Author: admin

Жыл басынан бері билетсіз жолаушыларды алып жүргені үшін 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, – деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.  Былтыр сәуір айында компанияда «нөлдік» төзімділік принципі енгізілген болатын. Яғни билетсіз жолаушы және заңды түрде рәсімделмеген жүк тасымалдағаны үшін қызметкерлерге қатаң шара қолданылады. Осы мерзім арасында осындай заң бұзушылыққа жол берген 170 жолсерік пен пойыз басшылары жұмыстан шығарылды, 145 қызметкер қатаң сөгіс алды. «Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша сервисті жақсарту мақсатында шаралар қабылдайтынын жеткізеді. Ал жолаушылардан өз сапарларын алдын-ала жоспарлап, билеттерді тек темір жол кассалары немесе онлайн-сату арқылы алуын сұрайды. Заңсыз сату немесе…

Read More

Telegram-ды құрған Павел Дуров қаңтарда Америка құрама штаттарында Gram жергілікті қаржы реттеушісінің валютасын орналастыруға қарсы талап арызы бойынша дәлелдемелерге қатысты сот алдында жауап береді, – деп хабарлайды РИА Новости. Дәлелдемелер бойынша тыңдау 7 не 8 қаңтарда болады. Бұған дейін қымбат қағаздар мен биржа бойынша АҚШ Комиссиясы Telegram Group Inc сотқа жүгінген. Себеп – компания жүргізілген ICO бойынша 1,7 миллиард доллар жинаған. Комиссияның арызы бойынша, компания Gram криптовалютасын лайықты түрде орналастырмаған. Нәтижесінде Американың құнды қағаздар бойынша заңы бұзылған. Комиссия сот Telegram Group Inc және оның бөлімшесі TON Issuer Inc-ке тиісті айыппұл санкцияларын жариялап, қаражатты мемлекет пайдасына өндіруді сұраған. Ал Telegram өз өнімдеріне айтылған «құнды қағаздар» туралы мәлімдемеге байланысты дау шығарған. Компания реттегіштерді заңды…

Read More

Жамбыл облысының табиғи ресурстар саласының бірқатар басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды, – деп хабарлайды Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметі.  «Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін күдікті болған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбеков пен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтаған болатын», – делінген хабарламада. Бір топ тұлға алдын ала келісім бойынша Луговой, Сарысу, Ақыртөбе, Мойынқұм, Бурыл-Байтал ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемелер территориясында орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан…

Read More

Тараздық оқушының әжетханада зорлану дерегі бойынша қалалық білім бөлімі басшысы жұмысынан кетті, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева өз еркімен арыз жазып, қызметінен кетті. Ол денсаулығына байланысты осы айдың басынан бері емделіп жүрген. 12 жастағы қызға азғындық жасалған күні де ауруханада жатқан. Алайда оның сырқаты қызметте қалуына себеп бола алмады. Жинақбаева мекемені екі жарым жылдай басқарған. Айта кетейік, бұған дейін облыстық білім басқармасының басшысы да қызметінен кеткен еді.  Еске салайық, мұның алдында Таразда 7-сынып оқушысын 36 жастағы ер адам сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де…

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.  «Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Асқар Мамин. Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: «Заречное» БК АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «ОТХК» БК» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8 пайыз), осы жылдың 9 айында – 6645,8 тонна уран өндірді. Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын,…

Read More

В Жамбылской области 30-летний мужчина пытался украсть девушку и заставить выйти за него замуж. Инцидент сняли на видео, сообщает КТК. Все произошло в городе Шу. Местный житель сделал предложение своей знакомой, но получил отказ. Однако сдаваться горе-жених был не намерен. И решил силой увести 20-летнюю избранницу. Он ворвался к ней на работу, пытался выбить дверь комнаты, где спряталась девушка. Когда за нее заступился коллега, мужчина ранил его ножом в грудь. Пострадавший был доставлен в больницу. Нападавшего удалось задержать. «Подозреваемый дал признательные показания. И в отношении него следственным судом избрана мера пресечения – содержание под стражей. Начато досудебное расследование», – сообщила руководитель пресс-службы департамента…

Read More

Грузияның арнайы жасақ қызметкерлері қала орталығындағы парламент ғимараты алдында сайлау жүйесін өзгертуді талап еткен оппозиционерлер мен олардың жақтаушыларын суатқышпен қуып, тыныштандырып жатыр, – деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті Бірінші арнаның мәліметінше, наразалық шарасына қатысушылар парламентке кірер жолдардың барлығын жауып тастаған. Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарының өкілдері осыған дейін де оппозиционерлерді суатқышпен қуған. «Наразылық шарасы барысында полицейлер 28 адамды ұстады, олар 173 және 166-баптар бойынша ұсталды. Үш адам түрлі жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетілді», – делінген Грузияның ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Read More

Қоғам бір орында тұмайтыны белгілі. Саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, танымдық өзгерістермен қатар, ғылыми технологиялық жаңалықтар заңаманы заман талабына сай жетілдіріп отыруды талап етеді. Қазіргі кезеңде жоғарыда аталған үрдістерден бөлек, радикалдық идеалдарды тарата отырып діни ұстаныммен діни түсініктерде жасанды қайшылықтар туындату арқылы өз мақсаттарына жетуді көздейтін теріс пиғылдағы топтар пайда болуда. Бұдан да басқа қалыптасқан жаһандық жағдайларды күрделендіре түсетін факторларда аз емес. Олар қоғамның діни сауатының төмендігінен, толассыз ақпараттардың сараланып, ой елегінен өтіп үлгерместен ғалам тор арқылы жедел тарауынан, құқықтық базаның заман талабына сай келмеуінен туындайтын келеңсіздіктер. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткені…

Read More

Әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналған Қазақстан әлемдік қайшылықтарды қауіптерді планетарлық мәселелерді әлем халықтарымен бөліседі. Көптеген елдерге қауіп төндіріп отырған терроризм құбылысы да Қазақстанға қауіп әкеледі. Қазақстанда сектантизм құбылысының күшейе түсуінің түрлі себептері бар. Біріншіден, елдегі басым көпшілік ұстанатын мұсылман діні де, христиандық проваславие діні де өзіне халықты қарату мақсатында аса белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, елдің арасына шығып түрлі шаралар өткізбейді. Бұл жағынан дәстүрлі діндер белсенді емес. Осының себебі туралы Астана және Алматы епархиясының протоиерейі Александр Иевлев былай дейді: «Тоталитарлық секталар мен дәстүрлі діндер арасындағы айырмашылық осыған байланысты. Сектанттарға қарағанда біз жеке тұлғаны өзімізге алуға мүдделі емеспіз. Адамға сырттай әсер ету…

Read More

Мексикалық «Чивас Гвадалахар» клубының қақпашысы Хосе Родригес өз айып алаңынан қарсыластар қақпасына гол салды, – деп хабарлайды Eurosport. Мексиканың дәстүрлі чемпионатының соңғы айналымында «Чивас» «Веракрусқа» қарсы ойын кезінде қызықты жағдай болды. 94-минутта «Чивас» қақпашысы бұрыштама добын тосып алып, қатты соққымен қарсыластардың қақпасына қарай шірене тепкен. Осы кезде қақпа бос болған, алаңға жүгіріп кеткен «Веракрус» қақпашысы допқа үлгермеген. Осылайша ойын 3:1 есебімен «Чивас Гвадалахар» пайдасына шешілді.

