Author: admin

1 тамызда білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап. Тізімнің толық нұсқасын мына жерден қарауға болады: 2019 жылғы орыс тіліндегі гранттар тізімі 2019 жылғы қазақ тіліндегі гранттар тізімі Сондай-ақ білім грантының иегерлері Egemen.kz, Kazpravda.kz сайттары мен @testcenterBot – Телеграм-ботында жарияланған. Мемлекеттік білім грантын тағайындау бойынша республикалық байқау комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығы, қоғамдық бірлестіктер, ҚР БҒМ Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің, педагогикалық қауымдастықтың өкілдері кірді. Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биыл білім гранттары білім бағдарламасының топтары бойынша берілген. Жоғары оқу орнына түсер кезінде түлек алдағы…

Read More

Нидерландыда адам бетін жауып тұратын киімдерге тыйым салынды, – деп хабарлайды Deutsche Welle. Заң 1 тамыздан бастап күшіне енді және мынадай киімдер үлгісіне тыйым салында: мұсылмандар жамылғысы – паранжа, сондай-ақ никаб. Мұндай киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады, оның ішінде мектептер, ауруханалар, мемлекеттік мекемелер және көлікте. Ішкі істер министрлігі құзырлы органдар мен муниципалдық билікті осы тыйым салу шаралары қадағалауды тапсырды. Қауіпсіздік органы қызметкерлері қоғамдық көлікте паранжан не никаб киген әйелге бірінші бет-әлпетін тұмшаламауды талап етуі тиіс. Егер әйел бұл талапты орындамаса оған ғимаратқа тыйым салынуы мүмкін немесе 150 еуро көлемінде айыппұл салынады. Тыйым салу мотоцикл шлемдері мен балаклаваларға да қатысты айтылған. Кейбір…

Read More

Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебековтың қолдауымен Арыстық балалар аудандағы «Тау Самалы» жазғы лагерінде демалып жатыр. Бұл Арыс қаласынан жазғы лагерге демалуға келген балалардың екінші легі. Бүгінгі күнде балалардың алғашқы легі аталған лагерьде демалып, ата-аналарының жанына оралды. Аудан басшысы «Тау Самалы» жазғы лагерінде демалып жатқан Арыс қаласының балаларымен кездесуге арнайы барды. Мұнда Нарбай Әбілқасымұлы балалармен етене жақын әңгімелесіп, Арыс қаласында болған зардапты ұмытып, лагерьдегі күндерін жақсы әрі пайдалы өткізулеріне тілектес екенін жеткізді. Мұнда балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін танымдық байқаулар, ағылшын тілі курсы, спорттық ойындар, 5 мезгілдік дұрыс тамақтану өз деңгейінде ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Нарбай Ергебеков демалыс орнының басшылығына Арыстық балалардың…

Read More

Шешенстандық 16 жастағы Магомед Ахматов әлеуметтік желіде республика басшысына жазған сыни пікірлері үшін «Грозный» мемлекеттік телеарнасының эфирінде кешірім сұрады. Бағдарламаның видеосы YouTube хостингінде жарияланды. Шамамен 46 минутқа созылатын видеода Шешенстан мүфтиі Салах Межиев Ахматовпен сөйлеседі. Ол жасөспірімге айтылған биліктің сыни пікірінен үзінді оқыды. Сюжетте жігіт жылап жіберіп, шешен елі мен халқының алдында кешірім сұрайды. Ол түрлі интернет-насихатқа алданып, билік туралы негізсіз теріс пікірлер қалдырғанын мәлімдеді. Олардың бірінде жасөспірім билікті жемқор деп айыптап, Рамзан Қадыровты «діннен безген» деп жазады. Төрт бала тәрбиелеп отырған Магомед Ахматовтың анасы ұлына ие бола алмағанын айтты. Ал жасөспірімнің ағасы жиені тегін масқаралағанын мойындап, енді барлық шешен заңына сай жауап беруі керектігін мәлімдеді. Жасөспірім…

Read More

Танымдық шараға қатысушылар 20-ғасырда зауыттан шыққан 50 машинаны тамашалады. Мәселен 1947 жылғы «Фиат» жеңіл көлігі бірден көрермен көзайымына айналды. Үш мыңға тарта адам қатысқан көрмеде көне үлгідегі «Волга» мен «Москвичтер» де сап түзеді. Әр адам қалауы түскен көлік салонына отырып, капотын ашып көруге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар ретро көрмеде тұратын машина саны жыл санап көбейгеніне қуанышты.«Мұндай шара әкеден мұраға қалған мүлікті көпке таныстырып, әулеттің атын шығарады», – дейді олар. «Алғашқы көрмеге раритет көліктермен бірге мотоциклдер де қойылды. Әр машина өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Жол талғамайтын жүрдек джиптер де осында. Осы шараны өткізу арқылы Таразда сақталған көне көліктерді көрерменге таныстырғымыз келді. Ендігі…

Read More

Согласно указу министра МВД РК 30 июля текущего года в Управлении полиции города Тараз состоялось профилактическое мероприятие, целью которого стала помощь в трудоустройстве ранее судимых, лиц условно-осужденных и досрочно освобожденных, находящихся под административным надзором, формально подпадающих под административный надзор. В содержательном мероприятии приняли участие более 50 бывших осужденных, которых пригласили старшие участковые инспектора города, – передает Пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. По словам первого заместителя УП г.Тараз подполковника полиции Мурата Кудайбергенова, сегодня на территории областного центра многие подучетные лица, не имея работы и стабильного заработка, порой готовы повторно совершить преступление. Согласно анализу, с начала нынешнего года в Таразе зарегистрировано более 300…

Read More

В Таразе бывшего начальника оперативно-поискового отделения отдела криминальной полиции и оперуполномоченного осудили за пытки свидетеля, передает пресс-служба Антикоррупционной службы. Департаментом Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции Жамбылской области ранее окончено досудебное расследование в отношении начальника оперативно-поискового отделения отдела криминальной полиции УВД Тараза капитана полиции Бейсекеева С. и оперуполномоченного этого отделения лейтенанта полиции Кудайбергенова А. «Бейсекеев и Кудайбергенов с целью получения признательных показаний по предварительному сговору применили пытки в отношении свидетеля по уголовному делу. 29 июля текущего года приговором суда № 2 города Тараза Бейсекеев и Кудайбергенов осуждены к трем годам лишения свободы с отбыванием наказания в учреждении средней безопасности», -…

Read More

Үлкен жолдың торабындағы Жамбыл облысында жаңадан үлкен жолдар салынып, ел мен елдің арасындағы байланыс нығайып, жүк тасымалы көлемінің артқанын көрсетуде. Алайда, жаңа салынған және ескі жолдарда ауыр жүк көліктердің тым көптігінен кептелістер мен  шамадан тыс жүк артуынан жолдар бұзылып, ойлы шұңқырлы жерлері көбеюде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Жамбыл–адалдық алаңы» жоба қызметкерлері, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және облыстық жергілікті полиция қызметі мамандары бірігіп жүк көліктеріне рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізді. Рейдтік шара шекарадан өтетін жүктердің тауарды сүйемелдеу құжаттарында көрсетілген мәліметтерге, яғни, тасымалданатын жүктің нақты салмағына сәйкестігін анықтау және сыбайлас жемқорлық…

