Author: admin

Оңтүстік Суданда белгісіз аурудан 100-ге жуық адам көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MaiDaillу басылымына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз аурудан Джонгли штатында Солтүстік Фангак қаласында ондаған адам өлгенін мәлімдеді. Басылымның мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 89 адам қайтыс болғаннан кейін ауру адамдардан талдау алып, үлгілерді жинау үшін жақында болған қатты су тасқынынан зардап шеккен ауданға жедел әрекет ету тобын жіберді. «Біз қауіпті бағалау және тергеу жүргізу үшін жедел әрекет ету тобын жіберуді ұйғардық. Осылайша, олар ауру адамдардан үлгілерді жинай алады, қазіргі уақытта 89 адамның өлімі туралы мәлімет алдық», – деді ДДҰ өкілі Шейла Байя. Фангактағы жергілікті денсаулық сақтау қызметкерлері науқастардан алынған…

Read More

В декабре 2021 года отмечает свой юбилей видный ученый, Президент Национальной академии наук Республики Казахстан, первый президент Союза национальных академий наук Тюркского мира, вице-президент Ассоциации академий наук стран организаций «Исламское сотрудничество», лауреат Государственной премии Республики Казахстан в области науки, техники и образования, доктор химических наук, профессор Мурат Журинович Журинов. Мурат Журинович родился 07.12.1941 г. в городе Арыс Южно-Казахстанской области В 1959 году окончив с отличием десятилетнюю железнодорожную школу, он с легкостью поступает в Казахский химико-технологический институт (ныне — Южно-Казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова) на специальность «Технология электрохимических производств». После успешного окончания университета работал там же в должности преподавателя. «Хороший преподаватель…

Read More

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай қазақтың әйгілі үш биі – Төле, Әйтеке және Қазыбек билерінің ескерткіші ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Даналық пен әділдіктің символындай болған үш бидің ескерткіші Жамбыл облыстық соты ғимаратының аумағында орналасқан. Ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов, ҚР Жоғарғы сотының экс-төрағасы Мұсабек Тұрғанбекұлы, Жамбыл облыстық сотының бұрынғы төрағасы Мақсұт Әбілқайыров және сот жүйесінің ардагерлері қатысты. Ербол Ахметжанов пен Мұсабек Тұрғанбекұлы ең күрделі кезеңде қазақтарды біріктіруде шешуші рөл атқарып, елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билердің рухани мұралары, өнегелі…

Read More

Қырғызстаннан Қазақстан аумағына екі мыңнан астам смартфонды заңсыз әкелмек болғандар қолға түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Контрабандалық тауарлар Жамбыл облысында тіркелген. Шекарадан өтпек болған жүк көлігінде Apple және Samsung фирмаларының смартфондары мен электрондық құрылғыларының ірі партиясы табылды. Олар жүктерді жасырын тасымалдауға арналған бөлікте болған. Жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын гаджет тәркіленді. Олардың ешқайсысының құжаты жоқ.

Read More

Гаитидегі Кап-Аитьен қаласында жанармай құйылған автоцистернаның жарылуы салдарынан 60-қа жуық адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды. Басылымның мәліметінше, қаза болғандардың арасында әйелдер мен балалар бар. Оқиға куәгерлері жарылыс алдында жүк көлігі төңкеріліп, жергілікті тұрғындар осы сәтті пайдаланып, контейнерлерін отынмен толтыруға тырысқанын айтады. Болжам бойынша, қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін. Төтенше жағдай қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуінің арқасында от ауыздықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің көпшілігіне аурухананың ауласында көмек көрсетілуде, өйткені медициналық мекемеде төсек-орын жетіспейді. Another tragedy strikes #Haiti🇭🇹:At least 50 people killed by the explosion of a #tanker in Haiti🇭🇹. pic.twitter.com/vZo4VXJ8MC— Oliver T. Mhuriro (@MhuriroOliver) December 14,…

Read More

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында таңғажайып демалыс орны – «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында салынған нысан құрылысы «Қазфосфат» ЖШС-інің демеушілігімен жүзеге асқан. Ол үшін серіктестік 300 млн. теңге қаржы жұмсаған. Қайта жаңғыртудан соң тамаша кейіпке енген жағалаудың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. – Облыс орталығы саналатын Тараз қаласы көптеген қонақтар мен туристердің тұрақтайтын орны. Сондықтан шаһардың шырайын арттыру, жайлы орта қалыптастыру – біздің мерейлі міндетіміз. «Таразға тарту» жобасы аясында жыл басынан бері қаншама аллеялар, саябақтар жөнделіп, салынып, пайдалануға берілді. Көпқабатты үйлердің қасбеттері сырланды. Көркем гимнастика және…

Read More

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысында Қойгелді-Ерназар бағытындағы автожол бойында жаңадан салынған көпір пайдалануға берілді. Талас және Жамбыл аудандары арасындағы жол қатынасын реттеудегі маңызы зор көпір құрылысы – тұрғындардың көптен бергі тілегі болатын. Нысанның ашылуына аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты. «Биліктің ең негізгі міндеті – халыққа жағдай жасау, халыққа қызмет ететін салалалардың жұмысын жетілдіру. Бұған дейін қос аудан тұрғындары осы көпірді салу мәселесін көтерген болатын. Бүгін, міне, сіздердің өтініштеріңіз орындалды деуге болады. Мемлекеттің қолдауымен көпір мен жолды салуға қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда көпірдің жұмыстары толығымен аяқталса, жолды келер жылы пайлануға беретін боламыз. Қазақта «Көпір салу – сауапты іс» дейді.…

Read More

7 декабря 2021 года в столице Казахстана состоялась торжественная церемония награждения победителей ежегодного республиканского конкурса по социальной ответственности бизнеса «Парыз» – 2021. В мероприятии, прошедшем в конгресс-центре ЭКСПО, приняли участие Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, Премьер-министр Аскар Мамин, депутаты Парламента РК, руководители центральных государственных органов и предприятий республики. Конкурс направлен на формирование и повышение субъектами частного предпринимательства своей корпоративной социальной ответственности перед обществом для дальнейшего улучшения благосостояния населения. Всего в 2021 году заявки на участие в конкурсе подали 440 организаций, из которых 169 субъектов крупного предпринимательства, 271 – среднего и малого. По номинациям «Лучшее социально ответственное предприятие» – 230 заявок, «Лучшее…

Read More

2021 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан астанасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық «Парыз» – 2021 конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ЭКСПО конгресс-орталығында өткен іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-Министр Асқар Мамин, ҚР Парламентінің депутаттары, республиканың орталық мемлекеттік органдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты. Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. 2021 жылы конкурсқа қатысуға 440 ұйым өтінім берді, оның ішінде 169-ы ірі кәсіпкерлік субъектісі, 271-і орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациялары бойынша – 230 өтінім, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша…

Read More

Меркі ауылындағы спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған волейболдан ашық турнир өткізілді. Спорттық іс-шараға 9 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс жүлдегерлері арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Read More

Бүгін аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың бастамасымен Меркі ауданында көп жылдар бойы еңбек етіп, шаруашылықта малын баққан шопандар, сауыншылар, механизаторлар, бригадирлер сынды 80-нен астам еңбек ардагерлері Сарыағаштағы шипажайға жолданды. Аудан басшысы Өзі еңбек ардагерлердің басын қосып, сапарларына сәттілік тілеп, өз сөзінде: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Өңір басшысы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев үнемі Тәуелсіздік жолында еңбек етіп, ақ маңдайынан қара тер төгіп жұмыс жасаған қарапайымдылығымен ауылдың еңсесін көтеріп, егіншілік пен мал шаруашылығын түлеткен азаматтарға құрмет көрсетуді үнемі тапсырып, көңіл бөлуде. Міне, осы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Қазақстанның дамуына үлесін қосқан азаматтардың көпжылғы еңбегін елеп ескеріп, мереке алдында еліміздің…

