Автор: admin

Тараз қаласында «Білім саласындағы: жаңа оқу жылының ерекшеліктері»  тақырыбында онлайн режимде дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, мектеп директорлары мен мұғалімдері, колледждер мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Аймақ басшысы облыста білім саласын дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстар, үш ауысымды, апатты және орын тапшылығы бар мектептер мәселесінің қалай шешіліп жатқандығы туралы қысқаша айтып өтті. Бердібек Сапарбаев білім беру мекемелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарын бақылау, қашықтықтан оқитын мектеп оқушыларын компьютермен және интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін тағы да атап өтті. «Егер білім беру мекемесіндегі оқушылар саны 200-ден аспаса, онда оқу процесі дәстүрлі форматта…

Read More

Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қазіргі Ата заңымыз қабылданды. Бұл қадам тереңнен тамыр тартатын мемлекеттігімізді тың өріске бастап, Қазақстан Республикасының күрделі геосаяси жағдайдағы дамуының даңғыл жолын айқындады. Конституциямызда белгіленген адам құқығы мен бостандығы, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым қағидаттары әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің айнымас тұғырына айналды. Халық билігі, теңдік, бірлік, заң үстемдігі сияқты қастерлі ұстанымдар мызғымас ұстын ретінде қалыптасып, Қазақстанның келешектегі жан-жақты даму бағдарының мазмұнын айшықтай түсті. Ата заңымыз уақыт рухына және азаматтарымыздың талап-тілегіне сай келеді. Сондай-ақ, оның жасампаздық әлеуеті саяси жүйе мен әлеуметтік-экономикалық қатынастарды…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында «Арай-2» тұрғын алабындағы аз қамтылған, толық емес отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 90 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын мердігер «Бином» ЖШС жүргізген.Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер кілттерін табыстау салтанатына арнайы қатысып, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады. — Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне, әркімнің баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы. Құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылдың 7 айында 270 мың шаршы метрден астам тұрғын…

Read More

Сенбі, 29 тамыз күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысып, білім беру мекемелерін аралады. Алатау шағын ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бес аула абаттандырылуда. Ол жұмыстармен «Энерджи-Тараз» ЖШС айналысуда. Аулаларды абаттандыру толық асфальттау, көшелерді жарықтандыру, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату шараларын қамтиды. Сондай-ақ, балалар мен спорт алаңқайлары салынып, кеңейтілуде. Бердібек Сапарбаев ең алдымен мердігер мен Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа құрылыс жұмыстарының сапасына айрықша назар аудару керектігін тапсырды. Аймақ басшысы әткеншектермен және құм алаңқайларын, стрит-воркаут алаңдарын аралап көрді. — Біз балалардың ашық ауада еркін ойнап, спортпен шұғылдануы үшін барлық қолайлы және қауіпсіз жағдайды…

Read More

Қордайда Конституцияның 25 жылдығы жоғары деңгейде аталып өттіп, аудан әкімі бірқатар тұрғындарды марапаттады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдағанына 25 жыл толады. Еліміздің ел болып, керегеміздің кеңейіп, шаңырағымыздың нығайып, тәуелсіздігіміздің одан әрі шыңдалуына септігін тигізген Ата-Заңымыздың алатын орны ерекше. Аудан әкімдігінде өткен салтанатты жиында Рүстем Дәулет іс-шараға қатысушыларды төл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Ата Заң біздің адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік беретінін атап өткен аудан басшысы марапаттау рәсімін бастады. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарғаны, отан алдындағы игі істері мен жауапкершілігі,…

Read More

Құрметті отандастар! Осыдан тура 29 жыл бұрын, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық қару-жарақтан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды. Осылайша, 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының бірі – Семей полигоны, бұрынғы Кеңес Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан, біржола жабылды. Бұл өскелең ұрпақтың жарқын келешегі мен мемлекетіміздің баянды болашағы жолында жасалған шешуші қадам болды. Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі сынақ алаңдарының жабылуына жол ашқан батыл бастамаға айналды. Тәуелсіздікті ядролық қарусыздану және жойқын…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің жылуэнергокешенінің, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың алдағы жылыту маусымына әзірлігі талқыланды. Энергетика және ТҮКШ басқармасының төрағасы Құдайберген Қорғанбаевтың сөзінше, қазіргі уақытта 65,5 пайыз нысан дайын. Автономды қазандықтардың жалпы әзірлігі 71,1 процент, жылуы жүйелері – 92, сумен қамту желілері – 82,8 процент деңгейінде. Тараз, Жанатас, Қаратау мен Шудағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Биыл энергетикалық кешендермен жылу маусымына әзірлік мақсатына 3,3 млрд теңге бөлінген. Оның 2,7 млрд теңгесі немесе 84 проценті игерілді. Таразда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,6 шақырым жылу желілерінде жаңғырту мен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңғыртуды қажет…

Read More

Бүгін Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде өткен арнайы жиын барысында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев құрылыс жүріп жатқан нысандарды учаскелік полицейлердің тексеруі керектігін айтты. Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан үйлер бойынша мердігер мекемелермен жиналыс ұйымдастырылып, жөндеу жұмыстарының қарқынын арттыру бойынша тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта 80 көп қабатты тұрғын үйден тек 27 тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:05 PDT Жиынға Таразқаласы прокурорының м.а. — Б.Төлеуов, Тараз қаласының полиция басқармасы басшысы — А.Заурбеков, қала әкімінің орынбасары — А.Есеналиев, қала әкімінің аппарат басшысы — Д.Абдуқасымов, ұйымдастырушылық-инспекторлық…

Read More

Бүгін Айтқазы Қарабалаевтың қатысуымен Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде арнайы жиын өтті. Айтқазы Қарабалаев қала аумағындағы учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысы сын көтермейтінін айтты. Ол учаскелік полиция қызметкерлері өз аумақтарына қатысты тиянақты және сапалы жұмыстар атқаруы қамтамасыз етілуін талап етті. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:10 PDT Қала аумағындағы коммуналдық жүйелердің құдық қақпақтарының жаппай ұрлану мәселесі, оның ішінде 15 шағынауданы аумағында бір түн ішінде 228 құдық қақпақтарының ұрлану фактісі де аталды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:08 PDT Жиынға Таразқаласы прокурорының м.а. — Б.Төлеуов,…

Read More

Бүгін Тараз қаласының аумағындағы қылмыстық істер жөнінде арнайы жиын өтті. Жиын барысында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев шаһардағы жасөспірімдер арасындағы қылмысқа кеңінен тоқталып, жауапты қызметкерлерге бірқатар тапсырмалар берді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 6:57 PDT Атап айтар болсақ, қала аумағындағы кәмелет жасқа толмаған балалар тізімі бойынша учаскелік полиция қызметкерлері және кәмелетке толмаған жастар ісі жөніндегі инспекторлар өз аумақтары бойынша толық зерделеу (балалар тізімі, жас айырмашылықтары және т.б.)  жұмыстарын жүргізіп, нақты ақпарат ұсынылуын қадағалуды тапсырды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Tarazy.kz (@tarazy.kz) 26 Авг 2020 в 7:01 PDT Сонымен қатар, №2, 4,…

Read More