Автор: admin

Елорда атауын орыс тілінде қолдануда біртектіліктің болмауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келесіні хабарлайды, — делінген бас қаланың ресми сайтында. Орыс тілінің нормаларына сәйкес, «қала» сөзінсіз қолданылатын шет тіліндегі географиялық атаулар дауыссыз дыбысқа аяқталған жағдайда септеледі. Мәселен, «население Нур-Султана, подъехал к Нур-Султану, горжусь Нур-Султаном, живу в Нур-Султане». Сонымен қатар, егер жоғарыда аталған атаулар «город» жалпы сөзіне қосымша ретінде қолданылған жағдайда септелмейді: в городе Луисвилл, близ города Мобеж, за городом Санта-Крус. Дегенмен, бұл ереже орыс тіліне бұрыннан еніп кеткен және орыс тілімен меңгерілген шет тілді атаулар, соның ішінде «Нұр-Сұлтан»-ға да қатысты қолданылмайды: в городе Нур-Султане, за городом Нур-Султаном (по аналогии с: в…

Read More

Италияда автобус апатынан зардап шеккен қазақстандықтар алдағы тәулікте Алматыға жеткізіледі, — деп хабарлайды Tarazy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктегілердің мәліметінше, зардап шеккендер қазіргі уақытта Италияда стационарда ем алып жатыр. «Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысана сүйенсек, науқастардың жағдайы тұрақты ауыр, көптеген жарақат алған, оларды санитарлық авиациямен тасымалдау қажет. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қос науқасты елге алып келуге дайын. Санавиацияның арнайы борты да әзір және пациенттер біліктілігі жоғары дәрігерлердің бақылауында болады. Санитарлық авиацияның мобильді бригадасы науқастарды тасымалдап қана коймай, өз кезінде мониторинг жүргізіп, отандастарымыздың жағдайын жіті қадағалайды, бортта қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, пациенттер алдағы тәулікте Алматыдағы медициналық…

Read More

Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысының Жуалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасының пара алғанын әшкереледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, ол жеке кәсіпкерден пара алған. «Ол жеке балабақша ашуға оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру үшін жеке кәсіпкерден делдал арқылы жалпы сомасы 150 000 теңге пара алды деп танылды. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты үкім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.», — деп хабарлады агенттік өкілдері. https://youtu.be/omDZYTZViaQ

Read More

Asus компаниясы екі бірдей экраны бар ZenBook Duo және ZenBook Pro Duo ноутбуктарын таныстырды. Құрылғыда негізгі экран және пернетақта үстінде қосымша дисплей болады, — деп хабарлайды The Verge. ZenBook Pro Duo ноутбугы екіншісіне қарағанда үлкен. 15,6 дюймді OLED-экранмен (экран тұнықтығы 3840:2160 пиксель) жабдықталған. ZenBook Duo болса 14 дюймді. Экран тұнықтығы 1920:1080 пикселді құрайды. Қосымша дисплей арқылы қолданушының мүмкіндігі артады. Әсіресе сенсорлы болуы қолайлы саналуда. Ноутбуктар Intel Core i7 немесе і9 процессорларымен жабдықталған. Видеокартасы — NVIDIA GeForce MX250 немесе RTX 2060. ZenBook Pro Duo ноутбугының салмағы 2,5 кило болса, кішісінің салмағы 1,8 кило тартады. https://www.youtube.com/watch?v=1aqI7EnfbVM Компания жаңа тауарларының құнын жариялаған жоқ. Ноутбук нарыққа…

Read More

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, — деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметі. Елбасы кездесу барысында Владимир Путинге «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін тапсырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі нәтижелері мен әрі қарайғы даму перспективаларын атап өтті. – Бес жыл бұрын, Сіз және Александр Лукашенко үшеуміз осы одақты құрдық. Біз жүзеге асырған бұл идея менің тарапымнан 25 жыл бұрын ММУ қабырғасында ұсынылған болатын. Қиын уақыттарға қарамастан, арамыздағы өзара сауда өсіп келеді. Бірлескен кәсіпорындардың саны артуда.  Еуразиялық экономикалық одақ ЕО, ШЫҰ, АСЕАН және басқа да ұйымдармен интеграция…

Read More

Токионың Кавасаки қаласында белгісіз адам 19 адамды пышақпен жарақаттаған, — деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, жарақат алғандардың екеуі ауыр жағдайда, оның біреуі бала. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Қаскөй қолға түскен. Ол өзінің иығын жарақаттап үлгерген, оның жағдайы да ауыр деп хабарланды. Оқиға орнында екі пышақ табылған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі»не сілтеме жасап. 2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды. ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Read More

Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Султан қаласының әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасау бойынша шығармашылық байқау жариялады, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Бұл байқау патриотизм сезімін тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Өз жұмыстарын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылғы 27 мамырдан 24 маусымға дейін жүргізіледі. Әндер кез-келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін. Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан…

Read More

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және Қазақстан Республикасының Допингке қарсы ұлттық орталығы серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты. Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы — елімізде халықаралық құқық талабына сай допингке қарсы бағдарламаны жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Үш жақты келісімнің мақсаты – отандық футбол қауымдастығында допингке қарсы сауатты тәрбие қалыптастыру. Меморандумға ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев және ҚазДҚҰО директоры Майра Бақашева қол қойды. Допингке қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және онымен күресте әлемдегі тенденцияларды сақтау мақсатында биыл отандық клубтардың мамандарына арналған семинар ұйымдастырылады. Олар спортта тыйым салынған әдістердің тізімімен танысады. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде футболшылармен…

Read More

Канаданың Альберт провинциясының солтүстігіндегі Хай Левел қаласының жанындағы орман өртеніп жатыр. Қазір жалын шарпыған аумақ 105 200 гектардан асқан, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CTV телеарнасына сілтеме жасап. Өрт салдарынан 5 000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өртті сөндіру жасағының басшысы Скотт Элиоттың айтуынша, жалын желдің екпінімен солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай жылжуы мүмкін. Өртті сөндіруге 600 өрт сөндіруші, 28 тікұшақ, 8 ұшақ, көптеген арнаулы техникалар жұмылдырылған. Жергілікті өрт сөндірушілерге көмек ретінде Британ Колумбиясы, Онтарио, Ханзада Эдуард аралынан жәрдемші жасақтар жіберілді. Бірнеше жолдар жабылған. Жергілікті билік ауа сапасының нашарлайтынын тұрғындарға ескертіп жатыр.

Read More