Автор: admin

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен спартакиада ойындары өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа тараздық ұстаздар да қатысып, жүлделі бірінші орынмен оралды. Спартакиада ойындарында ұстаздар волейбол, баскетбол және кіші футболдан өзара мықтыны анықтады. Республиканың барлық облыстарын қамтыған жарысқа 600-ге жуық ұстаз қатысты. Олардың басым бөлігі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Кіші футболда ФИФА бекіткен халықаралық ережеге сай командалар жеребе тарту рәсімі арқылы анықталды. – Жалпы жарысқа қатысушылар төрт топқа бөлінді. Біздің топта Алматы, Ақтөбе, Атырау құрамалары болды. Он төрт аймақтан келген үміткерлерден жартылай финалға төрт топ өтті. Онда Қостанайды 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2019 жылдың 9-10 қараша күндері сағат 9.00-ден бастап Жамбыл облысының 80 жылдығына орай орталық «Н.Назарбаев» алаңында жеңілдетілген бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге барлығыңызды шақырамыз. Тараз қаласының әкімдігі

Read More

Шымкент қаласының бірқатар лауазым иесіне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, — деп хабарлайды Антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметі.  Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алғаны үшін қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленді. Осыған ұқсас қылмысты жасады деп қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілініп отыр, ол орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға…

Read More

В Таразе патрульные полицейские обстреляли машину, заезжающую во двор частного дома. Водитель был в состоянии алкогольного опьянения, передает корреспондент Tengrinews.kz. Инцидент произошел 25 октября. Видео с камеры наружного видеонаблюдения на номер WhatsApp +7 777 001 44 99 прислал официальный представитель потерпевшего Аскар Байдосов. По его словам, его доверитель Асхат подъехал к своему дому в частном секторе около половины третьего ночи. С ним в машине было еще двое пассажиров. «Он был немного пьян, экспертиза показала впоследствии лишь легкую степень опьянения. Вел себя он спокойно, уже собирался заезжать во двор и не представлял никакой угрозы окружающим. Внезапно рядом остановилась патрульная машина. Из нее вышел полицейский и начал…

Read More

Бүгін облыс орталығынан шалғай орналасқан Шу ауданындағы Белбасар ауылында 400 орындық мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Рүстем Дәулет қатысып, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтауын жеткізді. Сонымен бірге Болат Сауранбаевқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін табыс етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сауранбаевтар әулетінің демеушілігімен бой көтерген нысан облыстың 80 жылдығына орай пайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан. Өткен жылы іргетасы қаланып, қазығы қағылған кешеннің құрылыс жұмыстарын мердігер «Шебер билд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жобалық құны 500 миллион теңгеге айналған. Онда бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Ел игілігіне берілген заманауи мәдени-спорт кешені әлемдік стандарттарға сай салынған.…

Read More

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады, — деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылды. Министрлік мәліметіне сай, орыс әскери полициясы мен Түркия шекарашылары ортақ күзет жүргізу мақсатында «Дербисия» кедендік өткелінде кездескен. Енді олар өз міндеттерін орындау үшін Түркия – Сирия шекарасымен батыс бағытта жылжиды. Күзет құрамына бірнеше әскери техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, Ресейдің брондалған «Тигр» және «Тайфун» мен Түркияның Кирпи көліктері бар. Айта кетейік, жуырда Түркия басшысы Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуінде Анкара мен Мәскеу Евфрат өзенінен шығысқа қарай Сирия мен Түркия шекарасын бірге бақылау жөнінде келісімге келген болатын.

Read More

Полиция қызметкерлері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағын қоршап алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қарашада сағат 09.42-де 101 пультіне «Хан Шатыр» СОО-ның астыңғы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. «Техникалық бөлмеде электр кабельдері өртенді. Өрт 10.36-да 5 қума метр алаңда сөндірілді. Қызметкерлерді әкімшілік өртсөндірушілер келгенге дейін эвакуациялады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға астаналық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 техника жұмылды. Полиция қызметкерлері сауда ойын-сауық кешенінің аумағын қоршап алды.

Read More

Электр қуаты желтоқсаннан бастап 6 пайызға қымбаттайды. Ал оны жүгендеуге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің шамасы жетпейді. Себебі, бағаның өсуіне газ, көмір, жанармай сияқты комитеттің құзырына кірмейтін отын түрлері әсер етіп отыр, — деп хабарлайды КТК арнасы. Монополияға қарсы қызмет «Электр энергиясының өзіндік құнын Энергетика министрлігі белгілейді» деп, мәселенің басын сол жаққа бұрады. Ал олар «Бағаны Комитет белгілейді» деп, басын даудан арашалағысы келеді. Екі жақ өзара түсінісе алмай жатқанда, қымбат тариф тұтынушының қалтасынан өтелмек. Тариф тақырыбын Елбасы бір жыл бұрын ғана Қауіпсіздік кеңесінде арнайы қарап, министрлерді сынға алған еді. Артынша монополистер негізсіз тариф арқылы халықтан алған артық миллиондарын кері қайтара бастаған. Енді…

Read More

Танганьика провинциясында жолаушылар мен қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып кеткен Конго Демократиялық Республикасындағы қайғылы жол апатынан 22 адам қаза тапты, деп жазады News.ru. Елдің оңтүстік-шығысындағы Танганьика провинциясының Манано аумағында қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып, соның салдарынан 22 адам қаза тапқан. Полицияның мәлімдеуінше, ауыр жарақат алған тағы онға жуық адам хал үстінде жатыр.

Read More

Егер қызметкер тексеру кезінде сыйлық немесе пара алуға келіскен жағдайда тәртіптік, оның ішінде, қызметінен босатылуға дейінгі жауапкершілік қарастырылған Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық деңгейін түпкілікті азайтуға бағытталған реформалардың жаңа пакеттерін дайындау бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр, — деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев хабарлады. «Кешенді жұмыстардың бірі – «Integrity Check» енгізу. Бұл — құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлеріне қатысты ерекше өндіріс аясында, яғни құпия әдістермен және соттың санкциясымен қатаң түрде жүргізілетін қызметтік тексерістің аналогы. Тексерілуші пара, өзге де пайда мен артықшылықтар алуға келісімін білдірген жағдайда жұмыстан босатылады.…

Read More