Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 13 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

      13.01.2026

      «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

      13.01.2026

      Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

      13.01.2026

      Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

      13.01.2026

      Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

      13.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Қаражат тиімсіз пайдаланылған». Жамбыл облысына тексеріс жүргізілді

    «Қаражат тиімсіз пайдаланылған». Жамбыл облысына тексеріс жүргізілді

    Басты тақырып 04.12.2025
    ЖАП
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жоғары аудиторлық палата Жамбыл облысында жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz 

    «2020-2024 жылдар аралығында өңірдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскен. Алайда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жалпы құрылымында облыстың үлес салмағы 2,7%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 553 млрд теңгеден асты, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 1,4 есе жоғары. Алайда 2020-2024 жылдар кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша облыс республикалық рейтинг көшбасшыларынан 3,5 есе артта қалып отыр», — деп жазылған хабарламада.

    Жалпы Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды басқару бөлігінде, сондай-ақ, «Тараз» ӘКК» АҚ қызметінде бірқатар заңбұзушылық пен кемшілік анықталған.

    «2020-2024 жылдары бюджеттен түсімдер — орта есеппен 80%. Осы кезеңде трансферттер 344 млрд теңгеден 521 млрд теңгеге дейін, 51%-ға өскен. Ал 38 млрд теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын игермеу дерегіне жол берілген. Өңірді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында Тараз кәріз-тазарту нысандарының болмауы, тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар санының өсуі және суармалы жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу деңгейінің төмендігі сияқты бірқатар маңызды және өзекті проблеманы шешу жөніндегі көрсеткіштер мен іс-шаралар қамтылмаған. Мемлекеттік сатып алу саласында Тараз қаласының құрылыс және тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің «қызмет бабында пайдалану үшін» деген грифі бар шарт жасасудың ерекше тәртібін негізсіз қолдану деректері анықталды», — деп жазылған хабарламада.

    Бұл адал бәсекелестікті шектеуге алып келген.

    «Сонымен қатар, үлестес компаниялармен шарттар жасасу жағдайлары бар. Аудиторлар Тараз қаласында және облыста инвестициялық жобалардың іске асырылуы нашар бақыланатынын атап өтеді. Мердігерлерге орындалмаған жұмыс үшін ақы төлеу және әлі өтелмеген берешектері бола тұра аванс беру тіркелген. Мысалы, Тараз қаласының ТКШ бөлімі биыл маусым айында қалалық автожолдарды орташа жөндеу бойынша екі жобаға 537 млн теңгеден аса төлем жасаған, бірақ 70 күн өтсе де жұмыс басталмаған. Бұл жұмыс тамызда аудит жүргізу нәтижесінде ғана басталды. Жамбыл облысы Шу ауданының 18 елді мекеніне жеткізілетін газ құбырын салудың нормативтік мерзімі екі жыл болса да, алты жылдан аса уақыт бойы аяқталмай келеді. Нәтижесінде 8,2 млрд теңге игерілмей, жоғары тұрған бюджетке қайтарылған, яғни қаражат тиімсіз пайдаланылған», — деп жазылған хабарламада.

    Жалпы аудит қорытындысы бойынша:

    • 58,5 млрд теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар анықталды, оның 47,1 млрд теңгесі бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп саласындағы заңбұзушылықтар;
    • 75,6 млрд теңге тиімсіз жоспарланылған және пайдаланылған.
    аудит Жамбыл облысы тексеріс

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026

    Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

    13.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026

    Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

    13.01.2026

    Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

    13.01.2026

    «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    13.01.2026

    Атыраудағы қайғылы жағдай: марқұмның туыстары оқиғаға қатысты пікір білдірді

    12.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.