Автор: admin

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуге күні кеше аталып өткен облысымыздың сексен жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды оқиғаларды насихаттауға белсене атсалысқан 80 журналист пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Өз кезегінде 14 журналист облыс әкімінің «Облысқа сіңірген үлесі үшін» белгісімен марапатталды. Басқосу барысында аймақ басшысы жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірдің айтулы мерейтойының өз деңгейінде өтуіне атсалысқаны үшін төртінші билік өкілдеріне деген алғысын білдірді. Өз кезегінде журналистер де облыс басшысына көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала білді. Өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек еткен БАҚ өкілдері жемісті жұмыстар алдағы уақытта да өз…

Read More

2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың 11 айында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Ол үстіміздегі жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер сақталып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс секілді…

Read More

Тараз қаласындағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісі үшін биылғы жаңа жыл ерекше болды, себебі олар оны өз отбасында қарсы алады. Балалардың тағдыры аға сержант Бауыржан Исаев пен жұбайы Ботагөздің балалар үйінен бала асырап алу туралы шешімінен кейін өзгерді, — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Төрт бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты нақты әрі айқын шешім қабылдады. Екеуі де «Жетімсіз Қазақстан» жобасының идеясы туралы теледидардан көрген болатын. Ерлі-зайыптылардың бұл ойын бір үйде тұратын Бауыржанның ата-аналары қолдады. Аға сержант Бауыржан Исаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде механик-жүргізуші болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Қарулы күштерде осымен 15 жыл үлгілі қызмет етіп және еліміздің қауіпсіздігі…

Read More

Қазақстандық полицейлер Қырғызстан жүргізушілерінің шағымына жауап берді. Олардың айтуынша, жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтамайды екен. Жыл басынан бері Қырғызстан Республикасының жүргізушілері 47 ЖКО жасаған, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.  Осы 47 жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 адам қаза тапқан, 96 адам зардап шеккен. «Жыл басынан бері Жамбыл облысының жолдарында жақын шетелдердің жүргізушілерінің кінәсінен 51 жол апаты тіркелді, 14 адам қаза тауып, 99 адам жарақат алды. Бұл оқиғалардың 92 пайызын Қырғыз Республикасының жүргізушілері жасаған. Бұл 47 жол-көлік оқиғасы, 13 қаза болғандар мен 96 түрлі жарақат алғандар», — деп атап өтті полицейлер. Жамбыл облысының полициясында Қырғыз Республикасының азаматтары Қазақстан аумағында қолданылып жүрген…

Read More

Қырғызстанның Талас қаласында ондаған жергілікті жүргізуші алаңда жиналып, Қазақстанның жол полициясы қызметкерлеріне наразылық білдірді, — деп жазады Turmush порталы. Жиналғандардың айтуынша, олар Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысады. «Мұндағы проблема — Қазақстанның мемлекеттік органдарының тарапынан жүргізушілерге қысым көрсетіліп жатыр. Жүргізушілерді жол бойында тоқтатады. Жол қозғалысы ережелерін бұзасақ, хаттамалар толтырып, заң аясында айыппұл төлейміз. Бірақ қазір олар бізге соңғы екі-үш жылдағы айыппұлдардың хаттамаларын береді, біз ол жайлы білмейміз де. Сонымен қатар, бізді тоқтатқан кезде барлық мәліметті алып алады да кейін бізді суретке түсіреді. Бірақ біз ереже бұзды делінген хаттамалардағы күнді қарасақ, ол кезде біз Қазақстан аумағына кірмегенбіз. 230 мың сом көрсетілген хаттамалар бар, ең аз…

Read More

Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың негізгі қарызы азайтылып, қарызды жеңілдетілген кесте бойынша төлей алады. Осы мақсатта ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылады, — деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Банктің мәліметінше, бұл шаралар бұрын қайтарымды негізде бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. «Проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы билік органдарының жеке тұлғалардың кіріс деңгейін арттыру бойынша жұмысы бағдарламаға енгізілген өзгерістермен қатар, жиынтығында қарыз алушылардың ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасауға…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып ашылған нысандардың бірегейі Шаһардың қақ ортасынан орын алған «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені. Орта Азияда баламасы жоқ алып кешенді Тараздың 2000 жылдық тарихын қайта тірілткен «Ғажайып сәулет құрылысы» деп атауға толық негіз бар! Мыңжылдықтардың куәсі киелі өлкенің руханиятын оятып, рухын асқақтатқан, мерейін өсіріп, мазмұнын арттырған жоба жамбылдықтар үшін теңдесіз жоба болғаны сөзсіз.  Барлық құрылыс барысы орта ғасырлық шығыс сәулеттік стилінде жүргізілген кешен 2000 жылдан аса өткені бар Тараз шаһарының тарихи болмысын барынша айшықтай түсуде. Онда барлығы 8 нысан қамтылған. Олар: «Руханият және тарихтану» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің галереясы», «Көркемсурет галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме» павильоны, «Сағат»…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі Кенен Әзірбаев ескерткішінің ашылу салтанатына ұласты. Қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерінің ескерткіші «Баласағұн» орталық концерт залы ғимаратының алдына орнатылған, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кенен Әзірбаев — қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Дастан жанрын жастайынан жырлаған. Қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы. 150-дей ән толғап, әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналды. Кенен Әзірбаевқа биыл 135 жыл. Кенен Әзірбаев ескерткішін ашу құрметі Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев және Кенен атамыздың ұрпағы Мұрат…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып ашылған рухани нысандардың көшін А.Тоқпановтың ескерткіші бастады. Облыстық қазақ драма театрының негізін қалап, ондағы шығармашылық ұжымының кәсіби біліктілігін жетілдіруге өз қолтаңбасын қалдырған режиссердің мүсіні өнер ордасының алдына қойылды, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ескерткіштің лентасын КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Асқар Тоқпановтың шәкірті, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов қиды. Олар тұлға туралы есті естеліктері мен тағылымды ойларын ортаға салып, А.Тоқпановтың ескерткішінің облыстық театр алдынан ашылып отырғанын өте орынды шешім болғанын баса айтты. Сондай-ақ шара барысында А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі «Тоқпанов…

Read More

Ответственность за судьбу Азербайджана и его народа легла на Ильхама Алиева в молодые годы Ему было 42 года, когда он был избран Президентом. Если взглянуть на современную мировую историю, то вряд ли можно встретить главу государства в столь молодом возрасте. Были сомнения: сможет ли? Смог. С невероятным успехом справился с этой миссией, возложенной на него велением времени и выбором народа. Жизнь Ильхама Алиева – это страницы успеха. Годы учебы в Москве, сложные переговоры по нефти, 16-летний период президентства, каждый месяц, каждый год которого вошли в историю… Это можно считать и харизмой, врожденным лидерским талантом. Вдобавок он прошел школу Гейдара Алиева,…

Read More