Автор: admin

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында 11 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғалар болды. Барлығы Сортөбе ауылындағы жаппай төбелестен басталды. Кейінірек төбелескендер көрші жатқан Масанчи ауылына барып, үйлер мен дүкендер, көліктер және жанармай бекеттерін өртей бастаған. Жергілікті тұрғындарға жойылған мүлікті қалпына келтіруге уәде берілді. Қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатыр және қайғылы оқиғадан бастап ауданда не өзгерді? Tengri TV тілшілерінің видеосын тамашалаңыздар.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, — деп хабарлайды  Ақорда. Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды. Алтай Көлгіновтің айтуынша, былтыр елордада 2500 үлескер қаржы құйып, даулы мәселеге айналған 10 үйдің құрылысы аяқталған. Биыл 20 үйді пайдалануға беріп, 7 мыңға жуық үлескердің проблемасын шешу жоспарланып отыр. Президент үлескерлерге қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстау, сондай-ақ, тұрғын үй алаптарын дамыту және абаттандыру, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы қала тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік проблемаларды шешу, қолжетімді баспана құрылысының көлемін ұлғайту, кезекте тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін пәтерлердің…

Read More

Thai Airways әуекомпаниясының ұшағында Қытай азаматшасы стюардессаға қасақана жөтелген, — деп хабарлайды Fox News. Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 6 наурызда Шанхайдағы Пудун әуежайында болған. Коронавирусқа байланысты тексеріс жүргізу үшін Thai Airways әуекомпаниясының ұшағы 7 сағатқа кешіктірілген. Осыған байланысты жолаушылардың бірі ұшақ қызметкерлеріне ашуланып, стюардессаға қасақана жөтелген. «Біз ұшақтың есігін аша алмай қойдық. Содан жолаушылардың бірі ашуланып, ерсі қылық таныта бастады. Қызметкерлерімізідң біріне қарап әдейі жөтеле бастады. Тынышталған кезде ғана біз оған ұшақтың кешігу себебін түсіндіре алдық», — дейді Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы. Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырған елдердің саны артуына байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ұйымның мәліметінше,…

Read More

Коронавирустың кесірі бәрі. Ағылшын премьер-лигасы матч алдында футболшылар, төрешілер арасында қол алысатын ескі дәстүрге уақытша тыйым салды, — деп хабарлайды eurosport.ru. «Осы демалыстан бастап ойыншыларға бір-бірімен де, төрешілермен де қол алысу болмайды. Дәрігерлер «енді амандаса беріңдер» деген рұқсат бермейінше осындай шектеу енгізілді. Коронавирус ауыз бен мұрыннан шығатын көзге көрінбес тамшылар арқылы тарайды, сондықтан қол алысу арқылы ауру жұғуы бек мүмкін. Командалар енді бұрынғыдай Премьер-лиганың ресми музыкасы ойналғанда сапта тұрады, сосын бірақ алаң иелерінің ойыншылары кері бұрылып, қарсыластарының қолын алмастан жанынан өте шығады», – делінеді АПЛ мәлімдемесінде. Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 98 мың адамға жақындап қалды, 3,3 мыңнан астам қайтыс болды.

Read More

Бүгін «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің қолөнер шеберлерінің орталығында ұлттық өнерімізді дамытып, отбасының табыс табу көзіне айналдырып отырған қыз-келіншектері қолдау мақсатында әйгілі этнодизайнер, республикалық «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі Ырза Тұрсынзаданың шәкірттерінің көрпелеріне арналған ақысыз алаң ашылды. Ақысыз алаңда қыз-келіншектердің қолөнер бұйымдары сатылымға ұсынылатын болады.

Read More

В Международный Женский день 8 Марта необычным образом выразили свою любовь женщинам-полицейским их дети. Они сделали селфи со своими любимыми мамами и отправили их в социальные сети. Наблюдая за каждодневным нелегким трудом своих матерей, дочери и сыновья сотрудниц полиции решили через соцсети высказать искреннее уважение, безмерную гордость за любимых мам и ее профессию, признаться в том, что хотят быть похожими на них. Сегодня во многих подразделениях Департамента полиции Жамбылской области служит 171 представительница прекрасного пола. Большинство из них имеют детей и успешно совмещают служебную деятельность с семейной жизнью, успевая не только безупречно выполнять возложенные на них обязанности по работе, но…

Read More

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Көрпе FEST» мегафестивалінің ашылу салтанаты өтті. «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен мегафестивальдің ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Көрмеде қала тұрғындары белгілі этнодизайнер, республикалық «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі, республикалық ақпараттық-ағарту орталығының басшысы Ырза Тұрсынзаданың шығармашылығымен таныса алады. Фестивальдің мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласы аясында халықтық қолданбалы өнерді дамыту. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен иммиджін көтеру. Көп балалы аналар мен жұмыссыз әйелдерді отбасылық бизнеске оқыту. Фестиваль аясында үш кезеңнен…

Read More

20 марта состоится официальное открытие года Шымкента в качестве культурной столицы стран СНГ. Значимое мероприятия состоится центральном стадионе Хаджимукан в 18:00. Участие в мероприятии примут знатные гости из стран СНГ. Открытие мероприятия завершится крупным концертом с участием звёзд эстрад стран СНГ.

Read More

Шымкент қаласында 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ресми ашылу салтанаты наурыз айының жиырмасыншы жұлдызына белгіленген. Ауқымды шара еліміздегі қазақилықтың қарашаңырағы болған үшінші мегаполистегі «Қажымұқан» орталық стадионында, сағат 18:00-де басталмақ! Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен «Мәдени астана» мәртебесі жиынына ТМД елдерінен сыйлы қонақтар келіп қатысады. Аталмыш шара ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды гала концертке ұласады!

Read More

5 наурызда кешке Мәскеудің батысындағы пәтерлердің бірінде белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора өлі табылды, — деп хабарлайды «Федеральное агентство новостей». Мәйіт жанында азот тотығы бар шарлар жатқан: алдын ала болжам бойынша, спортшылар көңіл көтеретін газдан уланған. Зорлық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды. 27 жастағы Богданович гроссмейстер, Одесса және Украина чемпионы болған. Онымен бірге қаза тапқан 18 жастағы Вернигора ММУ-де оқыған, ол әлемдік шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде 1861-орында тұр, қыз Украинаның намысын қорғаған. Бірнеше күн бұрын Станислав Богданович Ресей атынан Украинаға қарсы интернет-матчте ойнаған. Осылайша, оның айтуынша, ол елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектескісі келген.…

Read More