More

Жамбыл облысының тұрғындары Қордай ауылындағы орын алған оқиғалардан кейін әкім Бердібек Сапарбаевтың шешімімен «Бейбітшілік пен келісім» жобасы қолға алынғандығынан хабардар. Жоба мақсаты – қақтығыс аймағындағы әлеуметтік үйлесімді қалпына келтіру және мұндай оқиғалардың алдын алу болып табылады. Бағдарламаны іске асыру шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтаудан басталған. 25 елді мекен анықталған десек, онда түрлі себептерге байланысты атқарушы биліктің қосымша назары қажеттігі белгілі болып отыр. Бұл елді мекендерге арнайы құрылған бес мониторингтік топ мүшелері барып, халықпен көптеген кездесулер өткізген. Кездесулер нәтижесі бойынша шұғыл шешуді қажет ететін өзекті мәселелер анықталған. Өткен бейсенбі күні өткен облыс әкімімен кездесуде аталған топ жетекшілері ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік мәселелер, ауылдағы кәсіпкерлікті…

Read More

«Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Мойынқұм ауданының полиция бөлімшесінің қызметкерлері Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 168-шақырымында 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында «Рони» есімді қызметтік ит автокөліктің қақпағының астынан ақ кристалды ұнтақ заты бар полиэтилен пакетін тапты, ол СХЭ нәтижелері бойынша салмағы шамамен 1,5 кг психотроптық есірткі заты болып шықты. Жауап алу барысында жүргізуші «Телеграмм» желісі арқылыШымкенттен Қарағандыға 200 000 теңге көлемінде ақы төлегені үшін жүкті жеткізуге келіскенін мойындады. Ол пакетті Шымкент қаласының көшелерінің біріндегі тастың астынан алғанын айтты, бірақ жолда ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойыншақылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Шу АПБ…

Read More

Алдағы ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай жамбылдық мұғалімдер құттықтауларға ие бола бастады. Мәртебелі әрі әрі жауапты мамандық иелеріне жылы сөздер мен ыстық лебіздерге лайық. Мұғалімдер күні қарсаңында Достық үйінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті. — Сапалы білім – кез-келген прогрестің негізі. Сондықтан еліміздің жетістігі мен өркендеуі сіздердің үйлесімді жұмыстарыңызға байланысты. Мұғалімдердің төгілген маңдай тері өздері оқытқан, сол біліммен биіктерге жете білген шәкіртерінің алғысымен өтеледі. Сіздер өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесін дамытуға ерекше үлес қосып, елімізге зор пайда әкелесіздер. Сіздер тек оқытып қана қоймай, өз оқушыларыңыздың қабілеттерін ашуға, оларға жетістікке жетуге баулисыздар, — деді облыс әкімі. Бүгінгі таңда мұғалімдер…

Read More

1 қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтері бойынша облыстық желілер мен жылумен жабдықтау жүйелері жылу беру маусымына 100% дайын. Бірінші кезеңде денсаулық сақтау және мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) мекемелері жылумен жабдықтауға қосылуда. Келесі кезеңде тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және басқа да нысандар жылумен қамтылады. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес, ол үшін сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8 градусқа тең немесе одан төмен болуы керек. Өткен 5 күнде өңірдегі орташа тәуліктік температура: + 10°С-ден + 11°С-ге дейін және сәрсенбі күні ғана + 7,5°С болды. Қазгидромет орталығының болжамына…

Read More

Бейжің мен Вашингтон «қырғи қабақ соғыстың» бастапқы кезеңінде тұр. Бұл туралы Der Spiegel неміс журналы жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мақаланы ИноТВ сайты аударған. Der Spiegel неміс журналы мақаланы Германия үкіметіндегі трансатлантикалық қатынастар жөніндегі үйлестіруші Питер Байердің пікіріне сілтеме жасай отырып жариялаған. Неміс дипломатының пікірінше, Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы – жүзжылдықтың тағдырын шешеді. Германия үкіметінің өкілі 3 қарашада АҚШ-тағы президент сайлауында кім жеңіске жетсе де, Еуропа «АҚШ-пен серіктестікте осы сын-қатерге бейімделуі керек» деп санайды. Байер Дональд Трамптың қарсыласы демократ Джо Байден де «Қытайға қатысты қатаң саясат жүргізуге» ниет білдіргенін айтты. Осыған байланысты дипломат «қиялдағы ескірген трансатлантикалық құндылықтар» түсінігін еске алуға шақырды. Бұл ретте…

Read More

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге Киевтегі Fabius мейрамханасында қастандық жасалды, – деп хабарлайды «Страна» порталы полицияға сілтеме жасап. Портал мәліметінше, бұл оқиға 30 қыркүйекте болған. «Белгісіз ер адам мейрамхана залына баса-көктеп кіріп, Саакашвилиге жақындаған. Осы сәт видеоға түсіп қалған. Видео кадрларынан ер адамның экс-президентке сөйлеп жатқаны көрінеді. Артынан тағы екі адам келеді. Содан олардың жанына күзетші барып, Саакашвилиге қарай өтуге кедергі келтіреді. Содан белгісіз ер адам Саакашвилидің үстеліне тағы да барып, артынша залдан шығып кетеді», – деп жазады портал.

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!» – деп жазды Дональд Трамп Twitter-де. Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғаны хабарланған болатын. «Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен COVID-19 расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!» – деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында. Бұған дейін БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте…

Read More

2020 жылдың 1-ші қазанында сағат 09:57 минутта полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және кәмелетке толмағанның мәйітін тапқан. Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгітергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өртқауіпсіздігі ережелерін бұзу). Қажетті сараптамалар тағайындалды.Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларынқараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудыңқауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.

Read More

Желіде «Борат 2» фильмінің тизері пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Фильм 23 қазанда Amazon Prime Video сервисінде жарық көреді. Тизерден фильмнің бірнеше кадрын көруге болады. Онда Борат рөлінде ұлыбританиялық актер Саша Барон Коэн ойнайды. Айта кетейік, осыған дейін «Борат» фильмінің авторлары Twitter-де Қазақстан үкіметінің жалған парақшасын ашқаны хабарланған еді.

Read More

Илон Маск вакцина дайын болған кезде оны салғызудан бас тартты, – деп хабарлайды Daily Star. Tesla иесінің айтуынша, ол және оның отбасы қауіп тобына жатпайды. Сондықтан осындай шешім шығарған. «Бұл жағдай жалпы адамдардың иррационалдығы үшін адамзатқа деген сенімімді әлсіретті», – деді Маск подкастта. Айта кетейік, пандемия басында Маск коронавирусқа байланысты шектеулерге қарсы шықты. Сол кезде ол COVID-19-ға байланысты шыққан дүрбелеңді орынсыз деп атаған.

