Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 22 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 2026 жылы елімізде бокстан студенттердің Әлем чемпионаты өтуі мүмкін

    2026 жылы елімізде бокстан студенттердің Әлем чемпионаты өтуі мүмкін

    Жаңалықтар 05.12.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2026 жылы Қазақстанда студенттік спорт тарихындағы маңызды оқиға өтуі мүмкін. Елімізде студенттер арасындағы бокстан Әлем чемпионатын өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін мұндай деңгейдегі дода Қазақстанда соңғы рет 2006 жылы өткен. Араға тура 20 жыл салып, әлемдік жарыстың қайта оралуы — еліміздің халықаралық спорт қауымдастығындағы беделінің артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бұл бастаманы Халықаралық университеттер спорты федерациясы (FISU) көтеріп отыр. Ұйым Қазақстанның соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі ірі спорттық шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізгенін ерекше атап өткен.

     

    ©Шыңғыс Жанәділ

    28 қарашада Қытайдың Макао қаласында өткен Азия университеттік спорт федерациясының Бас Ассамблеясына Қазақстан атынан Ұлттық студенттер спорт одағының президенті Қайрат Закирьянов қатысты. Жиында аймақтық университеттік спортты дамыту, жаңа ынтымақтастық стратегиялары және Орталық Азиядағы студенттік спорт жобаларын ілгерілету мәселелері талқыланды.

    Қайрат Закирьяновтың айтуынша, Қазақстанда студенттер арасындағы бокстан Әлем чемпионатын өткізу туралы бастама — халықаралық ұйымдардың елімізге деген зор сенімінің белгісі.

    «Бұл ұсыныс FISU мен өзге де халықаралық ұйымдардың Қазақстанға деген жоғары сенімін көрсетеді. FISU президенті Леонц Эдер еліміздің спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Мәселен, 2017 жылы өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы — соның айқын дәлелі», — деді ол.

    Чемпионатты өткізу мәселесі WORLD Boxing халықаралық ұйымының қолдауымен талқыланып жатыр. Айта кетейік, аталған ұйымды әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басқарады. Сарапшылардың айтуынша, ұйымның қолдауы жарыстың халықаралық мәртебесін арттырып, әлемнің үздік жас боксшыларының қызығушылығын күшейтеді.

     

    ©Шыңғыс Жанәділ

    Сонымен қатар, FISU Қазақстанда 2029 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы екінші рет өткізу мүмкіндігін де қарастырған. Бұл да халықаралық қауымдастықтың елімізге деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

    Егер шешім оң қабылданса, Қазақстан 2026 жылы әлемдік студенттік спорттың басты орталықтарының біріне айналуы ықтимал.

    бокс Қайрат Закирьянов студенттер чемпионат

    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.