Автор: admin

Black Star лейблініңәншісі Назима Жәнібекова (Наzима) ауруханаға түсіп қалғанын және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жоспарланған концерттер кейінге шегерілгенін айтады, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Әлеуметтік желілерде неліктен көрінбей кеткенімді түсіндіре кетейін. Мені ауруханаға жатқызды, сол себерті Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өтуі керек концерттер қазанның 18-19-ына шегеріледі. Сол үшін мені түсінуін сұраймын. Біз міндетті түрде кездесеміз, ал әзірге мен тынығып алып, денсаулығымды қалып келтірейін», — деді әнші Instagram желісіндегі парақшасында. Әнші алдағы бес күн бойы ауруханада жататын болды. «Кеше достарым ауруханаға көтеріп алып, келді, себебі мен жүре де алмай қалдым», — деді Назима.  

Read More

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Алматыдағы кластерлік бюро директоры Криста Пикаттың қолы қойылған құттықтау хаты келді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікістан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының атынан өзімнің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына деген аса құрметімді білдіріп, асқан қуанышпен – Сіздердің ұйымдарыңыздың ЮНЕСКО Wenhui Award 2019 сыйақысын жеңіп алғандарыңызды хабарлаймын», – делінген Криста Пикаттың хатында. NIS ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сыйақысын иеленген Қазақстанның бірінші өкілі болды. Wenhui Award университет пен мектеп арасындағы «Білім–2030» жобасын ілгерілету жолындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. ЮНЕСКО сыйақысы қазақстандық инновациялық мектептерге сапалы білім мен өмір бойы білім алуға…

Read More

Таразда «Теміржол-Антитеррор – 2019» оқу-жаттығуы өтті, — деп хабарлайды ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі. 2019 жылғы 11 қазанда Тараз қаласында  республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу ой-ниеті шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілдегілерді босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді. Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды. Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.

Read More

В наше время далеко не каждая семья может самостоятельно дать детям то, что необходимо. К счастью при государственной поддержке становится реальным воспитать и поднять на ноги большое количество деток. В нашей стране многодетной семье считается та, где одновременно проживает четыре и более несовершеннолетнего ребенка. По данным Министерства труда и социальной защиты населения на сегодняшний день в Казахстане таких семей – более 340 тысяч. 271 тысяча семей получает специальное государственное пособие на сумму более десяти тысяч тенге. С 2018 года это пособие объединили с адресной социальной помощью, выплачиваемая семьям имеющим доход на одного человека ниже половины прожиточного минимума. «Местные власти очень трепетно…

Read More

Бүгінде көпбалалы аналардың мәселелері күн тәртібіндегі күрмеулі мәселелердің біріне айналған. Атаулы әлеуметтік көмек пен ай сайынғы жәрдемақылар, баспанаға қол жеткізу бағытында әзірленген төмен пайызды несиелер, барлығы да Үкімет тарапынан ақжаулықты аналардың игілігі үшін жолға қойылып отыр. Осындай қолдауға ие болып отырғандардың қатарында жеті баланың анасы Ардақ Жантаеваның жанұясы бар. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да аға оқытушы болып жұмыс істейтін Ардақ Мықтыбекқызының шаңырағы биыл «Мерейлі отбасы» байқауында бақ сынап, жеңімпаз атанған. Бүгінде 6 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегерінің тұңғышы Дана Абдықұл 18 жаста. Ол Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжін тәмамдап, бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ортасында көшбасшылық қырларымен…

