Автор: admin

Қазақстан Президенті 66 жасқа толды. Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа келді, деп хабарлайды Zakon.kz. Қазақстанның екінші президенті 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда дүниеге келген. 1975 жылы Мәскеудегі мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген, 1992 жылы РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген (халықаралық қатынастар маманы). Қазақстанның Тәуелсіздігіне дейін КСРО сыртқы істер министрлігі мен Союздың елшіліктерінде жұмыс істеген. 1993 жылдың желтоқсанынан 1994 жылдың қазанына дейін Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, 1994-тен 1999-ға дейін елдің сыртқы істер министрі. Одан кейін премьер-министрдің орынбасары, премьер-министр, мемлекеттік хатшы болды. 2011 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың қазанына дейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болды, БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық бөлімін басқарды. 2013 жылдың…

Read More

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жылдарында кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарғанын тілге тиек етті. Бұл туралы XII Астана экономикалық форумында айтты. «Мен Қазақстанға  сенген және бүгінгі күні де сенім артып отырған серіктестеріміздің, мемлекеттердің, достас инвесторлардың сенімін жоғары бағалаймын. Мұндай прагматикалық оптимизмді Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесіне сенімділіктің маңызды көрсеткіші санаймын. Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналды. Тәуелсіздік  жылдарында экономика 20 есе артып, кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарды. Біз бұл бағытты нығайтуды жалғастырамыз», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Н.Назарбаев еліміздің Сыртқы істер министрлігі шетел инвестициясын тарту мәселесінде негізгі орган екенін, ал шетелдегі Елшіліктер Қазақстанда жұмыс істеуге ниет танытқан…

Read More

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 10 жастағы қыз қырым-конго қанды безгегінен көз жұмды, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Оның кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны белгісіз. Жақында ғана Өзбекстаннан келгені айтылады. «Мекенжайлары жоқ және мына Өзбекстан азаматтары. Қайыр сұрап күн көріп отырған адамдар. Бірақ өзінің кеш қаралуына байланысты және аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», — дейді Жамбыл облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 481 адамды кене шаққан. Қауіпті қансорғыштар шаққан жамбылдықтар қатаң бақылауға алынып, тыңғылықты тексеру жүргізілген. https://youtu.be/RSmv_-6D5kU

Read More

Таразда алғаш рет жас мектеп директорлары арасында байқау өтті, — деп хабарлайды «Хабар 24». Шараға аудандар мен облыс орталығынан 10 білім ошағының үздік деген жетекшілері қатысты. Олар жергілікті ауыл-аймақтарда ақпан және сәуір айларында іріктеу кезеңінен өткен. Жоба жас басшылардың бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, өзара креативті идеяларымен бөлісуге бағытталған. Байқау барысында мамандар 5 минуттық бейнеролик арқылы өздерін таныстырды. Сондай-ақ басқарып отырған мектептерінің стратегиялық даму жоспарын қорғап, білім беру тиімділігі тақырыбында эссе жазды. Мамандар мұндай бастама мұғалімдердің қызметін насихаттап, жастардың тәжірибе жинақтауларына үлкен мүмкіндік дейді. «Біз бұл жерде шектеу қойдық. Жұмыс өтілі директорлық лауазымында 5 жылдан аспауы керек. Эмоционалдығы, халықтың алдында өзін…

Read More

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын баспанаға немесе кредитті жабу үшін пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. «Мен өзім зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдалануға қарсымын. Бұл – менің жеке пікірім. Иә, неше түрлі жағдайлар болады. Қаржылай қиындықтар болғанда несие алуға тура келеді. Кепілдік те бар. Ал кредитті ақшамен, я болмаса, кепілдікпен өтеу керек. Бірақ БЖЗҚ-дағы жинақтар зейнетке шыққаннан кейін керек қой. Мәселен, ол ақшаны пайдалануға рұқсат берілсе, несие алған адам зейнетақы жинақтарын жұмсап, кепілдіктен де айрылуы мүмкін. Меніңше, ондай жағдайда зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдаланған қисынсыз сияқты», — деді Смоляков журналистерге…

Read More

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу 3 маусым күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады Кезектен тыс президент сайлауына 67 халықаралық байқаушы аккредитттелді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады. Бүгінгі таңда президент сайлауына 67 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Олардың 22-сі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының құрамындағы байқаушы. «2019 жылы 8 мамырда Сыртқы істер министрлігінен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының 22 ұзақ мерзімді байқаушысын аккредиттеуге ұсыныс келіп түсті. Олардың барлығы аккредиттеуге шығарылып отыр», — деді Баймолдина ОСК отырысында.…

Read More

Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Бұл ақпарат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жария еткен Мемлекет басшысының мәлімдемесінен белгілі болды. «Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Бұл ауқымды гуманитарлық акция – Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы болды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар елімізге қайтарылған азаматтармен оңалту шараларын жүргізді. Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді» дейді Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазірдің…

Read More

Қазақстан Президентінің сайлауына жеті кандидат қатысатын болды. Орталық сайлау комиссиясы кеше үш үміткерді кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырды. Бұған дейін төрт үміткер кандидат куәлігін алған еді. ОСК мүшесі Ақылбек Ихда­новтың айтуынша, «Ауыл» ха­лық­тық-демократиялық пар­тиясы ұсынған Төлеутай Рахым­беков заң бойынша барлық құ­жатын тапсырды. Лингвис­ти­ка­лық комиссия отырысында мем­лекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді. – Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбековтің кірістері мен мүлкіне қатысты декла­ра­ция­ны тапсырғаны туралы мем­ле­кеттік кірістер органының анық­тамасы бар. Оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды берілді. Аумақтық сайлау комис­сия­ларының канди­дат Төлеутай Сатайұлын қолдап жиналған аза­маттардың қолын тексеру нәти­жесі туралы хатта­малар ұсынылды: Қазақстанның…

Read More

Мектепте оқушыларға ағылшын тілінде пәндер тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана берілетін болады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлім етті. «Үштілділікке байланысты: ең бірінші мәселе — қазақ тілін оқыту мәселесі. Екінші орыс тілі, ағылшын тілі мәселелері. Яғни тілдерді оқыту бұл деңгейге байланысты төрт дағдыны дамытуға бағытталады. Олар — тыңдау, айту, сөйлеу және жазу дағдылары. Сондықтан ағылшын тілінде балаларға пәнді беру тек 10 және 11 сыныпта, баланың тілдік қабілеті жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болған жағдайда, мектептің шешімімен ғана жүретін болады. Қазіргі…

Read More

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бөлімі, «ЮНЕСКО» 2020 жылды Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арнайтын болды. Бұл хабарды Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жеткізді. «UNESCO-дан сүйінші хабар: Келесі 2020 жыл түгел түркінің абызы Тоныкөк бабамыздың жазба ескерткішінің 1300 жылдығына арналады. Құтты болсын!»,-деп жазды Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-парақшасында. Мәдени мұралар — ұлт игілігі Орхон-Енисей жазбасы — Орхон және Енисей өзен бойларында табылған көне түркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілісі – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғаны белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар…

Read More