Read More

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Der Spiegel журналына берген сұхбатында оның улануына жауапты Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты, – деп хабарлайды DW. «Бұл қылмыстың артында Путин тұрғанын мәлімдеймін, менде болған жағдайдың басқа нұсқасы жоқ», – деді Навальный. Ол қорықпайтынын және Ресейге оралуды жоспарлап отырғанын айтты. «Менің енді міндетім – батыл болу және менде қорқыныш жоқ!», – деді ол. Навальный уланғанда не сезгенін айтып берді. «Ешқай жерің ауырмайды, бірақ өліп бара жатқаныңды білесің», – дейді ол. Осыған байланысты Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин Навальныйды «ұятсыз және оңбаған» деп атады. «Путин оның өмірін қорғап қалды. Оған жасалған істі батыс мемлекеттерінің арнайы қызметтері ұйымдастырса,…

Read More

Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік мәліметінше, ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына беріледі. Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау…

Read More

Париж тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарылыс теннистен «Ролан Гаррос» турнирінің трансляциясында да естілді.  РИА Новости мәліметінше, Париж полициясы жарылыс туралы мәліметті жоққа шығарды. Полиция мәліметінше, қала үстінен жойғыш ұшып, дыбыс жылдамдығынан асып өткен.

Read More

Бүгін Тараз қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ашылды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз төрінде бой көтерген жаңа нысанмен танысты. «Біздің ең үлкен жетістігіміз – Қазақстанда тұрып жатқан халықтар арасындағы достық. Елбасы Н.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап осы қағиданы қазақстандықтардың бойына сіңіріп келе жатыр. Елбасы «біз барлығымыз көпұлтты Қазақстанның достығын, бірлігі мен ынтымағын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп жиі айтады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттар ассамблеясы құрылды. Биыл сол Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Еліміздегі достық пен ынтымақ дами берсін, әрдайым тұрақтылық пен бейбітшілік болсын», – деген облыс әкімі аталған…

Read More

Шөлейітті жерде аққайың ағашын отырғызу қаншалықты миға қонымды іс? Әрине фантастика дерсіз. Қанша қияли болса да осындай бір бастаманы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының еріктілері қолға алыпты. Әрине шөлейтті деп қатты айтқан шығармыз, бірақ дәл сол Мойынқұм ауылының аты айтып тұрғандай жерінің көп бөлігі шөлейтті болып келеді екен. Мұндай бастаманы қолға алуға биыл еріктілер жылы болып жариялануының тікелей қатысы бар. Көктемде «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының шағын гранттар байқауы аясында жеңімпаздар анықталып, 60-қа жуық шағын грант осы экология саласына бөлінген. Жеңімпаздардың бірі – Мойынқұм ауылындағы бір топ азамат шөлейтті жерде шырша және аққайың ағаштарының түрлерін отырғызуды жоспарлап отыр. Осы істің басы…

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, – деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді. «Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық», – деді Досаев.

Read More

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы сәтімен жүзеге асуда. Жаңа жоба жамбылдық жұртшылық тарапынан қолдау тапқан. «Ақпараттық-түсіндіру», «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу», «Ауылда бизнесті дамыту», «Діни мәселелер», «Құқық қорғау саласы» топтарының мүшелері өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған аудандарда болып, тұрғындармен кездесулер, көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуде. Тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап, мұң-мұқтажын біліп, түйіні тарқамаған түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуда.Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданымызға ат басын тіреген «Құқық қорғау саласы» тобы мүшелерінің қатысуымен жиын өткізді. – «Бейбітшілік пен келісім» жобасының мақсаты ел бірілгі мен ынтымағын сақтау, тұрғындарды адамгершілік құндылықтарға үндеу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін…

Read More

Если прикоснуться к земле, каждый уголок казахской степи, история которой полна, священен. Мы знаме, что если выделить четыре угла нашей необъятной земли, то Туркестану достанется самое почетное место. Ни для кого не секрет, что родовое поселение, долгое время считавшееся колыбелью тюрков, сейчас многие называют «духовной столицей». Прошло два года с тех пор, как город, являвшийся маяком этой духовности, стал областным центром. В последние 2 года, что слишком мало для истории, строительные работы в Туркестанской области набирают обороты, строятся фундаментальные объекты. Есть также существенные различия в сельском хозяйстве. В этой связи мы решили сгруппировать мннения известных личностей о потенциале области, на…

Read More

Жамбыл ауданындағы 29 мешіттің бәрінде имамдары бар болса, олардың жетекшісі яғни, өңірдің бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков діни сауаттылығы жағынан да, адамгершілік қырынан да өңірімізге танымал тұлға. Дін саласының озықтар додасында аты бастапқылардың алдына шыққан азаматтың ауданымызға ізгіліктің нұрын шашып, туралықты ту еткеніне 15 жылдың жүзі болыпты. Алғаш келген жылдары заңсыз салынған мешіттердің құжаттарын толықтай заңдастарып, бүгінде ҚМДБ-на тіркепте үлгерген. Сол жылдары табанын таусылғанын бүгінде қуанышпен еске алуда. Аудан тұрғындарының сыр сандығына имекең жайлы сызат ой, теріс пікір түскен емес. Ылғи жасаған жақсылығын, үгіт-насихатының тұла бойды шымырлатып жіберетінін айтып отырады. Бәлкім сол қайырлы істердің қайыры болар, бүгін Аса ауылының жомарт…

Read More

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны — 3059 құраса, оның барлығы аудан тұрғындары. Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны – 3902. Атап айтар болсақ, тұрақты жұмыспен қамтылғандары – 1836— қоғамдық жұмысқа жолданғандар – 872— әлеуметтік жұмыс орындары –93— жастар практикасы – 258— қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту – 162— мемлекеттік грант – 372— шағын несие алғандар – 95— «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту – 234 Есепті кезеңде 115 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны – 115 адам. Бірінші бағыт:Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен…

Read More

Бар болғаны 23 жасар жігіттің есімі он саусағы шебер ұста ретінде төңірекке тегіс тарап үлгеріпті. Оның өзге шеберлерден ерекшелігі ат әбзелдеріне ерекше көңіл бөлетінінде. Атқа қолайлы ер жасап, тоқым, ішіктерін де өзі пішеді. Жүгеннің неше түрін өрнектеп, тартпа, үзеңгі, таралғы дейсіз бе, бәрін жасайды. Сондықтан, ат әбзелдерін жасайтын жас ұста, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылының тұрғыны Әлмұхан Кенжебекті аттай қалап іздеп келетіндер көп. Бұл нені білдіреді? Қазақтың атқа міне бастағанын, тұлпарға қатысты құндылықтарды іздей бастағанын көрсетеді. Әлмұхан неге ұсталық жұмысын ат әбзелдерінен бастап отыр? Оның атқа мінуге деген қызығушылығы қанында бар. Әкесі Бауыржан ауданға белгілі көкпаршы. Ал өзі де атқа мініп,…