Read More

Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.  Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген. 2009-2013 жылдар аралығында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры болып қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары – «Медеу» спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры лауазымын атқарды. Биылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы»…

Read More

Осындан алты-жеті жыл бұрын Дін істері комитеті жанынан құрылған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының өзектілігі діни фактордың қоғамдық өмірде басымдылық танытуымен тұспа-тұс келгенімен байланысты десек болады. Сол жылдары еліміздің діни ахуалында келеңсіз жағдайлардың орын алуы да баршамызға мәлім. Осы жайттар тұрғындар арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатын жете түсіндіру қажеттілігін, дін атын жамылған жат ағымдардың теріс ықпалының алдын алуды күн тәртібіне қоюды талап етті. Еліміздің өңір-өңірлерінде аймақтық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрылуымен қатар, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (ары қарай РАТТ) жүйеленіп, оның құрамына еліміздегі білікті мамандар тартыла бастады. Ел аймақтарындағы жүргізіліп отырған жұмыстардың жетілдірілуіне байланысты уақыт өте келе топ құрамы өзгеріп отырады. Кей…

Read More

Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктеген 1991 жылы ел дамуының жаңа кезеңі басталды. Тарихтың тың парағы ашылып, жаңа тарихты жаза бастасақ та, ол уақытты оңай болды деу жөн емес. Тәуелсіздігіне енді қол жеткізген мемлекеттің экономикалық реформалары өзгеше сипат алды. Жаңа Конституцияға сәйкес экономикадағы нарықтық қатынас алға шықты. Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін 1994 жылы қатаң қаржылық-несиелік бағам саясаты жарияланды. Бұл өз кезегінде макроэкономиканың қалыпқа келуіне ықпал етті. Ұлттық валютаның пайда болуы Қазақстан экономикасындағы айтулы тарихи қадам болды. Кезекті экономикалық реформалар кезеңі 1996-дан 1998 жылдар аралығын құрады. Бұл тұста макроэкономикалық тұрақтандыру үрдісі тәмамдалып, инвестициялық экономикалық өсім бағдарламасы тұжырымына өту кезеңіне аяқ басты. 1997…

Read More

Қазақстанның терроризм қаупінен сақтануына ел астанасының Алматыдан Астана қаласына көшірілуі де әсер етті деп батыл айтуға болады. Бұл қадамның геостратегиялық және геоэкономикалық міндеттерді шешуге көмектескені, жаңа Астананың елге инновациялық және индустриалдық ықпал жасауы бір төбе. Мемлекеттік қауіпсіздік тұрғысынан да бұл қадам стратегиялық және жоғары саяси тиімділік нәтижесін береді. Оңтүстіктен жергілікті халықтың елдің солтүстік регионына құбылуы славяндық менталитет күшті аймақты қазақтандыруға көмектесті. Астананың ауысуының жоспарлы түрде дайындықпен іске асырылуы басқарушы элитаның саяси технологиялардың әдістемесін ойдағыдай жүзеге асыра алғандығын айғақтайды. Солтүстіктегі сепаратистік ниетке балта шабылды. Орта Азия регионынан қауіп төндіруге ұмтылған исламдық радикалистік ұйымдар мен террористік топтар Қазақстанның саяси басшылығына тікелей әсер…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай, рухани жаңғыру аясында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен ақын, жыршы, жырау-Майкөт Сандыбайұлының шығармашылығына арналған «Ел мұрасы – ғибрат бастауы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Халық ақындарының шығармаларының жиналуы, зерттелуі, насихатталуы аса маңызды екендігін осы шараның жүргізушісі айтыскер ақын Алик Бекмұсаев айтып өтті. – Ұлы бабаларымыз елі мен жері үшін қанша жан берісіп, жан алыса да, ұлттық өркениетін, мәдениетін, әдебиетін мен салт-дәстүрін жоғалтқан жоқ.Ақиық ақын Жұбан Молдағалиевше айтсақ: «Мың өліп, мың тірілді».Сонда да, дүниенің темірқазығы іспеттес руханиятының сәулесін сөндірген емес, қайта түлетті, жетілдірді. Сонымен қоса, осынау туған өлкеміздің өрісін кеңейте түсті.Тәуелсіздігіміздің «ақ таңы» атқан…

Read More

2004 жылдан бастап бұл ұйым өзіндік діни бағытты ұстанған ислам мемлекетін, әсіресе, діни сипаттағы билік жүйесі орын алған «халифат» құру мақсатында нақты істерді атқара бастады. 2014 жылдың шілдесінде әл-Бағдади өзін халиф деп жариялап, оның Мұхаммед с.ғ.с пайғамбар тәрізді құрайыш тайпасының хашим руынан шыққаны жөнінде арнайы «Бұл Алланың уәдесі» аталатын манифестте жарияланды. Іс жүзінде аль-Бағдадидың халиф деп жариялануы оған әлем мұсылмандарының өзін мойындауын талап ететін құқық берді. Өзінің жарияланған манифестінде ДАИШ: «Барлық әмірліктер, топтар, мемлекеттер және ұйымдардың қолданыстағы заңнамасы, халифат билігі мен оның әскерінің күшінің жанында еш мағынасы болмайды» делінген. Құқықтық құрылымы жағынан ДАИШ сүнниттік ұйым ретінде танылса да, көптеген сарапшылар…

Read More

Қарағандылық жоғары оқу орындарының базасында зияткерлік клубтар және бірыңғай жас ғалымдар Кеңесі құрылады.Осы жобаға он миллион теңге бөлу жоспарланған. Меморандумға Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды медицина университеті, «Болашақ» академиясы және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті секілді алты оқу орны қол қойды. Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкен Facebook желісіндегі парақшасында осы шара туралы жазды. Оның айтуынша, жас ғалымдар IT-технологиялар және робототехника, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-техникалық үш бағыт бойынша айналысатын болады.  Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, клубтар шамамен 120 студентті қамтиды. «Жас ғалымдарды қолдау мақсатында келесі жылдан бастап облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен 10 миллион тенгеге жуык каражат бөлініп…

Read More

Адамзаттың әсем жаратылысы ретінде әйел адамға о баста табиғатпен дүниеге ұрпақ алып келу, болашақ ұрпақты тәрбиелеу, ошақ басының ұйытқысы секілді қызметтерді атқару жазылып қойылған. Алайда, тарихи процесс барысында орын алған түрлі оқиғалардың әсер етуімен мүлде кереғар жағдай орын алып отыр. Әйел адамның табиғатына кей жағдайда жат болып келетін, мысалы, қарамағындағыларға шектен шыққан озбырлық көрсету, тыңшылық қызмет, мақсатты түрде кісі өлтіру, т.б. осы секілді қызметтері аңыздар мен тарихи фактілермен дәлелденген. Ең алғаш әйелдің қатысуымен болған террористік актінің тарихи-мәдени куәсі ретінде еврей әйел Юдифтің әрекетін санауға болады. Туған қаласын ассириялықтар қоршап, қамауға алғаннан кейін,ол ең әдемі жамауларын киіп, ассириялықтардың қолбасшысы Олофреннің…

