Автор: admin

Шілденің шіліңгірі басталғалы тұрғындар жаппай өздеріне жақын маңдағы өзен-көлдерге, бассейндерге қарай тұра жүгірсе, аптап ыстықта қапырықтан құтылудың жолын іздеген енді біреулер Қытайда жасалған үрленбелі бассейндерді сатып алып, ауласында бала-шағасымен асыр-салып түсіп жүр. Алайда, абайламасаңыз «ажал аяқ астында» деген емес пе, шомылу маусымы басталғалы елімізде сақтық шараларына селқос қараудың себебінен күніне 10-ға жуық тұрғын суға батып немесе тұншығып қайтыс болады дейді мамандар. Бұл ретте Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданындағы 2 жасар бүлдіршіннің ауладағы үрленбелі бассейндегі суға тұншығып, аудандық ауруханада қайтыс болғаны жайлы хабарлады. «15 шілде сағат 19:10-да Қордай ауданы Жамбыл ауылы Мәдениет көшесі, 9 мекен-жайындағы тұрғын үйде…

Read More

В Жамбылской области утонул шестилетний мальчик. Это уже седьмой ребенок, ставший жертвой водной стихии с начала купального сезона. Трагедия произошла в селе Кокжелек. Ребенок отправился на поливной канал вместе со старшими приятелями. Купающиеся подростки не уследили за ним. Когда мальчишка исчез под водой, тинейджеры побежали за взрослыми. Те и достали ребенка из канала, увы, уже мертвого. Я в шоке от того, что шестилетний малыш в девятом часу вечера пропадает где-то у водоема вместе со старшими ребятами, – сокрушается главный специалист ДЧС Жамбылской области Сауле Мунатаева. – А куда смотрели его родители? Сколько бы мы ни раздавали листовок о правилах поведения…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы: Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -Қазақстан Республикасының Президенті, төраға Көшербаев Қырымбек Елеуұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары Қарин Ерлан Тынымбайұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы Ұлттық кеңестің мүшелері: Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы — Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша) Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Әбдіғалиұлы Берік — Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша) Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы — қоғам қайраткері, «Серпін» Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілсін. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», — деп жазылған Жарлықта. 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен…

Read More

Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли #Абай175 челленджіне қатысты. «Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер. Осы эстафетаны Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достар Нұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым», — деп жазды Берік Уәли. https://www.facebook.com/100003403233694/videos/2190818691041551/ «Абай күллі қазақтың темірқазығы, алты Алаштың рухани азығы! Сондықтан, ешбір қазақ баласы осы эстафетадан тыс қалмайды деп ойлаймын. Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова…

Read More

Тәртіп сақшылары Италияның Турин қаласында неонацистердің астыртын қоймасын тауып алды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Жертөледе сақталған қару-жарақтың ішінде әскери зымыран да бар. Ол бұрын Катардың әскери күшіне тиесілі болған француздың Матра зымыраны болып шықты. Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша күдіктілер зымыранды WhatsApp арқылы сатпақ болған. Сондай-ақ арсенал арасынан 26  мылтық, 20 сүңгі-найза мен түрлі калибрдегі 800 оқдәрі шыққан. Жалпы қару толы қойма Донбасстағы сепаратистердің қатарына қосылған Италия азаматтарын тергеу кезінде анықталды. Нәтижесінде үш адам қамауға алынды. Олардың бірі оңшыл радикалдар атынан елдің Парламентіне өтпек болған кеден қызметкері.

Read More

Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі Гран-при кезеңі аяқталған соң әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте Елдос Сметов алтыдан бесінші орынға көтеріліп, ТОП-5 қатарына енді, — деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметі. Дзюдодан Будапештте өткен Гран-при турнирінде 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен «ваззари» ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын «иппон» ұпайымен жеңді. https://youtu.be/NkHWPCMqMRE 66 келіде турнирдің күміс жүлдегері атанған Елдос Жұмаханов бір сатыға жоғарылап, 11-ші орынға табан тіреді. IJF ережесіне сәйкес, бірінші орын иеленген спортшылар 700, екінші орын иеленген спортшылар 490, үшінші орын алған спортшылар 350…

Read More

Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен «Славян базары-2019» байқауында бас жүлде жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Сүйінші, қазақ елі!!! Қазақстан өнерінің абыройы тағы бір мәрте асқақтап, «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінде мемлекетіміздің намысын қорғаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада өнері» факультетінің 4 курс студент ӘДІЛХАН МАКИН — Гран-При-ге ие болды. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015″ xалықаралық фестивалінде ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН тұңғыш рет Гран-Приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды», — деді Т. Жүргенов атындағы…

Read More

Nur Otan партиясының экс-хатшысы Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды, — деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Тамара Дүйсенова «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» (ЕРДО) президенті болып тағайындалды. 15 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО» АҚ бірінші вице-президенті қызметіне ауысты. «Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінде тиімді еңбек нарығын дамыту, еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмалар үшін қажетті тәжірибесі бар», — деп…

Read More