Read More

Нигериядағы жерлеу рәсіміне «Боко Харам» радикал исламшыл тобының содырларының шабуылынан кем дегенде 65 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды. Бұл туралы Agence France-Presse хабардар етті, – деп хабарлайды РИА Новости. Ведомствоның хабары бойынша, шабуыл елдің солтүстік-шығысындағы үлкен Майдугури қаласының маңындағы Борно штатында болған. Мотоцикл мінген шабуылшылар Борно штатындағы жергілікті ауылдардың біріне келіп, жерлеу рәсімінен оралған адамдарға оқ жаудырған. Кемінде он адам жарақат алды. Нигерия президенті Мохаммад Бухари әскерилерге содырларды бейбіт тұрғындарға жасаған шабуылы үшін іздеу операциясын жүргізуді бұйырды. Нигерияда радикал исламшыл «Боко Харам» тобы бар. Оның содырлары батыстың білім беру моделіне қарсылық білдіріп, бүкіл елде шариғат енгізгісі келеді. Нигер, Камерун және…

Read More

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, – деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. Кездесу барысында бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды. Елдегі қоғамдық-саяси жағдайға және азаматтық қоғам институттарының дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Read More

2019 жылдың 24 шілдесінде Жамбыл облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасының қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Аталған мәжілісте Жамбыл облысы полиция департаменті және оның құрылымдық бөлімдері қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және оның қорытындысы бойынша берілген ұсыныстардың орындалу барысы қарастырылды. Мәжілісте полиция қызметкерлерінің өз міндеттерін орындау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында, бейнежетондармен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі қарастырылды. Мәселен, сауалнамаға қатысқан 130 жергілікті полиция инспекторларының 19-ы (15%) және 42 Учаскелік полиция инспекторларының 27 (64%-ы) қызмет атқару…

Read More

Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» акциясы ұйымдастырылып, 1200-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды «Хабар 24». 200-ден аса жүргізуші жылдамдықты асырған. Олардың әрқайсы 25 мың теңгеден айыппұл төлейтін болады. Тағы 11 жүргізуші рульге мас күйінде отырған. Жалпы жыл басынан бері Жамбыл облысында 134 жол–көлік оқиғасы тіркелген. «Осындай шаралар ай сайын өтіп тұрады. Тек «Қауіпсіз жол» ғана емес сонымен қоса, «Автобус», «Маячок» алдын алу шаралары да бар. Осы орайда біз жүргізушілерге әртүрлі ескертпелер таратамыз. Біздің республикалық маңыздағы жолда жүру сағатына 110 шақырым. Алайда жүргізушілер мұны ескермейді. Осының салдарынан жол – көлік оқиғалары орын алып жатады», – дейді облыстық ПД ЖПҚ басшысының орынбасары Самат Құсаинов.

Read More

2 июля текущего года от жителя областного центра в ОП-1 Управления полиции города Тараз поступило заявление о совершенной квартирной краже, где похищены ноутбук стоимостью 150 000 тенге и банковская карта, – передает Tarazy.kz со сылкой на пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. Сотрудниками полиции при проведении оперативно-розыскных мероприятий был задержан 31-летний житель города Тараз. Проведенными обысковыми мероприятиями по месту жительства подозреваемого установлено более 100 наименований разных вещей – от старых монет, сотовых телефонов, драгоценностей, дорогих часов до патронов и оружия. Каждый предмет, обнаруженный в квартире подозреваемого, будет проверен на его криминальное происхождение. Подозреваемый водворен в ИВС г.Тараз, ведется досудебное расследование по…

Read More

«Түркітілдес журналистер қоры «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен, 2019 жылдың 29-30 шілдесінде Алматы қаласында және 10-11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына қазақ журналистер үшін тегін семинар-тренинг өткізеді. Аталған шараға Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Талдықорған, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Жезқазған, Көкшетау, Семей, Өскемен, Ақтау, Атырау т.б. Қазақстанның барлық облыс-аудан, аймақтарынан журналистер шақырылады. Ұлыбританиядан арнайы шақырылған медиа-тренер, Ватан Өз семинарға қатысушыларға еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік тақырыптағы ақпараттардың ресми құжаттарға сәйкес болуы, қылмыстық және азаматтық жауапкершілік, әлеуметтік мәселелер және жалған хабарлар (fake news), сақтауға міндетті этикалық қағидалар, зиянды ақпараттар дайындайтын дереккөздер (troller), деректерді тексеру (fact checkıng), Ұлыбританиядағы…

Read More

Жыл басынан бері 9379 адам Қазақстан азаматтығын алған. Көбіне шекаралас елдердің азаматтары алған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz «Биыл осы күнге дейін 451 адам, 2018 жылы 770 адамға Қазақстан азаматтығынан шығуға рұқсат берілді. 9379 адам Қазақстан азаматтығын алды. Негізінен Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан және Қытайдың бұрынғы азаматтары Қазақстанның азаматтығын алды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 28 794 адам болған еді», – деді Ішкі істер министрлігі редакцияның сауалына жауап ретінде. ІІМ өкілдері «Азаматтық туралы» Заңының 21-бабы («Азаматтық жоғалту») бойынша Қазақстан азаматтығын жоғалту шарттарының бірі басқа мемлекеттің азаматтығын алу болып табылатындығын нақтылады. «ҚР азаматтығын алу немесе одан шығу сияқты, сондай-ақ басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдау ерікті түрде өтініш беру арқылы…

Read More

Биыл Таразда тұңғыш үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды «Хабар 24». Сәбилер жоспарланған мерзімнен бірнеше апта ерте жарық көрген. Сондықтан олар алғашқы күннен қарқынды терапия бөлімшесінде жатты. Өмірге аман-сау келген Ислам, Марғұлан және Аслан есімді нәрестелер қазір салмақ қосып, өздерін жақсы сезінеді. 34 жастағы ана Эльвира Қожагелдиева перзентханадан үйіне жіберілді. Айта кету керек, өткен жылдың осы кезеңінде облыста 2 үшем дүние есігін ашқан болатын. Жалпы жыл басынан бері қалада 3296 бала туған. «Өзімнің 1 балам, 2 қызым бар. Енді сол төртінші баланы дүниеге әкелсек деп ойлаған едік. Үшем Алланың берген сыйы деп ойлаймын бізге. Өте қуаныштымын», – дейді үшемнің анасы Эльвира Қожагелдиева.