Read More

Аталмыш заң жобасы жыл соңына дейін Парламентте тыңдалуы тиіс. Егер құжат қабылданса, ел азаматтарына да бала асырап алу жеңілдейді «Шетелдіктерге қарағанда, қазақстандықтар көбірек бала асырап алуы тиіс». Мемлекеттік емес бала асырап алу жөніндегі агенттіктің бұл бастамасы енді арнайы заң жобасына енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Аталмыш мәселені заңдастыратын құжат қазір Парламент қарауында жатыр екен. «Кейбір депуттар бұл бастамаға қарсы болса да, мемлекеттік органдар тарапынан қолдау бар. Шенеуніктер, қоғам азаматтық бірлестіктер тарапынан ұсынылған пікірлерді «Неке және отбасы туралы» заң жобасын енгізіп, өзгерту керек дейді. Істеген ісіміздің бекер еместігі қуантады», – дейді «Ана үйі» қоғамдық қорының атқарушы директоры Балия Әкімбекова. Негізіне, аталмыш заң…

Read More

АҚШ-та сынақ кезінде SpaceX компаниясына тиесілі зымыран прототипі жарылды. Бұл туралы NASAspaceflight сайтында айтылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сайттағы мәліметке қарағанда, төтенше жағдай кеше, сәрсенбіде Американың Техас штатындағы Бока Чика полигонында болған. Компаниядағылардың айтуынша, жүйеде қысым жоғарылап кеткендіктен осындай төтенше жағдай болған. Енді SpaceX компаниясындағылардың сөзіне сенсек, алдағы уақытта зымыранның жетілдірілген нұсқасын жасау жоспарда бар.

Read More

Жамбыл облысында елді газбен қамтамасыз ету мәселесіне қандай кедергілер бары анықталды.  ҚР Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі газбен қамтамасыз ету мәселелерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізген. Бес әлеуметтік бастаманың маңызды бағдарламаларының бірі – елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру. Осы бағыттағы проблемаларды анықтау үшін өңірде сауалнама жүргізілген болатын. Оның нәтижесі бойынша анықталған мәселелер: газ тұтынушылары үшін қосылу қызметінің қымбаттығы – 56,0 пайызы. Сауалнама жүргізу барысында ауыл тұрғындарының қаражаттың жетіспеушілігінен газсыз отырғанын айтып түсіндірді. Бұған себеп – әр…

Read More

Жетінші сынып оқушысының зорлануынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатуды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым», – деп жазды Тоқаев Twitter желісінде. Әкім қызметіне Досаев биыл сәуір айында кіріскен еді. Оның алдында шенеунік 2017 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген еді. Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол…

Read More

Тараздағы мектеп оқушысын зорлау ісінен кейін Білім және ғылым министрлігі облыстық білім басқармаларына тапсырма берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін облыстардың білім басқармалары басшыларының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өткен кеңесте мынадай тапсырмалар жүктелген: Біріншіден, нормативтік талаптарға сәйкес келетін бейнебақылау жүйелерімен барлық білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Бұл міндет бойынша балалардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде штаттан тыс жағдайларда уақытылы әрекет ету үшін бейнебақылау жүйесіне жауапты қызметкер белгілеу міндеттелді. Екіншіден, барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына шығару мәселесін көтеру.…

Read More

Деструктивті діни ағымдардың ерекшелік сипаттамасы азаматтардың әлеуметтік, мүліктік, және құқықтық еркіндіктеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасау болып табылады. Қарапайым азаматтың деструктивті дін ортасына түсуінің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда оның ең басты факторлары әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен психологиялық босаңдық, сонымен қатар азаматтардың діни сауатының жеткіліксіздігі болып табылады. ҚР ҰҚК мәліметтеріне сәйкес қазақстандықтардың деструктивті діни ағымдарға тартылу динамикасы төмендемей отыр. Дін ұстанушылардың радикализациялау процесі жалғасуда. Ол бойынша деструктивті діни ағымдар құрбандарын оңалту әдістерінің, сонымен қатар олардың таралуының алдын алу жұмыстары бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр. Аурулардың халықаралық классификациясына сәйкес сектомания (деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсушілік) психологиялық – психиатриялық ауытқу болып табылады…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді. Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент…

Read More

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылының тұрғындарын таяуда дүрліктірген оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Ауыл тұрғыны 1998 жылы ер адамды өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Осыған дейін, «Тараз триосы» тобының мүшесі Асылхан Шүңіреков 21 жыл бойы іздеген туған ағасының өлтірілгенін енді білгенін айтып, сұхбат берген еді. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайы мен тергеу барысы қалай жүріп жатқанын білу үшін Жамбыл облыстық прокуратураға сауалхат жолдаған болатын. Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы 1 тамызда Шүңіреков Асылхан Мәдіханұлы ағасы 1950 жылғы Кеңесхан Мәдіхановтің 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткені бойынша арыз түсірген. Ол арызында Мойынқұм ауылының тұрғынынан ағасын 1998 жылы қасақана өлтіргені бойынша күдіктенетінін жазған. Кеңесхан Мәдіхановтің мәйіті табылған…

Read More

Полиция 20 жыл бұрын адам өлтіргенін мойындаған Мойынқұм ауылының 61 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның кім екенін анықтап, егде жастағы адамды ұстады. Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. «Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің…

Read More

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленский жайлы не ойлайтынын айтты, – деп хабарлайды РИА Новости. Путин Зеленскиймен жеке таныс емес екенін, тек телефон арқылы сөйлескенін айтқан. «Менің Зеленскиймен қарым-қатынасым қандай? Ешқандай! Мен оны ешқашан көрмедім, жеке таныс емеспіз, тек телефон арқылы сөйлескенбіз. Меніңше, ол өте сүйкімді және шынайы адам», – деді Путин «ВТБ Капиталдың» «Россия зовет!» форумында. Еске салайық, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді кездестіріп, келіссөз жүргізуге ниет білдірген. Тұңғыш Президенттің ұсынынсына Украина президенті тет-а-тет кездесуге келісім берген.