Read More

Тараз қаласының тұрғындары жаз айларында ыстық сусыз отыратыны ешкімге жаңалық емес. Оның себебі мен салдарын түрлі әкімдер түрлі уәде беріп шешпей кететін. Бұл мәселенің шарықтау шегі былтыр болды – қаланың барлық көшелерін қазып, құбырлан алты айы бойы ауыстырмай елдің мазасын қашырған еді, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қаласында жалпы қолданыстағы 1312 үйдің 1253 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, оның ішінде 912 үй ыстық су жүйесімен қамтылған. Алайда 341 үйде ыстық су алуға техникалық тұрғыдан мүмкіндіктері қарастырылмаған көрінеді. 2019-20 жылдардағы жылыту маусымы ағымдағы жылдың 20 сәуірінде аяқталып, ауа райының қолайсыздығына байланысты ұзақтығы 184 күнге созылған. «Таразэнерогорталық» акционерлік қоғамының…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Yildirim Holding компаниясының өкілдерімен кездесіп, Сарысу ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жобасын іске асыру барысын талқылады, – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түрік компаниясына қазақстандық нарық таңсық емес. Өңір басшысы осы жылдар ішінде бауырлас халықпен тығыз және достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті. — Инвесторлар негізінен бизнесті дамытуға қолайлы және болашағы бар өңірлерге барады. Осы орайда Мемлекеттік бағдарламалар әзірленген десек, бүгінде олар өздерінің тиімділігін дәлелдей түсуде. Бұл бағдарламалар аясында сіздердің компанияларыңызға да жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, — деді Бердібек Сапарбаев. Yildirim Holding-тің бас директоры Исмаил Джейлан инвестициялық жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Құрылысы…

Read More

Сенбі, 5 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен аймақ басшысы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ат басын бұрды. Жамбылдықтар «Тектұрмасты» қалпына келтіру  жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталуын асыға күтті. Нәтижесі көңілден шыққандай. Бақылау алаңдары бой көтеріп, Әулие-Атаның 13 метрлік мүсіні, 10 метрлік Лауха (скипетр), қағандардың есімдері жазылған хан шатырлары түріндегі 14 ескерткіш орнатылған. Жаңа нысандар мен архитектуралық формаларды салу бойынша күрделі жұмыстар әлі де жалғасуда. Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «Тектұрмас» кешенін қайта құрудың екінші кезеңін жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, аллея бойында аймақтың тарихи құрылымдарының макеттері орын…

Read More

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, өңірдің тазалығы ең алдымен мына өзімізден бастау алады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Жамбыл ауданының келбетіне өң беру, санитарлық жағдайын жақсарту, көгершіктендіру, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін оңтайландыру мақсатында күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осы орайда аудан әкімдігіндегі бірқатар бөлім мен жергілікті ауылдық округтің қызметкерлері бүгін Аса-Тараз бағытындағы және өздеріне тиесілі орындарға тазалық жұмыстарын үйлестірді.Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбековтың айтуынша, игі іске 1300 азамат атсалысқан. – Тазалық жұмыстарына 44 техника қатысып, 63…

Read More

Бүгін, 4 қыркүйекте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімін қабылдап, өңірдегі экономикалық-әлеуметтік ахуалдың жай-күйімен танысты. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев ағымдағы жылдың қаңтар – тамыз айларында мемлекеттік бюджетке 33,2 миллиард теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар асыра орындалғанын айтты. «Оның ішінде республикалық бюджет 10,4 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 22,8 млрд. теңге көлемінде болып отыр. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық және қалалық бюджет сәйкесінше 12,0 және 10,8 млрд. теңге көлемінде тұр», – деді қала басшысы. Сонымен қатар, есепті кезеңде жұмыссыздық деңгейі 5,6%-ды құрап, өткен жылдың деңгейінен әлдеқайда тармаққа төмендеген. Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті жерлердегі қоғамдық-саяси ахуал туралы аудан әкімдерінің есептерін тыңдауды жалғастыруда. Кезекті көшпелі кездесуде Байзақ және Мойынқұм аудандарының әкімдері Нұржан Нұржігітов пен Мәден Мұсаев есеп берді. Іс-шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚК департаментінің басшысы Марат Ирменов, полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және құқық қорғау органдарының аудандық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына Мойынқұм ауданының тұрғындарынан бірнеше ондаған өтініштер келіп түсуде. Елді мекендер сумен жабдықтау және газдандыруда бірқатар кедергілерді бастан кешіруде десек, сондай-ақ, тұрғындар суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды, жұмыссыздық жағдайына назар аударуды сұрауда. Мәден Мұсаев бұл мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Ағымдағы жылы ауданда…

Read More

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше халыққа жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауынан туындаған жаңа міндеттерді жүзеге асыру жоспарын құру, осы орайда өңірде іске асырылатын жобаларды пысықтау мақсатында актив жиналысын өткізді. Аудан әкімдігінің бөлім, мекеме-ұйым басшылары қатысқан басқосуда аудан әкімі Сәкен Арубаев ел Президентінің Жолдауында айтылған негізгі басым бағыттарды атап өтіп, аудандағы атқарылуы тиіс жұмыстарды әр сала басшыларына нақтылап тапсырды. Дәлірек айтқанда, азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әл-ауқатын көтеру бойынша аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының басшысы Асқар Жанқоразовқа мердігер компаниялармен келісімшарт жасасып, жұмыссыздықты азайтуды ескертті. Сонымен…

Read More

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы уақытқа арналған міндеттерге барынша тоқталып өтті. Сонымен қатар, ол қазіргі жағдай құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты жаңа талаптар қоятынын да атап көрсетті. Мемлекет басшысы ең алдымен полиция азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс екенін баса айтты. Басты назар қызмет түрі бойынша қарапайым адамдармен көбірек байланысқа түсетін учаскелік инспекторлардың жұмысына аударылды. Олардың жұмыс нәтижесі бойынша «полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидаты іске асырылуы қажет, бұл тұрғыда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты көмек жедел әрі кәсіби түрде көрсетілуі керек. Жамбыл облысында қылмыстың алдын алу мен…