Read More

Жасұландықтар – еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын өршіл де, қайсар жас ұрпақ. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдық мерей тойына орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар «Үміт» сарайында «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Жиынға аудан мектептерінің басшылары, аға тәлімгерлер және ұйымның белсенді жасұланшылары қатысты. Жиын барысында «Жас Ұлан» ұйымының қатары 30 жас ұлан мен 5 жас қырандықпен толықты. Жиын қонағы болған аудан әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы ұйым қатарына қабылданған оқушыларға салтанатты…

Read More

Бүгін аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс отырысы өтті. Бірінші мәселе Ақермен ауылдық округінде атқарылған жұмыстары бойынша ауылдық округ әкімі Байдаулетов Ғани Ізбасарұлы баяндап, өз сөзінде округ аумағында асыл тұқымды «Оңтүстік қазақ меринос» қойын өсірумен айланысатын «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ және 2 шаруа қожалығы жұмыс істейтінін атап өтіп, биылғы жылғы көрсеткіштерге тоқталып өтті. Сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық салаларындағы жұмыстар туралы баяндады. Аудан әкімі Руслан Маратұлы ауыл тұрғындарының мал жайылымына арналған жер тапшылығы мәселесіне қатысты және жайылым жерлерді мақсатсыз пайдаланып отырған шаруашылықтарға талдау жаслмағанын және тиісті шара қолданбағанын атап өтті. Сонымен қатар, округ әкімі Ғани Ізбасарұлы және…

Read More

Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелермен қайырылды. Бірінші келген Меркі ауылының тұрғыны Мирсадыкова Матлюба көмір алып беріп, көмек көрсету бойынша қайырылса, Баубекова Мереке көршісі Томаева Мадинаның құжаттарын дұрыстау мәселесі бойынша өтініш білдірді. Аудан басшысы Руслан Маратұлы заң аясында түсіндірме беріп, М.Мирсадыковаға тиісті әлеуметтік жәрдемақы қаралғанын атап өтсе, М.Томаева бойынша денсаулығын тексеріп, құжаттарын заңдастыруды Меркі ауылдық округ әкімі Ғазиз Байарыстанға тапсырды. Тұрғындардың өтініш-тілектеріне мұқият назар аударған аудан әкімі заң талаптарына сай түсіндірме беріп, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына жұмыс жүргізуді ескертіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауға алып, баяндауды тапсырды.  «Nur Otan»…

Read More

Меркі аудандық мәдениет үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ауылым – алтын бесігім!» атты ауыл күндерінің қорытынды Гала концерті өтті. Іс-шараға 14 ауылдық округтің өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Қорытынды концертте ауыл көркемөнерпаздары аудан әкімнің алғыс хаттарымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы номинациялары бойынша дипломдары табысталды. Сондай-ақ, аудандық орталық кітапханада «Тəуелсіздік жетістіктері» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен, еңбек ардагерлері және аудан жастарымен кездесу өтті.

Read More

Бүгін В. Савва атындағы №9 мектеп-лицейінде ата-аналардың келісімімен 12 мен 17 жастағы оқушыларға Covid-19-ға қарсы вакцинациялау жұмысы жүргізілді. Бүгін аталған мектепе 150-ге жуық оқушыға «Pfizer» вакцинасы салынды. Бүгінгі вацинациялау жұмысына Сарымолдаев округінің дәрігерлері Аралбаева Шырын, Қуатова Асель және медбикелерімен келіп, балаларды тексеруден өткізіп, вакцинациялау жұмысын бастады. Балалар вакцинация алдында жақсы тамақтанды, вакцина алғаннан кейін жеке бөлмеде отырды, ата-аналары балаларының қасында болды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Меркі Ауданы Әкімдігі (@merke.info)

Read More

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында аудандар арасында алғашқы “иппотерапия” бөлімі ашылды. Мұнда қазіргі таңда 25 мүмкіндігі шектеулі бала сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар тиісті емін алып отыр. Оған Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы қатысып, құттықтау сөзінде «Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бойынша бірқатар үлкен ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Облысымызда 45 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, оның ішінде 6300-і бүлдіршіндер. Осы бағытта облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының тапсырмасына сай әр ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімдеу және оңалту орталықтары жұмыс жасауда. Осы «Меркі аудандық мүгедек…

Read More

Меркі аудандық мәдениет үйінде ауылшаруашылық саласының қызметкерлері күні аталып өтті. Бұл күні егін, мал шаруашылығын дамытып жүрген азаматтар құметке бөленді. Салтанатты жиын аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының құттықтау сөзімен ашылды. “Бұл мереке – жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, өнеркәсіптегі жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген азаматтарымызға құрмет көрсететін күн. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігіміздің нығайту жолында ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Меркі ауданында ауыл шаруашылығының…

Read More

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдинның төрағалығымен «семинар-кездесу» өтті, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Семинар-кездесудің тақырыбы өзекті де өткір мәселелердің бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту, алдын алу мақсатында психологиялық тренинг форматында өткізілді. Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Абдрахманов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің басшылары қатысты. Жиын басында Дулат Нұрахметұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде күшейту қажеттігін…

Read More

Асарлатып үй салу дәстүрі – ата-бабамыздан ұрпағына жеткен, көпшіліктің ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсететін, жанашырлық танытатын дәстүр. «Рухани –жаңғыру құндылықтары –басты бағдарымыз»,-деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес ауданда «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да жалғасып келеді. Жалпы аудан бойынша жоба аясында 13 үй берілетін болады. Бүгін Сұрат ауылдық округінде Оңланалы Ерзат отбасына жаңа салынған баспананы салтанатты түрде табыстау шарасы өтті. Сұрат ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Адамбаев Есембек ақсақал келешекте асарлату дәстүріменен тағы да басқа жұмыстарды атқарсақ нұр үстіне нұр болады. Баршаңызды осындай ұлы дәстүрді ауызбіршілігімізбен, ынтымағымызбен бірге жалғастыруға шақырамын. Ырысты, берекелі жанұясы ұлғайып,…

Read More

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 34,5 % құрайды, бұл 29363 адам. Спорт мектептерінде 15 спорт түрі бойынша барлығы 2315 оқушы спортпен шұғылданады. Бұл аудандағы 7-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 15,0 % құрап отыр. Спорт мекемелерінде 53 жаттықтырушы жұмыс атқарады. «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы бойынша Меркі ауданы, Меркі ауылында жалпы құны 529 млн 683 мың теңгені құрайтын спорт кешен құрылысы аяқталды. Құрылыс жүргізуші мердігер «Агроспецстрой» ЖШС. Спорт нысанның құрылысы 2020 жылдың 22 сәуір күні басталып, 2021 жылы 31 шілде күні қолданысқа берілді.

