Автор: admin

Мәскеуде Электрозауыт станциясында жаппай төбелес болды, — деп хабарлайды «Лента.ру». Алдын ала мәлімет бойынша, төбелеске қатысқандардың бірі қайтыс болған, тағы үшеуі жарақат алған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мас күйде болған жігіттер төбелескенін айтқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Read More

Жамбыл облысында тойдан шыққан жастар жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылып, үш адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауруханада ауыр халде жатыр. Қайғылы жағдай Құлан ауылында болған. Меrcedes жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Passat-қа соғылған. Соққының даусынан тіпті тұрғындар шошып оянған. Сондай-ақ, телеарнадағылардың мәліметінше, екі техниканың бөлшектері әр жерде шашылып жатыр. Біреуінің спидометрі сағатына 140 шақырым жылдамдықты көрсеткен бойда қатып қалған. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. «Қаза тапқандар — 1995 жылы туғандар. Екеуі де отбасылы болған. Кәмелет жасына толмаған екі балалары бар. Олардың ішімдік ішкен-ішпегендері сараптамадан кейін белгілі болады», — деді Жамбыл облыстық ПД…

Read More

Бүгінде ел қазынасындағы қаржы 30 триллион ға жуықтайды. Қолдағы мәліметтер ге сүйенсек осы қаражаттың жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады екен. Демек мемлекет бұхараға мейлінше жағдай жасап отыр. Үкіметтен берілетін жәрдемақымен күн көрісін айырып отырған ағайынға қосымша табыс көзін табу керек па? Менің ойымша әбден керек. Мәселен Жамбыл облысы халқының 70 пайызға жуығы ауылда тұрады. Шалғайдағы жұртшылықтың жағдайын жақсарту үшін не істемек керек? Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен наурыз айында атқарушы биліктің жұмыс алгоритмі бекітілді. Алгоритмде жоғарыдағы мәселелер толығымен қамтылды. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруда «Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың маңызы айрықша. Өйткені мемлекет бұған дейін жұртшылықты киім-кешек, азық-түлік, құрылысқа қажетті құрал…

Read More

Келер жылдан бастап дәріханалар рецептілерді электронды форматта қабылдайды, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 18 маусымда есептік кездесу барысында баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ендігі жылдан бастап дәрігер берген нұсқау қағазды 3 жыл сақтауға болатынын айтты. Сондай-ақ бұл — халықаралық тәжірибе екенін де айта өтті. Сарапшылардың айтуынша, көптеген елдегі дәрі-дәрмектердің жартысы көлеңкеде қалып отыр. Оның 10 пайыздай тасада қалада. Министр Қазақстандағы көлеңкелі айналым көлемі де белгісіз екенін айтты. Рецептілік бақылау науқастар қауіпсіздігі үшін керек. Қазіргі уақытта 3,5 миллион рецепті электронды түрде берілген. Қазір елге жеткізілген препараттардың үштен бір бөлігі тегін беріледі. Министр енді оның саны көбейетінін мәлімдеді. «Барлық дәріханалар рецептіні 3 жыл сақтау керек…

Read More

Үндістанда табиғат апатынан демалыс күндері 50-ге жуық адам жан тапсырды. Бірнеше апта бұрын басталған аптап ыстық әлі де сақталып тұр, — деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аймақтағы барлық мектептер маусымның 22-сіне дейін жабық. Елдің денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, қазір ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Бұл аздай Бихар штатында энцефалит деп аталатын мидың қабынуы дертінен балалар зардап шегіп жатқан көрінеді. Тез жайылып бара жатқан қауіпті дерттен шамамен 100 бала көз жұмды. Ауруханада ем қабылдап жатқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Read More