Read More

Сейсенбі, 1 қыркүйек күні Жамбыл облысы активінің жиналысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қойылған негізгі басымдықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. — Президент коронавируспен күрес шараларына айрықша назар аударды. Босаңсуға әлі ерте. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру мәселелері ерекше бақылауда болуы керек. Облысымызда төсек-орын санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар қоры қалыптасуда. Жақында ғана ашылған орталықта коронавируспен ауырған тұрғындар оңалту курсынан өтіп жатыр. Біз жамбылдықтардың сапалы медициналық қызмет алуы үшін барымызды салып жатырмыз, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының ел дамуының ең өзекті проблемаларын…

Read More

Жамбыл облысында орналасқан мектептердің әжетханаларын ретке келтіруге республикалық және жергілікті бюджеттен 1 млрд астам қаражат қаралғандығы туралы хабарлайды Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі (q-kenes.kz сайтынан алынды). 28 тамыз күні Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің күн тәртібіне “Білім саласына қоғамдық моинторинг” жұмысы жүргізілді. Бұл жұмысты топ жетекшісі ретінде Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі комиссиясының хатшысы, “Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы” заңды тұлғаоһлар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан әлеуметтік желідегі тікелей эфирлер арқылы жүргізген болатын. Эфирлерді 25 мыңнан астам көрермен көрді. Аталған комиссияның хатшысы оқушылардың кезекші сынып пен қашықтай оқитынын айта отырып, ауылдағы интернет, мектептегі…

Read More

Тараз қаласында «Білім саласындағы: жаңа оқу жылының ерекшеліктері»  тақырыбында онлайн режимде дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, мектеп директорлары мен мұғалімдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Аймақ басшысы облыста білім саласын дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстар, үш ауысымды, апатты және орын тапшылығы бар мектептер мәселесінің қалай шешіліп жатқандығы туралы қысқаша айтып өтті. Бердібек Сапарбаев білім беру мекемелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын бақылау, қашықтықтан оқитын мектеп оқушыларын компьютермен және интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін тағы да атап өтті. «Егер білім беру мекемесіндегі оқушылар саны 200-ден аспаса, онда оқу процесі дәстүрлі форматта…

Read More

Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қазіргі Ата заңымыз қабылданды. Бұл қадам тереңнен тамыр тартатын мемлекеттігімізді тың өріске бастап, Қазақстан Республикасының күрделі геосаяси жағдайдағы дамуының даңғыл жолын айқындады. Конституциямызда белгіленген адам құқығы мен бостандығы, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым қағидаттары әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің айнымас тұғырына айналды. Халық билігі, теңдік, бірлік, заң үстемдігі сияқты қастерлі ұстанымдар мызғымас ұстын ретінде қалыптасып, Қазақстанның келешектегі жан-жақты даму бағдарының мазмұнын айшықтай түсті. Ата заңымыз уақыт рухына және азаматтарымыздың талап-тілегіне сай келеді. Сондай-ақ, оның жасампаздық әлеуеті саяси жүйе мен әлеуметтік-экономикалық қатынастарды…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында «Арай-2» тұрғын алабындағы аз қамтылған, толық емес отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 90 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын мердігер «Бином» ЖШС жүргізген.Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер кілттерін табыстау салтанатына арнайы қатысып, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады. — Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне, әркімнің баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы. Құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылдың 7 айында 270 мың шаршы метрден астам тұрғын…

Read More

Сенбі, 29 тамыз күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысып, білім беру мекемелерін аралады. Алатау шағын ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бес аула абаттандырылуда. Ол жұмыстармен «Энерджи-Тараз» ЖШС айналысуда. Аулаларды абаттандыру толық асфальттау, көшелерді жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату шараларын қамтиды. Сондай-ақ, балалар мен спорт алаңқайлары салынып, кеңейтілуде. Бердібек Сапарбаев ең алдымен мердігер мен Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша назар аудару керектігін тапсырды. Аймақ басшысы әткеншектермен және құм алаңқайларын, стрит-воркаут алаңдарын аралап көрді. — Біз балалардың ашық ауада еркін ойнап, спортпен шұғылдануы үшін барлық қолайлы және қауіпсіз жағдайды…

Read More

Қордайда Конституцияның 25 жылдығы жоғары деңгейде аталып өттіп, аудан әкімі бірқатар тұрғындарды марапаттады, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдағанына 25 жыл толады. Еліміздің ел болып, керегеміздің кеңейіп, шаңырағымыздың нығайып, тәуелсіздігіміздің одан әрі шыңдалуына септігін тигізген Ата-Заңымыздың алатын орны ерекше. Аудан әкімдігінде өткен салтанатты жиында Рүстем Дәулет іс-шараға қатысушыларды төл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ата Заң біздің адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік беретінін атап өткен аудан басшысы марапаттау рәсімін бастады. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарғаны, отан алдындағы игі істері мен жауапкершілігі,…

Read More

Құрметті отандастар! Осыдан тура 29 жыл бұрын, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық қару-жарақтан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды. Осылайша, 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының бірі – Семей полигоны, бұрынғы Кеңес Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан, біржола жабылды. Бұл өскелең ұрпақтың жарқын келешегі мен мемлекетіміздің баянды болашағы жолында жасалған шешуші қадам болды. Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі сынақ алаңдарының жабылуына жол ашқан батыл бастамаға айналды. Тәуелсіздікті ядролық қарусыздану және жойқын…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің жылуэнергокешенінің, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың алдағы жылыту маусымына әзірлігі талқыланды. Энергетика және ТҮКШ басқармасының төрағасы Құдайберген Қорғанбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта 65,5 пайыз нысан дайын. Автономды қазандықтардың жалпы әзірлігі 71,1 процент, жылуы жүйелері – 92, сумен қамту желілері – 82,8 процент деңгейінде. Тараз, Жанатас, Қаратау мен Шудағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Биыл энергетикалық кешендермен жылу маусымына әзірлік мақсатына 3,3 млрд теңге бөлінген. Оның 2,7 млрд теңгесі немесе 84 проценті игерілді. Таразда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,6 шақырым жылу желілерінде жаңғырту мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңғыртуды қажет…

Read More

Бүгін Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде өткен арнайы жиын барысында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев құрылыс жүріп жатқан нысандарды учаскелік полицейлердің тексеруі керектігін айтты. Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үйлер бойынша мердігер мекемелермен жиналыс ұйымдастырылып, жөндеу жұмыстарының қарқынын арттыру бойынша тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта 80 көп қабатты тұрғын үйден тек 27 тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:05 PDT Жиынға Таразқаласы прокурорының м.а. — Б.Төлеуов, Тараз қаласының полиция басқармасы басшысы — А.Заурбеков, қала әкімінің орынбасары — А.Есеналиев, қала әкімінің аппарат басшысы — Д.Абдуқасымов, ұйымдастырушылық-инспекторлық…

