Түркиядан бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Анталья қаласынан бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2019-2020 жылдары күдікті алдау арқылы Шымкент қаласының 4 тұрғынының ақшасы мен жер учаскелерін иемденіп, оларға шамамен 95 млн теңге көлемінде залал келтірген.
Күдікті жәбірленушілердің қаражатын иемденгеннен кейін жауапкершіліктен жалтару мақсатында бой тасалаған, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Кейін ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Отанына экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
