Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 7 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық қарыз алды — Ұлттық банк

    «7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық қарыз алды — Ұлттық банк

    Ел іші 12.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы ақша-несие саясатының іске асырылуы туралы баяндады, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

    Ерболат Досаев атап өткендей, жылдық инфляция біздің күтуімізге сәйкес қалыптасуда және қазанның қорытындысы бойынша 5,5 пайыз болды.

    Ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің өсуі тарихи ең төмен деңгейде қалуда — жылдық көрсетуде 0,8 пайыз. Реттелетін қызметтерге тарифтер қазанда жылдық көрсетуде 7,7 пайызға төмендеді.

    Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5,7-5,8 пайыз, яғни 4-6 пайыз таргеттелетін дәлізде бағаланады.

    «Осы факторларды ескере отырып, Ұлттық Банк 28 қазанда базалық ставканы 9,25 пайыз деңгейде және +/- 1 пайыздық тармақ дәлізде сақтады. Ақша-кредит саясаты шаралары шеңберінде Ұлттық Банк айналыстағы ноттар көлемін мамыр-қазан аралығында 30,1 пайызға 4,3 триллион теңгеден 3,0 триллион теңгеге дейін қысқартты. Нәтижесінде банктер артық өтімділікті кредиттеуге және экономиканы басқа қаржыландыруға қайта жіберді», — деді Ұлттық банк төрағасы.

    Алдын ала қорытынды бойынша, 9 айда төлем балансы ағымдағы шотының дефициті өсіп, 2018 жылғы 9 айдағы 1,8 миллиард доллармен салыстырғанда 4,7 миллиард доллар құрады.

    Тікелей шетелдік инвестициялардың таза әкелінуі өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде қалыптасып, 5,1 миллиард доллар болды. Ол бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен және резиденттердің шетелдік еншілес ұйымдарынан капиталын қайтаруымен қамтамасыз етілді.

    Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі 13,0 пайызға азайып, 2019 жылғы 9 айда 2,6 миллиард доллар болды. Капиталдың әкелінуі Қаржы министрлігінің 3-тоқсанда 1,15 миллиард еуроға еурооблигациялар шығарумен және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жаһандық депозитарлық қолхаттарын сатумен қамтамасыз етілді.

    Ерболат Досаевтың айтуынша, несиелендірудің өсуі артып келеді екен.

    «Жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель қыркүйектің соңында 2,3 пайызке 13,4 триллион теңгеге дейін өсті. 1-тоқсанда банктерді қалыпқа келтіру нәтижесінде жұмыс істемейтін қарыздар есептен шығарылған соң сәуір-қыркүйекте кредиттеудің өсуі 7,4 пайыз немесе 921,8 миллиард теңге болды», — деді Досаев. 

    Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 1,7 пайызға немесе 121,7 миллиард теңгеге өсті. Жеке тұлғалардың кредиттік портфелі 14,7 пайызға немесе 800 миллиард теңгеге өсті. Ұзақ мерзімді кредиттер қыркүйек қорытындысы бойынша 11,4 триллион теңге, қысқа мерзімді кредиттер 2 триллион теңге болды.

    «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 7 қарашадағы жағдай бойынша 10 676 отбасы 122,8 миллиард теңге сомаға қарыз алды. 

    Экономиканың басым салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын (600 миллиард теңге) іске асыру жалғасуда. 1 қарашадағы жағдай бойынша банктерде 248,3 миллиард теңгеге 393 жоба қаралуда, 142,3 миллиард теңгеге 224 жоба мақұлданды, 55,5 миллиард теңгеге 147 қарыз берілді.

    тұрғын үй Үкімет Ұлттық банк

    Оқылып жатыр

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.