Read More

Бүгін Айтқазы Қарабалаевтың қатысуымен Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде арнайы жиын өтті. Айтқазы Қарабалаев қала аумағындағы учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы сын көтермейтінін айтты. Ол учаскелік полиция қызметкерлері өз аумақтарына қатысты тиянақты және сапалы жұмыстар атқаруы қамтамасыз етілуін талап етті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:10 PDT Қала аумағындағы коммуналдық жүйелердің құдық қақпақтарының жаппай ұрлану мәселесі, оның ішінде 15 шағынауданы аумағында бір түн ішінде 228 құдық қақпақтарының ұрлану фактісі де аталды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:08 PDT Жиынға Таразқаласы прокурорының м.а. – Б.Төлеуов,…

Read More

Бүгін Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде арнайы жиын өтті. Жиын барысында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев шаһардағы жасөспірімдер арасындағы қылмысқа кеңінен тоқталып, жауапты қызметкерлерге бірқатар тапсырмалар берді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 6:57 PDT Атап айтар болсақ, қала аумағындағы кәмелет жасқа толмаған балалар тізімі бойынша учаскелік полиция қызметкерлері және кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторлар өз аумақтары бойынша толық зерделеу (балалар тізімі, жас айырмашылықтары және т.б.)  жұмыстарын жүргізіп, нақты ақпарат ұсынылуын қадағалуды тапсырды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:01 PDT Сонымен қатар, №2, 4,…

Read More

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселе жан-жақты талқыланды.Аудан басшысы Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен басқосуға құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Қайрат Аманов, жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов, Тараз әлеуметтік кәсіпкерлер корпорациясы басшысының орынбасары Заңғар Кемелов бар жұмысшы топ «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне егістік жердің берілмегенін, аталмыш жобаның жақсылығын көріп отырған округде өндірілген өнімдерді «алқаптан сөреге дейін» тарауы арқылы өткерудің төмендігін, ұсақ шаруашылықты агрохолдингке біріктіру қажеттігін, ауыл шаруашылық техникалары тұратын қойманың тапшылығын, жеңілдетілген несиенің тиімділігін түсіндіріп, жоғарыда қаузалған мәселелерге атүсті қарауға болмайтынын айтып, дабыл қақты.Бұл…

Read More

Бесағаш ауылдық округіне қарасты Түрксіб ауылында көптің көмегімен тұрмыстық табысы төмен, баспанаға мұқтаж отбасыға арнап, үй салынуда. Округ әкімі Бейбіт Нигматуллаевтың айтуынша, бұл үйдің құрылысына тұрғындар өздері ұсыныс білдірген. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасына ауданымыз расымен де, білек сыбана кірісті. Бесағаштықтарда ауылдық ардагерлер кеңесімен кеңесе келе, Бесағаштан баспана қажет деген азаматты анықтап, біркісідей атсалысты. Қажетті техниканы өзім апарып берем. Тұрғындар ұйымшыл. Қазіргі таңда шатырын бітіп, ішкі-сыртқы жұмыстарын үйлестіруде. Дегенмен округке қарасты Түрксіб ауылының азаматтары да сауапты істен кем қалмай, бізде ауылдан баспананы қажет ететін отбасына үй салмақшымыз деген талап-тілегін естігенде ырза көңіл таныттым. Бүгінде қажетті техника жұмылдырып,…

Read More

Жуырда «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігі ауданымыздағы тұрмыстық табысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларына 100-ге жуық киім-кешек үлестірді. Бұл жағымды жаңалықпен бірлестіктің ауданымыздағы өкілі Шарипа Елібаева бөліскен еді. – Әрбір іс-әрекетімізді жақсылыққа жорығанымыз жөн. Тек өзгені қуанту үшін ниет етсек жеткілікті. Әлемде бала қуанышынан артық бақыт жоқ. Осы орайда Ащыбұлақ, Қаракемер, Аса ауылдарындағы балаларға демеушілердің аманатын табыстап қайтқан жайымыз бар, – деді Шарипа Рыскелдіқызы бізбен әңгімесінде. Сондай-ақ игі іске бейіл берген жан «Beiersdorf» фирмасының қолдауымен жалғызбасты аналарға әлеуметтік азық-түлік таратып, сауапқа кенелді. Тұрғындар әлеуметтік көмекті жылы қабылдап, таразыда салмағы ауыр амалдарға ден қойған қамқор жанға шексіз ризашылығын білдірді. Гүлбаршын Сейтқазиева, «Шұғыла».

Read More

Залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілудеКүн жылына бастағалы түрлі ауру-сырқаудың өршігені белгілі. Әсіресе, кенеден келетін кесір адам өміріне өте қауіпті. Осы орайда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесінің мамандары Құмтиын елді мекенінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Олар ауылдың саябақтары мен адамдар көп жүретін орындарда, сондай-ақ аудан аумағындағы барша тұрғындардың мал қоралары мен үй-жайларында залалсыздандыру жұмыстарын жүйелеуде. – Қазіргі таңда қауіпті кеселге қарсы улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта аудандағы төрт ауылдық округте залалсыздандыру жұмыстары толық аяқталды. Осы уақытқа дейін кенеге қарсы күресте алдын алу жұмыстарының уақтылы орындалуына байланысты кенелер өңірде түпкілікті жойылды. Бүгінде Бектөбе, Айшабибі, Қаракемер,…

Read More

Қазақта «Ауылына қарап, азаматын таны» деген нақыл сөз бар. Ауыл ажары, көшелер келбеті, тұрғын үйлердің тазалығы елдің елдігін, береке-бірлігін айқындайды, қарапайым халықтың ауызбіршілігін көрсетеді. Қашанда біз үшін ауыл – ұлттық құндылықтарымызды сақтаған, берекесі артқан киелі мекен. Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық. Олай болса, ауданымызда ырыс-дәулеті тасыған ауылдық округтердің бірі – Гродиковоның тыныс-тіршілігімен тереңірек танысуды жөн көрдік.Гродиково ауылдық округіБереке-бірлік бар жерде… Ауылдық округ – аудандағы өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған елді мекен. Бүгінде округте 1319 аула, 6841 тұрғын бар. 25-ке жуық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Ауылдық округ әкімі аппаратында 8 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.…

Read More

29 тамыз – Семей ядролық полигоны жабылған күн.Қазақ даласы ядролық сынақ жарылыстарынан 40 жыл бойына көз ашпады. Осы жылдар ішінде 456 мәрте ядролық және термоядролық жарылыстар болды. 1953 жылы дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды. Бірте-бірте халықтың наразылығы күшейе түсіп, 1989 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды, оған елімізге белгілі тұлға Олжас Сүлейменов жетекшілік етті. Негізі, ядролық сынақ 1949 жылдың 29 тамызы күні басталғаны белгілі. 1991 жылы 29 тамызда Елбасының Жарлығымен Семей полигоны жабылып, артынша «тарих дертін» бастан өткеріп отырған АҚШ-та «Невада», Қытайда «Лобиардо» және Францияда ядролық сынақ полигондары тоқтатылды. Осылайша 40 жыл бойы жердің астынан…

