Close Menu
    Оқылып жатыр

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 31 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жаңа конституция. Әркім өз тілінде сөйлесін, ал мемлекет қазақ тілінде жұмыс істеуге міндетті…

    Жаңа конституция. Әркім өз тілінде сөйлесін, ал мемлекет қазақ тілінде жұмыс істеуге міндетті…

    Басты тақырып 02.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өткен сенбіде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы мерзімді басылымдарда ресми түрде жарияланды. Қоғамның талқысына ұсынылған заң жобасы 84%-ға жаңарғаны мәлім болды. Жаңа Конституция 11 бөлім, 95 баптан тұрады. Саяси өзгерістер мен билік тармақтарындағы реформаларды заңдастыруға бағытталған құжат  жарияланған соң, қоғамда оны талқылау қызу жүріп жатыр. Президенттің мәртебесі және сайлану тәртібі бойынша президент 7 жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Қайта сайлануға тыйым салынған. Құрылтай, Үкімет, Қазақстан Халық Кеңесі туралы жаңа баптар енді. Негізгі өзерістер осыдан басталады.

    Алайда өткен екі күнде әсіресе жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілге қатысты тұсына ел назары ерекше ауып отыр. Әсіресе әлеуметтік желіде қазақ тілінің Ата заңдағы мәртебесіне байланысты пікір көбейді. Бұған дейінгі 1995, 1998, 2007, 2010, 2022 жылдардағы өзгерістерде қазақ тілінің мәртебесіне қатысты ешқандай өзгеріс болмаған. Бұл жолы мемлекеттік тіл туралы жазбалар Конституцияның 7-ші бабынан 9-шы бабына ауыстырылған. Онда Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі, ал орыс тілі — мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында мемлекеттік тілмен тең қолданылады делінген. Ал өзге ұлттардың тілдерінің барлығына даму үшін жағдай жасалады.

    Қоғамда тіл және мемлекет құрушы ұлт дегенге келгенде пікір алуандығы туындап отыр. “Қала мен дала” газеті және Dalanews сайты осы екі мәселеге қатысты сарапшылар пікірін ұсынады. Әлбетте әлеуметтік желіде ерінбегеннің бәрі өз ойын айтып, түрлі жазба қалдырып жатыр. Ата заңның жобасы бұрын соңды осылай талқыланып, плюрализмге жол берлігені есімізде жоқ, дегендер де бар. Айталық философия ғылымдарының докторы, белгілі түркітанушы ғалым Досай Кенжетай, дінтанушы, қоғам белсендісі Қайрат Жолдыбайұлы мен тағы бір қоғам белсендісі, білім саласының маманы Аятжан Ахметжанұлының Конституциядағы өзгерістерге қатысты тұжырымдамалары көңілге қонымды көрінді.

    “Мәселе тілде емес, оның тұжырымдалуында жатыр. Конституция жобасында “…орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады” деген тұжырым туралы. Бұл жерде қазақ тілі-мемлекеттік, ал орыс тілі де-факто екінші мемлекеттікке тең мәртебе алып тұр. Меніңше бұл жердегі негізгі конституциялық проблема “тең қолданылады” деген құқықтық тұрғыдан берілген тең мәртебе жайлы болмақ. Конституциялық құқықта тең қолданылады деген тең құқықтық статус деген сөз. Бұл формула мемлекеттік тілдің ерекше мәртебесін жояды. Яғни, унитарлық мемлекетке тән бір мемлекеттік тіл қағидасын әлсіретеді. Мемлекеттік тіл деген статустың мазмұны бос болып қалады”,- дейді Досай Кенжетай. 

    Егер барлық мемлекеттік органдарда, барлық ресми қатынаста екі тіл тең қолданылса, онда “мемлекеттік тіл” атауы жай декларацияға айналғаны. Мемлекеттік тіл -символ емес, басым құқықтық құрал болуы керек. Құқық пен міндет шатастырылған сияқты. Меніңше азамат қалаған тілінде сөйлеуге құқылы, ал мемлекет мемлекеттік тілде жұмыс істеуге міндетті. Ұсынылған нормада мемлекеттің міндеті жоқ, керісінше, мемлекеттік тіл баламаға айналып тұр. Халықаралық унитарлық тәжірибеге қайшылық анық. Унитарлық мемлекеттерде (Франция, Жапония, Польша) бір мемлекеттік тіл бар, бірақ басқа тілдерге қолдану кепілдігі беріледі. Бірақ тең мемлекеттік мәртебе берілмейді. Сондықтан Қазақстандағы бұл формула — ерекше, қауіпті гибрид десе де болады, деп тұжырымдайды ғалым.

    “Конституциядағы екіұштылық қауіпті, өйткені ертең кез келген орган қазақ тілінде жұмыс істеуге міндетті емес деп түсіндіре алады. Сотта, әкімшілікте, парламентте мемлекеттік тіл шетке ысырыла салуы әбден мүмкін. Бұл реалды мәселені құқықтық тұрғыдан емес, бүгінгі саяси инерцияны Конституциямен бекіту ғой расында. Оның орнына “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі -қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында орыс тілі және басқа тілдер заңда көзделген тәртіппен қолданылады” десе бітті. Бұл норма тілдік төзімділікті емес, мемлекеттік тілдің құқықтық салмағын жояды. Мәселе орыс тілін қолдануда емес, оны мемлекеттік тілмен теңестіруде”,- деп пікір білдірген  Досай Кенжетай.    