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Су-27 жойғышы америкалық В-52Н бомбалаушысын әуеде ұстаған видеосын жариялады, — деп хабарлайды РИА Новости. Осыған дейін Ұлттық қорғанысты басқару орталығы өкілдері америкалық әскери ұшақтардың Ресей шекарасына жақындағанын мәлімдеген. Яғни Қара және Балтық теңіздері жағынан. Бірақ олар шекараны кесіп өтпеген. Ресейлік ұшақтар халықаралық тәртіпке сәйкес оларды қағып түсірген. https://youtu.be/r7h7uFXbg1o Соңғы уақытта шетелдік барлаушы ұшақтар Ресейдің шекарасында және әскери аймақтарда көп байқалып жүр делінеді. Ресейдің қорғаныс министрлігі қызметкерлері оларды Балтық және Қырым, Краснодар өлкесін көп көреді екен. Сондай-ақ ұшақтар Сириядағы ресейлік базасынан да ұшып өтеді.

Read More

Тексерушілерді күтіп алып, шығарып салуды тоқтату керек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбсары Нұрлан Еркебаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews”. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iс-сапарларға баруға арналған шығыстары өтеледi. Оның ішінде, iс-сапарда болған уақытына тәулік ақысы, межелі жерге жету және кері қайту, жүріп-тұру, тұрғын үй-жай жалдау шығыстары мемлекет есебінен төленеді. Бұл ретте, заңнамада бекітілмеген мемлекеттік қызметшілерге іс-сапар шығыстарын өтеу, оларға арнап дастархан жаю немесе көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ретінде бағаланатындығын ескертілді. “Іс-сапарда жүрген лауазымды тұлғалар…

Read More

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі («Билік өкiлiн қорлау») бойынша айып тағылған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Басты сот талқылауы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Есіл аудандық сотының ғимаратында өтеді деп жоспарланған. Бұған дейін «Эйр Астана» әртістің әуе компаниясы қызметкерін ұрғанын мәлімдеген еді. «Эйр Астананың» нұсқасы бойынша, 14 сәуірде Нұр-Сұлтан — Алматы бағытындағы КС 852 рейсіне отырғызу барысында Құсайынов дауыс көтере сөйлеп, балағат сөздер айтқан. Экипаж оны тасымалдаудан бас тартқан соң, ол әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекшілік басшысының маңдайынан ұрған. Кейін әуе компаниясы әншінің үстінен Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз…

Read More

Бүгін алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті. Оған 34 мәслихат депутатының 27-сі қатысты. Сессияға арнайы келген ҚР Президенті әкімшілігі мемлекеттік басқару және аумақтық ұйымдастыру жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов ҚР Президентінің жолдаған хатын оқып берді. Халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысын қарады. Мемлекет басшысынан келген құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімі лауазымына Асқар Исабекұлы Мырзахметов кандидатурасын қарау ұсынылған. Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан Асқар Мырзахметовты қолдап, облыс әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады. Өз кезегінде, қызметіне қайта тағайындалған облыс әкімі Мемлекет басшысы мен Мәслихат депутаттарының артқан сеніміне ризашылығын білдірді.

Read More

Мойынқұм ауданының спорт кешенінде медицина қызметкерлері күніне арналған денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің облыстық XXIV спартакиадасының аймақтық ойындары өтті. Осы мақсатта Елбасы жолдауында көрсетілген спорттың бұқаралығын арттыру міндетін іске асыруда, біздің облысымыз бен ауданымызда біраз игілікті іс-шаралар өтіп жатқаны баршаға аян. Адамзаттың қазіргі тыныс-тіршілігін дене шынықтыру мен спортсыз көзге елестету қиын. Бүгінде бұқаралық спорт, адам баласының денсаулығы үшін ең бір қажетті салаға айналып отыр. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Есеев Бақытжан Жапарұлы ашып, барша ақ халатты абзал жандарды айтулы мерекелерімен құттықтаса, аудандық аурухананың басышысы Жайдар Әйтішев өзінің жылы лебізін білдіріп, аймақтық ойындардың сәтті өтуін тіледі. Жарысқа Қордай, Меркі,Т. Рысқұлов, Шу және Мойынқұм…

Read More