Read More

Облыста жасөспірімдер қылмысы – 25,7%, балаларға қатысты қылмыстар – 29,1%, ал суицид – 3 есеге көбейді, – деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Бүгін өткен үйлестіру кеңесінің отырысында осы келеңсіз статистика айтылды. Облыста кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 12 облыстық, қалалық және аудандық комиссия жұмыс істейді, онда 250-ден астам мәселе қаралып, 1759 түрлі алдын алу іс-шарасы өткізілді. Алайда, бір де біреуінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер қаралған жоқ. Әлсіз профилактиканың екінші себебі – ювеналдық полиция кадрларының тәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-ның ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек 114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған. Үшінші себеп – жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың өзгермеуі.…

Read More

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасына милиция мен шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді, жағдай тұрақтанды, – деп хабарлайды Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Тәжікстанның Исфара қаласына баратын жол бойындағы Ақ-Сай ауылының тұрғындарымен кездесті. Сооронбай Жээнбековтің айтуынша, Баткен облысының шекарасындағы жағдай бақылауда. Ол құқық қорғау органдарына, қарулы күштерге, барлық министрліктер мен ведомстволардың басшыларына тиісті тапсырмалар бергенін атап өтті. © Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі «Бүгінгі таңда тәжік тарапымен бірге қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Баткен облысына ішкі істер органдары мен мемлекеттік шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бұл жұмыс біздің өткен кездесулерден кейін жедел түрде өткізілді. Енді шекарадағы жағдайды бақылау бойынша патрульдік…

Read More

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 4 триллион теңге салық түсті, – деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. ҚР ҚМ МКК құзырындағы мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке 102,6 пайызға, республикалық бюджетке 101 пайызға және жергілікті бюджеттерге 107,5 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгінгі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында белгілі болды. Алқа жұмысына аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары, ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік бюджетке 4 126,0 миллиард теңге жоспар кезінде 108 миллиард теңгеге асыра орындалып, нақты 4,234 миллиард теңге түсті, оның ішінде:…

Read More

Соңғы үш жылда жиі айтылатын сөз тіркестерінің бірі «Қоғамдық кеңес» дегеніміз не өзі? Мақсат, міндеті қандай? Оған кімдер мүше бола алады? Кімге бағынады? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрелік. Негізінде, қоғамдық кеңес – қоғамдық бастамамен, дербес жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады. Қоғамдық кеңестер – коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін атқарушы органдар, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар. Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге, орталық атқару органдарының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына араласуға, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқылы. Қоғамдық кеңеске он сегіз жасқа толған,…

Read More

Таразда автобус аялдамаларының 50 пайызы әбден тозған, – деп хабарлайды «Хабар 24». Ал жаңаларын орнатуға соңғы бес жылда мүлдем қаржы бөлінбепті. Мұнымен қоса, облыс орталығындағы жолдардың да жайы мәз емес. Ал оның тауқыметін қарапайым халық тартып отыр. Мәселе қашан шешімін табады? Бұл – шаһардағы «Тайвань» ауданы. Мұндағы жолдардың жөндеу көрмегеніне бірнеше жыл болған. «Көлік түгілі аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал діттеген жерге жетудің өзі мұң», – дейді тұрғындар. Қазір қалада жылу құбырлары ауыстырылып жатыр. Салдарынан жүргізушілер айналма жолмен және жеке секторлармен қатынауға мәжбүр. Бұл жұмыстар осымен екінші жыл қатарынан жалғасып отыр. Кей учаскелер биыл қайта қазылып жатыр. Жауаптылардың айтуы…

Read More

Өткен демалыс күндері Тараздағы әскери әуе айлақтан қазақстандық әскери қызметшілер Моңғолияға аттанды. Ондағы мақсат – Армия халықаралық ойындары аясында өткізілетін «Әскери бәйге» байқауына қатысу, – деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әскери бәйге – Халықаралық армия ойындарының құрамына биыл алғаш рет өткізілгелі жатқан жаңа байқау. Бұл ойын тамыз айында басталмақ. Бірақ команда жарыс өтетін жерді барлап, бейімделу үшін  он күнге бұрын шықты. Ерте шығудың да өзіндік мәні бар, моңғол аттарын шабыста сынап көру. Себебі жарыс шартына сәйкес аттарды конкурс өткізетін тарап береді. Қазақстаннан «Әскери бәйге» байқауына қатысатын команда шеберліктерін шыңдаған, мықты топ. Биыл елімізден армия ойындарына қатысатындардың ішінде…

Read More

Facebook қолданушылардың жеке мәліметтерін таратқаны үшін 5 миллиард АҚШ доллар көлемінде айыппұл төлемек. Бұл туралы АҚШ Федералдық сауда комиссиясы (FTC) мәлімдеді. Федералдық сауда комиссиясы (FTC) сондай-ақ Facebook директорлар Кеңесінде қолданушылардың жеке деректерін қорғауды бақылайтын комиссия құруды талап етіп отыр. Тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия компания басшысы Марк Цукербергке бағынбайды. Facebook-ке салынған айыппұл соммасы тарихта АҚШ үкіметі қолданушылардың жеке ақпаратын сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартқан кез келген компаниямен салыстырғанда рекордтық болып отыр. Өткен жылы компания Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген қолданушылардың жеке мәліметтерін заңсыз таратқаны үшін дауға қалған еді. Құпия мәліметтерге қол жеткізген Cambridge Analytica саяси консалтингтік фирмасы деректерді саяси науқандарда қолданды…

Read More

Тараздағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысының пара алу дерегін анықтады. Ол жүзу бассейнін пайдалану үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін жеке компания өкілінен делдал арқылы 100 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. «Күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен соңғы үкім сот арқылы шығарылады», – делінген агенттік хабарламасында.

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда, Шымкентте және Қызылордада заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Сегіз Калашников автоматы мен екі тапаншаны алу дерегінің құжаталған. Қару тәркіленді. © knb.gov.kz 2019 жылы 18-19 шілдеде Алматы мен Шымкентте қылмыстық топ мүшелерін құрықтау бойынша арнайы операция жүргізілді. Олардың кейбіреулері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар болып табылады және «ұрылар қауымдастығының» өкілдерімен тұрақты байланыста болады», – делінген ҰҚК хабарламасында. Фото:knb.gov.kz Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде қаруды қолдан құрастыруға және қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған. «Арнайы операция барысында Қазақстан аумағына қару сатумен айналысқан ірі желісі жойылды. Ұсталған адамдар бұрындары сатқан қаруды заңсыз айналымнан алу шаралары…

Read More

С 24 – 28 июля текущего года сотрудниками Батальона патрульной полиции Местной полицейской службы Департамента полиции Жамбылской области проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасная дорога», целью которого является предупреждение нарушений правил дорожного движения, повышение транспортной дисциплины среди водителей и снижение количества дорожно-транспортных происшествий. В первый день ОПМ сотрудники полиции выявили 634 факта административных правонарушений. Стоит отметить, что рейдовые мероприятия проводятся регулярно. ОПМ направлены на выявление существенных нарушений правил дорожного движения, в том числе по управлению транспортным средством в состоянии опьянения, выезду на встречную полосу, возникновению аварийной ситуации, незаконной перевозки пассажиров, нарушений ПДД среди водителей общественных транспортных средств. Департамент полиции Жамбылской области призывает…

Read More

Алмазбек Атамбаев елден кетті. Қырғызстанның бұрынғы президенті Мәскеуге ұшып кетті. Оның өкілдерінің мәлімдеуінше, Алмазбек Атамбаев бір күндік сапарға барды және ертең еліне қайта оралады. Бұрынғы президент те Қырғызстаннан қоныс аударуға ниеті жоқ екенін үнемі айтып келетін. Алмазбек Атамбаев бұл сапарын елден қашу деп санамауды сұраған. Еске салып кетсек, маусым айында Қырғызстан парламенті бұрынғы президентті дербес құқықығынан айырды. Бұл Бас прокуратура «Атамбаев билік басында болған кезде бес қылмысқа қатысы болған» деген қорытындыға келгеннен кейін қабылданған шара. Тергеушілер Алмазбек Атамабевты бірнеше рет бұл істер бойынша жауап беруге шақырған, алайда ол бұған құлақ асқан жоқ. Бұрынғы президенттің адвокаттары дербес құқықтан айыруға заңды тұрғыдан…

