Автор: admin

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) орта дивизионда жұдырықтасатын болады. Бұл туралы боксшының өзі рингке оралуына байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты кезінде айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz. «Басқа салмаққа өту туралы шешім қабылдап, енді орта дивизионда жұдырықтасатын боламын. Ұзақ үзіліс болды, алайда, бұрынғыдан күштірек болып оралып отырмын», — дейді Қанат Ислам. Ислам 5 шілде Алматыда WBO Inter-Continental белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл бокс кешінің андеркартында тағы бір қазастандық — бірінші орта салмақта жеңілмеген боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) те рингке шығады. «Қарсыласым WBO рейтингінің ТОП-10 тізімінен. Әзірге есімі белгісіз, бірақ, мен дайынмын. Менеджерім келіссөздер жүргізіп жатыр.…

Read More

30 мамырда Ауғанстан астансы Кабул көшелерінің бірінде жарылғыш зат жарылды. Осы оқиғаның видеосы Twitter желісінде жарияланды. Ислам мемлекеті террористік ұйымы маршал Фахим атындағы әскери академияға кіретін жерде болған жарылысты өз мойнына алды. Reuters мәліметінше, кемінде алты адам қаза тапқан және тағы алты адам зардап шеккен. Видео жарияланғанға дейін Кабулда екі күнде екі рет шабуыл жасалды. 31 мамырда жарылғыш заттар салынған автокөлік америкалық конвой маңында жарылды. Кемінде төрт АҚШ әскери қызметкері зардап шекті. Melisa@cmellaniac  · May 30, 2019 Replying to @cmellaniac #ISKP claimed that 70 people had been killed and wounded in #Kabul attack. Melisa@cmellaniac #ISKP has released a new video showing the moment…

Read More

«Аманат» қоғамдық ұйымының жұмысы 17-ші мамырда басталды. Ал бүгінде оның бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыс орталығында ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Аманат» азаматтық платформасының Жамбыл облысы штабының төрайымы Парида Мамедованың қатысуымен өткен  баспасөз конференциясында айтылды. Ағымдағы жылдың 17 мамыр – 29 мамыр уақыт аралығында  ТИК ҚАК өкілдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы штаб мүшелерімен кездесулер, олардың дауыс беру күніне дайындалған тексеру мақсатында сайлау учаскелеріне бару сынды31 іс-шара өткізілген. Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен тәуелсіз бақылаушылар үшін тренингтер өткен болатын. Айта кетейік, бүгінде «Аманат» базасында 459-ден астам бақылаушы оқытылып, толық қамтылу үшін бақылаушылардың жеткілікті саны дайындалған.

Read More

Тараз қаласының «Қарасу 5» шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қазіргі таңда өртті толығымен сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Хабарламада бүгін кешкі сағат 19.30-да Тараз қаласы, «Қарасу 5» шағын ауданындағы  №18 үйдің шатырында өрт шыққаны айтылған. «Департаменттің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне 19.34-те қоңырау келіп түсті. Оны сөндіруге 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і бала. Кешкі сағат 20.50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, қазіргі таңда толық бақылауға алынды», — делінген хабарламада. Жергілікті атқарушы…

Read More

Араб мемлекеттері лигасының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ALECSO) заманауи қазақ әдебиетінің антологиясын араб тіліне аударып, басып шығару жобасын қолдауға дайын, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевпен кездесу барысында Ұйымның Каир қаласындағы ғылым мәдени жобаларының үйлестірушісі болып табылатын АМЛ Араб зерттеулер институтының басшылығы хабарлады. ALECSO кітаптарға өзінің логосын қою құқығын берумен қоса, оларды араб мемлекеттерінде үлестіруге қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Биыл ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Заманауи қазақ әдебиеті жаһандық әлемде» атты жобасы бойынша қазақстандық 60 ақын-жазушының таңдалған шығармалары БҰҰ-ның ресми…

Read More

Жамбыл облысында армрестлинг бойынша бапкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау және спорт басқармасының армрестлинг бойынша бапкерінің жымқыру дерегі анықталды. Ол жалған алғытөлем есептемелерін ұсыну арқылы іссапар шығындарына бөлінген 8 миллион теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына және жеделдетілген сотқа дейінгі өндірісті қолдану туралы өтінішіне байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Read More

Мексикада жол-көлік оқиғасы салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты және тағы 18 адам зардап шекті. Жергілікті Proceso басылымының мәліметінше, Веракрус штатындағы тасжолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлік салонында құдайға сыйынуға бара жатқан адамдар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін. Соққының ауыр болғаны сондай, автобус жолдан ұшып кетіп, аударылып артынша өртенген.

Read More

Футболдан 2018/2019 жылғы маусымдағы Еуропа лигасында «Челси» топ жарды. Бакуде өткен финалдық ойында ақсүйектер «Арсеналды» 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Лондондық дербидің бірінші таймында жанкүйерлер гол көрген жоқ. Алғашқы минуттарда «Арсеналдың» адуыны байқалса, уақыт өте келе «Челсидің» шабуылы ширай түсті. Командалардың гол соғатын мүмкіндіктері болғанмен нәтиже өзгерген жоқ. Екінші таймда жанкүйерлер тамаша голдардың куәгері болды. 49 минутта Оливье Жиру гол соғып, есеп ашты. Эмерсонның әуелете асырған добына бірінші жеткен шабуылшы баспен бағыттап үлгерді. Петр Чех допты қайтара алған жоқ. «Челси» есепте алға шықты. 60 минутта Педро есепті еселеді. Эден Азар берген тамаша пастан кейін бұл шабуылшы да мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Араға 5 минут сала Азардың өзі пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:0-ге жеткізді. Алаңға…

Read More

Келесі жылы Дубайда өтетін дүниежүзілік көрмеге 25 миллион адам барады деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының жиынында айтылды. Ассамблея жұмысына Қазақстан делегациясы да қатысты. Дубайда өтетін көрмеде еліміз ең үлкен павильондардың бірін орнатпақ. «Астанадағы ЭКСПО көрмесі – өткенде қалған тарихи оқиға емес, бұл осы кезге дейін жалғасып келе жатқан тың жоба. Тұңғыш Президенттеріңіздің еңбегі арқасында жүзеге асқан бастама. Көрмеге қатысушылар ең алдымен оның мән-мағынасы мен мазмұнына қанығуы тиіс», — дейді Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Винсенте Лоссерталес. https://youtu.be/Sd1DsknGiPc

Read More

Өзбекстан мен Германия президенттері арасындағы екіжақты кездесу аясында өзбек жерінде Volkswagen концернімен бірлескен автокөлік өндірісін ашу жоспары бекітілді, — деп хабарлайды Zakon.kz. Мұндай серіктестік құрылатыны туралы ақпарат былтырдан бері пайда болған еді. Ол кезде «Узавтосаноат» пен Volkswagen Өзбекстанда неміс автоконцерніне қарайтын бірнеше брендтердің түрлі модельдерін құрастыру мүмкіндігі қарастырылуда делінген болатын. Өндірісті Volkswagen Amarok пикапын құрастырудан бастау жоспарланған болатын.

Read More