Read More

Көпбалалы аналардың мәселесі күн тәртібіндегі күрмеулі мәселелердің біріне айналған. АӘК пен ай сайынғы жәрдемақылар, баспанаға қол жеткізу бағытында әзірленген төмен пайызды несиелер, барлығы да Үкімет тарапынан ақжаулықты аналардың игілігі үшін жолға қойылып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Осындай қолдауға ие болып отырғандардың қатарында жеті баланың анасы Ардақ Жантаеваның жанұясы бар. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да аға оқытушы болып жұмыс істейтін Ардақ Мықтыбекқызының шаңырағы биыл «Мерейлі отбасы» байқауында бақ сынап, жеңімпаз атанған. Бүгінде 6 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегерінің тұңғышы Дана Абдықұл 18 жаста. Ол Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжін тәмамдап, бүгінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ортасында көшбасшылық…

Read More

В первый день ОПМ «Чистый воздух» выявлено более 40 правонарушений, передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. Проблема загрязнения атмосферы остаётся одной из самых актуальных и требует должного внимания. Одним из основных источников загрязнения являются выбросы в атмосферу автотранспорта с превышением нормативов содержания загрязняющих веществ. В ходе объезда города Тараза аким области Аскар Мырзахметов поручил начальнику Департамента полиции Арману Оразалиеву принять меры по ужесточению контроля за соблюдением экологических норм и сокращения вредных выбросов в атмосферу автомобильным транспортом. В рамках поручения главы региона начальник ДП инициировал проведение оперативно-профилактического мероприятия «Чистый воздух» в период с 8 по 11 октября с привлечением специалистов отдела…

Read More

Apple компаниясы өз смартфонының он бірінші нұсқасында ең мықты әйнек болатынын мәлімдеген еді. Бірақ жаңа сатып алынған iPhone-дарда тез сызат пайда болғанын айтып, шағымданушылар көбейген, — деп хабарлайды «Популярная механика». Pocketnow порталының мәліметінше, компанияның техникалық қолдауына шағымданғандар көп. Кей қолданушылардың хабарлауынша, смартфон әйнегіне тырнақтан немесе пластикалық картадан сызат түсіп қалады. Сызат орнын саусақпен ұстағанда қатты сезіледі екен. Әйнек бейімдірек және сызаттарға төзімсіз, бірақ кетіктер мен сынықтарға шыдамды материалдан жасалуы мүмкін екені айтылады. Мамандардың сөзінше, смартфон жайлы мәліметтер аз. Бұл Apple инженерлерінің қателігі ме, қолданушылардың телефонды дұрыс ұстамауынан ба — дәл айту қиын дейді олар. Қазір ресми форумда осы тақырып талқыланған тармақ 13 парақшаға жеткен, жазбалар…

Read More

Қазақстанда 2019 жылы қыркүйекте жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 285 мың 640 теңгені құрады және өткен аймен салыстырғанда 0,4%, ал, 2018 жылдың желтоқсан айынан 3,6% өсті, — деп хабарлайды Статистика комитеті. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% — ға қымбаттаған. Тұрғын үйді жалға беру нарығында да өзгерістер бар. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 1%-ды құраса, жыл басынан бері 5% өсім байқалады. Орта есеппен қыркүйек айында жаңа үйдің шаршы метрінің бағасы — 285 мың 640 теңге, екінші нарықтағы үй –197 мың 299 теңге көрсеткішіне тұрақтады. Ал жалға берілетін пәтердің шаршы…

Read More

2019 жылы Жастар жылы деп белгілеген болатын. Осыған орай Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жамбыл жоғары политехникалық колледжінде қала әкімі Қайрат Досаевтың жастармен бейресми кездесуі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Кездесуге аталған колледждің білімгерлері қатысты. Еркін форматта өткен кездесуде қала басшысы Қайрат Әскербекұлы Досаев мемлекет тарапынан жастардың игілігі үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға тоқталып өтті. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану,жастар игіліктері пайдалануға берілген спорт, мәдениет нысандары мен аула клубтары, коворкинг орталықтарының жұмыстарына тоқталды. Қайрат Әскербекұлы жастардың жеке пікірі мен ойын тыңдап, қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы, жастардың жаһандану заманындағы көзқарастарын, жобаларын тыңдап, басқа осы секілді мәселелер…

Read More