Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы бойынша ауылшаруашылық саласында 2 миллиард 913,1 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады (2018 жылы – 2 879,7 миллион теңге), — деп хабарлайды Tarazy.kz.
Мал шаруашылығы бойынша 924,3 миллион теңгеге (2018 жылы – 827,5 миллион теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 1 миллиард 766,7 миллион теңгеге (2018 жылы – 1 801,9 миллион теңге) өнім өндірілген. Осы сала бойынша ірі қара мал – 263 басқа немесе 5,8 пайызға (2018 жылы – 4545 бас, 2019 жылы – 4808 бас), жылқы 2 басқа немесе 0,2 пайызға (2018 жылы – 1134 бас 2019 жылы – 1136 бас), ешкі – 47 басқа немесе 6,2 пайызға (2018 жылы – 756 бас, 2019 жылы – 803 бас), үй құстары 27 840 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 710 басқа өсіп отыр (2018 жылы – 27 130 бас, 2019 жылы – 27 840 бас). Ал, қой – 345 басқа немесе 4,6 пайызға (2018 жылы – 7546 бас, 2019 жылы – 7201 бас), шошқа – 123 басқа немесе 8,3 пайызға (2018 жылы – 1481 бас, 2019 жылы – 1358 бас) төмендеген. Сондай–ақ сүт өндіру 1,4 тоннаға немесе 0,1 пайызға (2018 жылы – 3562,6 тонна, 2019 жылы – 3564 тонна), ет өндіру 0,9 тоннаға немесе 0,3 пайызға (2018 жылы – 268,2 тонна, 2019 жылы –269,1 тонна), ал жұмыртқа 1,0 мың данаға немесе 0,1 пайызға өсіп отыр (2018 жылы – 1460,8 мың дана, 2019 жылы – 1461,8 мың дана) қалыптасып отыр.
Қала аумағында жылыжай шаруашылығымен жалпы аумағы 0,87 га құрайтын «Рамазан» шаруа қожалығы айналысады. Қазіргі таңда шаруа қожалығықызанақ пен қияр көшетін отырғызып, күздік өнім алу жұмыстарын жүргізуде. Келешекте 0,87 га жерді 1 га дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Қазіргі кезде қалада ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен 98 цех пен кәсіпорындар жұмыс істеуде, олардың басым бөлігі шұжық, кондитерлік және наубайхана цехтарына тиесілі. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны – 2158 адамды құрайды.
Жалпы қалада шаруа қожалықтарының жерлері 591 га құрайды. Онда 186,6 га жерге көкөністер, картоп 3,0 га, дәнді май және бұршақты дақылдар 25,9 га, қант қызылшасы 20,0 га, көп жылдық шөп 93,8 га және мал азығы дақылдары 261,5 га жерге егілген.
Ветеринария саласында – 2019 жылдың басынан 4250 бас МІҚ (мүйізді ірі қара), 6800 бас уақ, 950 бас шошқа, 600 бас жылқы, 22500 бас ит, 2200 бас мысық және 31000 бас үй құстары тіркеуге алынып, оларға эпизоотияға қарсы жұмыстар жүргізу үшін бюджеттен 32,0 миллион теңге бөлінді. Есепті кезеңде 21,0 миллион теңгесі игеріліп, бұл қаражатқа жануарларды қауіпті ауруларға қарсы вакциналау және диагностикалық жұмыстарға керекті вакциналар алынып, жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта сібір жарасы ауруына қарсы 3300 бас МІҚ, 5000 бас уақ, 400 бас жылқы, 800 бас шошқа, аусыл ауруына қарсы 4700 бас МІҚ, 9000 бас уақ, 1000 бас шошқа, лептоспироз ауруына қарсы 200 бас шошқа, қарасан ауруына қарсы 2000 бас МІҚ, туберкулез ауруына қарсы 5000 бас МІҚ, 500 бас шошқа, маңқа ауруына қарсы 200 бас жылқы, оба ауруына қарсы 3000 бас уақ мал, күл ауруына қарсы 6300 бас уақ, сүйел ауруына қарсы 1000 бас уақ, эхинококкоз ауруына қарсы 49000 бас ит, құтыру ауруына қарсы 17000 бас ит, 1900 бас мысық және тейлериоз ауруына қарсы 2000 бас МІҚ егілді.
2019 жылға егеуқұйрықтарды жою жұмыстарына 11,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Егеуқұйрықтарды жоюға өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Гарант» дезинфекциялық орталығы ЖШС–гі электронды сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз болып анықталды. Бөліммен келісім–шартқа отырып, қазіргі таңда Тараз қаласы аумағындағы көпқабатты үйлердің жертөлелері мен қоқыс тастайтын контейнерлерге дератизациялау жұмыстарын жүргізуде.
2019 жылға қаңғыбас иттер мен мысықтар ұстап жоюға жергілікті бюджеттен 20,4 миллион теңге қаражат бөлінсе, есепті кезеңде 16,3 миллион теңгесі игеріліп, 7571 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ұсталып жойылды (2018 жылы – 7806 бас қаңғыбас ит пен мысық).
«Конго–Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын–алу мақсатында қажетті препараттарды алу үшін қалалық бюджеттен 7,3 миллион теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың «Конго–Қырым геморрагиялық қызбасының» ауруының алдын–алу мақсатында қажетті препараттар алынып, бөлінген қаржы толығымен игерілді. Заласыздандыру жұмыстарының I–ші кезеңінде ауылшаруашылық малдарына, оның ішінде 565 бас МІҚ, 243 бас жылқы, 1215 ит, 3097 ұсақ малдарына, 4309 аула, жалпы көлемі 1 миллион 97,8 мың шаршы метр қора–жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.