Read More

Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтіретін ғаламдық індетке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол жоқ!» деп ұрандатып, мінберлерден аузымызды толтырып айтқанымызбен, осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады деген сауалға жауап іздеп жүргеніміз шамалы. Жемқорлық дертіне қалай душар болдық? Онымен күресті қайдан және қалай бастағанымыз дұрыс?! Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Бақуатты болу үшін ар-намысынан баз кешетіндер де бар. Адамға ақша қызмет етпей, адам ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері адамзаттың санасы уланды, дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың етек алуы да осыдан. Осы қағиданы бұзбай қоғамдағы жемқорлықты жоя алмаймыз. Жемқорлық деп қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың…

Read More

Тәуелсіздігіміздің бірден-бір айғағы болатын ол – Конституция. Ата Заңымызда біздің адами құндылығымыз бен бостандығымыз қамтылып, құқықтық нормаларымыз белгіленгені баршаға мәлім.Кемел келешектің кепіліне айналған Конституция құрметіне арналған мереке елімізде 30 тамыз күні республика көлемінде аталып өтіледі. Айтулы мерекеге орай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жас жамбылдықтар арасында «Ата Заң – елдіктің тұғыры» атты аудандық онлайн эссе байқауы өтті. Бәсеке барысында алдымен Аса ауылдық аула клубының жетекшісі Айдана Қыдырханова Конституция жайында ақпараттарымен бөлісіп, эссе жазудың шартын түсіндірді. Шығармашылық жарысқа ауылдық округтерден барлығы 10 жас қатысты. Жеке көзқарасты мәтінге негізделген бұл жазбаның нәтижесі де көп ұзамай анықталып, көркем сөздің хас шеберін айқындайтын байқауда…

Read More

Елімізде таза ауызсу күрделі мәселеге айналған. Оның ішінде ауданымыз да бар. Дегенмен, өзге аудандарға қарағанда Жамбыл ауданының жайы жақсы десек те болар. Ауызсумен 23 ауыл қамтылған. Кеше біз Аса ауылындағы жаңа бір көшеге су құбырын жүргізіп жатқан «Аса-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекемесінің жұмысына куә болғанбыз.Жұмыс басынан осы мекеменің басшысы Марат Бұралқиевті кезіктіріп, әңгімеге тартқанбыз. – Біздің кәсіпорын стратегиялық объект болып табылады. Біз, негізінен, су құбырын және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысамыз. Нақтырақ айтсам, кәсіпорын жерасты суын өндіріп және тазартып, халықты ауызсумен қамтамасыз ету, сорап стансаларына және су сорғыларына ағымды жұмыстар жүргізу, су есептегіш құралдарын орнату, жерасты суын пайдаланудың тиімділігін…

Read More

Жаңа ғасыр жаңаша көзқарас қалыптастырды. Әсіресе, ел арасындағы іскер азаматтар айрықша белсенділік танытып, келер күнге сеніммен көз тікті. Мақсат жолында алға ұмтылып, мына қоғамда масылдыққа бой үйретудің арты керуенге ілесе алмаған ақсақ түйенің кебін кигізетінін, көштің соңында қалуға әкеп соқтыратынын ой елегінде екшеп, ерінбей еңбек етудің маңыздылығын ұғынды. Сондай уақытпен үндесе кәсіп көкжиегін кеңейткен жандардың бірі – Полатқосшы ауылдық округінің тумасы, «Шарипов» шаруа қожалығының төрағасы Абдумалик Шарипов. Абдумалик Тоқтасынұлы кәсіпкерлікке тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ ден қойған. Түрлі қиындыққа қарамастан алға ұмтылды. Нәтижесінде, кәсібі қанатын кеңге жайды. Бүгінде егін шаруашылығын өркендетіп жүрген азаматты ауыл, аудан тұрғындары жақсы таниды. Кәсіпкерлікте жолы болған…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 30 тамыз – Қазақстан Респуликасының Конституциясы күніне орай Еліміздің Ата Заңың құрметтеуге жастарды баулу, әрбір азаматты өмірдегі өз құқығын, міндеттерін дәріптеуге үйрету, заң аясында ақпараттық кеңес беру мақсатында Жамбыл облысы заң палатасы, «Қорғау» заңгерлер орталығының заңгері Құрбанова Баян Қалдығұлқызымен «Конституция-кемелдік кепілі» атты вебинар онлайн және офлайн форматында өтті. Іс-шара барысында оқырмандардың онлайн сұрақтары, оның ішінде «Бала құқықтары», «Зейнеткерлікке шығу», «Алиментті өндіру», «Зейнетақы төлеу және аудару», «Мүгедектік алу, оның жолдары, қарастырылған жеңілдіктер» т.б түрлі заңгерлік кеңестер берілді.Шараға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері онлайн қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Баян Қалдығұлқызы оқырмандарға кеңес…

Read More

Бесағаш ауылдық округіЕгін егіп, мал бақса — ел тоқТілші: – Ауылым – алтын бесігім,Айтшы, оның иесі кім?Әкім: – Халық!Осы менің кесімім.Шындығында, ауыл мен халық – мемлекеттің өзегі. Өз шаттығы, өз қуанышы бар, – деп хабарлайды Жамбыл ауданы баспасөз қызметі Шаттықтың шуағына бөленіп, қуаныштың құшағына енген Бесағаш ауылдық округінің кешегісі мен бүгінгісін және ертеңін мақаламызға арқау етпек болып қолымызға қалам алып, иығымызға фотоапарат асынып Бесағаш ауылына келгенбіз. Мақсат – округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайына зер салу әрі көрген-білгенімізді газет бетіне түсіру. Оны біз Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нигматуллаевтың өз аузынан естігіміз келген. Естідік. Көрдік. 1994 жылы құрылған округтің аумағы 19136 гектарды құраса,…

Read More

Қамқорлықты қажет ететін білім алушыларға көмек көрсетуді көздейтін «Балаларды мектепке даярлаймыз» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Жамбыл ауданы баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында іске қосылған бұл акцияға жаны жомарт, мейірімді азаматтар белсене атсалысуда. Жақында осындай игі іске куә болдық. Дәлірек айтқанда, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымовтың бастамасымен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Досжан Тоқбергенов, аудандық мәслихат депутаттары Индира Тоғанбаева, Нұрсұлтан Сматов, Бегалы Ералиев, Нуритдин Бегманов, Рамазан Аширов, Данияр Жузанов, Талап Әбдібеков ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз…

