Канаданың Альберт провинциясының солтүстігіндегі Хай Левел қаласының жанындағы орман өртеніп жатыр. Қазір жалын шарпыған аумақ 105 200 гектардан асқан, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CTV телеарнасына сілтеме жасап.
Өрт салдарынан 5 000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өртті сөндіру жасағының басшысы Скотт Элиоттың айтуынша, жалын желдің екпінімен солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай жылжуы мүмкін.
Өртті сөндіруге 600 өрт сөндіруші, 28 тікұшақ, 8 ұшақ, көптеген арнаулы техникалар жұмылдырылған. Жергілікті өрт сөндірушілерге көмек ретінде Британ Колумбиясы, Онтарио, Ханзада Эдуард аралынан жәрдемші жасақтар жіберілді.
Бірнеше жолдар жабылған. Жергілікті билік ауа сапасының нашарлайтынын тұрғындарға ескертіп жатыр.