Автор: admin

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үстіміздегі жылдың ақпан-қазан айларында өңір кітапханалары мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту, кітапхана мен кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, кітапханашылардың қоғамдық және кәсіптік әр түрлі өмір тараптарын қамту, өңірдің ерекше мәдени, тарихи көркем көріктілерін, әдеби мұраларын тереңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мүддені қорғауға деген игі сезімді оятуға атсалысу, заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңы ретінде кітапханалардың қоғамдағы деңгейін арттыру, кітапхана мамандарының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасын жүзеге асыруды бастады. Аталмыш жоба аясында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері өңірдің 10 ауданына…

Read More

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 20 ақпан — Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күніне орай еріктілер қызметін жалғастырып «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу» орталығының емделушілері арасында «Біз біргеміз, берік іргеміз» мейірімділік кешін өткізді. Іс-шарада кітапханашылар адамзаттың назарын әлеуметтік әділдікке, теңдікке аудару үшін бекітілгенін, әділдік деген адамзат тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұғым екендігін, қазіргі кезде әділдік ұғымы барлық адамдарға теңдей мүмкіндікпен құқық беретін демократиялық қоғамның негізі ретінде қарастырылатындығына тоқталды. Сонымен бірге, кітапханашылар көңілді ән-билерін тарту етсе, тұрақты оқырман Саят Алихан патриоттық әндер шырқады. Әсем әнге ақжаулықты аналар және аталар ортаға шығып билеп, көңілдері көтерілді. «Аурудың емі–саудың сәлемі» дегендей,…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды,-деп хабарлайды Polisia.kz. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. Арман Молдиярұлы Оразалиев Ішкі істер министрінің бұйрығымен кадр резервіне ауысумен атқаратын…

Read More

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда. «Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — делінген Жарлықта. Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысының орынбасары қызметіне 2019 жылдың тамызында тағайындалды. Осыған дейін аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің қызметінен кеткені хабарланған болатын. Қарапайым тілмен айтқанда бұл шенеуніктер арасындағы рекорд. Қазақстанда бұрын соңды бес облыста әкім болған шенеунік болмаған. Сапарбаев әр жылдары Қызылорда облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2009 жылдың 4 наурызынан 2014 жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған. Ал 2015 жылы қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кіріскен. Сондай-ақ, министрліктерде басшы болды. Мырзахметовтың…

Read More

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен кетті, — деп хабарлайды Ақорда сайтына. «Мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада. Осыған дейін облыс әкімі қызметінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы болған. Еске салайық, 2017 жылы желтоқсанда Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды. 2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын. Асқар Мырзахметов бұған дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды. Сонымен…

Read More

Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған жағдайға байланысты бүгін Сортөбе ауылында брифинг өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Онда ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімі Асқар Мырзахметов БАҚ өкілдеріне қақтығыс зардаптарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды, бүгінгі күннің дәл осы сағаты бойынша түскен мәліметтерді баяндап, олардың жолдаған сауалдарына толыққанды жауаптар берді. Бердібек Сапарбаев қазіргі таңда Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Қарасу, Ауқатты ауылдарының барлық кіріс-шығыстарына блог-постар қойылып, көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы тәулік ішінде Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе шекара бақылап-өткізу бекеттерінен 4454 адам ҚР аумағына қайт оралғандығын айтты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қақтығыс салдарынан 36 тұрғын үй…

Read More

С 20 января по 20 февраля 2020 года на территории Жамбылской области проводится республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Быт», в ходе которого уже выявлено 83 административных правонарушения в сфере семейно-бытовых отношений, передает Polisia.kz. В период ОПМ в группу по защите женщин от насилия УП города Тараз обратилась 30-летняя уроженка Жамбылской области. Мать с двумя малолетними детьми сбежала от мужа. Женщина получила приют и необходимую помощь в Кризисном центре, функционирующем с 2014 года в Таразе при управлении координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области. Отметим, что центр предназначен для женщин, потерпевших физическое, психологическое, экономическое и сексуальное насилие. В нем оказывают помощь юристы…

Read More

Қазақстанда Президент Әкімшілігі жанынан Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды Мемлекет басшысы мұндай институт құру туралы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. «Орталыққа Президент Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Т.М.Сүлейменов басшылық етеді», — деп жазды Берік Уәли. Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді. Орталықтың негізгі міндеті — бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.

Read More

Ыстамбұлда апатқа ұшырау алдында қонған ұшақтың видеосы пайда болды, — деп хабарлайды РИА Новости. Видеоны түріктің DHA ақпарат агенттігі жариялады.  Pegasus әуекомпаниясының ұшағы Сабихи Гекчен атындағы ыстамбұлдық әуежайға апат жағдайында қонған. Видебақылау камерасына түсірілген видеодан лайнердің ұшу-қону жолағымен асқан жылдамдықпен қозғалып келе жатқанын, кейін шетке шығып кетіп, жардан құлағанын көруге болады. Измир — Ыстамбұл рейсін орындаған ұшақ үшке бөлініп қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 адам қаза тауып, 179-ы жарақат алған. Ыстамбұл губернаторы Али Ерикайяның айтуынша, бортта 183 адам болған: 177 жолаушы, оның ішінде екі бала, экипаждың алты мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, апат себебі қолайсыз ауа райы.

Read More