Ресейдің «Первый канал» мемлекеттік арнасының эфирінде Ресейдің мемлекеттік думасының білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов «Қазақстан территориясы — Ресей тарапының сыйлығы» деп мәлімдеді.
Бұл пікірді ол өзі жүргізетін «Большая игра» бағдарламасының Совет өкіметінің құлауына арналған «Беловежье» деп аталған шығарылымында айтқан.
«Қазақстан болған жоқ, Солтүстік Қазақстан мүлде қоныстанған жоқ. Олар өмір сүрді, бірақ әлдеқайда оңтүстікте. Шын мәнінде, Қазақстан аумағы – бұл Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы» деді Никонов.