Read More

«Жомарт түлек» жобасы аясында жомарт түлектеріміздің бастамасымен мектептерде «Шахмат әлемі», «STEM, физика зертхана» кабинеттері ашылып, мектептер айналасына ағаштар мен гүлдер отырғызылып, жиһаздармен жабдықталып, мектеп кітапханалары кітаптар қорымен толықтырылуда. Жоба аясында 312 түлек 36 млн 309 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетті. Тәрбиелік мәні бар 598 іс-шараны ұйымдастырылып, оған 15450 оқушы қамтылды. Атап айтқанда, Тәтті ауылдық округінде «Жомарт түлек», «Туған жерге туыңды тік» ұстанымын ұстаған жеке кәсіпкер ауыл мектебіне үлкен сый жасады. Осы ауылдың тумасы Әбутәліп Мүтәлі құны 12 млн теңгені құрайтын «STEM» лабораториясын сыйға тартты. Кәсібінен нәсібін тапқан Абүтәліп Мүтәлі «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ –та оқып, елге келген соң «STEM Academia»…

Read More

Тұрғын үй құрылысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған 60 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында инвестор тартылып, 2021 жылы Сарымолдаев ауылында жалпы 44 пәтер болатын 1 тұрғын үй 4 пәтерден тұратын 11 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған 11 тұрғын үйді сатып алуға қаржы бөлу үшін облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына 497 млн. 732 мың тг. бюджеттік өтінім тапсырылды. 1 шаршы метр 140,0 мың тг. құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Меркі ауылында жалпы 300 пәтер болатын 5 қабатты 60 пəтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Әр тұрғын үйдің сметалық құны 836 млн.837…

Read More

«Ауыл Ел Бесігі” бағдарламасы аясында Меркі ауданындағы Орталық кітапхананы, Жамбыл ауылына қарасты Жауғаш батыр көшесін, Сарымолдаев ауылына қарасты Садовая көшесін және Ойтал ауылына қарасты Мамыр көшелерін газбен қамтуға 257 млн 533 мың тг келісім шарт жасалған. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары аяқталды. Андас Батыр ауылында 10 га тұрғын алқабының инженерлік инфрақұрылымын (сумен жабдықтау) салу» жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстың жалпы 90 пайызы орындалды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 60 адамға кезек бойынша жер телімі беріледі. Сарымолдаев ауылындағы 21 га тұрғын алқабының инженерлік инфрақұрылымын (сумен жабдықтау) салу» электр жүйесі мен көше жолдары жұмыстары аяқталғаннан кейін 110 адамға кезек бойынша жер телімін беруді жоспарлап отырмыз.

Read More

2021 жылы «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 10 жобалау сметалық құжатама жұмыстарына, яғни 15 көшеге 257533,0 мың теңге қаражат қарастырылды және орташа жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Оның ішінде Сарымолдаев ауылына қарасты О.Қарбозов, Ращупкин, Павлов көшелері, Жамбыл ауылына қарасты О.Умбетов, Әйтеке би, Төле би көшелері, Жеміс-жидек ауылына қарасты Айтимбетов, Ауезов, Астана көшелері, Ақтоған ауылына қарасты Абай, Тілеміс батыр көшелері, Андас батыр ауылына қарасты Ажарлы көшесі, Шалдовар бекетіне қарасты Железнодорожная көшесі, Қостоған ауылына қарасты Абдрахманов көшесі. Бұдан бөлек Жамбыл облысында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Ауқымды жоба ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған болатын. Нақтылы кезеңде «Меркі-Шу», «Хантау-Бурылбайтал» телімдерінде ескі…

Read More

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл мерей тойының қарасанында Оқушылар «Үміт» сарайының ұжымы мен білімгерлерінің қатысуымен «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт өтті. Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов мерекелік шараға арнайы қатысып, құттықтады. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жақсы жетістіктерімізді жақсы жағынан халыққа көрсетейік. Барлығымыз атсалысып, жастарға өнеге көрсетейік. Меркінің атын жақсы жағынан шығаруымыз керек. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау. Кейінгі жастар соны біліп, бағалауы керек. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз.…

Read More

Жалпы өндірілген өнім көлемі 29 миллиард 104,0 миллион теңгеге жетіп, нақты физикалық индекс көлемі 100,7 пайыз құрады. Меркі ауданы бойынша 2021 жылдың өніміне 29898,9 гектар бидай, 28493 гектар арпа, барлығы 58393 гектар дәнді масақты дақылдар егіліп орақтан өткізілді. Аталған егіс алқабынан 36628 тонна бидай орташа гектар қайтарымы 12,2 ц/га, 34813 тонна арпа орташа гектар қайтарымы 12,2 ц/га, барлығы 71441 тонна астық бастырылып 12,2 центнерді құрады. Су үнемдеу технологиялары 7,5 гектар алқапқа енгізілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 60 бас мүйізді ірі қара, 13764бас ұсақ мал сатып алынды. Меркі ауданы бойынша ағын су тапшылығын жою мақсатында Андас батыр, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округтерінің әкімдерінің шешімдеріне…

Read More

Меркі ауданы бойынша биыл 2020 гектар алқапқа қант қызылшасы егілді. Қазір дала диқандары өнімді уақытылы жинап алу үшін тынбай еңбек етуде. Сонымен қатар «Меркі қант зауыты» да өз жұмысына кірісіп, балтамырдың өнімдерін қабылдап жатыр. Қант қызылшасы Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал, Кеңес, Тұрар Рысқұлов, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына тиесілі. Биыл балтамырдың Акация, Бритни, Виолика, Трубато, Эйдер, Мохикан, Дуняша түрлері егілген.Бүгінгі күнде тәтті түбірдің 4 гектары жиналған, 107 тоннасы «Меркі қант зауыты» ЖШС-ге өткізілген. Шаруа қожалықтары үшін қант қызылшасының 1 тонна түбіріне 14000 тг субсидия, ал қант қызылшасы зауытынан 10000тг берілетіні нақтыланды. Барлығы 24000 тг құрайды.

Read More

Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың төрағалығымен аппараттық жиналыс отырысы өтті. Ең алдымен аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов жаңадан қызметке тағайындалған бөлім басшыларын: аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Ильясұлы Қасабековты, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болысбек Аштайұлы Оразовты таныстырып, салада ұзақ жылдар бойы тәжірибесі бар азаматтар екенін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Аппараттық жиында бүгінде өзекті болып табылатын мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев «Коронавирустық инфекцияны алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар» туралы есеп берді. Ол өз сөзінде аудан бойынша 18 жастан жоғары 43368 адам коронавирус инфекциясына…

Read More

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30​ жылдығына ​ арналған Меркі ауылдық округінің әкімшілігі, аталған округтің ардагерлер кеңесі, Меркі ауданды әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бұқаралық спорттық іс-шаралар орталығының» ұйымдастыруымен ​ ардагерлер арасында кіші футбол, жеңіл атлетика спорт түрлерінен аудандық​ жарыс​ өткізді. ​ А.Асқаров атындағы​ орталық стадионда өткен кіші футбол жарысына 45 жастан жоғары ардагерлерден жасақталған ​ 8 команда жарыс жолына шықты. Тартысты өткен жарыс қортындысы бойынша: І-орынды Ойтал ауылдық округінің ардагерлер командасы, ІІ-орын ​ Жаңатоған ауылдық округінің ардагерлер командасы, ІІІ-орынды Андас Батыр ауылдық округінің ардагерлер​ командасы​ женіп алды. 63 жастан асқан ардагер спортшылар​ 400 метр қашықтыққа жүгіруде бақ сынады. Жарыс қортындысы…

