Автор: admin

Бүгін екінші жартылай финалда «Тоттенхэм» мен «Аякс» финалға шығуға таласады. «Барселона» бірінші кездесуде «Камп Ноу» стадионында «Ливерпульді» 3:0 есебімен ұтып, істі тындырғандай болған еді, деп хабарлайды Zakon.kz. Қарымта кездесуде «Ливерпульдің» ерлік жасайтынына сену қиын болған. Жарақатына байланысты Мохамед Салах пен Роберто Фирмино болмады. Олардың орнына негізгі құрамда Джердан Шачири мен Дивок Ориджи шықты. «Ливерпуль» алдымен жылдам доп соғып алды. Ориджи көзге түсті. Екінші таймда голландиялық ойыншы Жоржиньо Вейналдум 54-ші және 56-шы минуттарда есепті 3:0 етті. 79-ші минутта Дивок Ориджи бұл кездесудің нүктесін қойды. Бүгін екінші жартылай финалда «Тоттенхэм» мен «Аякс» финалға шығуға таласады. Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі «Ванда Метрополитано» стадионында өтеді.

Read More

Мұны Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесуінде айтты. Бүгін қалалық әкімдікте Бақыт Сұлтановтың көпбалалы аналармен кездесуі өтіп жатыр. Кездесуде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтынасілтеме жасап. Қала әкімімен қатар кездесуге Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты. Елорда әкімімен кездесуге 70-ке жуық қала тұрғыны келді, олардың әрқайсысы толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Көпбалалы аналардың айтуынша, бірінші кезекте оларды тегін тұрғын үй беру, атаулы әлеуметтік көмек беру, жұмысқа орналастыру мәселелері қызықтырады. Қала әкімінің мәліметінше, соңғы уақытта бейінді басқармалар азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде көмекке аса…

Read More

Халық қалаулылары назарына атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылмақ. Бүгін, 17 мамыр, Палата Спикері Н. Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Ол бойынша халық қалаулылары назарына атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылмақ, деп хабарлайды Zakon.kzМәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында әзірленген. Құжат атқарушылық іс жүргізу тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге, атқарушылық құжаттар тізбесіне «Астана» халықаралық қаржы орталығы» сот актілерін енгізуге басқа да осы саладағы маңызды сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ,…

Read More

Әрі қарай не болатыны белгісіз. Жағдайы бірқалыпты ұсталып отыр Небәрі 2-дегі қыз екінші қабаттан бетонның үстіне құлап түскен. Ал ашық тұрған терезенің жақтауына оны тәрбиешісі шығарыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Қос кішкентай қызды сонда тұрғызып қойған әйел біреуін құлатып алған. Зардап шеккен баланың миына қан құйылып, ес-түссіз ауруханада жатыр. Балабақшадағы сұмдық жайт таспаға түсіп қалған. Кадрде көрініп тұрғандай, тәрбиеші екі бірдей бүлдіршінді ашық тұрған терезенің жақтауына тұрғызып қойған. Сөйтіп, біреуін жазалап тұрғанда, екіншісі жұқа тордан жерге құлап түседі. Екінші қабаттан құлдилаған сәбидің миына қан құйылып, ес-түссіз күйде ауруханада жатыр. Марат Досқалиев, Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы бас дәрігері: — Әрі қарай не…

Read More

2019 жылғы 18-20 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфералық фронттармен республиканың көптеген аймақтарында жаңбыр және температураның кезекті төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. – Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр болуы ықтимал. Республиканың батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашынның тоқтап, солтүстік тропосфералық ағындармен ауа температурасының төмендеуі күтіледі, – делінеді ақпаратта.

Read More

Қажет кадрларды біздің өңірге шақыру керек – Ноғаев. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев білім басқармасы басшыларын педагог кадрларды тарту жұмыстарын жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазір өңірдегі оқу орындарына 472 мұғалім қажет болып отыр. Негізінен орыстілді мектептерге, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. — Бұл мәселе бойынша жұмыс істеп отырмыз. Облыстағы бірқатар жоғары оқу орнындарына бардық. Биыл 174 жас маман келеді деп күтілуде, – деп нақтылады Атырау облыстық білім басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.

Read More

Сөндіру жұмыстары ерте таңнан қайта басталды. Алматы түбінде орналасқан қоқыс полигонындағы қалдықтардың бықсып жануы әлі тоқтар емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады, деп жазады Zakon.kz. Ведомство өрт сөндіру автоцистерналарының, су тасығыш және арнайы техникалардың қоқыс полигонындағы қалдықтардың жануын жою жұмыстарын 17 мамыр күні сағат 03:00 дейін жалғастырып, осы күні сағат 06:00 қайта басталғанын айтып, есеп берді. — Дәл қазіргі уақытта бықсымаларды сумен өшіріп, өрт ошағының аумағын топырақпен көму жұмыстары жүріп жатыр. Сағат 07:00 су тасу құрылғылары бар екі тік ұшақ 30 рет су шашып, жалпы көлемі 90 шаршы метр су жеткізді. Сонымен қатар өрт шыққан орынды әуеден бақылап тұру үшін оқиға…

Read More

2018 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейген. Сурет : Public Domain Pictures17 Мамыр 2019, 11:14 2019 жылдың 1 сәуірінде елдегі халық саны 18448,6 мың адамды құрады, оның ішінде 10734,2 мың адам (58,2%) қалада, 7714,4 мың адам (41,8%) ауылда тұрады,деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 2018 жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейген. Жыл ішінде халқы ең көп көбейген қалалар Шымкент (52,7 мың адамға), Нұр-Сұлтан (50,3 мың адамға) және Алматы (49,9 мың адамға.

Read More

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктер 17 мамырында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, отүстік шығыста, орталықта және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстікте – дауыл күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, басым бөлігінде 15-20 жел, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с артады, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл,…

Read More

Тек жүргізуші ғана аман қалды. Сурет : Zakon.kz17 Мамыр 2019, 09:31 Бейсенбі, 16 мамыр күні кешқұрым, Алматы маңындағы автожолда жан түршігерлік жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі. «МАЗ» ұзын өлшемді жүк көлігі жүргізушсінің айтуынша, жол апаты сағат 17:30 шамасында орын алған. Ұзын көлік Алматы-Нұр-Сұлтан трассасында колона құрамында келе жатқан. Кенет, жүргізуші Алматыға қарайғы бағыттың 87 шақырымында серіктестерінің тоқтағанын байқайды. Ер адам да жол шетіне шығып, тоқтайды, сосын көлігінен түсе бастаған. Дәл осы сәтте артқы жағында келе жатқан Toyota Carina E автокөлігі де жол шетіне ығыса бастапты, бірақ оның жүргізушісі алдында жүк көлігінің тұрғанын байқап, қайтадан жол ортасына қарай өтпекші…

Read More