Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 12 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісу университетінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық пікірсайыс өтті

    Жетісу университетінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық пікірсайыс өтті

    Өңір тынысы 18.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында студент жастар арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, азаматтық ұстаным мен құқықтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бұл дода университет және Zhansugurov College ұйымдастыруымен өтті.

    Турнирдің ашылу салтанатында университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ол жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғам дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті.

    Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түскен алаңда Жетісу өңіріндегі бірқатар білім беру ұйымдарының командалары бақ сынады. Атап айтқанда, Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласының Инновация колледжі, Авиценна медициналық колледжі, Көксу ауылшаруашылық колледжі, Сарқан политехникалық колледжі, Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі және Zhansugurov College студенттері өзара ой қозғап, сөз жарыстырды.

    Пікірсайыс барысында қатысушылар заң үстемдігі, қоғамдағы тәртіп пен азаматтық жауапкершілік тақырыптарын өткір қаузап, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен ортаға салды. Олардың жоғары белсенділігі мен тақырыпты терең талдауы жастардың құқықтық және рухани сауаттылығын айқын көрсетті.

    Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі І орынды Zhansugurov College командасы жеңіп алса, ІІ орын Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі командасына бұйырды. Ал ІІІ орын Көксу ауылшаруашылық колледжі командасына берілді.

    Аргумент құру дағдыларымен және тапқырлығымен ерекшеленген Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінің студенті Айжан Айқын «Үздік спикер» номинациясына ие болды.

    Жалпы облыстық турнирге 150-ге жуық студент қатысты.

    Жетісу университеті Заң және тәртіп сайыс

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.