Read More

2021-2025 жылдары аралығында Меркі ауданында жалпы соммасы 13 миллиард 943,0 миллион теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы аудан басшысы Руслан Маратұлы Нұрсипатов 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру кезінде айтты. Бұл сомаға 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 564 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған. Атап айтқанда: балық шаруашылығы және балық өңдеу; асфальт, тас-шағал зауыты; жеміс сақтау қоймасы; минералды су өндірісі; ұн тарту өндірісі; ГЭС құрылысы; тауарлы сүт фермасы жобалары

Read More

Меркі ауданы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-қыркүйек айларында 3,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9 айында 10945,6 млн. теңгені, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 87,4 пайызды құрады. 2021 жылдың қазанына аудан бюджетінің меншікті кірістер бойынша бюджетке 1 млрд 892,4 млн. теңге түсті, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 510,7 млн.теңге бюджетке артығымен түсті. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 106,8 млн. теңгені құрайтын 21 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша113,0 млн. теңгені құрайтын 4 жобаға қолдау көрсетілді. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік…

Read More

Меркі аудандық мәдениет үйінде «Ұлт руханияты: Отбасы. Еңбек. Тәрбие» атты аудандық форум өтті. Бірінші кезекте форумға қатысушылар тарапынан кәсіпкерлердің қолынан әзірленген көрме ұйымдастырылды. Көрмені Аудан әкімі Руслан Нұрсипатов арнайы тамашалап, кәсіпкерлерге қосымша көмек қажет жағдайда көрсетуді Жұмыспен қамту орталығының басшысына тапсырды. Көрмеде ұлттық тағамдар, қазақтың ою-өрнегімен өрнектелген көрпелер, аңшылық пен саятшылыққа, көкпар ойынына арналған ат ерлері мен қамшы, қайыстар көрсетілді. Сонымен қатар ескірген үй жиһазадарын қайта жаңартып, қолдануға жарамды, жаңа күйіне қайта келтіру цехын ашқан кәсіпкердің де қолдан жасалған қолөнері көздің жауын алды. Аудан басшысы Руслан Маратұлы Нұрсипатов форумда сөз сөйледі. «Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында біз өткенді таразылап, бүгінімізді…

Read More

Меркі ауданының әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 10-ға жуық тұрғын келді. Қабылдауда тұрғындар жол жөндеу, түнгі жарықтандыру, әлеуметтік көмек, баспана және өзгед е мәселелермен қайырылды. Бірінші кезекте зейнеткер Қабылжан Тоқманбетов ауданда Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың 99 жылдығына байланысты өткізілген іс- шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтып, аудан әкімі Руслан Маратұлына алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы жылы 100 жылдықты жоғары деңгейде өткізу мәселесін көтерді. Аудан басшысы Руслан Маратұлы орталықтағы Асанбай Асқаровтың ескерткіші орналасқан аумақты абаттандырудың жаңа эскизімен таныстырып, жуық арада жұмыстар басталатынын жеткізді. Қабылжан Тоқманбетов ризашылығын білдіріп, үлкен бастамаларға сәттілік тіледі. Келесі, қайырылған зейнеткер Қалмахамедұлы…

Read More

Ауыл тұрғындары алысқа сабылмай-ақ, ауылдың ішінен мешіт бой көтергеніне дән риза. Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақжол ауылында жаңа мешіт бой көтерді. 100 түтіні бар бұл ауыл тұрғындары бұған дейін көрші ауылға қатынаған болатын. Енді тұрғындар алысқа бармай-ақ, өз ауылында орналасқан мешітте ғибадат ете алады. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп, тұрғызылған. Мешіт 100 адамға шақталған. Қасында ас беріп, Құран бағыштауға арналған 200 орындық асхана барлық керек-жарағымен жабдықталған. Мешітке келушілер үшін автокөлік қоюға арналған 50 орын бөлінген. Алла үйін сол ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Байсеитов Орынбасар Дүйсенұлы өз қаражатына салған. «Мешіттің құрылысы үш жыл бұрын басталған болатын. Алайда пандемияға…

Read More

№9 Меркі көпсалалы колледжінде өткізілген «Тәуелсіздік-жыр басы» атты аудандық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Сыпатай Әлібекұлының 240 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ақындар айтысына сегіз ақын қатысты. Бірінші сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбар ақсақалға беріліп, ақсақал болашақ жастарға сәттілік тілеп, ақындармен мақтанатынын жеткізді. Әрмен қарай алғашқы жұпта өнер көрсеткен Мұқағали Балтабай өзінің төселген ақын екендігін, Адабаева Аружан келешегінен үлкен үміт күттіретін ақын болып өсіп келе жатқандығын көрсетті. Әбдіманап Дулат, Кераматдин Жанқуат бәйгеде бас бермейтін ақын екендіктерін дәлелдеді. Әділқазылар алқасының айтқан сын ескертпелерін дұрыс қабылдап, келесі айтыстарда шеберліктерін шыңдай түсетіндеріне сенім білдірді. Осындай іс-шараларға…

Read More

Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 18,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, бүгінде 16,4 миллиард теңгесі игерілді. Жыл басынан бері саладағы жалпы өнім көлемі 309 млрд. теңгеге жетсе, 226,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Ал мал басы саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артып, 4 миллион басты құрапты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов айтты. Ол биыл 92,6 мың тонна ет өндірілгенін де жеткізді. Ет экспорты 3,5 есеге артқан. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 29 700 бас қой, 366 сиыр сатып алынған екен. «Ағымдағы жылы 40 мың гектар…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берген болатын. Президент бекіткен нақты 10 Ұлттық жоба тізбесінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобалар бар. Осы орайда, Алматы облысындағы «ZHANTAQ tea» компаниясы түйе жантағынан әлемде баламасы жоқ, денсаулыққа пайдасы зор табиғи сусын жасап шығарды. Барлық қажетті сынақтан сәтті өтіп, халықаралық стандартқа сәйкес және «Халал» сертификатын алған өнімді «Асар-үме» қайырымдылық қоры да бекіткен. Сонымен қатар, сусынның KAZ ECO PATROL экологиялық сапа белгісі бар: ол өндіру, тасымалдау,…

Read More

Қазір елімізде ауыл шаруашылық кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы әзірленуде. Ұлттық жобаға сәйкес, Қазақстанда 7 ірі экожүйе құру және инвестжобаларды жүзеге асыру көзделсе, оның 5-еуі Жамбыл облысында жүзеге асады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Оның айтуынша, 5 жобаның қатарында «QYZYLSHA» ЖШС қант зауытын салу, Göknur Gıda A.Ş. қарқынды бақтарды өсіру және жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу, «КАРАГАНДА АГРО ИНВЕСТ-Т» жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, «АЛЕЛЬ АГРО» құс фабрикасын салу және 9 300 басқа арналған 10 сүт тауарлы фермасын салу жұмыстары бар. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық…

Read More

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Бастапқы медициналық көмек көрсету “Primary Health Care” Ұлттық Ассоциациясының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Ұлттық бағдарламаларды іске асыру мақсатында республикада алғаш болып  Меркі аудандық орталық ауруханасы «үздік практика орталығы» болып ашылды. Бұл процеске тыныс-тіршіліктің барлық салалары мен салаларын (білім беру, коммуналдық қызметтер, құқық қорғау, әлеуметтік және сектор, бизнес құрылымдар және т.б.) тарту бойынша жаңа жолдар мен пәрменді әдістер,яғни сапалы сектораралық және ведомствоаралық жұмыстар басталды.