Read More

«Жол азабын жүрген білер» деген халық тәмсілі бекер айтылмаса керек. Жүретін жолың нашар болса, баратын жеріңе уақытында жете алмай, азабын тартарың анық. Ал, жаңа салынған жолдардың сапасы қалай? Бөлінген қаражат өзін-өзі ақтай ма? Осы ретте Жамбыл ауылдық округіндегі аяқталуға жақын су жаңа асфальтты көзбен көріп қайттық. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қуаныш Қарашолақов және аудандық мәслихат депутаты Индира Тоғанбаева округке қарасты Бесжылдық ауылына табан тіреп, жолдардың сапасын тексерді. Жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтқан бақылаушы топ жауапты тұлғаларды сын тезіне алмақ болды. Бірақ, қадағалаушы адам да, мердігер компания өкілдері де төбе көрсетпеді. Дабыл қағатын мәселе сол, Досымбек…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ақын, бірнеше мүшайралардың жеңімпазы Наурызбек Саршамен «Сары ақынның сағынышы» атты онлайн поэзия кеші өтті. Кеште жас ақын шығармашылығындағы өзгерістерді айтып, өлең өлкесінен жырақтап жүргенін, осы жылдарда журналистикаға ден қойып, «Аристократ» атты журнал шығарып жатқанына тоқталды.Өлеңнің құрылысы, ұйқасы туралы ойымен бөлісіп, жас ақындардың шығармашылығы туралы ой қозғап, аға буын өкілдерінен үлгі тұтатын азаматтары, олардың шығармашылығын айтып, ағаларының өлеңдерін оқыды. Кездесу барысында журналист ретінде қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға азаматтық позициясын танытып, ұлтының демі тартылғанда ұл болып өлең шығара алмағанын, бір туындының дүниеге келетініне айтып өтті. Жеке қызуғушылықтарын атап, бала жастан…

Read More

«Бала күлкісінен асқан қуаныш бар ма екен мына жалғанда?! Біріміз таңның атысы, күннің батысы күйбең тірліктің соңынан қуып келеміз. Енді біріміз бар дүниені кімнен екенін белгісіз қызғанып, орамалға түйіп, қымттап отырмыз. Таразыда салмағы ауыр амалдарға ден қойып жүргеніміз де шамалы. Әттең, ақтық мәренің марапатын алдын ала білсек, бәлкім жалтыраған дүниелерге алданбас па едік. Түнеугүні «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры Арман Қасеновпен ақылдасып, 57 көпбалалы және жалғыз басты аналардың балаларына, тұрмыстық табысы төмен отбасыларға көмек ретінде қаржылай және маңдай терін төске тамызып жүрген сала қызметкерлерінің адал еңбегіне – демалыс орталықтарына жолдама беруді жөн санап, бүгін сол аманатты үлестіру үшін аудандарды…

Read More

Ауыл – берекенің бастауыӨрелі істе өркендеу барАқбұлым ауылдық округіАқбұлым ауылдық округі – тарихи таңбаларға, ескерткіштерге бай елді мекен. Әсіресе, Қарасай шатқалындағы таңбалы тастар шоғыры ата-бабаларымыздың өмірінен сыр шертіп жатқандай. Қола дәуірінде адам баласы аң аулап, тіршілік жасаған әрі олар қолға ұстаған, көрген аңдарының бейнесін тасқа ойып салып отырған. Қарасай петроглифтері тау аңғарларында тұрған ежелгі адамдардың тұрмысын, салт-дәстүрі мен жосын-жоралғыларын айғақтайтын әмбебап үлкен тарихи кешен болып табылады. Онда тауешкі, ат, бұқа, ит, түйе және басқа хайуанаттардың суреттері кездеседі. Адамдардың аңшылық іс-әрекеттерімен қатар, тауешкілердің артқа қайырылған үлкен мүйіздері тасқа шеберлікпен бейнеленгенінен олардың киелі аңдар қатарына жатқызылғандығын көреміз. Кейбір тауешкілердің мүйізі қайқайып әрі…

Read More

Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Донор бол – өмір сыйла» атты акциясына аудан еріктілеріде өз үлестерін қосты. Облыстық қан тапсыру орталығына жиналған 30-ға жуық жамбылдық жастардың көкейінде сауапты іске атсалыссақ деген ой тұрса керек. Аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахимжановтың айтуынша, ерікті жастар акцияға үлес қосуға ынта білдіріп, қолқа салған. Қазіргі жастардың бойынан кез келген қасиетті байқауға болады. Олардың заман ағымына тез бейімделуі, заманауи технологияны тез игеруі жастардың ой-өрісінің дамығанын білдіреді. Әрине кез келген ілгерілеушілік адами құндылықтан ауытқымауы қажет. Бүгінде жастар аталмыш акцияға қатыссақ деп ұсыныс білдіргеннен кейін, біз бас тарта алмадық. Содан бәріміз бірге мұқтаж жандарға…

Read More

«Болар істің басына – жақсы келер қасына» дегендей-ақ Абай көшесі бойынан екі бірдей зәулім нысанның бой көтеруі болашақта аудан орталығының келбеті мен көркіні одан сайын ажарландыра түсетіні даусыз. Өткен-кеткендер бұл тұсқа көз тастамай өте алмайды. Жергілікті жастар болашаққа сеніммен қарап, көп үміт күтеді. Сол үміттің оты лаулайтын күнде алыс емес. Сондықтан да шығар, аудан жастары құрылыс жұмысы жоғарғы қарқынмен жүргізіліп жатқан спорттық-сауықтыру кешенін қазірден-ақ айналшықтап жүр.Нысан қазан айында пайдалануға берілмек. Келесі нысан көп пәтерлі бес қабаттан тұратын тұрғын үй құрлысы. Бұл нысанның құрылысы кеше ғана бастау алғандай еді, санаулы күндердің ішінде қабырғасы бой көтеріп қалған. Мердігер мекеме «биномдықтардың» сөзіне сенсек,…

Read More

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы облысымыздың барлық өңірінде жүзеге асырылуда десек, Жамбыл ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылында жағдай мүлдем бөлек. Бөлек болғаны сол, ауыл тұрғындары мен қолы ашық азаматтары ауыл кәриелерінің тұрмыстық табысы төмен отбасыға ауыл болып баспана салуымыз керек деген насихатын санаға түйіп, білек сыбана кіріскен. Сөзімізге назардағы суреттер дәлел болады. Ауыл әкімі Самат Селеубаев жұртшылықтың кең пейілділігі мен адамгершілігінің арқасында құрылыс жұмыстары осындай деңгейге жеткендігін айтады. «Біз қиындықта қарайласқан халық екенімізді тағы мәрте дәлелдеп отырғандаймыз. Ләйім Алла тағала ауызбіршілігімізден айырмасын. Алдағы уақытта ішкі әрлеу жұмыстарын тәмамдап, жылу жүйесін жүргіземіз. Ең қызығы мұқтаж отбасыға баспана кілтін…

