Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    Абай университетінде болашақ педагогтардың кәсіби тәжірибесі қорытындыланды

    Жаңалықтар 10.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2026 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ауқымды жиынға педагогикалық мамандықтардың студенттері, өндірістік іс-тәжірибе жетекшілері, орта білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиынды Мансап орталығының басшысы Рақымберді Жетібай модератор ретінде жүргізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты — 2025–2026 оқу жылының екі семестрін қамтыған ұзақ мерзімді өндірістік іс-тәжірибенің нәтижелерін саралау, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау және университет пен мектеп арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту болды. Жиын барысында Абай университетінде педагогикалық тәжірибелердің бекітілген академиялық күнтізбе негізінде жоғары деңгейде жүзеге асырылғаны ерекше атап өтілді.

    Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылдың қыркүйегінде өткен педагогикалық практикаға 3-ші курс студенттерінен 2561 білім алушы қатысып, Алматы қаласының 94 білім беру ұйымында тәжірибе жинақтаған. Осы кезеңде студенттерге бағыт-бағдар берген 1176 мектеп мұғаліміне нормативтік талаптарға сай төлем жүргізілді. Ал 4 курс студенттерінің негізгі өндірістік іс-тәжірибесі 22 аптаға созылып, 2025 жылдың қазанынан 2026 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңді қамтыды. Бұл маңызды кезеңде барлық факультеттен 2215 білім алушы мектептерде кәсіби тәжірибеден өтті.

    Тәжірибенің географиялық ауқымы да кеңейіп келеді. Мәселен, соңғы үш жылдағы дәстүр бойынша 95 студент елордадағы 17 білім беру ұйымында дағдыларын жетілдірсе, Алматы қаласында 1535 білім алушы 91 мектепке бөлінді. Жалпы алғанда, практика жұмыстарына 108 білім беру ұйымы жұмылдырылды. Студенттер 7–8 семестр аралығында 8860 ашық сабақ өткізіп, теориялық білімдерін нақты оқу процесінде нәтижелі ұштастыра білді.

    2019 жылдан бері Абай университеті енгізген бұл бірегей бастаманың тиімділігі мектептер тарапынан жүргізілген сауалнамалармен расталды. Тәжірибенің алғашқы кезеңінде студенттер мектеп ортасына бейімделсе, кейінгі айларда сабақ беру әдістемесін, БЖБ мен ТЖБ құрастыруды, сондай-ақ бағалау жүйесін толық меңгеріп шықты. Осылайша, үш тоқсанды қамтыған тәжірибе болашақ мұғалімдерді еңбек нарығына дайын, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастыруға мүмкіндік берді. Практика базаларындағы жетекшілердің 80 пайызы педагог-зерттеуші, педагог-шебер және педагог-сарапшы, 10 пайызы педагог-модератор санатындағы білікті мамандар болғаны студенттердің кәсіби өсуіне оң ықпал етті. Аталған ұстаздардың жетекшілігімен 5000-нан астам ашық сабақ өткізілді.

    Сонымен қатар, дуалды оқыту жүйесі де нақты жемісін беруде. Биылғы оқу жылында 139 білім алушы осы жүйе арқылы ресми жұмысқа қабылданса, 446 студент сұраныс хат негізінде тәжірибеден өтті. Конференция соңында Басқарма төрағасы-ректордың кеңесшісі Хайрулла Жанбеков, департамент директоры Алмас Найманбаев және мектеп директорлары сөз сөйлеп, педагог кадрларды даярлаудағы жаңа форматтың маңыздылығын қорытындылады.

    Жиын барысында Кәсіби бағдар және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев практиканың стратегиялық маңызына тоқталып: «Ұзақ мерзімді педагогикалық практика — бұл тек академиялық талап емес, бұл болашақ маманның мектеп өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін кәсіби көпір. Біздің мақсатымыз — диплом алған түлек жұмыс орнында бейімделуге уақыт жоғалтпай, алғашқы күннен бастап сапалы білім беруіне жағдай жасау», — деп атап өтті.

    Іс-шара «Менің тәжірибедегі бір күнім» байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен және «Үздік тәжірибе жетекшілеріне» алғыс хаттар табыстаумен аяқталды. Бұл шара Абай университетінің білім мен тәжірибені сабақтастырудағы жүйелі жұмысының айқын айғағына айналды.

     

    Абай университеті конференция тәжірибе

    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.