Read More

Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі мен №1 орта мектебінің тарих және география бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өскелең ұрпақпен елі үшін, жері үшін жанын берген батыр бабаларымыздың бірі Барақ Сатыбалдыұлына арналған «Бабалар аманаты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада мектеп оқушылары Барақ Сатыбалдыұлының өмірбаяны мен жасаған ерліктері туралы баяндады,сонымен қатар батырдың ұрпақтарынан аманат болып жеткен шапаны таныстырылды. 2014 жылы Абылай ханның шапаны Ұлттық музейге қойылды дегенде, араға үш жыл салып қазақтың төбе биі Төле бидің шапаны табылды дегенде қуанбаған қазақ болмаған шығар.Енді бүгін қазақ елінің тарихында белгілі батырлардың бірі Барақ Сатыбалдыұлының шапаны табылғанын жар сала отырып, дүйім жұртқа көрсеткелі отырмыз. Алдымен Барақ Сатыбалдыұлының…

Read More

Тараз қаласында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 21 тұрғын үйден 1 091 пәтер пайдалануға берілген. Өңірлік коммуникация қызметінде өткеп брифингте Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев осылай мәлімдеді. Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34 жаңа тұрғын үйдің құрылысына 8,9 млрд теңге бөлінсе, қыркүйек айында 26 тұрғын үйдің құрылысына 7 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылы онкологиялық орталық бой көтерген. Бұл да қаладағы сан жылдардан бері келе жатқан өзекті проблеманың бірі болатын. Заманауи құрал-жадықтармен жабдықталған диспансерде дұрыс ем қабылдауға бар жағдай жасалған. «Биыл Таразда сақалды құрылыстар мен қызыл сызық бойында тұрған нысандар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді. Бүгінде құрылысы…

Read More

«Қоғамдық көлік тасымалдаушы мекемелермен автобус парктерін жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда, «City-bus» ЖШС 10 бірлік «Golden Dragon» маркалы үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алды. Қараша айында «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан 10 бірлік, «City-Bus» ЖШС тарапынан 50 бірлік автобус жаңартылады. Қыркүйек айынан бастап қалалық автобус бағыттарының жұмыс уақыты ұзартылып, бағыттарға қосымша автобустар қосу арқылы олардың жүру аралықтары қысқартылды. Бүгінде қаладағы базарларды ретке келтіру жұмыстары да назарда. «Мыңбұлақ» шағын ауданында «Зарина», «Гауһар» сауда орталықтарының маңында орналасқан бутиктерді алдық. Бұрынғы бутиктердің орнын абаттандырып жатырмыз. Ал, саудагерлерге «Айрылмас», «Жібек жолы» базарларынан орындар берілді», – деді Ержан Жұматұлы. «Ауыл Береке» базарында өртке қарсы қауіпсіздікті зерделеу үшін жоспардан тыс…

Read More

Жамбыл облысындағы көпсалалы балалар ауруханасында дәлізде жатқан балалар видеоға түсірілді. Бас дәрігердің орынбасары Сейдахмет Чинибеков тұрығындар наразылығына жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеоға аурухана дәлізі түсірілген. Дәліздегі орындықтарға төсек жапқыш жабылған, онда балалар мен ересек пациенттер жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, дәлізде науқастар жатқан бірнеше төсек тұр. Сейдахмет Чинибековтің айтуынша, науқастар палатада санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуіне байланысты дәлізде күтіп отыр. «Күз-қыс мезгілінде жедел респираторлық аурулар көбейеді. Күніне бөлімшеге 100-130 науқас жүгінеді. Стационарлық емдеуді қажет ететін балалар саны артып барады. Ауруханаға жатқызылған баланың бәрі ПТР-сынамасын тапсырады. Сынама теріс нәтиже көрсетсе, бала мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылады.Бірақ палатада әр науқастан кейін санитарлық…

Read More

Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі «Жамбыл ауданының қасиетті орындары» атты экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға аудандық кітапхана қызыметкерлері мен  аудан жастар қатысты. Қасиетті Жамбыл жерінде тарихы тереңнен басталып, аңызы мен ақиқаты ұштасып жататын әулиелі жерлер мен кесенелер, қалашықтар өте көп. Олардың барлығы да көне заманның  күмбірінде күй толғап, өңірдің сән-салтанатын келтір тұр. Солардың бірін және бірегейі  атақты Айша бибі кесенесі. Айша-бибі кесенесі Бабаджа хатун кесенесімен бірге мемориальды культтік кешенді құрайтын республикалық дәрежедегі мемлекеттік  тарихи және мәдениет ескерткіштер санатында. Ұлы Жібек жолының бойында  ірі саяси экономикалық орталықтардың бірі ретінде белгілі Бектөбе қалашығы VII-XII ғ.ғ  Қалашық Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының батыс шетінде орналасқан. Бектөбе қалашығы пішіні…

Read More

Биыл 10 қыркүйек пен 20 қазан аралығында орта білім беру ұйымдары арасында республикалық «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті. Байқауға қатысуға еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 138 өтінім келіп түскен. Байқау 10 қыркүйекте бастау алып, 20 қазан күні аяқталды. Қатысушы мектептер байқау талаптарындағы іс шараларды өткізгені үшін балл жинады. Ең жоғары балл жинаған білім беру ұйымына 1 млн теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың, 4-6 орын алғандарға арнайы номинациялар қаралып, 100 мың теңге, 7-9 орын алғандарға демеуші арқылы 50 мың теңге берілді. Байқаудың мақсаты Қазақстан халқының сабақтастығына мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға…

Read More

Ел тәуелсіздігін алған жылдары Түлкібас ауданы Састөбе кентіндегі үйлер қаңырап бос қалып, тұрғындар жұмыссыздықтың салдарынан жан-жаққа көшіп кеткен болатын. Содан бергі 30 жылда Састөбе кенті қайта жанданып, бүгінде аудандағы алдыңғы қатарлы округтердің қатарына қосылды. Көшелер жөндеуден өтіп, көпқабатты тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріліп, қаншама азамат баспанамен қамтылды. Кенттегі Састөбе зауытының да жұмысы қайта жанданып, бүгінде қаншама жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып отыр. Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздаған састөбеліктер ауыра қалса, аудан орталығы – Түлкібас ауылына сабылады. Ал аудан орталығы 40 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Осыны ескерген аудан әкімдігі биылғы жылы Састөбенің орталығынан бірден 75 адамды қабылдай алатын емхананың құрылысын жүргізуді қолға…

Read More

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының мүмкіндігі шектеулі балалары арасында Аудандық «Көкейімде бар әлем» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты  балаларды тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы  балалардың өнерін насихаттау, қолдау көрсету болып табылады. Көрмеге балалардың ұстаздарымен бірге жасаған әртүрлі туындылары қойылды. Көрмеге қатысқан барлық балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

Read More

“Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Осы шараның басы қасында жүрген Исламбек Дастанның айтуынша, аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуды басты міндетке айналдыруымыз қажет. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға…

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды.Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді. Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана…

Read More

2013 жылы Елбасымыз жаңа мереке – Отбасы күнін белгіледі. Бұл мереке Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.  Осы орайда «Елбасы медалі» бағдарламасының Алматы қаласы бойынша белсенді жастары өз отбасыларымен 2021 жылдың  12 қыркүйегінде  «Отбасы күніне» орай Алматы қаласында ұйымдастырылған «Спорттық отбасы» атты эстафетаға 10 отбасы қатысты. Аталған шараның мақсаты бағдарламаға қатысып жатқан жастарға отбасылық құндылықтарды нығайту мен насихаттау, Отанға деген сүйіспеншіліктің отбасынан бастау алатынын түсіндіру болып табылады. «Спорттық отбасы» атты эстафета 3 кезеңнен тұрды. Әлеуметтік желіде өздерін таныстырып, отбасылық бейнероликтерімен сүйікті істерін ерекше көрсеткен ең үздік 10 отбасы ғана ақтық мәреге жолдама алды. Алғашқы 2 кезеңнен сүрінбей өтіп,…

