Автор: admin

Уақыт жылжыған сайын әлемнің бет-бейнесі де сан құбылып, заман талабы мен жас ұрпаққа жүктейтін міндеті де артып жатыр. Қазақ халқы бұрыннан «Заманына қарай адамы» дейді. Әрине, уақыт ағымы қасқағым, өзіне ілесе алмай қалғандарды қатардан шығарып тастап, әрі қарай артқа бұрылмай зымырай береді. Уақыттың ағымына ілесіп, заманға сай тұлға болып қалыптасу жолындағы ең маңызды қасиет – сананың ашықтығы деп білемін. Сананың ашықтығы білім мен ғылымды игеріп, бірнеше тілді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өз ортаңа, қоғамға толерантты көзқарас таныту және өз-өзіңді қайта мамандандырып отыру сынды негізгі қасиет-құндылықтарды қажет етеді. Жоғары оқу орнында білім алып, кейіннен еңбекке араласқанда кез келген дүниені…

Read More

Әлемдік сахнада қазақ елінің өнерін паш етіп жүрген жас өнерпаздар аз емес. Халықаралық байқауларда жүлде алып, жұлдызы жанғандар қаншама. Бір жарқ етіп, кейін көрінбей кеткендер де жоқ емес. Бүгінгі кейіпкеріміз Ерназ Қабдхамитов та өмірін өнермен байланыстырған жас таланттардың бірі. Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін жария ету – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады. Қостанай облысының тумасы Ерназ ән өнерінде өзінше өрнек салғысы келеді. 2019 жылы вокалдан әлемнің 18 мемлекеті қатысқан «Creativita senza frontiere» байқауында қазақтың туын тіктеп, бас жүлде алған. Республикалық «Алтын микрофон» байқауынан өтіп, Италияға жолдама алғанын естіген бойда жетекшісі…

Read More

Сурет өнері қазаққа жат емес. Ықылым заманнан бастап бүгінге дейін қанымызда бар өнер десек те қателеспейміз. Бүгінгі жас дарынды суретшілер – солардың жолын жалғаушы. Соның бірі – Сұлтан Аманжол. Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету – бір міндетіміз. Мәдениетке, әдебиетке, қоғамға еңбегі сіңіп жүрген елімізде қаншама жас дарын бар. Сұлтан сол жетістік жолында сурет өнерін өрге сүйреп келе жатқан талантты жас. Сұлтан Аманжол Айдосұлы 1993 жылы 1 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан сурет салуға құмартып, осы өнерге аңсары ауған. Отбасында да сурет салатын туыстары бар. — Сурет өнері отбасымыздан алыс емес. Әкемнің «Алмас…

Read More

Қызылорда өңірінің тумасы, біршама республикалық айтыстарда Бас бәйгені қанжығалап жүрген, сонымен қатар, бүгінгі заман талабына сай «Оnline айтыс» жобасының бас жүлдегері атанған, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық  одағының мүшесі Нұрзат Қару жайлы білеміз бе? Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, оның ішінде елдің мұңы мен зарын ертеңге жеткізетін, қазақ дегенде қадіріңді бір ауыз сөзбен келтіріп, құрметіңді де арттыра салатын айтыс өнерінің орны ерекше. Киелі өнерді жанына серік еткен арудың жетістік жолы да айрықша. Нұрзат айтыс өнеріне келуіне өзінің ата-анасы себепші болғанын айтады. Себебі әкесі де, анасы да өнерден кенде емес екен. Айтыс өнері алдымен ата-бабаларымыздан дарыған…

Read More

Қазақстандағы медиа жыл санап дамып, жаңа сипат алып келеді. Қазнетте өзіндік аудиториясын қалыптастырып үлгерген ақпарат құралдары да бар. Соның бірі – massaget.kz жастар порталы. Жастарға арналған танымдық сайтта күн сайын пайдалы контент жарияланып келеді. Мұның мәдениетіміз бен өскелең жастың таным көкжиегін дамытуға әсері зор. Осы жайында порталдың бас редакторы Өмірбек Сансызбайдан сұрап білген едік. Өмірбек Сансызбай 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірген. Massaget.kz сайтына бас редактор болғанына 3 жылдан асқан. Ал жалпы медиа саласындағы еңбек өтілі 10 жылға жетіп жығылады. Осы уақыт аралығындағы «Жетістік тарихы» да жетерлік. Соның бір…

Read More

«Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жандүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер қан тамыры жабылып қалса, жүрегі де соғуын тоқтатпайды ма?» деп көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов айтса, Ғабит Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» деген. Болашаққа қадам басуымыз үшін ана тілімізді дәріптеуіміз керек. Саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. Қазіргі таңда қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып жүрген шетел азаматтары баршылық. Осы орайда Назарбаев Университетінде шетелдік студенттер үшін қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылғанын айтуға болады.…

Read More

20 жастағы Аружан Мұқаш туа салысымен мүгедек арбасына таңылған. Алайда, бұл қыздың сұлулық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болуына, дизайнерге оқуына, кәсіби түрде домбырада ойнауына және билеуіне еш кедергі емес. Домбыраның құлағында ойнайтын оралдық өнерлі қыздың таңғажайып оқиғасымен Tengrinews.kz материалынан таныса аласыздар. Аружан Оралға жақын ауылда дүниеге келген. Сегіз айға толғанда оған қатерлі ісік диагнозы қойылыпты. «Маған нейробластома диагнозы қойылды. Бұл нәрестелерде пайда болатын ауру. Кейінірек ол міндетті өз ізін қалдырады. Менің белімнен төмен қарай аяқтарым жұмыс істемейді. Шамамен 12 жыл бойы менде мүгедек арбасы болған жоқ. Ол кезде біз ауылда тұрдық. Ағаларым мені әрдайым көтеріп жүрді, мені айналаны тамашаласын деп ешқашан…

Read More

Тіл — халықтың жаны, тәуелсіздік тұғыры, елдіктің белгісі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілгеніне де талай жылдың жүзі болды. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесі ерекше. Ол қоғамды біріктіруші фактор, тәуелсіздігіміздің бір тірегі. Оны білу — әрбір қазақстандыққа парыз. Бүкіл елімізде, қоғамда осындай жүйе, саясат жүзеге асырылып келеді. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін арнайы республика, облыс көлемінде іс-шаралар жоспары қабылданып, орындалуда. Соның маңызды бір бөлігі — қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Қазақ әліпбиі, мемлекеттік тіл мәселесі ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі екені жасырын емес. Осы орайда тіл маманы, филология ғылымының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы…

Read More

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталып жатыр», — деді министрлік өкілдері. Ведомство мәліметінше, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған. Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Read More

Жамбыл облысында төрт түлік жануарлар ауруларының алдын алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 11 ветеринариялық станция мен 160 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Барлығы да заманауи құрал-сайманмен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 7 малдәрігерлік клиника пайдалануға берілмек.   Соңғы жылдары Жамбыл облысында мал басы артып келеді. Эпизоотиялық жағдай да біршама тұрақты. Төскейде өрген төрт түлікке тосыннан келген кесел болса мал дәрігерлері көмекке әзір: — Өткен жылдары облыстағы 11 ветеринариялық станциясының 8-і талапқа сай ғимараттармен аудан әкімдіктері тарапынан қамтамасыз етілген. 160 ветпунктің 103-де аптекалар ашылған, қалғаны жыл соңына дейін ашылады. Облыс бойынша 3 ветеринариялық станциясы әкімшілік, 57 ветеринариялық пункттер жалдамалы ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімі…

Read More