Read More

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», – деп жазды Мемлекет басшысы. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1153916151304544256?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1153916151304544256&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-bilet-satudagyi-alayaktyiktyi-toktatudyi-tapsyirdyi-299809%2F Дәл қазіргі уақытта еліміздегі темір жол вокзалдарында жолаушылар билет таппай сандалып, тіпті болмаса, компьютер алдында тасымалдаушы компанияның сайттарына сүзіліп отырғандар өте көп. Жаз шығысымен және ұлық мерекелер қарсаңында үдей түсетін мұндай сабылыс айналып келгенде қоғам тарапынан құзырлы орындардың жұмысына, тіпті мемлекеттік құрылымға сенімсіздік туғызатыны түсінікті. Оның үстіне пойыз билеттерінің делдалдар қолында жүруі де жұртшылықтың ашу-ызасын…

Read More

Жамбылдық учаскелік инспекторларға қызметтік автокөліктер берілді, – деп хабарлайды Tarazy.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін орталық «Достық» алаңында Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров пен Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев аудандық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторларына салтанатты түрде жаңа қызметтік автокөліктер тапсырды. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі және Шу аудандарының учаскелік полиция инспекторлары су жаңа «Нива» және «Уаз» маркалы 131 бірлік арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілді. Ал қалған үш ауданға келесі жылдың 1-жартыжылдығында бөлінетін болады. Салтанатты іс-шарада ең алғаш болып сөз алған Облыс әкімінің міндетін атқарушы Н.Календеров: – Облыс әкімдігі ішкі істер органдарымен бірлесіп аймақта қоғамдық тәртiп…

Read More

Ақмола облысында «Охотзоопром» инспекторы, 43 жастағы Қаныш Нұртазинов браконьерлер қолынан қаза тапты, – деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. 23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркеген. Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. «Нива» автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды. «Қашу барысында «Нива» көлігінен браконьерлер оқ атқан, салдарынан екі инспектор жарақат алды. Олардың бірі қазір ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы – ауырлықтың орташа деңгейінде», – дейді…

Read More

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Adidas фирмасының 3000 аяқ киімдер мен жейделері тегін таратылатыны туралы хабарламаның қазақстандықтарға қауіпті екенін ескертеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Шілде айының басынан бастап қазақстандықтардың WhatsApp мессенджерінде Adidas-тың туған күнін мерекелеу құрметіне 3000 жұп аяқ киім мен футболкаларды сыйға тартылатыны туралы хабарламалар қаптап кетті. KZ-CERT командасының мамандары да осындай хабарлама алды, сондықтан да хабарламада көрсетілген adidas-footwears.club ресурсына талдау жүргізілді. Бұл интернет-ресурс «Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс / фишинг деп жіктелді», – делінген Facebook хабарламасында. Сарапшылар компанияның ресми сайтында (www.adidas.com) мұндай акция туралы ақпарат жоғын айтады. «Фишингтің бұл түрі тек ұялы телефоннан жасалды, яғни тарату телефоннан жіберілді. Алаяқтар мессенджерден фейк…

Read More

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Ахметжан Пірімқұлов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2000 жылы «экономист» мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2003 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысының прокуратура маманы ретінде бастады, сот жүйесінде жұмыс істеген. 2012–2016 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төраға орынбасары, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғы маусымнан…

Read More

20 шілдедегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 1620 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда құрылысшылар жеке тұрғын үй құрылысы  және көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 4798 нысанда жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 7136 құрылысшы тартылған. Олардың саны күн сайын артып келеді (бір күн бұрын 7037). Қала 17 секторға бөлінген, онда 213 құрылыс компаниясы және 213 арнайы техника жұмыс істейді. Тағы да 1914 құрылысшы әлеуметтік нысанды қалпына келтіреді. Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді.…

Read More

Оңтүстік Кореяның Порён қаласында дәстүрлі лай фестивалі өтіп жатыр. Осымен 22-ші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қатысып жатыр, – деп хабарлайды «Хабар 24». Фестиваль осы өңірдегі туризмді дамытып, лай саяжай мекендерін насихаттауға бағытталған. Осы мақсатта қызықты фестивальде балшықта күрес, жүгіру, би жарысы сынды түрлі сайыстар өткізіледі. Жалпы биыл жергілікті билік 55 ойын-сауық шарасын өткізуді жоспарлаған. Фестиваль шілденің 28-іне дейін жалғасады. «Мен фестивальге достарыммен бірге келдім. Қазір мұнда күн ыстық. Бірақ балшықты бассейндерге шомылып, салқындап рахаттанып қалдық. Бір жағынан ем алдым деп ойлаймын. Себебі балшықтың теріге пайдалы екені белгілі», – дейді Пак Хё Гён есімді жергілікті тұрғын. Суреттер AP Photo/ Lee Jin-man

Read More

Индонезияның Джакарта провинциясында екі құрылысшы өте көп энергетикалық сусын ішіп қайтыс болды. Бұл туралы AsiaOne порталына сілтеме жасап Lenta.ru сайты хабарлады.  Полиция ақпараты бойынша, Агус пен Ахмад Рийононың денесін 16 шілдеде олардың басшысы тауып алған. Ер адам құрылысшылар жұмыстан қашып жүр деп ойлап олардың жалдамалы пәтеріне барған. Үйде жұмысшылардың денесінен бөлек, ұнтақты энергетиктердің бос пакеттері, екі бөтелке энергетикалық коктейль мен екі бөтелке су табылған. «Олар энергетикалық сусындарды артық мөлшерде ішкеннен қаза тапты деп ойлаймыз. Екеуі құрғақ энергетиктің бір қаптамасын ішіп қойған. Оның үстіне, күні бойы ештеңе жемеген», – дейді криминалист Том Сираит. Полицейлер ер адамдардың денесінен зорлық-зомбылық ізін таппаған. «Оқиға орнында күрес белгілері болмады. Олар қарапайым…

Read More

21 шілдеде, жексенбіде таңғы 6:00 шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында Соғанды ауылынан 10 шақырым жерде жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Алдын ала нұсқа бойынша, «Мерседес Бенц Е200» маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап кетіп, сол бағытта кетіп бара жатқан «Мерседес Бенц 814» маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көлік салонында болған төрт жолаушы қаза тапты. Жүргізуші Қордай аудандық көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу шарасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр.