Read More

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтар үшін жаза қатаңдатылмақ. Заң жобасын мәжілісмендерге таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай мәлімдеді. Ал педофилия қылмысына қатысты айғақтарды жасырып, біле тұра хабарламаған азаматтар да жазасыз қалмайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Бұған дейін зорлық-зомбылық және жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар 7 жылдан 12 жылға дейін сотталатын. Бірақ соңғы кезде балалар мен әйелдерге көрсетілетін зорлықтың артуынан қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетін болды. Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары: Жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар…

Read More

Шымкентте салынып жатқан ғимарат опырылды. Төтенше жағдай салдарынан алты жұмысшы зардап шекті. Барлығы Өзбекстан азаматтары, – деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі. Төтенше жағдайлар комитеті мәліметінше, 21 қарашада 15:30-да Сайрам тұрғын алабындағы ғимарат опырылған. «Салынып жатқан 1500 шаршы метр ғимараттың шатыры мен темірбетон қабырғалары құлаған. Оқиға салдарынан алты жұмысшы зардап шекті, олар құтқарушылар келгенге дейін қалалық № 3 ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары», – делінген баспасөз қызметі хабарламасында. Олардың үлкені 41-де, ал ең жасы – 23-те. Сурет ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен «Оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді. Үйінділер астында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 24 қызметкер және…

Read More

Гонконгта наразылық шарасы кезінде қазақстандық 1-курс студенті Абилькаир Нукпи ұсталды, – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Гонконг қалалық полицияның мәліметінше, қазақстандық студент 18 қарашада ереуіл кезінде ұсталған, ол Баптист университетінің 1-курс студенті Абилькаир Нукпи», – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, қазақстандықтың жағдайы дұрыс, тек оң қолын жарақаттап алған. Ешқандай шағымы жоқ дейді. «Бүгін студентке қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Қазргі уақытта біздің бас консулдық осы істі ерекше бақылауға алды. Соңғы күнде Гонконгта 4 мыңнан аса адам ұсталды», – деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Осыған байланысты СІМ өкілдері Гонконгта оқып жатқан студенттерге Қазақстанға қайтуға кеңес береді. Еске салайық, мұның алдында митинг салдарынан қазақтандық…

Read More

Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәрігерге Қылмыстық кодекстің «трансұлттық қылмыстық топқа қатысу» және «адам органдарын заңсыз алу» баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылған. «Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін мәжбүрлі сатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қамтамасыз етілген азаматтары болды. Тергеу барысында азамат А. Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға…

Read More

Синдзо Абэ Жапония премьер-министрінің қызмет ету мерзімінде ел тарихында рекорд орнатты, – деп хабарлайды РИА Новости. Синдзо Абэнің үкімет басында отырғанына 2887 күн болған. Ел үкіметін басқаруға құқығы бар, Либерал-демократиялық партияның басшысы бұл қызметінде 2021 жылға дейін жұмыс істейді. «Партия төрағасы қызметінде әлі екі жыл жұмыс істеймін. Бар жауапкершілікті сезіне отырып, бар күш-жігерімді саяси мәселелерді шешуге жұмсаймын», – дейді премьер. Маңызды мәселелердің бірі деп ол елдің дефляциядан шығуы екенін атап өтті. Сонымен қатар, премьер-министр елдегі туу деңгейінің төмендеуі, соғыстан кейін шешілмеген дипломатиялық проблемалар мен елдің конституциясын реформалау мәселелерін де айта кетті.

Read More

Таразда 7-сынып оқушысын зорлаған азғынға қатысты жаңа деректер шықты, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Азғындық жасады деп айыпталған ер адам 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды. «Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда өтеп, бір жыл шартты түрде өтеген», – деді Жамбыл облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев. Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, Таразда педагогтарды қызметтен шеттету әлі жалғасып жатыр. Ал жәбірленуші қыз бұдан былай мектепке келмеуі мүмкін. Себебі ол психологиялық қысымға ұшырауы мүмкін. Еске салайық, өткен жұмада Таразда азғынның 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлағаны хабарланған болатын. Бұл жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі…

Read More

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұжданы мен дін ұстану еркіндігін қорғауға кепілдік береді. Конституция конфессиялық, этникалық және басқа да белгілерге байланысты кез келген сипаттағы дискриминацияға тыйым салады. Қазақстан Республикасы Конститутция бойынша зайырлы мемлекет.  Зайырлы мемлекет деп  саяси шешімдер қабылдауда қандай да бір діннің құндылықтарына сүйенбеу, яғни  дін мемлекеттен бөлінген дегенді білдіреді,  бірақ  бұл дінді қоғамнан аластату емес, сондай-ақ ол қоғамдық-саяси билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни ұйымдардың ықпал ету салаларын ажыратуға ықпал етеді. Зайырлы мемлекеттерді жіктеу критерийлері: 1) мемлекет пен діни ұйымдар әріптестігінің болуы және 2) діннің мемлекеттің құқықтық жүйесіне әсер ету. Бұл…

Read More

Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорланғанына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Хабар 24. Рахия Тұрмаханбетова бұл қызметте бірнеше жыл жұмыс істеді. Оқытушылық өтілі 30 жылдан асады. Тараздағы мектепте оқушының зорлануына байланысты облыстық білім басқармасы басшысынан бөлек 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мектептің оқу ісі меңгерушісі, математика мұғалімі, кезекші мұғалім, күзетші және мектеп инспекторы да қызметтерінен босатылғаны белгілі болды. Айта кетсек, өткен жұма күні Таразда №6 мектепте 7-ші сынып оқушысын мектеп әжетханасында зорлап кеткен. Күдікті екі сағаттан кейін қолға түсіп, қамауға алынды. Қыз бала география сабағы кезінде сұранып шыққан. Алайда мұғалім оны 45 минут бойы оны іздемепті.…

Read More

Францияда 300 мың үй жарықсыз қалды. Елде қардың қалың жаууына байланысты ағаштар құлап, электр желілері үзілген, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Ол Дроме, Рон, Ардеч және Изре әкімшілік департаменттеріндегі электр қуатына да әсер етіпті. Өткен бейсенбіде қар қалыңдығы мен көктайғаққа байланысты аймақтың жеті департаментінде қауіптің қызғылт деңгейі жарияланған еді. Ал елімізде 19-21 қараша күндері минус 33 градусқа дейін күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы -28-ден -33° аязға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты жел болуы ықтимал. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында қар, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Бұл жерлерде ауа температурасы түнде -…

Read More

СҚО ауылдық ҮЕҰ арасындағы «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» шағын гранттар байқауындағы жобалардың тұсаукесері «Жастар салауатты өмір салты үшін» ҰБО мемлекеттік гранты бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың маусым айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның негізгі міндеттері – аймақтағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін нығайту, сонымен қатар ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға шағын гранттар беру арқылы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге ауыл тұрғындарының қатысуын ынталандыру. Жоба аясында электронды кітапханамен бірге ҮЕҰ үшін ақпараттық сайт құрылып, гранттар, ҮЕҰ-ға арналған семинарлар туралы тиісті ақпарат жарияланады, тәжірибе алмасу және…