Read More

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы ұлттық халық санағынан онлайн режимде өтудің маңыздылығын айта отырып, азаматтық белсенділік танытып, санақтан онлайн режимде өтуге және халық арасында насихаттауға ел белсенділерін шақырады. Бұл бастаманы Республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері қолдады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі күні елімізде халық санағы онлайн режимде арнайы мамандандырылған https://sanaq.gov.kz/ сайтында басталған болатын. Халыққа санақтан онлайн өтуге мүмкіндік жасау үшін Алматы қаласының ірі сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, білім беру мекемелерінде, базарларда, қоғамдық ұйым мекемелерінде арнайы 100-ден астам арнайы пункттер жұмыс жасайтын болады.  Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Департамент…

Read More

Ақтаулық Гүлжанар Рафкатқызы бір өзі бірнеше мамандықты игерген таланттылар қатарында. Ол көпшіліктің тісі бата бермейтін режиссерлік қызметте жақсы жетістігімен танылып жүр. Одан бөлек, Гүлжанар әнші әрі композитор ретінде де көзге түсе бастаған. Үш баланың анасы ірі жобаларды ұйымдастыру арқылы шеберлік шыңдала түсетінін айтады. «Мен 1991 жылы Ақтау қаласында дүниеге келдім. Тәуелсіздіктің құрдасымын. Жаным сүйетін істі тапқанға дейін ағылшын тілін оқыдым. Кейін аударма ісін оқып алып, сонымен айналыстым. Ал қазіргі таңда режиссерлік қызмет атқарамын. Оған қоса сазгерлігім бар. Менің әндерімді «Балапан» арнасы саундтрек ретінде пайдаланып жүр. Әншілік жолға да қадам бастым. Болашақта үлкен сахнадан да көрініп қалармын. Жолдасым екеуміз бір ұл,…

Read More

Ақындық – жан еркіндігі мен сана тәуелсіздігінен тұратын болмыс. Ал ол болмысты таза қалпында сақтап қалу үшін не істемек керек? Жұмыс пен жаныңа жақын өнерді алып жүрудің қиындығы қандай? Өлең жазу үшін де тіршіліктен жырақтап, жаныңа үңілу керек. Кезінде Мұқағали, Жұматай сынды қазақтың азулы ақындары да сол еркіндік жолында тұрмыс-тіршілігін құрбан еткен. Ал бүгінде өзі ақын болып, әрі мемлекеттік қызметті қатар алып жүрген жастың бірі – Нұрболат Сатымқұл. Нұрболат Ақынғалиұлы Жамбыл облысының тумасы. Өлеңімен өңірге ғана емес, республикаға танылған ақын. Ақындық, журналистика және басшылық қызметті қатар алып жүрген талантты жас. Бүгінде Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы. Жұмыс пен шығармашылықты…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою барысы туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Президентке 122 жылжымайтын мүліктің, соның ішінде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық және 4 әлеуметтік нысанның қирағаны жөнінде баяндалды. Қазіргі уақытта 12 мекеме, 23 техника мен 185 жұмысшы қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған. Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, бүгінге дейін 62 тұрғын үй жөнделген. Жалпы қайта қалпына келтіру жұмыстарын 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жібек жолы ауылындағы қираған №5 орта мектептің орнына жаңа мектеп салынады. Бердібек Сапарбаевтың мәліметі бойынша, 26 адам стационарда…

Read More

Германия, Оңтүстік Корея, Литва, Қара теңіз, Бахрейн, Франция мемлекеттерінде қазақтың дәстүрлі әнін шырқап жүрген Ақмола облысының тумасы Айзат Қарабек қыздарыңыз жайлы естулеріңіз бар ма? Ол ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді ту етіп жүрген өнерпаздарымыздың бірі әрі бірегейі. Тамырын ғасырдан ғасырға жайған ән өнері, оның ішінде қазақтың дәстүрлі әні қаншама қатқан жүректі жібітіп, қағидасыз жанның Темірқазығына айналды десеңші. Дүниеге келіп, алға қадам басқан сәтіңнен бастап ата-ана салған жолбағдар болатыны ақиқат. Ал өнер талай талантты сөзсіз-ақ тәрбиелеп шығарды десек қателеспейтін болармыз. Қолына домбырасын алса жаны сөйлейтін Айзат та дәстүрлі әнді таңдауына ата-анасы себепкер болғанын алға тартады. Ән маған қанмен…

Read More

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Жасұлан Тәжиев арқа ән мектебінің түлегі. Жастығына қарамастан, еліміздегі дәстүрлі ән өнерін терең меңгерген ол халық композиторларының туындыларын нақышына келтіріп орындайды. Сондай-ақ, Жасұлан халық арасында кең танылған «Сәби болғым келеді» әнінің авторы, талай таланттың томағасын сыпырған әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың төл шәкірті. Бүгінде ол бес жыл бұрын дүние салған ұстазының сара жолын жалғастырып келеді. «Қатонқарай ауданындағы Шыңғыстай ауылында дүниеге келдім. Әке-шешем кәдімгі еңбек адамдары. Төртінші сыныпты тәмамдаған соң, отбасымызбен Семейге көшіп келдік. Сол кездері айтыс өнері дүркіреп тұр еді. Әсіресе, «Жекпе-жек» айтыстың өрлеп тұрған шағы. Кітапқа, әдебиетке құмар балалардың көбісі үйінде ата-анасымен бірге айтысты көріп өсті…

Read More

Уақыт жылжыған сайын әлемнің бет-бейнесі де сан құбылып, заман талабы мен жас ұрпаққа жүктейтін міндеті де артып жатыр. Қазақ халқы бұрыннан «Заманына қарай адамы» дейді. Әрине, уақыт ағымы қасқағым, өзіне ілесе алмай қалғандарды қатардан шығарып тастап, әрі қарай артқа бұрылмай зымырай береді. Уақыттың ағымына ілесіп, заманға сай тұлға болып қалыптасу жолындағы ең маңызды қасиет – сананың ашықтығы деп білемін. Сананың ашықтығы білім мен ғылымды игеріп, бірнеше тілді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өз ортаңа, қоғамға толерантты көзқарас таныту және өз-өзіңді қайта мамандандырып отыру сынды негізгі қасиет-құндылықтарды қажет етеді. Жоғары оқу орнында білім алып, кейіннен еңбекке араласқанда кез келген дүниені…

Read More

Әлемдік сахнада қазақ елінің өнерін паш етіп жүрген жас өнерпаздар аз емес. Халықаралық байқауларда жүлде алып, жұлдызы жанғандар қаншама. Бір жарқ етіп, кейін көрінбей кеткендер де жоқ емес. Бүгінгі кейіпкеріміз Ерназ Қабдхамитов та өмірін өнермен байланыстырған жас таланттардың бірі. Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін жария ету – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады. Қостанай облысының тумасы Ерназ ән өнерінде өзінше өрнек салғысы келеді. 2019 жылы вокалдан әлемнің 18 мемлекеті қатысқан «Creativita senza frontiere» байқауында қазақтың туын тіктеп, бас жүлде алған. Республикалық «Алтын микрофон» байқауынан өтіп, Италияға жолдама алғанын естіген бойда жетекшісі…