Read More

16 жастағы жасөспірім Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде суға батып кетті, – деп хабарлайды «Хабар 24» агенттігі. Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған. Бала Жамбыл облысының бір топ спортшыларымен «Жас құтқарушы» республикалық жарыстарына келген. Жарыс аяқталғаннан кейін жеке саяхат кезінде балалар көлге шомылуға барған. Жас жігіттің жоқтығын байқап, жаттықтырушы дереу құтқарушыларды шақырды. 10 минутта олар спортшының денесін судан алып шыққан, алайда сол кездің өзінде бала тыныс алмаған. Баланың денесі туыстарына жіберілді. Полиция қылмыстық іс қозғады. «Көкшетауда сот-медициналық сараптама жүргізілді. 20 шілде күні сағат 09.30-да Нұр-Сұлтан қаласына әрі қарай тасымалдау үшін сараптама жүргізіліп, құжаттар ресімделгеннен кейін мәйіт Шымкент қаласына жіберілді. Алайда, рейс белгісіз себептермен екі рет шегерілген. 21 шілде…

Read More

Тараз қаласының 11-мөлтек ауданында жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы ашылды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл – паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаның шаһар тұрғындарына тартқан сыйы. Мұнда баскетбол, шағын футбол ойнап, әткеншек тебуге болады. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Жаңа алаңды жасақтау үшін танымал спортшы 4 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсапты. Айта кетейік, соңғы жылдары облыстың дамуына кәсіпкерлер мен меценаттар белсенді үлес қосып келеді. Биыл өңірде «Туған жер» бағдарламасы аясында 52 жоба сәтті жүзеге асқан. Нәтижесінде, жаңа мешіт, балабақша және спорт алаңдары пайда болды. «Балалар алаңын қайта қалпына келтіру көршілерімнің өтініші болатын. Өйткені ол әбден тозып,…

Read More

20 шілдеде кешкі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағынынан «Союз-ФГ» зымыраны «Союз МС-13» ғарыш кемесімен ұшты. Қазақстан тұрғындары әуедегі қатты жылдамдықпен қозғалған жарықты тамашалады. Желіде осы сәттің суреттері мен видеоларды жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желі қолданушыларының жазбасы бойынша, зымыранның ізін Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында көруге мүмкіндік туған. «Мойынқұм ауданында бұл ерекше әсерлі болды. Сөзбен жеткізу мүмкін емес». «Бізде Балхашта әуеде ғажайып нәрсе болып жатыр!» Балқаш көлі. © Tengrinews.kz Фото: Р. Куанышбаев https://youtu.be/g783wSp6cIk https://youtu.be/hO-GTWSQvuA https://youtu.be/D7y2iqodi8s https://youtu.be/_6puhR5J0ZA https://www.instagram.com/p/B0JV0JHhpEK/?utm_source=ig_embed Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22:28-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-13» ғарыш кемесі жер орбитасына шығарылды. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұша бастаған сәттен…

Read More

АҚШ-тың Вирджиния штатының тумасы 42 минут 30 секундта бес мың шақырымға жүгірді, – деп хабарлайды КТК арнасы. Ол 95-99 жас категориясында әлем рекордын жаңартты. 11 шілдеде Эймс қаласында 96 жастағы Рой Энглерт жүгіруден рекорд орнатып, бұрынғы рекордшы Фрэнк Левиннен 8 минутқа ерте келді. Левин дәл осы қашықтықты 50 минут 11 секундта еңсерген. Бұған дейін қария өз жасының дәрежесінде 800 метр, 1,5 мың және 3 мың метр қашықтықта жүгіруден рекорд орнатқан. Энглерт чемпион болу көп еңбекті талап ететінін айтты. Жаттығу кезінде ол үш мыңнан бес мың шақырымға дейін жүгіреді. Жарысқа бірнеше күн қалғанда физикалық жүктемені күшейтіп, жүгіру қарқынын жіті қадағалайды. Зейнеткер өзін баяу…

Read More

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында шілденің 19 мен 20 аралығында Жамбыл облысының Полиция департаментімен ДП бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергеновтің қатысуымен кезекті рет «Жолда қабылдау» акциясы өткізіліп келеді, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру және құқықтық көмек көрсету. Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелердің аумағында, тұрғын үйлердің, шағын аудандардағы үйлердің аулаларында, жеке секторларда, базарлар мен демалыс орындары сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде халықты қабылдайды. Таңертеңгі сағат тоғыздан кешкі жетіге дейін аталмыш ауқымды акциямен Тараз қаласының барлық аудандары, соның ішінде…

Read More

Германия канцлері Ангела Меркель журналистерге берген сұхбатында денсаулығына алаңдап жүрген адамдарды түсінетінін жеткізді, бірақ бұл оның жеке мәселесі екенін айтты, – деп хабарлайд РИА Новости. «Менің денсаулығыма қатысты сұрақтарды түсінемін, бірақ мен оған жауап беріп қойғанмын», – деді Меркель Берлиндегі баспасөз мәслихатында. Айтуынша, ол канцлер ретінде өз қызметін атқара алатындай жағдайда болуы керек екенін түсінеді. «2021 жылы саяси жұмысымды аяқтаймын. Бірақ кейін өмірім жалғасады деп үміттенемін, оны аман-саулықта өткізгім келеді», – деді Меркель. 17 шілдеде Германия канцлері 65 жасқа толған болатын. Ол канцлер қызметін 14 жылдан бері атқарып келеді. Соңғы уақытта Ангела Меркельдің денсаулығы сыр бере бастаған еді: Украина президенті Владимир Зеленскиймен…

Read More

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан полицейлердің есімі белгілі болды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. «Өз міндетерін адал атқарып, қызмет бабында қаза болған полиция майоры Саят Қосдаулетұлы Тлеубердиевке жəне полиция аға сержанты Мұрат Базарқұлұлы Базарқұловқа əскери құрмет көрсетілді. Мойынқұм АПБ ғимаратының алдында қызмет бабында қаза болған милиция капитаны Б.Амантаевтің құрметіне орнатылған «Міндет, абырой, ерлік» ескерткішінің алдында АПБ жеке құрамы сапқа түзіліп, бір минут үнсіздіктен соң құрмет салюты үш дүркін атылып, əріптестерімізді соңғы сапарға шығарып салдық. Жатқан жері иманды, топырағы торқау болсын!», – делінген Мойынқұм полициясының Instagram желісіндегі парақшасында. Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова жоғарыда көрсетілген азаматтардың Мойынқұм аудандық…

Read More

АҚШ-та кәмелетке толмаған Instagram-блогер Бьянка Дэвинс кісі қолынан қаза тапты, – деп хабарлайды New York Post. Басты күдікті – Брэндон Кларк. Ол қыз баламен екі ай бұрын танысу сайтында танысқан. Полиция мәліметінше, олар музыкалық концертке, сосын Дэвинстің тамағына пышақ ұрып, өлі денесінің суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған. Сондай-ақ, күдікті полиция шақырып, селфи түсірген. «Бәлкім бұл менің соңғы постым шығар. Олар менің соңымнан келе жатыр. Мен өте жаман іс жасадым. Өте өкінішті», – деп жазды ол суреттің сипаттамасында. Кларк құқық қорғау органдарының мамандары келген уақытта өз-өзіне қол салмақшы болған. Алайда оны құтқарып үлгерді. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Ота жасалғаннан кейін оған кісі өлтіру бойынша айып тағылды.…

Read More

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің кеңесшісі Біржан Сартбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Аймақ басшысы облысқа тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындарымен кездесті. Асқар Исабекұлы аталмыш бөліністегі арыстықтардың пікірлері мен ой-ұсыныстарына құлақ түріп, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін тапсырды. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар әулеиаталық құрылысшылардың жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бүгінде еліміздің барлық өңірлері жұдырықтай жұмыла кіріскен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде десек,…