Read More

«Тараз» триосының мүшесі Асылхан Шүңіреков ағасы Кеңесхан Мәдіхановты іздеп жүргеніне 21 жыл болған. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны, 1950 жылғы ағасы 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен. Сол кезде полиция із-түссіз жоғалу дерегі бойынша тіркеуге алған. Бес жыл өткен соң айғақтардың болмауына және мерзіміне байланысты іс қысқарған. Алайда жоғалғанына 21 жыл өткенде жантүршіктірер оқиғаның шет жағасы ашыла бастаған. Ауыл тұрғындарын дүрліктірген қылмыстың мән-жайы Tengrinews.kz материалында. Іздеу жұмыстары қалай жүрді? «Іс қысқарған соң біз өзіміз іздей бастадық. Жұрттардың «Шу қаласының маңындағы фазендалардан көрдім, мал бағып жүр», «базарда жүр» дегендерін бәрін тексердік. Әркім ана жерден, мына жерден көрдік дегенін барып қарап жүрдік. Ағам өзі жастайынан атқа құмар еді. Талай…

Read More

Жамбыл облысы әкімшілігінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестері төралқаларының тең әрі әріптестік негізде аумақтық әдістемелік – үйлестіру кеңесінің «Қоғамдық кеңестердің дамуы» атты конференциясы өткізілді. Арнайы конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің бас сарапшысы Жанар Санаубаева қатысты. Жиында облыстық Қоғамдық кеңестің Әдістемелік-үйлестіру кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы жүргізді. Жандар Кәрібайұлы «Облыстағы қоғамдық кеңестердің күндерін» өткізу туралы баяндады. Облыста Қоғамдық кеңестің рөлін күшейтіп, арыз-шағымдарды жинақтау керектігін айта кетті. Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің сайты ашылғаны белгілі. Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің ресми сайтында аудандарда қандай да бір күрделі мәселелердің…

Read More

Террористер ұрандарының шынайы дінмен ешқандай байланысы жоқ. Шынайы әлемдік діндер тікелеій эстремизмге шақырмайды. Оның тек фундаментализм бұрмаланған түрлері ғана экстремизмге, терроризмге бой ұрады. Олардың көріністері тарихи деректерден де, қазір де белгілі. Бұған қоса мұсылман және мұсылман емес дүниенің бірін-бірі түсінбеуі де, олардың ара-қатынасын алшақтай түсуі күшеюде. Бұл жағдай американдық саясаттанушы Хантингтон «Өркениеттер қақтығысы» атты болжамына сәйкес келеді. Барған сайын әлемде исламның терроршылдығы, кәпірлермен аяусыз күресте бітіспестігі туралы аңыздар қаптап келеді. Фундаментализм не дегенде, ол ең алдымен мынада: фундаментализм қай дінде болсада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінді «бұзылды», оны жақсартамазыз немесе өзге діндердің «озбырлығынан қорғанамыз» деген сылтаулармен жүргізілетін экстремистік, тіпті террористік әрекеттер.…

Read More

Тараз взбудоражен страшным происшествием. Прямо во время урока в школьном туалете изнасиловали 12-летнюю девочку, сообщается в сюжете КТК, передает Tengrinews.kz. Шокированные происшествием родители, у которых дети также учатся в этой школе, сегодня устроили администрации учебного заведения настоящий разбор полетов. Оказалось, что подозреваемый в преступлении засветился на всех камерах, но на подозрительного мужчину просто никто не обращал внимания. Напряжение в актовом зале школы нарастало с каждой минутой. Родители были разгневаны. Говорили, что столько раз обращали внимание администрации на проблемы, но до сих пор все их решения сводились к разговорам. После ЧП, которое взбудоражило город, взрослые заявили, что больше руководству учебного заведения не доверяют.…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! 2019 жылдың 23 қараша күні сағат 9.00-ден бастап коммуналдық базарда (Жамбыл даңғылы, №18 «Д») жеңілдетілген бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге барлығыңызды шақырамыз. Тараз қаласының әкімдігі

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! Сіздерді 2019 жылдың 21 қараша күні сағат 11.00-де Абай атындағы орталық кітапханасында («Самал» (7) ықшам ауданы, №36) өтетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңкеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Тараз қаласының әкімдігі

Read More

Экстремизм – латын тілінен аударғанда шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұйымдастыру, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деген мағынаны береді. Мемлекетімізде экстремизм мен оның түрлеріне анықтама «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында берілген. Қазақстанға экстремизм қаупін негізінен радикалистік исламдық идеологияны басшылыққа алған «ислам террористері» деген атты жамылған шын мәнінде нағыз ислам дініне қатысы жоқ топтар төндіруде. Жалпы терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына…

Read More

Ғасырлар тоғысында адамзат біріккен күшпен шешетін жалпы планетарлық мәселелер көбейе түсті. Барлық мемлекеттер мен халықтарға қауіп төндіретін жаһандық құбылысқа терроризм айналды. Халықаралық саяси лексикада ортақ терроризм атауымен аталған бұл құбылыс ерекше қатыгездігімен, тұтқиылдығымен, күйретушілдігімен әлем халықтарын қорқытатын құбылысқа айналғаны шындық. Қазақстандық қазақ тілді баспасөз терроризм әрекетін лаңкестік әрекет деп, «терроризм» ұғымын «лаңкестік» деген ұғыммен алмастырып жүр. Бірақ халықаралық саяси терминді терроризмді «лаңкестік» деп аударудың қажеті жоқ деп есептеймін. Себебі, терроризм ұғымы өте күрделі, латентті табиғаты бар, көпжақты байланыстағы әлемдік құбылыс. Жеке бір елдің аймағында болатын құбылыстың халықаралық, тіптен әлемдік байланыстары күшейе түсуде. «Лаңкестік» ұғымымен «терроризмнің» жаһандық себептерін, тамырларын және байланыстарын…

Read More

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында «Рефлекс-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-ПБ ЖПҚ қызметкерлері бірлесіп синтетикалық есірткі құралдарын тарататын азаматтарды анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында үй қабырғаларына тыйым салынған граффити-жазуларды жазған 30 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні тарататын өзге де тұлғаларды анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртынан есірткінің таралуына қатысты кодтық сөздері бар 800-ге жуық граффити-жазулар алынып тасталды. Сондай-ақ, синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті өңір тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным…

Read More

Ағымдағы жылдың қазан айында Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне аудандағы шаруа қожалықтардың бірінен екі бас жылқы малының ұрланғаны туралы арыз келіп түсті. Аталған дерек бойынша облыстық криминалды полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде іске қатысты 1993 жылы туылған Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Сондай-ақ, тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге іздеуде жүрген бір бас бұқа мен бір бас сиырды ұрлағанын да мойындады. Жалпы шығын 700 000 теңгені құраған. Жедел-іздестіру кезінде сыбайласы да ұсталып, қамаққа алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлімі (адамдар тобының алдын…

