Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 10 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

      10.04.2026

      Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

      10.04.2026

      “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

      10.04.2026

      Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

      10.04.2026

      Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

      10.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    Жаңалықтар 10.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қалада жол, мектеп, LRT сияқты ірі жобалар көбейген сайын ескі үйлерді сатып алу жағдайлары жиілеп жатыр. Мұндай кезде үй иелері «бізге қанша өтемақы беріледі?» деген сұраққа жиі жауап іздейді. Осы мәселеге қатысты құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнұрова пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Кейінгі жылдары Алматыда инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соның әсерінен кейбір аудандар реновация аймағына кіріп, ескі үйлердің орнына жаңа нысандар салу жоспарланып жатыр.

    Қала әкімдігінің мәліметінше, тек 2026 жылдың алғашқы үш айында мемлекет мұқтажы үшін 1400-ден астам нысанды алу жоспарланған. Бұл – қалада жаңарту жұмыстарының күшейгенін аңғартады.

    Сонымен қатар жеке құрылыс компаниялары да белсенді әрекет етіп жатыр. Әсіресе, қала орталығындағы ескі үйлер орналасқан жер телімдерінің нарықтық құны жоғары болғандықтан, мұндай нысандарға сұраныс артып отыр.

    Qazaq Expert Club сарапшысы Диляра Сейтнұрованың айтуынша, мемлекет мұқтажы үшін жер немесе үй алынған жағдайда меншік иесі мәміледен бас тарта алмайды. Алайда ұсынылған өтемақы көлемімен келіспеген жағдайда оны сот арқылы қайта қаратуға құқылы.

    «Егер тәуелсіз бағалау жүргізіліп, кәсіби заңгердің көмегі болса, сот арқылы өтемақы көлемін 20–30 пайызға дейін арттыруға болады», – дейді сарапшы.

    Ал жеке құрылыс компанияларымен келіссөз жүргізу кезінде жағдай өзгеше. Мұнда меншік иесі ұсыныстан бас тартуға толық құқылы. Дегенмен мұндай келіссөздер ұзаққа созылып, 1,5 жылдан 3 жылға дейін жалғасуы мүмкін.

    Сарапшының айтуынша, ең маңыздысы – асығыс шешім қабылдамау. Алғашқы ұсынысқа бірден келісу көбіне мүлік құнының бір бөлігін жоғалтуға әкеледі.

    «Реновация аясында сатып алу кезінде нарықтық бағадан 10–15 пайыз көлеміндегі үстеме ақы – қалыпты тәжірибе. Құрылыс компаниялары мұны алдын ала өз бюджетіне енгізеді», – деп түсіндірді Диляра Сейтнұрованың өзі.

    Келіссөзге дайындық тек мүлікті бағалаумен шектелмейді. Құжаттардың толық әрі заңды болуы да шешуші рөл атқарады. Сарапшының айтуынша, жер актісі, сатып алу-сату шарты, техникалық паспорт, кадастрлық жоспар және ешқандай ауыртпалықтың болмауы үй иесінің келіссөздегі ұстанымын күшейтеді.

    «Құжаттары толық әрі «таза» болса, меншік иесі мүліктің бағасын сенімді түрде көтере алады. Ал заңдастырылмаған құрылыстар керісінше, бағаны төмендетуі мүмкін немесе бөлек келіссөз тақырыбына айналады», – дейді ол.

    Мұндай нысандарды заңдастыру 3–6 ай уақытты алады және шамамен 500 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін шығынды талап етеді. Егер меншік иесі бұл жолды таңдамаған жағдайда, ол бұл мәселені баға саудаласу кезінде пайдалануға құқылы.

    Сонымен қатар сарапшы көшу, құжат рәсімдеу және жөндеу секілді қосымша шығындарды да алдын ала есепке алуға кеңес береді. Бұл шығындарды да құрылыс компаниясымен келіссөз барысында өтемақы құрамына енгізуге болады.

    Жалпы алғанда, мүлікті сату – ерікті шешім. Егер ұсынылған шарттар немесе құрылыс компаниясының беделі күмән тудырса, меншік иесі мәміледен бас тартуға толық құқылы.

    «Жылжымайтын мүліктің құны тек үйдің қазіргі жағдайымен ғана емес, жер телімінің әлеуетімен де анықталады. Сондықтан басты мақсат – оның нарықтық әрі инвестициялық құнына сай әділ өтемақыға қол жеткізу», – деп түйіндеді сарапшы.

    ескі үй инфрақұрылым қала өтемақы

    Оқылып жатыр

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

    10.04.2026

    Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

    10.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шахмат пен махаббат: өзбектер чемпиондарын Асаубаевадан қызғанып жатыр

    10.04.2026

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    10.04.2026

    “20-30%-ға дейінгі өтемақы”. Ескі үйді қалай тиімді бағада сатуға болады?

    10.04.2026

    Тоқаев пен Мирзиёев Бұқара қаласында бейресми кездесу өткізеді

    10.04.2026

    Елдегі ең ауқатты әйелдер: Назарбаевтың қыздары көш бастап тұр

    10.04.2026

    Алматы облысында сегіз адам 15 жастағы жетім қызды зорлаған

    10.04.2026

    Тимур Турлов «Астана» футбол клубын сатып ала ма?

    10.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.