Read More

Шілденің шіліңгірі басталғалы тұрғындар жаппай өздеріне жақын маңдағы өзен-көлдерге, бассейндерге қарай тұра жүгірсе, аптап ыстықта қапырықтан құтылудың жолын іздеген енді біреулер Қытайда жасалған үрленбелі бассейндерді сатып алып, ауласында бала-шағасымен асыр-салып түсіп жүр. Алайда, абайламасаңыз «ажал аяқ астында» деген емес пе, шомылу маусымы басталғалы елімізде сақтық шараларына селқос қараудың себебінен күніне 10-ға жуық тұрғын суға батып немесе тұншығып қайтыс болады дейді мамандар. Бұл ретте Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданындағы 2 жасар бүлдіршіннің ауладағы үрленбелі бассейндегі суға тұншығып, аудандық ауруханада қайтыс болғаны жайлы хабарлады. «15 шілде сағат 19:10-да Қордай ауданы Жамбыл ауылы Мәдениет көшесі, 9 мекен-жайындағы тұрғын үйде…

Read More

В Жамбылской области утонул шестилетний мальчик. Это уже седьмой ребенок, ставший жертвой водной стихии с начала купального сезона. Трагедия произошла в селе Кокжелек. Ребенок отправился на поливной канал вместе со старшими приятелями. Купающиеся подростки не уследили за ним. Когда мальчишка исчез под водой, тинейджеры побежали за взрослыми. Те и достали ребенка из канала, увы, уже мертвого. Я в шоке от того, что шестилетний малыш в девятом часу вечера пропадает где-то у водоема вместе со старшими ребятами, – сокрушается главный специалист ДЧС Жамбылской области Сауле Мунатаева. – А куда смотрели его родители? Сколько бы мы ни раздавали листовок о правилах поведения…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы: Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы -Қазақстан Республикасының Президенті, төраға Көшербаев Қырымбек Елеуұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы Ұлттық кеңестің мүшелері: Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша) Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Әбдіғалиұлы Берік – Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша) Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы – қоғам қайраткері, «Серпін» Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20-тармақшасына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілсін. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», – деп жазылған Жарлықта. 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен…

Read More

Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли #Абай175 челленджіне қатысты. «Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерін оқу эстафетасына Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы үлкен мән беріп, осы бастаманы жалпыхалықтық деңгейге көтерді. Өзі де Абай Құнанбайұлының өлеңінен үзінді оқыды, оны жақсы білесіздер. Осы эстафетаны Президенттің кеңесшісі Ерлан Қариннен, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов мырзадан және павлодарлық достар Нұржан мен Русланнан, сондай-ақ, сыныптасым Айраттан қабыл алдым», – деп жазды Берік Уәли. https://www.facebook.com/100003403233694/videos/2190818691041551/ «Абай күллі қазақтың темірқазығы, алты Алаштың рухани азығы! Сондықтан, ешбір қазақ баласы осы эстафетадан тыс қалмайды деп ойлаймын. Абай өлеңдерін оқу эстафетасын ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова…

Read More

Тәртіп сақшылары Италияның Турин қаласында неонацистердің астыртын қоймасын тауып алды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Жертөледе сақталған қару-жарақтың ішінде әскери зымыран да бар. Ол бұрын Катардың әскери күшіне тиесілі болған француздың Матра зымыраны болып шықты. Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша күдіктілер зымыранды WhatsApp арқылы сатпақ болған. Сондай-ақ арсенал арасынан 26  мылтық, 20 сүңгі-найза мен түрлі калибрдегі 800 оқдәрі шыққан. Жалпы қару толы қойма Донбасстағы сепаратистердің қатарына қосылған Италия азаматтарын тергеу кезінде анықталды. Нәтижесінде үш адам қамауға алынды. Олардың бірі оңшыл радикалдар атынан елдің Парламентіне өтпек болған кеден қызметкері.

Read More

Халықаралық дзюдо федерациясы Будапешттегі Гран-при кезеңі аяқталған соң әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте Елдос Сметов алтыдан бесінші орынға көтеріліп, ТОП-5 қатарына енді, – деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметі. Дзюдодан Будапештте өткен Гран-при турнирінде 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды. Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті. Алдымен «ваззари» ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын «иппон» ұпайымен жеңді. https://youtu.be/NkHWPCMqMRE 66 келіде турнирдің күміс жүлдегері атанған Елдос Жұмаханов бір сатыға жоғарылап, 11-ші орынға табан тіреді. IJF ережесіне сәйкес, бірінші орын иеленген спортшылар 700, екінші орын иеленген спортшылар 490, үшінші орын алған спортшылар 350…

Read More

Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен «Славян базары-2019» байқауында бас жүлде жеңіп алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Сүйінші, қазақ елі!!! Қазақстан өнерінің абыройы тағы бір мәрте асқақтап, «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінде мемлекетіміздің намысын қорғаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада өнері» факультетінің 4 курс студент ӘДІЛХАН МАКИН – Гран-При-ге ие болды. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015″ xалықаралық фестивалінде ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН тұңғыш рет Гран-Приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды», – деді Т. Жүргенов атындағы…

Read More

Nur Otan партиясының экс-хатшысы Тамара Дүйсенова жаңа лауазымға ие болды, – деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Тамара Дүйсенова «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» (ЕРДО) президенті болып тағайындалды. 15 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО» АҚ бірінші вице-президенті қызметіне ауысты. «Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінде тиімді еңбек нарығын дамыту, еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмалар үшін қажетті тәжірибесі бар», – деп…

Read More

Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол салған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сандира Серікханова Чанчжоу қаласындағы Jiangsu University of Technology үшінші курста оқыған. «Ол өз күшімен грантқа түсті, қытай тілін жарты жыл ішінде үйренді. Өте сабырлы қыз болды, ақша тауып та үлгеретін. Осы жылдың басында Қазақстаннан келген басқа қызбен танысты. Ол әлдеқайда үлкен және, біздің пайымдауымызша олардың мінезе екі басқа болған. Анам Сандирадан олардың ортақ немен айналысатынын, неге араласып жүргенін бірнеше рет сұрады», – дейді қыздың тәтесі Альнура Ағаева. 26 сәуірде күндізгі уақытта ол өзінің жаңа танысымен және оның Шымкент пен Алматыдан келген екі жолдасымен кафеге барған.…

Read More

Жамбыл облысы аумағында астық алқабы әлі жанып жатыр, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «14 шілдеде Рысқұлов ауданының Қарақыстақ ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығында (аудан орталығы құланнан 50 шақырым қашықтықта) жалпы аумағы 65 гектар (арпа – 40 га, құрғақ шөп – 25 га) болатын арпа алқабы мен құрғақ шөп жанып кеткен. Өрт сағат 16.30-да ауыздықталып, 17.17-де сөндірілді», – деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары» ММ күші (5 қызметкер мен бір техника) мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары (45 адам мен 12 техника) жұмылдырылды. Бұдан бұрын, осы ауданда өрт…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі ауылшаруашылық жерлерге аудит жүргізуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу кезінде 16,5 миллион гектар жердің игерілмегені анықтады. Бұл мәселенің бір бөлігі ғана. Үкіметке барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлауды тапсырамын. Жер – өндірістің басты факторы. Осы мәселеде тиімділік көрмей ауыл дамыта алмаймыз. Біз бұл күрделі жұмыс екенін түсінеміз, мұнда ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің үйлесімді өзара іс-қимылы қажет. Бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау маңызды. Яғни, келесі жылдың соңына дейін тиісті жағдайға келтірілсін. Барлығын цифрлау. Кім жұмыс істесе жер соның иелігінде болуы керек, – деді Президент. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы…

