Close Menu
    Оқылып жатыр

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026

      Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

      10/11/2026

      Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

      10/11/2026

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

    Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

    Өңір тынысы 26/01/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы полковник Дәурен Оразбеков, Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Аталған нысан Қазақстан ТЖ министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды.

    Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың айтуынша азаматтық қорғау жүйесін нығайту және ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі.

    «Ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Жаңа өрт сөндіру деполарының ашылуы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді», – деді Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

    Сондай-ақ Шыңғыс Әрінов жаңа өрт сөндіру депосының, заманауи өрт-құтқару техникасының, оның ішінде өрт автоцистернасының, жедел-құтқару автокөлігінің және  жол талғамайтын көліктің кілттерін, мерекелік медальдар мен Алғыс хаттар табыс етті.

    Олардың қатарында «ТРЭКОЛ» маркалы автокөлігі, «Камаз» АЦ-5-40 маркалы өрт сөндіру автокөлігі, «Toyota Hilux» маркалы жеңіл автокөлігі бар.

    Ашылу рәсіміне қатысқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев нысанның өңір үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

    «Азаматтардың қауіпсіздігі – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын азайту жүйесін жетілдіру – стратегиялық маңызы бар мәселе. Бүгін іске қосылып отырған өрт сөндіру депосы – облыста азаматтық қорғау инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстарының нақты нәтижесі», – деді өңір басшысы.

    Жаңа өрт сөндіру депосы жалпы саны 28 мыңнан астам халқы бар 12 ауылдық округ пен 34 елді мекенді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Ғимарат модульдік технология бойынша салынған, бұл қажет болған жағдайда нысанды жедел түрде кеңейтуге және жаңғыртуға мүмкіндік береді. Депо тәулік бойы қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен толық жабдықталған: заманауи байланыс құралдары бар диспетчерлік пункт, екі өрт сөндіру автокөлігіне арналған гараждар, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, ас үй және демалыс бөлмелері бар. Сонымен қатар спорттық жаттығу құрал-жабдықтармен жарақталған «Batyr Team» жаттығу аймағы бар.

    Іс-шара аясында нысанның құрылысына жоғары жауапкершілікпен қатысып, белсенділік танытқан азаматтар ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.

    Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен «Кеген орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айболат Солтанғазиев, Төтенше жағдайлар министрлігінің «30 жыл» медалімен Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, «AS Karasay» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры  Медет Омарханов марапатталды.

    Алматы облысы Кеген ауданы Марат Сұлтанғазиев өрт сөндіру Шыңғыс Әрінов

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Әріновтің әдемі өсу жолы: оққағардан облыс әкімдігіне дейін

    04/09/2026

    Алматы облысын 4 жылдан аса басқарған Сұлтанғазиев қызметінен босатылды

    04/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

    10/11/2026

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.