Read More

Сурет өнері қазаққа жат емес. Ықылым заманнан бастап бүгінге дейін қанымызда бар өнер десек те қателеспейміз. Бүгінгі жас дарынды суретшілер – солардың жолын жалғаушы. Соның бірі – Сұлтан Аманжол. Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету – бір міндетіміз. Мәдениетке, әдебиетке, қоғамға еңбегі сіңіп жүрген елімізде қаншама жас дарын бар. Сұлтан сол жетістік жолында сурет өнерін өрге сүйреп келе жатқан талантты жас. Сұлтан Аманжол Айдосұлы 1993 жылы 1 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан сурет салуға құмартып, осы өнерге аңсары ауған. Отбасында да сурет салатын туыстары бар. – Сурет өнері отбасымыздан алыс емес. Әкемнің «Алмас…

Read More

Қызылорда өңірінің тумасы, біршама республикалық айтыстарда Бас бәйгені қанжығалап жүрген, сонымен қатар, бүгінгі заман талабына сай «Оnline айтыс» жобасының бас жүлдегері атанған, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық  одағының мүшесі Нұрзат Қару жайлы білеміз бе? Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, оның ішінде елдің мұңы мен зарын ертеңге жеткізетін, қазақ дегенде қадіріңді бір ауыз сөзбен келтіріп, құрметіңді де арттыра салатын айтыс өнерінің орны ерекше. Киелі өнерді жанына серік еткен арудың жетістік жолы да айрықша. Нұрзат айтыс өнеріне келуіне өзінің ата-анасы себепші болғанын айтады. Себебі әкесі де, анасы да өнерден кенде емес екен. Айтыс өнері алдымен ата-бабаларымыздан дарыған…

Read More

Қазақстандағы медиа жыл санап дамып, жаңа сипат алып келеді. Қазнетте өзіндік аудиториясын қалыптастырып үлгерген ақпарат құралдары да бар. Соның бірі – massaget.kz жастар порталы. Жастарға арналған танымдық сайтта күн сайын пайдалы контент жарияланып келеді. Мұның мәдениетіміз бен өскелең жастың таным көкжиегін дамытуға әсері зор. Осы жайында порталдың бас редакторы Өмірбек Сансызбайдан сұрап білген едік. Өмірбек Сансызбай 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетін бітірген. Massaget.kz сайтына бас редактор болғанына 3 жылдан асқан. Ал жалпы медиа саласындағы еңбек өтілі 10 жылға жетіп жығылады. Осы уақыт аралығындағы «Жетістік тарихы» да жетерлік. Соның бір…

Read More

«Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жандүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер қан тамыры жабылып қалса, жүрегі де соғуын тоқтатпайды ма?» деп көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов айтса, Ғабит Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» деген. Болашаққа қадам басуымыз үшін ана тілімізді дәріптеуіміз керек. Саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. Қазіргі таңда қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып жүрген шетел азаматтары баршылық. Осы орайда Назарбаев Университетінде шетелдік студенттер үшін қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылғанын айтуға болады.…

Read More

20 жастағы Аружан Мұқаш туа салысымен мүгедек арбасына таңылған. Алайда, бұл қыздың сұлулық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болуына, дизайнерге оқуына, кәсіби түрде домбырада ойнауына және билеуіне еш кедергі емес. Домбыраның құлағында ойнайтын оралдық өнерлі қыздың таңғажайып оқиғасымен Tengrinews.kz материалынан таныса аласыздар. Аружан Оралға жақын ауылда дүниеге келген. Сегіз айға толғанда оған қатерлі ісік диагнозы қойылыпты. «Маған нейробластома диагнозы қойылды. Бұл нәрестелерде пайда болатын ауру. Кейінірек ол міндетті өз ізін қалдырады. Менің белімнен төмен қарай аяқтарым жұмыс істемейді. Шамамен 12 жыл бойы менде мүгедек арбасы болған жоқ. Ол кезде біз ауылда тұрдық. Ағаларым мені әрдайым көтеріп жүрді, мені айналаны тамашаласын деп ешқашан…

Read More

Тіл – халықтың жаны, тәуелсіздік тұғыры, елдіктің белгісі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілгеніне де талай жылдың жүзі болды. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесі ерекше. Ол қоғамды біріктіруші фактор, тәуелсіздігіміздің бір тірегі. Оны білу – әрбір қазақстандыққа парыз. Бүкіл елімізде, қоғамда осындай жүйе, саясат жүзеге асырылып келеді. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін арнайы республика, облыс көлемінде іс-шаралар жоспары қабылданып, орындалуда. Соның маңызды бір бөлігі – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру. Қазақ әліпбиі, мемлекеттік тіл мәселесі ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі екені жасырын емес. Осы орайда тіл маманы, филология ғылымының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы…

Read More

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12-ге жетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталып жатыр», – деді министрлік өкілдері. Ведомство мәліметінше, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған. Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Read More

Жамбыл облысында төрт түлік жануарлар ауруларының алдын алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 11 ветеринариялық станция мен 160 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Барлығы да заманауи құрал-сайманмен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 7 малдәрігерлік клиника пайдалануға берілмек.   Соңғы жылдары Жамбыл облысында мал басы артып келеді. Эпизоотиялық жағдай да біршама тұрақты. Төскейде өрген төрт түлікке тосыннан келген кесел болса мал дәрігерлері көмекке әзір: – Өткен жылдары облыстағы 11 ветеринариялық станциясының 8-і талапқа сай ғимараттармен аудан әкімдіктері тарапынан қамтамасыз етілген. 160 ветпунктің 103-де аптекалар ашылған, қалғаны жыл соңына дейін ашылады. Облыс бойынша 3 ветеринариялық станциясы әкімшілік, 57 ветеринариялық пункттер жалдамалы ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімі…

Read More

Саясаттанушы Расул Жұмалы Facebook парақшасында қазақша еркін сөйлей алатын шетел азаматының видеосын жариялады. Айтуынша, Иуан Смит есімді австралиялық жігітке екі айда қазақ тілін үйретіп шыққан өзінің ұлы Әли Жұмалы. Әли Алматы қаласында дүниеге келген, 22 жаста. Қазақ мектебін тәмамдаған. «Кезінде ұлдарым Қазақи ортада өскені үшін дипломатиядағы карьерамды тастағаным бар. Әрине, оған басқа да себептер болғанын жасырмаймын. Бүгінде Қазақ мектебін аяқтап Азамат бола бастаған құлындарыма қарап сол шешімім дұрыс болғанын тағы да көріп отырмын. Өмірімдегі ең басты жетістігім осы болар», – деп эазады саясаткер Facebook парақшасында. Расул Жұмалы Иуан Смиттің қазақ тілі сабағын онлайн оқығанын айтады. Ол небәрі екі айдың ішінде…

Read More

Соңғы жылдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде республика көлемінде бірқатар мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар өткізілгені анық. Осындай қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың халыққа берері мол, өскелең ұрпаққа тигізер пайдасы орасан екені белгілі. Мұндай шаралардың республика көлемінде өткізілуі үлкен маңызға ие. Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеті мен салт-дәстүрі, ана тілі, ұлттық идеология, ұлттық және мәдени бірегейлік, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен дамыту сынды маңызды мәселелерді көтеруге ат салысатын бірқатар мәдени іс-шаралардың өткізілуі қоғам талап етер заңдылық. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету…