Read More

Жеке кәсіпкер Анар Бексұлтанованың бүгінгі ісі көпке үлгі. Бұл дүниеге екі қолсыз келген ол қыз жасауын тігіп, көпке іскерлігімен, батылдығымен және өжеттілігімен танылып отыр, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Осыдан 4 жыл бұрын Анар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан болатын. Содан бері елден тапсырыс алып қыз жасауын тігуде. Оның айтуынша, қазіргі таңда тапсырыс берушілер өте көп екен. Өткен екі аптада 9-ыз қыз жасауын тігіп беріпті. Өңірімізге іс-сапармен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова келгенде Анар ол кісінің қабылдауында болып, тігін цехын үлкейткісі келетіндігін, мүгедектігіне байланысты екінші деңгейлі банктерден несие…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады. «Қазір біз әскери ведомствоның жүйелі кемшіліктері мен бақылауының әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде салыстырмалы түрде жаңа адамсыз, бірақ істің жағдайы үшін толық жауап бересіз. Мен Жоғарғы басқолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндегі істер жағдайына қанағаттанбаймын, сондықтан Сізге қатаң сөгіс жариялаймын», – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Сондай-ақ, Мемлекет басшысыАрыстағы төтенше жағдайға байланысты кінәлі барлық шенеунікті жазалауды тапсырды. «Оқиғаның салдары өте ауыр. Бұл туралы айтып та керек емес. Қазір біз осы салдарды жоюға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Әрине, қаланың басым бөлігі жарамсыз қалды. Қазір тергеу бойынша арнайы комиссия…

Read More

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі ұшыраған жол апатына қатысты қосымша мәліметтер жарияланды, – деп хабарлайды РИА Новости. Жол-көлік оқиғасына жоғары лауазымды тұлғалар күзет қызметкерлерінің жеке құрамы отырған Volkswagen Transporter шағын автобусы және жолай бағытта жүріп келе жатқан екі автокөлік түскен. Бұл туралы Украина Мемлекеттік күзет басқармасының Facebook-тегі хабарламасында айтылады. https://www.facebook.com/udoukyiv/posts/1301487263341751 Олардың мәліметінше, қаза болғандар жоқ, ал оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, жарияланымда жүргізушілердің жетіспеуі және олардың демалыс және жұмыс кестесінің бұзылуы туралы хабарламалар шындыққа сәйкес келмейтіні айтылады. Бұрын Страна.ua басылымы Украина президентінің кортежі ұшыраған апат туралы хабарлаған еді, алайда онда Зеленскийдің өзі болған жоқ, өйткені мемлекет басшысы Киевке ұшақпен кеткен.

Read More

Непалда бірнеше күн бұрын басталған жауын-шашын толастар емес. Аймақта су тасқынынан лай көшкіні басталды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті БАҚ мәліметінше, елдегі табиғат апатынан 43 адам қаза тапты. Тағы 24 тұрғыннын тағдыры беймәлім. Өңірде көлік қозғалысы тежелді. Көпірлер қирап, ғимараттар опырылып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Қауіпті аймақтарда мыңдаған адам бар. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді, соған қарағанда жауын әлі де жауатын көірнеді.

Read More

Алматы – Екатеринбург тасжолында жол апаты болған жерде түсірілген суреттер пайда болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол көлік оқиғасы13 шілдеде болған. Алматы – Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылған Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More

Тараздағы облыстық перзентханада болған шулы оқиғадан соң мекеме күзетшісі жұмыстан қуылып, мейірбикелерге сөгіс жарияланды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Еске салайық, перзентхана қызметкерінің телефонмен сөйлесу сәтін пайдаланып, бақылаусыз қалған нәрестені 22 жастағы әйел ұрлап әкеткен еді. Ол бұған дейін осы перинатальдық орталықта босанған. Араға бірнеше күн өткен соң қайта оралып, өзгенің баласын алып кеткен. Оны асырап алмақшы болған Алматы тұрғынына сатуды көздеген. Абырой болғанда, күдіктінің арам ойы жүзеге асқан жоқ. Қазірде тергеу жалғасып жатыр. Бүгін қылмысқа барған келіншекті екі ай үйқамақта ұстау туралы сот шешімі шықты. «Перзентханада бала ұрлау дерегінің тіркелуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізілді. Оның қорытындысында төрт мейірбикеге сөгіс…

Read More

Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы – Екатеринбург тасжолында жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі. Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен. «Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған», – делінген хабарламада. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More

Ауғанстанның Нангархар провинциясында үйлену тойында жарылыс салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 40-тан аса адам зардап шекті, – деп хабарлайды «Лента.ру». Провинцияның билік өкілдері кәмелетке толмаған баланың өзін-өзі жарып жібергенін айтады. Үйлену тойын жасап жатқан Пачерагам ауданында үкіметтік қозғалыс командирі болған. Куәгерлер қаза тапқандардың саны бесеу емес онға жеткенін айтады. Ауғанстандық қарулы қозғалыс ауған билігіне «Талибан» және «Ислам мемлекеті» жақтастарына қарсы күресуге көмектеседі. Әзірше үйлену тойына жасалған шабуылды ешкім өз мойнына алған жоқ. 1 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабул қаласында тәліптер адам көп шоғырланған жерде жарылыс ұйымдастырып, қарулы күш өкілдерімен атысты. Салдарынан 65 адам жарақат алды.

Read More

Танымал журналист Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлы бүгін, 12 шілдеде Жамбыл облысындағы Jambyl телеарнасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tarazy. Облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен “Қазақстан” РТРК” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали жаңа басшыны ұжымға таныстырды. Мейіржан Әлібекұлы – еңбек өтілін 2005 жылы «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалынан редактор қызметінен бастады. Ол редактор-жүргізуші, тілші, аналитик, телеарна дауысы, шеф-редактор лауазымындарын атқарды. Мейіржан Әлібекұлы 2011 жылы Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2014 жылы «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы әлеуметтік желілер арқылы жүргізілген сауалнама нәтижесінде «Халық сүйіктісі» Ұлттық жүлдесінің «Жыл тележурналисі» болды.

Read More

Тараз қаласының перинаталдық орталығы ұрланған бүлдіршін жайлы жаңа мәліметтерді айтты, – деп хабарлайды КТК арнасы. Орталық қызметкерлерінің сөзінше, оқиға босанған әйелдер түскі асқа кеткен кезде болған. Нәрестелердің жанында акушер мен санитар әйел қалған. «Ол баланы алып, қызметтік есіктен шығып бара жатты. Орталық қызметкері нәрестеге қарап отырып, бір сәтке қызметтік телефонға жауап берген. Артына қараса, бала жоқ», – деді аудандық перинаталдық орталықтың бас акушері Сәуле Альжанова. Жас ана алаңдап, дабыл қаққан. Дәрігерлер нәрестені аурухана бөлмелерінен іздеген, алайда баланың ғимаратта жоқ екенін сезгесін, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Тәртіп сақшылары камера жазбаларын анықтап қарай бастады. Бейнежазбадан баланы ұрлаған адам ретінде босанған әйелдердің бірін таныды. Ол жаңадан туылған…