Read More

Жамбыл облысы әкімшілігінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Жамбыл облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық кеңестері төралқаларының тең әрі әріптестік негізде аумақтық әдістемелік-үйлестіру кеңесінің «Қоғамдық кеңестердің дамуы» атты конференция өткізді.Конференция «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен өткізілді. Арнайы конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің бас сарапшысы Жанар Санаубаева қатысты.Жиында облыстық Қоғамдық кеңестің Әдістемелік-үйлестіру кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы жүргізді. Ол «Облыстағы қоғамдық кеңестердің күндерін» өткізу туралы баяндап, Облыста Қоғамдық кеңестің рөлін күшейтіп, арыз-шағымдарды жинақтау керектігін айта кетті. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің ресми сайтында аудандарда…

Read More

В настоящее время в мире, в том числе и в Казахстане, появилось множество религиозных и псевдорелигиозных объединений, миссий, Церквей нетрадиционного направления, ведущих прозелитическую и миссионерскую работу и привлекающих в свои организации новых верующих. Нетрадиционные религиозные объединения стараются работать прежде всего с молодежью. Почему? Просто неокрепшая психика, заниженная самооценка, проблемы, которые могут появиться в этом возрасте, делают молодых людей легкой добычей для разного рода гуру и проповедников. Попасть в любое  религиозное объединение просто, а вот покинуть его удается далеко не всем. А если кому – то это и удается, то выходят они  с  психологическими и социальными проблемами, которые необходимо решать как…

Read More

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратында 14-15 қараша күндері Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Талас құрылтайы: тарих пен тағылым» атты халықаралық конференция өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Талас құрылтайының және Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Осыған орай Халықаралық Түркі академиясы М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен бірлесіп тарихи Тараз жерінде 14-15 қараша күндері «Талас құрылтайы: тарих пен тағлым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Алқалы жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры…

Read More

Религия, безусловно, является одним из важнейших компонентов духовной жизни любого общества. Она дает человеку смысл жизни, связывая его с Богом или высшими духовными силами. Казахстан сегодня многоконфессиональное государство, в котором религия заняла одно из существенных мест в общественной жизни. Религиозность, как форма мироощущения, присуща человечеству с самой зари цивилизации и в той или иной форме сопровождает его на протяжении всей истории цивилизации. Роль религии в обществе то усиливалась, поднимаясь на недосягаемые вершины власти, то сводилась к минимуму в годы воинствующего атеизма. Религия никогда не была в стороне от происходящего в любом общественном социуме. Более того, всегда влияла на любое общество…

Read More

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден қашпайды, алайда оны жақсылап дайындау керек, – деді Путиннің баспасөз қызметінің жетекшісі Дмитрий Песков, – деп хабарлайды РИА Новости. Песков Кремльдің Назарбаевқа дәстүрлі түрде алғыс айтатынын және қазақстандық серіктестердің үлесін жоғары бағалайтынын, ресейлік-украиндық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтанның әсеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол Путиннің осы жағдайға байланысты қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру, бір ағынға түсіруді қолдайтынын айтты, алайда бұл үшін Киев тарапы да өз үлесін қосу керек екен. «Әрине, Путин мұндай кездесулерден ешқашан бас тартпайтынын айтты, пайда жәй ғана кездесуден ештеңе өзгермейді, оған жақсы дайындық керек деп санайды. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз «нормандтық форматты» процестеріне…

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы ақша-несие саясатының іске асырылуы туралы баяндады, – деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Ерболат Досаев атап өткендей, жылдық инфляция біздің күтуімізге сәйкес қалыптасуда және қазанның қорытындысы бойынша 5,5 пайыз болды. Ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің өсуі тарихи ең төмен деңгейде қалуда – жылдық көрсетуде 0,8 пайыз. Реттелетін қызметтерге тарифтер қазанда жылдық көрсетуде 7,7 пайызға төмендеді. Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5,7-5,8 пайыз, яғни 4-6 пайыз таргеттелетін дәлізде бағаланады. «Осы факторларды ескере отырып, Ұлттық Банк 28 қазанда базалық ставканы 9,25 пайыз деңгейде және +/-…

Read More

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьорынан табысты оралды. Белгілі жаттықтырушы Николай Авдюниннің жетекшілігіндегі олар WRO чемпионатының (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, елге қола медаль алып келді. NIS құрама командасы «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі «Ziggurat» роботын таныстырды. – Жобаның идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінен Даниил Филимоновке тиесілі, онымен бірге Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин…

Read More

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінде полиция капитаны, Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты қаза болғалы 8-ші жыл салтанатты түрде еске алу шеруі өткізілді, – деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі. Еске алу іс-шарасына облыстық Полиция департаменті басшылығы және жеке құрамы, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев, ішкі істер органдары ардагерлері мен батырдың туған-туыстары және Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының кадеттік сынып оқушылары қатысты. Салтанатты гүл қою рәсімінен кейін сөз алған Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев: Ел бейбітшілігі мен қауіпсіздігі жолында қаза болған әрбір полиция қызметкері Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тарихында ерекше құрметпен сақтаулы. Олардың ішінде террористі құрықтау…

Read More

2019 жылдың 9 қарашасында «Динамо» спорт кешенінде Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғ. Байтасовты жане қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлерін еске алуға арналған Жамбыл облысы Полиция департаментінің ауыспалы кубогы үшін самбодан жарыс өткізілді, – деп хабарлайды Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Сайысқа Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара Қызметі-2035, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы, Көліктегі полиция басқармасы, Жамбыл облысы ПД, Тараз қаласы Полиция басқармаларынан құралған 7 команда қатысты. Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергенов сөз бастап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жарыс алдында ағымдағы жылы үздік нәтиже…

Read More

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен спартакиада ойындары өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа тараздық ұстаздар да қатысып, жүлделі бірінші орынмен оралды. Спартакиада ойындарында ұстаздар волейбол, баскетбол және кіші футболдан өзара мықтыны анықтады. Республиканың барлық облыстарын қамтыған жарысқа 600-ге жуық ұстаз қатысты. Олардың басым бөлігі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Кіші футболда ФИФА бекіткен халықаралық ережеге сай командалар жеребе тарту рәсімі арқылы анықталды. – Жалпы жарысқа қатысушылар төрт топқа бөлінді. Біздің топта Алматы, Ақтөбе, Атырау құрамалары болды. Он төрт аймақтан келген үміткерлерден жартылай финалға төрт топ өтті. Онда Қостанайды 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама…

Read More

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2019 жылдың 9-10 қараша күндері сағат 9.00-ден бастап Жамбыл облысының 80 жылдығына орай орталық «Н.Назарбаев» алаңында жеңілдетілген бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге барлығыңызды шақырамыз. Тараз қаласының әкімдігі

Read More

Шымкент қаласының бірқатар лауазым иесіне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды, – деп хабарлайды Антикоррупциялық қызметтің баспасөз қызметі.  Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК директорынан 1 миллион 200 мың теңге сомасында пара алғаны үшін қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленді. Осыған ұқсас қылмысты жасады деп қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілініп отыр, ол орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға…