Read More

«Жастарыңды көрсет, еліңнін ертеңін айтайын» демекші, жастар ықылым заманнан бері – қоғамның қозғаушы әрі жетелеуші күші болып саналады. Ал олардың аяқтан тұрып, еңсе тіктеуіне мемлекетімізде қолға алынған түрлі бағдарламалар мен алуан акциялардың септігі орасан. Үстіміздегі тышқан жылы әлем халықтарына зілін артып, аты жаман індеттің дендеуі баршамызды сергелдеңге салды. Биылғы оқу жылы қашықтықтан оқыту форматына көшетінін ескерсек, көпшіліктің көкейін «Мектепке жол» акциясы ұмыт қалар ма екен?! деген ой мазалағаны белгілі. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің басты мақсаты – жастарымыздың жарқын болашағына жағдай жасау екенін қаперге түйгеніміз абзал.Кеше аудан әкімі, Nut Оtan партиясы аудандық филиалының төрағасы Сәкен Арубаев партияның «Балаларды мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы…

Read More

Бірі білсе, бірі білмес Құмтиын ауылында «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілі Марат аға Оспанов тұрады. Ағамыздың жан сүйсіндірер қарапайымдылығы өз алдына бөлек тақырып десек, қайырымды амалдары да бір төбе екен. Жолығып, тілдескен кейін Марат ағаны жақсылық арқалаушы, жомарт жанға балағанбыз. Бүгінде ауданның орталығынан аудан әкімдігі қажетті заттармен жабдықталған жұмыс бөлмесінде берген екен. Жұмысқа білек сыбана кіріскеніне көп уақытта болмаған. Дегенмен жұмысының алғашқы шымылдығын ізгі шарамен ашқанды жөн көріпті. Игі іске иілген азамат өз қаражатына 100 дана картоп сатып алып, аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға, тұрмыстық табысы төмен және бала асырап алған отбасыларға үлестірген. – Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген аты…

Read More

Қаракемерліктердің өнерге деген ықыласы мен ыждаһатының ерекше екенін тұрғындардың көп жылдан бері осы мәселені аудандық атқамінерлерге көтіріп, өнер ошағының қажет деп тап басып айтуынан аңғаруға болады. Дегенмен жағымды жаңалық төбе көрсетті! Өтініш-тілектер назарға алынып, мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық клубтың құрылысына 81 млн 612 мың теңге бөлініп, «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіне кілт табыстауға дейінгі жұмыстар жүктелді.90 адамға арналған клубтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бір айта кететін жайт, тұрғындар құрылыстың сапасына ерекше назар аударуда. Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың құрылыс жұмыстарын зерделеу кезінде, қаракемерліктер құрылыстағы көңілі толмайтын тұстарды басып айтып, шара қабылдауын өтінуі ауылға деген жанашырлықтың айқын белгісі емес…

Read More

Бүгін, 16 тамыз күні Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Бұл туралы қазақстандық бірқатар БАҚ хабарлады. Олардың жазуынша, Айсұлтанның өліміне жүрек талмасы себеп болған. Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің (дипломатиялық қызметтерде істеген. 2007 жылы қуғанға ұшырап, 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылды. Ресми тергеу ол суицид жасаған деген шешімге келген. Ал Әлиевтің екінші әйелі Эльнара Шоразованың адвокаттары германиялық эксперттерге сілтеп, Әлиевті өлтіріп кетті деген) екінші ұлы. Ол 1990 жылы туған.

Read More

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 31 адам қайтыс болған. Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, олардың 10-ы белгілері коронавирусқа ұқсайтын пневмониядан, ал қалған 21-і коронавирустан көз жұмған. Осылайша, елде коронавирустан өлгендер саны 1356 адамға жетіп отыр. Ал белгілері коронавирусқа ұқсас пневмониядан 1-13 тамыз аралығында 198 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан соңғы ақпаратқа сай, Қазақстанда қазір коронавирустан 21 859 адам емделіп жатыр. Олардың 104-і – бала. 3,7 мыңнан астам науқас стационарда жатыр. 420 адамның жағдайы – ауыр, 103-інің жағдайы – өте ауыр. 80 адам жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр. Министрліктің мәліметінше, 1-13 тамыз аралығында…

Read More

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер қол жеткізу бағытында қаланың білім беру саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Қалада 60 мектеп, 1 кешкі мектеп, 45 бөбекжай-бақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, барлығы 111 мекеме жұмыс атқарып жатыр.Инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, психологиялық-педагогикалық түзету, кеңес беруге арналған кабинеттер саны ашылуда. №32 орта мектеп жанынан «Болашақ» корпоративтік қоры тарапынан демеушілік жасалынып ашылған инклюзияны қолдау кабинеті аутистік белгісі бар балаларға көмек көрсетететін инклюзияны қолдау кабинеті, №20 орта мектеп жанынан «ДАРА» қайырымдылық қорының демеушілігімен №2…

Read More

«Қайырымдылық – жүректен» акциясы аясында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер атынан кезекті мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеті табысталды.⠀⠀⠀⠀Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған. Карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады. О баста жеті күнге жоспарланған бұл қайырымдылық шарасы тараздық кәсіпкерлердің жанашырлығы мен жомарттығының арқасында әлі де жалғасып келеді. 24 шілде күні басталған аталмыш шара шеңберінде күні бүгінге дейін 1000-нан астам жанұя арнайы пакетпен қамтылды.⠀⠀⠀⠀Айта кету керек, азық-түлік пакеті табысталған…

Read More

Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Ғылым таппай мақтанба» және «Мәңгілік елдің алыптары» атты жариялаған шығармашылық байқауларының жеңіпаздары анықталды. Байқау жастардың ізденісін артыру, Абай есімін дәріптеуге баулу, ақын-жазушылар, абайтанушылар, журналистер, суретшілер, видеографтар, зерттеушілер, әншілермен байланыс орнату арқылы кәсіби мотивация беру, ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) шығармашылыққа қабілеті бар назардан тыс қалған шығармашылыққа бейім жандарды БАҚ арқылы насихаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Байқауға 14-35 жас аралындағы өңір тұрғындары қатысты. Бес номинациядан тұратын байқаудың қорытындысы қазылар алқасының шешімімен анықталды. Қатысушыларды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов пен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Серікұлы марапаттап, ынталандыру сыйлықтары мен сертификаттар табыстады. Сонымен,…

Read More