    Сөйтіп мелекеттік тілдің практикалық қолдану аясы тарылуы ықтимал. Тілдік саясатта құқықтық емес, әкімшілік инерция қабылданғаны жөн емес. Сондықтан төмендегідей ұсыныс айтамын, дейді сарапшы.  Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі айрықша мәртебесін нақты әрі міндетті бекіту керек. Орыс тілінің және басқа тілдердің қолданылуын, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, жай заңдармен реттеуге болады. Конституцияда тілдерге қатысты нормаларда “тең қолданылады” деген сияқты құқықтық тұрғыдан екіұшты формулировкаларды пайдаланбау керек, деп түйіндейді Философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай.

    Ал қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы Конституцияның жаңа жобасына қатысты жақсы және кемшін тұстары да бар деген пікір айтады. Ата заңның жаңа жобасын қарап шықтым. Жақсы жақтары, өзіме ұнаған тұстары көп. Бірақ келіспейтін баптар да баршылық. Ұнағандарын жұрттың көбі мақтап айтып жатыр ғой. Өзгерсе екен деп армандайтын тұстарын жазып, азаматтық пікірімізді айтайық, дейді белгілі педагог.

    “Бірінші. Тәуелсіздік алғалы сан мәрте түзетулерді айтпағанда, үшінші Конституцияны (1993, 1995, 2026) қабылдағалы жатырмыз. Осы орайда жаңа Конституциямен бірге елдің атын Қазақстан Республикасы емес, Қазақ Республикасы деп жазылса, СТАН сөзінен құтылсақ дұрыс болар еді. Екінші. “Мемлекет құрушы ұлт – қазақ халқы” деп анық та қанық жазылуы керек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі – Қазақ халқы. ( 4 бап, 1 тармақ осылай болса ). Көпұлтты емес, бір ұлтты, көп этносты мемлекет екеніміз анықталса”,- дейді Аятжан Ахметжанұлы. 

    Сосын мемлекеттік тіл тек қана – қазақ тілі болуы керек. Онымен ешқандай тіл, ешқандай жерде, ешқандай жағдайда теңеспеуі керек. Яғни бұрынғы 7-баптың (қазіргі 9-баптың 2-тармағы) толық алынып тасталуы тиіс. Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияда қызмет ететін кез келген азамат білуі міндетті деген норма енуі қажет. Жер шетелдіктерге ешқашан сатылмауы, жалға берілмеуі керек. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз маңызды. Қазақстан біртұтас, унитарлы мемлекет, сондықтан елімізде ешқандай аймақ пен қалаға ерекше құқық берілмеуі керек. Бұл өте қауіпті. Қазір қауіпсіз болса да, болашақта салдарына ие бола алмай қалуымыз мүмкін, деген ұстанымын жеткізген, Аятжан Ахметжанұлы.

    Конституция әрбір адамның құқығын қорғау әрі билікті шектеу үшін шығарылады. Сондықтан президенттік билікті шамадан тыс күшейтетін тұстарын айтқым келеді, дейді Қайрат Жолдыбайұлы. Құрылтайды “келіспесе тарату” механизмі енеді. Ал ең қауіптісі: бүкіл сот жүйесін Президент өз бақылауында ұстайды. Яғни, президенттің әрекеттеріне шектеу қойып, қадағалайтын басты органдар Президенттің өзі тағайындаған  адамдар. Бұл билікті бөлісу емес, керісінше бір қолға шоғырландыру. Президент тек “мемлекетке опасыздық” үшін ғана жауап береді. Ал жемқорлық, құқық бұзу, өкілетті асыра пайдалану бойынша жауапкершілік жоқ. Сонда қалай, миллиардтарды жымқырсаң да заң алдында жауап бермейсің?! Бұл қорғану амалы конституциялық парадокс. Барлық адам заң алдында бірдей жауап беруі керек қой, деп ой тұжырымдайды Қайрат Жолдыбайұлы.

    “Бұл жолы ата заңның 84 пайызы өзгеретін болды деп жатыр. Мажоритарлық жүйені тоқтатып, партиялық тізім арқылы сайлауға қайта ауысудың мақсаты түсінікті. Билікке ыңғайсыз тұлғалардың жолын жауып, депутаттыққа өткізбеу. Ал қалған өзгерістердің билікке не үшін қажет болғанын саясаткерлер мен заңгерлер түсіндіре жатар. Ең болмаса осы өзгерту кезінде 35 жыл бойы өгейдің күйін кешкен тіліміздің тағдырын түбегейлі шешіп алсақ қой дейсің. Бірақ ол да жоқ”,- дейді қоғам белсендісі. 

    Соңғы жылдары тілдің жағдайы одан әрі кері кетті. Ресми қағаздардың бәрі орыс тілінде. Астанадағы мемлекеттік мекемелердің көбі орысша шүлдірлеуін тоқтатар емес. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес,  ұлттың ғасырлар бойы қалыптастырған  ойлау жүйесі мен мінезі,  салт-санасы мен тарихи тамырының сыртқа шыққан көрінісі. Сондықтан ата заңда қазақ тілінің мәртебесі дараланбай, орыс тіліне берілген “мемлекеттік тілмен қатар қолданылады” деген ресми мәртебе тұрған кезде ұлттық идеологиядан сөз қозғау нәтижесі жоқ бос әңгіме, деген пікірін ел талқысына салады Қайрат Жолдыбайұлы.

    Жаңа Конституция тіл мәселесі

    Оқылып жатыр

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Қазақстан мұнайы Жапонияға сатылуы мүмкін

    30.03.2026

    Өзін дін өкілі деп таныстырған тұлға жауапқа тартылды

    29.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Қазақстан мұнайы Жапонияға сатылуы мүмкін

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.