Read More

В Таразе патрульные полицейские обстреляли машину, заезжающую во двор частного дома. Водитель был в состоянии алкогольного опьянения, передает корреспондент Tengrinews.kz. Инцидент произошел 25 октября. Видео с камеры наружного видеонаблюдения на номер WhatsApp +7 777 001 44 99 прислал официальный представитель потерпевшего Аскар Байдосов. По его словам, его доверитель Асхат подъехал к своему дому в частном секторе около половины третьего ночи. С ним в машине было еще двое пассажиров. «Он был немного пьян, экспертиза показала впоследствии лишь легкую степень опьянения. Вел себя он спокойно, уже собирался заезжать во двор и не представлял никакой угрозы окружающим. Внезапно рядом остановилась патрульная машина. Из нее вышел полицейский и начал…

Read More

Бүгін облыс орталығынан шалғай орналасқан Шу ауданындағы Белбасар ауылында 400 орындық мәдени-спорттық кешен ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Рүстем Дәулет қатысып, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың құттықтауын жеткізді. Сонымен бірге Болат Сауранбаевқа «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін табыс етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сауранбаевтар әулетінің демеушілігімен бой көтерген нысан облыстың 80 жылдығына орай пайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан. Өткен жылы іргетасы қаланып, қазығы қағылған кешеннің құрылыс жұмыстарын мердігер «Шебер билд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Жобалық құны 500 миллион теңгеге айналған. Онда бүгінде 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Ел игілігіне берілген заманауи мәдени-спорт кешені әлемдік стандарттарға сай салынған.…

Read More

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады, – деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылды. Министрлік мәліметіне сай, орыс әскери полициясы мен Түркия шекарашылары ортақ күзет жүргізу мақсатында «Дербисия» кедендік өткелінде кездескен. Енді олар өз міндеттерін орындау үшін Түркия – Сирия шекарасымен батыс бағытта жылжиды. Күзет құрамына бірнеше әскери техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, Ресейдің брондалған «Тигр» және «Тайфун» мен Түркияның Кирпи көліктері бар. Айта кетейік, жуырда Түркия басшысы Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуінде Анкара мен Мәскеу Евфрат өзенінен шығысқа қарай Сирия мен Түркия шекарасын бірге бақылау жөнінде келісімге келген болатын.

Read More

Полиция қызметкерлері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының аумағын қоршап алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қарашада сағат 09.42-де 101 пультіне «Хан Шатыр» СОО-ның астыңғы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. «Техникалық бөлмеде электр кабельдері өртенді. Өрт 10.36-да 5 қума метр алаңда сөндірілді. Қызметкерлерді әкімшілік өртсөндірушілер келгенге дейін эвакуациялады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға астаналық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 техника жұмылды. Полиция қызметкерлері сауда ойын-сауық кешенінің аумағын қоршап алды.

Read More

Электр қуаты желтоқсаннан бастап 6 пайызға қымбаттайды. Ал оны жүгендеуге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің шамасы жетпейді. Себебі, бағаның өсуіне газ, көмір, жанармай сияқты комитеттің құзырына кірмейтін отын түрлері әсер етіп отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы. Монополияға қарсы қызмет «Электр энергиясының өзіндік құнын Энергетика министрлігі белгілейді» деп, мәселенің басын сол жаққа бұрады. Ал олар «Бағаны Комитет белгілейді» деп, басын даудан арашалағысы келеді. Екі жақ өзара түсінісе алмай жатқанда, қымбат тариф тұтынушының қалтасынан өтелмек. Тариф тақырыбын Елбасы бір жыл бұрын ғана Қауіпсіздік кеңесінде арнайы қарап, министрлерді сынға алған еді. Артынша монополистер негізсіз тариф арқылы халықтан алған артық миллиондарын кері қайтара бастаған. Енді…

Read More

Танганьика провинциясында жолаушылар мен қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып кеткен Конго Демократиялық Республикасындағы қайғылы жол апатынан 22 адам қаза тапты, деп жазады News.ru. Елдің оңтүстік-шығысындағы Танганьика провинциясының Манано аумағында қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып, соның салдарынан 22 адам қаза тапқан. Полицияның мәлімдеуінше, ауыр жарақат алған тағы онға жуық адам хал үстінде жатыр.

Read More

Егер қызметкер тексеру кезінде сыйлық немесе пара алуға келіскен жағдайда тәртіптік, оның ішінде, қызметінен босатылуға дейінгі жауапкершілік қарастырылған Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлық деңгейін түпкілікті азайтуға бағытталған реформалардың жаңа пакеттерін дайындау бойынша кешенді жұмыс жүріп жатыр, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев хабарлады. «Кешенді жұмыстардың бірі – «Integrity Check» енгізу. Бұл – құқық қорғау және бақылау органдарының қызметкерлеріне қатысты ерекше өндіріс аясында, яғни құпия әдістермен және соттың санкциясымен қатаң түрде жүргізілетін қызметтік тексерістің аналогы. Тексерілуші пара, өзге де пайда мен артықшылықтар алуға келісімін білдірген жағдайда жұмыстан босатылады.…

Read More

Американың Юта штатында Хеллоуин мерекесіне орай ұйымдастырылған кеште екі адамды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Associated Press. Оқиға Рузвельт қаласында болған. Әзірге марқұмдардың жеке бас мәліметі мен қылмыстың себебі және оның қалай жүзеге асырылғаны туралы еш ақпарат жоқ.

Read More

Жамбыл облысының бірқатар лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. «Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдік бойынша Ақмола облысының Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбы (аға лейтенант) К.Е. Көбегеневке, 82796 ә/б 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Р.Х. Бастыбаевқа және азамат Б.К. Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар осы әскери бөлімнің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Б. Мұратұлынан бұрын келісілген 9 млн. 106 мың теңгенің 1 млн. 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен, соңғысына қатысты тергелетін қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешуге жәрдем көрсету желеуімен алған деген күдікке ілінген болатын»,…

Read More

Жамбыл облысында бүгінгі таңда 138 жедел жәрдем көлігі GPS–навигациясымен жабдықталған. Бұл, автокөліктерді бақылауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, бүгінде халықтан түсетін шақыртулар «Көмек» автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданады және тіркеледі. Бұл жүйені енгізу үшін жергілікті бюджеттен 122 миллион теңге бөлінген. «Жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсарту мақсатында мониторингтік топ құрылып, бақылаулы шақыртулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 кешігу фактісі айқындалып, жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, тиісті мемлекеттік органдарға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады», – дейді М.Жұманқұлов. Сондай-ақ, басқарма басшысы медициналық ұйымдарға 100 пайыз медициналық…

Read More

Жамбылда жыл басынан бері тіркелген құқық бұзу фактілерінің саны 12 пайызға төмендеп, 7274-тен 6354-ке азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, өңірде пәтер ұрлығы – 37,4 пайызға, кісі өлтіру – 28,9 пайызға, қарақшылық – 27,8 пайызға, тонау – 24,7 пайызға кемісе, аса ауыр қылмыстарды ашу – 01,8 пайызға, ауыр қылмыстарды ашу – 85,3 пайызға артқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің есеп беру жиынында айтылды. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовке аталмыш полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев биылғы жылдың алғашқы үш тоқсанындағы жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Ол қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстарды азайту үшін, атап айтқанда ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас…

Read More

Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюри 2020 жылдың ақпанында WBC белбеуіне ие Деонтей Уайлдермен жекпе-жек өткізетінін растады, – деп хабарлайды «Чемпионат». Британиялық бұл туралы WWE реслинг промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінен кейін мәлімдеді. «WWE-дегі жекпе-жек мен үшін ғажайып тәжірибе болды. Брон сөзсіз мықты. WWE-ге ораламын ба? Деонтей Уайлдермен жұдырықтасуды жоспарлап отырмын, 22 ақпанда өтеді. Содан кейін не боларын көреміз», – дейді Фьюри. Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер арасындағы бірінші жекпе-жек 2018 жылдың 1 желтоқсанында өтіп, тең аяқталған еді. Осылайша, Уайлдер алғаш рет жеңіске жете алмады.