Read More

Соңғы күндері әлеуметтік желіде сүйінші сұраған жұрт көп. Оның басты себебі ЖОО-ға грант иегерлерінің тізімі жариялануы. Ата-анасы баласының, ұстазы шәкіртінің сенімді ақтағанын қуанышпен бөлісіп жатыр. Біз жазғалы отырған түлек осы жылдың сәуір айында әлемнің 20 жоғарғы оқу орындарынан шақырту алған. Ал мұны танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев сүйіншілеген еді, – деп хабарлайды Massaget.kz порталы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауылының тумасы Азизхан Аяна 2004 жылы қаңтардың оны күні дүние келген. Ол осы ауылдағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейде білім алып, 11-сыныпты IQanat High School of Burabay мектебінде білімін шыңдаған. Айта кетейік, бұл мектеп 2020 жылы ашылған және Абай идеяларына негізделген. Онда тек ауылдық жерлерден келген 10-11 сыныптарда…

Read More

Қоғамда ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына жиі-жиі сын-ескертпе айтылып жатады. Әрине қоғамда қанша адам болса, сонша ой-пікірдің туатыны заңды. Дегенмен кейде сала мамандарының жұмысына байланысты айтылған жекелеген адамдардың қисынға келмейтін көзқарастары, жалған мәлімдемелері қоғамды адастырып, қарапайым халықтың ойын онға, санасын сан-саққа бөледі. Сондықтан да тыныштығымыздың күзетшісі – полиция қызметкерлерінің қым-қуыт тірлігімен танысып, халықтың көкейіне ұялап қалған күмәнді ойларды сейілту мақсатында Жамбыл облыстық полиция департаментіне арнайы барып, Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығында бір күнімізді өткіздік. Таңдауымыз неге патрульдік полицияға немесе атты взводқа емес, жедел басқару орталығына түсті дерсіз. Себебі орталық қызметкерлерінің жауапкершілігіне не кіретіні, қандай жұмыстар атқаратыны көпшілікке бәймәлім.…

Read More

Енді санаулы күндерден кейін жаңа оқу жылы басталады. Жаңа оқу жылы жақындаған сайын жауапкершілікте күшейе түсетіні анық. Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өткен басқосуда түзеу мекемелеріндегі білім ошақтарының жаңа оқу жылына дайындығы пысықталып, олардың бүгінгі жай-күйі баяндалды. Жиынға департамент бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты кешкі мектептің директоры Ақмарал Қошқарова, аталған бөлімнің оқу-кеңес беру пунктінің меңгерушілері Нұрлан Жамашов, Қырғызбай Қалиев және №15 кәсіптік-техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Балабек Тоқабаев сондай-ақ түзеу мекемелері бастықтарының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында Қанат Шамарданұлы Конституцияға сәйкес елімізде сотталушының орта білімі жоқ болса, жазасын өтеу мерзімінде оған орта…

Read More

16 жастағы мектеп оқушысы Нұртөре Арынұрұлы елорданың Есіл өзенін тазартқысы келеді және сол үшін ғылыми жоба әзірлеген. Әлеуметтік желілерде астаналықтар жобаны қолдады, ал жас ғалым келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтан әкімдігіне шақырылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Нұртөре бұл туралы осыдан екі жыл бұрын АҚШ-қа барған кезде ойланғанын айтты. Бірақ ол жобаны құруды биыл мамырда бастаған. «Жазда шомылатын жер іздедік, бірақ Есілден орын таба алмадық, өйткені өзен өте лас және шомылатын орын жоқ, ал қалалық жағажай адамға толы және бос орын аз. Мен бұл мәселені шешкім келді. Ата-анам мені қолдады. Сөйтіп, қабыршақтарды іздей бастадым. Достарыма да жобаның маңызын түсіндірдім, олар да қолдады», -…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, – деп хабарлайды Vesti.kz  басылымы.  Өңір басшысы спортшының жетістігін жоғары бағалап, жаңа Toyota Camry көлігін сыйға тартқан. Ал, бапкер Ғалымжан Жылгелдиевке бір миллион теңгенің сертификаты табысталды. Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар әуежайда қошеметпен қарсы алған болатын. Сол кезде Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылған еді.

Read More

Қазақстан халқының ұрпақтар сабақтастығы арқылы мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту. Дәстүрлерді жаңғырту және ілгерілету мәселесіне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығын қайта жаңғыртуға тарту, оқушылар мен оқытушылардың арасында ұлттық идеялогияны арттыру. Жетістіктің тарихы шарасы Бұл шара аясында Қазақстанның 14 облысы мен үш мегаполисін қамти отырып, еліміздің егемендік алған күнінен бері дүние есігін ашып, мәениет, тіл және ғылым саласында айтарлықтай жетістікке жеткен жастардың портфолиосын жасау. Яғни оның жетістікке қалай жеткені туралы баяндап, Қазақстан халқына паш ету. Әркімнің «жетістік тарихы» әртүрлі, сол себепті онымен сұхбаттасу, ұстазының пікірін алу көзделеді. Осы бағытта республика бойынша…

Read More

Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл 1 қыркүйекте Жамбыл облысындағы 442 мектепке 240 мың оқушы барады деп күтіледі. 22 мыңнан аса бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамаловтың айтуынша, биыл 23 білім беру нысанының құрылысына 8,9 миллиард теңге қаралған десек, оның 11-і биыл пайдалануға беріледі. Нәтижесінде бір апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі. Барлығы 16 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 3,6 миллиард теңге бағытталған. Барлық мектептер бейнебақылау камераларымен…

Read More

Әлеуметтік желіде тұрғындар адамдардың көзінше ит пен мысықтарды атып, қараусыз қалған үй жануарларын мұндай тәсілмен аулаудың адамгершілікке жат екенін айтып дабыл қаққан болатын. Алайда жыл басынан бері 975 адамды ит тістеу фактісі орын алған. Осыған байланысты облыстық ветеринария басқармасы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Облыстағы елді мекендерде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, жою жұмыстарын ветеринариялық ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес келісім-шарт бойынша іске асырады.Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 52-8 шешімімен «Жамбыл облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» бекітілген. Қаңғыбас иттерді аулау гумандық әдістермен, атап айтқанда, құрық және торларды…

Read More

Таразда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, жиналғандар Абай атындағы кітапханаға бас сұғып, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін қосыла шырқап, ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. ЖД-158/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Айгерім Ерубаеваның айтуынша, аталған шара хакім Абайдың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізілген. Абай күнін мерекелеуді ЖД-158/1 мекемесінің ұжымы зор қуанышпен қабылдады. Мекеме ұжымы ұлы хәкімнің туған күнінің мерекеленуінің өзі Абайға, қазақ халқына, ұлт руханиятына көрсетіліп отырған құрмет деп біледі. Сол себепті, артында өшпес мұра қалдырған ойшылдың шығармашылығын кеңінен дәріптеу…

Read More

Тараз әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерлерден карантинде керегісіз жұмыс істеуі үшін пара алған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. «Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдамағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған. 2021 жылғы 4 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімі шықты: Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.К. Ізбасаровты (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 миллион теңге сомасында айыппұл салу;Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы А. А. Сүйінбековті (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің неден қайтыс болғаны аталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. «Ұлан Жазылбек тыныс алу жетіспеушілігінен қайтыс болды», – деді баспасөз қызметі өкілі. Бұған дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің қайтыс болғаны хабарланған еді. Ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Кейінірек ол ұзақ уақыт ауруханада жатқаны белгілі болды. Ол 58 жаста болған. Әр жылдары «Қорғас» ШЫХО-да, Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Read More