Read More

Бүгінде жартылай автоматтандырылған фермалар үйреншікті нәрсеге айналды. Енді олардың орнын біртіндеп автономды шаруашылықтар басып келеді, – деп хабарлайды «Хабар 24». Осы ретте ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын британдық компания жүргізушіні тіпті операторды да қажет етпейтін трактор нұсқасын ұсынды. Бұл көлікте жүргізуші кабинасы жоқ. Және ол түгелдей дерлік электроникамен жабдықталыпты. Құрастырушылардың айтуынша, олар толықтай бағдарламаланған. Сондықтан тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп, шаруалардың өнімділігін арттыруға септігін тигізе алады. Дей тұрғанмен, озық технологияны шаруашылыққа енгізу үшін әлі де уақыт керек секілді. Себебі мұндай көліктер бір жағынан өте қымбат болса, екіншіден кез келген аймаққа жарай бермейді екен. https://youtu.be/fwxB4ngKRKE

Read More

Шымкентте автоцистерналарды толтыруға арналған газ құю станциясындағы өрт сұйық отынды құю кезіндегі технологиялық процестің бұзылуынан болған. Оқыс жағдайды бір айға жуық зерттеген арнайы топ осындай қорытындыға келді, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Еске салайық, қайғылы оқиға 7 маусымда болған еді. Өрт салдарынан 20 жастағы Ерлан Анар қайтыс болған. Денесінің 98 пайызы күйіп қалған марқұм отбасындағы сегіз баланың тұңғышы екен. Ол газ құю станциясында өткен жылдың күзінен жұмыс істеп келген. Зардап шеккен отбасыға берілетін материалдық көмек мөлшері әзірше айтылмады. Ал тексеру тобы шыққан қорытындыны полиция департаментіне жолдайды. Комиссия төрағасының айтуынша, сиымдылығы 60 текше метр автоцистернадан газ құю кезінде шланг толық бұралмай, ажырап кеткен.…

Read More

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасында сырт алаңда босниялық «Широки Бриегті» жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Бірінші іріктеу кезеңіндегі ойын 12 шілдеге қараған түні «Пецара» стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. «Қайрат» матчтың 29-минутында алға шықты – жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның пасынан кейін украиналық форвард Адеринсола Эсеола қанжығасын майлады. Бірақ «Широки Бриег» ойыншылары есепті жылдам теңестіріп тастады – 34-минутта ресейлік хавбек Иван Ениннің алыстан бағыттаған добы Стас Покатилов қақпасына еніп кетті. Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. «Қайрат» 58-минутта айып соққысын голға айналдыра алды: Исламхан допты сол қанатқа жеткізді, мұнда жалғыз тұрған қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңына пас асырған, Эсеола дубль жасап, матч нүктесін…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына арнайы келді. Қаланы қалпына келтіру бойынша өңірлердің штаб жұмыстарын барлаған үкімет басшысы Жамбыл облысының штабына да бас сұқты. Штабтың белсенділігін, жамбылдық құрылысшылардың жемісті жұмысын атап өтіп, жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, өзге де өңірлердің штабтарының жоспарлы шараларымен танысқан Асқар Ұзақбайұлы қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігіне көңіл бөлді. Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде кешеге дейін 21 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, қазіргі таңда жамбылдық 300-ден астам құрылысшы 180 жеке тұрғын үйдің демонтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін xабарлағанымыздай өңірімізге тиесілі…

Read More

Ресейлік музыкант, продюсер Бари Алибасовтың продюсерінің көмекшісі дәрігермен музыкантты ауруханаға жатқызу туралы алдын ала келісіп алған. Олардың хат алмасу үзіндісі «Бірінші арнадағы» «На самом деле» бағдарламасының эфирінде көрсетілді, – деп хабарлайды Lenta.ru. Эфирде көрсетілген хабарламаларға қарағанда, Алибасов уланғанға дейін бір ай бұрын оның көмекшісі дәрігермен сөйлескен. Ол музыкантты емдеуге жатқызудың алдын ала себептерін талқылаған. «Емдеуге жатқызу себебін ішімдіктен емес, асқазан немесе бауырға қатысты сылтау ойлап табу керек шығар? Кеңсе мен мысықты өзім реттеймін», – деп жазған көмекші. Дәрігер онымен келіседі. «Бірінші арна» скриншоты Скриншоттар жариялағаннан кейін Алибасов студиядан шығып кетті. Оның алдында ол қайда уланғанын және қандай ауруханада жатқанын есіне алмайтынын мәлімдеген. Бағдарлама…

Read More

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген елордалық баспасөз қызметінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері пара алды деген күдікпен «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады. Кейін Қазгидромет өкілдері…

Read More

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шакенов пен Аян Жапсар Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапарға аттанады. Аталған мүмкіндікті балалар Nazarbayev Fund Schools Challenge байқауына қатысу арқылы жеңіп алды. Аян мен Ерслан ұшақтардың ұшу тиімділігін арттыруға бағытталған дизайнерлік, технологиялық, техникалық шешімдер мен идеяларын таныстырды. «Біздің алдымызда аса тиімді ұшақты жобалау міндеті тұрды. Оның конструкциясы үшін біз жеңіл және берік материалдарды пайдаландық, сондай-ақ екі электр қозғалтқышын енгіздік. Ұшақтың көтерілу күшін арттыратын аэродинамикалық қанаттар пайдаландық. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз. Өз жұмысымыз бен еңбегімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік берді, – дейді жас өнертапқыштар. Байқаудың финалына 100 үздік команда қатысты, бұл – Қазақстанның барлық аймақтарынан келген…

Read More

Алматыда Қазақстандық фермерлерге жайылымдағы малды бақылау құрылғыларын салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті. Samsung және корейлік Lives’talk стартап-тобы Алматы облысының мал шаруашылық иелеріне 50 GPS трекерін сыйға тартты. Lives’talk командасының көшбасшысы Юн Янгчен жергілікті әкімдік өкілдеріне, фермерлер мен инвесторларға жоғары технологиялық шешімді өзі таныстырды. Ал салтанатты шараның арнайы қонағы ретінде Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Талғат Байназаров шақырылды. Құрылғының бір данасы мектеп директорына сыйға тартылды. Еске салайық, Тараздық Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Бекнұр Қалмаханбет пен Дәурен Тенельбаев GPS Tracker-ді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ететін арнайы желілік генератор ойлап тауып, құрылғыны жетілдірген болатын. Осы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Назарбаев…

Read More

«Казахи» көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды. Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады. «Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат беру. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іспен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет», – деді ол. «Казахи» көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеуметтік желіде құттықтады. https://www.instagram.com/p/Bzvvh6ihsld/?utm_source=ig_embed «@nurdaulet_shertim Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы…

Read More

Ребенка похитили из роддома в Таразе, передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. 8 июля в полицию Тараза обратилась молодая женщина с заявлением о том, что из областного перинатального центра был похищен ее новорожденный ребенок. Правоохранители проверили записи видеокамер, установили, в какую сторону похитительница ушла после того, как покинула роддом. «Досконально проверен весь близлежащий жилой сектор, осмотрены все номера в расположенной поблизости гостинице, в одном из которых и был обнаружен похищенный младенец. Тяжкое преступление удалось раскрыть в течение двух часов, ребенок возвращен матери», – рассказали в полиции. По подозрению в похищении младенца была задержана 22-летняя жительница села Каракемер Жамбылской области. Полицейскими…

Read More

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада. Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз – 2019 жылы 17 маусым аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымға Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.

Read More

Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары –  ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Биыл ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды. Мәдениет және спорт вице-министрі және «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Ермек Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.

Read More