Read More

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады, – деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.  Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады. Сонымен, Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8 пайызжоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып,…

Read More

«Слуга народа» партиясының депутаты Богдан Яременко Жоғарғы Рада жұмысы кезінде онлайн-желі арқылы ақыға кездесетін қыздармен келіссөз жүргізген. «Букв» сайтының журналисі оның хат алмасып жатқан жерінен суретке түсіріп алған. Парламентарий дауыс беру кезінде ол Алина есімді 32 жастағы әйелдің анкетасын оқып отырған, онда былай деп жазылған: секс, кездесу, романтикалық кездесу. Сондай-ақ, қыз бала қарым-қатынасқа қызықпайтынын жазған. Кейін Яременко осы қызбен жазыса бастайды, бәлкім басқасы болуы да мүмкін. Қыз кездесудің талабын қояды: «Сағаты – 100 доллар. Екі сағат – 150. Түнге қалмаймын. Қатты қаласаңыз, оны да ұйымдастыруға болады». Сосын басылым видео жариялады, онда ұлттық депутат Tinder танысу желісінің чатында жазысып жатқаны көрсетілген. Кейін депутаттың тағы…

Read More

Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты, – деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген Жарлықта.

Read More

Жамбыл облысында 17 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті. Таяуда ол Тараз қаласындағы өз үйінен шығып, қайтар оралмаған, – деп хабарлайды облыстық полиция баспасөз қызметі. «Жамбыл облыстық полиция департаменті із-түссіз жоғалып кеткен 11-сынып оқушысы Асылжан Доқтырбайды (2002 жылы 29 қазанда дүниеге келген) іздестіріп жатыр. 31 қазанда 12:00-де қыз үйінен шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған. Бойы 150-155 сантиметр, дене пішімі орта, шашы қоңыр түсті ұзын, қой көзді. Ерекше белгілері: төменгі ернінде қалы бар», – делінген таратылған бағыттамада. Қыз бала ақ жейде киген, ақ кроссовка, қара шалбар киген және қара сөмкесі болған. «Қыз туралы қандайда бір мәліметті білетін адамдардан мына телефон нөмірлеріне…

Read More

Биыл Тараз қаласы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне ақша аямаймыз деп отыр. 2018 жылы әкімдік 5,2 миллион теңге жұмсап, оның 2,6 миллион теңгесіне көшелерді безендіру үшін гирляндалар, неон және дюралайт ілмелер сатып алған. Ал, орталық алаңға бас шыршаны орналастыру мен отшашу ұйымдастыру үшін 2 миллион 596 мың теңге жұмсаған , – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараз әкімдігі жаңажылдық шыршаға деп биыл бюджеттен 15 миллион теңге бөліп отыр. Қала әкімдігі «Конкурстың «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сәйкес жүргізіліп отырғанын айтты. Сондай-ақ жаңа жыл мерекесіне қарсы облыс орталығын безендіру мақсатында бюджеттен 15 миллион теңге бөлініп отырғанын растады. «ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына…

Read More

Пәкістанда пойыз өртену салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, – деп хабарлайды Geo TV телеарнасы Pakistan Railways компаниясының ресми өкіліне сілтеме жасап. Компания өкілінің айтуынша, өрт – тамақ істеуге қолданылатын газ балоны жарылу салдарынан шыққан. Өрт үш вагонға жайылған. Пойыз Караши қаласынан шығып, Равалпиндиге бара жатқан.

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Жастар аллеясының» «Білім» алаңында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың «Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» атты фотопоэзия көрмесі өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тараз қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара Жамбыл облысының 80 жылдығына арналды. Әйгілі Фирдоуси ғазалымен аталған кешті жас ақын Нұржан Қадірәлі жүргізді. Көрме әуелі ашық аспан астындағы классикалық вальспен ашылды. Содан кейін жүргізуші ортаға шығып, картиналардың бетперделерін аша жүріп өлең оқыды. Осы сәтте өңірдегі «Ақкербез» бишілер тобының ұлттық нақышта киінген арулары да барлық картиналардың бетперделерін ашып, оларды көпшілік назарына ұсынды. Әулиеата өңірінен қазақ әдебиетінде есімі…

Read More

Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген – Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Нұртай Сабильянов депутат болғанына неше жыл, неше ай, неше күн болғанын шатаспай есептеп берді. Белгілі журналист Серік Абас-Шахтың әжуаларына еш ренжімейтінін де айтты. Өзі туралы неше кітап жарық көргенін, меншігінде не барын бүкпесіз түгендеп берді. Депутат туралы басқа да қызық мәліметтерді «Абайдың 45 сұрағы» жобасынан көріңіз. «Абайдың 45 сұрағы» – «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің YOUTUBE желісіндегі жаңа жобасы. Саясаткер, ғалым, депутат, қоғам қайраткері сияқты танымал тұлғалар бұдан былай журналист Абай Сейфулланың нақты сұрақтарына қысқа әрі нұсқа жауап береді. Кейбір сұрақтар спикер үшін қолайсыздық туғызуы мүмкін, бірақ жоба сонысымен де құнды…

Read More

Оппозиция өкілдері қазіргі премьер-министр Борис Джонсонның ұсынысын қабылдады  Британияда оппозициялық Лейбористер партиясы премьер-министр Борис Джонсонның мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды ВВС. Саясаткерлер желтоқсан айына жоспарланған сайлау Британияны Брексит кесірінен туындаған тығырықтан алып шығады деп үміттеніп отыр. Қауым палатасы сайлау туралы қаулыны енді жариялайды. «Егер Брекситті келісімсіз жүзеге асыру мәселесі қарастырылмаса, біз сайлауға дайын екенімізді айтқанбыз. Еуроодақтың Брекситті 31 қаңтарға дейін шегергенін естіп, алдағы үш айда да Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шықпайды деген үміттеміз», – деді оппозиция өкілдері. Қауым палатасының сайлауға қатысты отырысы тарысты болады деп күтілуде, себебі конституциялық құқық бойынша Парламент сайлау туралы қаулыны өзгерте алады.…

Read More