Close Menu
    Оқылып жатыр

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 19 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

      18.08.2026

      Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

      18.08.2026

      Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

      18.08.2026

      Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

      18.08.2026

      300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

      17.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісу университетінде ХХІ ғасырдағы құндылықтар талқыланған халықаралық конференция өтті

    Жетісу университетінде ХХІ ғасырдағы құндылықтар талқыланған халықаралық конференция өтті

    Жаңалықтар 12.12.2025
    Жетісу университеті
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Өзгермелі парадигмалар тұсындағы құндылықтар: ХХІ ғасырдағы тұлға, қоғам және өркениет бағдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаев, облыстық мәслихат төрайымы Г.Тойлыбаева қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz 

    Пленарлық мәжілісті Басқарма төрағасы – ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев ашып аталған конференцияның ғылыми және қоғамдық маңызына тоқталды.

    «ЖаҺандану, цифрландыру және жасанды интеллект тұсындағы құндылықтар трансформациясын зерттеу аса маңызды. Бүгінгі конференцияда құндылықтар талдауға, салыстыруға және эмпирикалық тұрғыда тексеруге болатын динамикалық құбылыс ретінде қарастырылады», — деді Е.Бөрібаев.

    Жетісу университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек арнайы Алғы сөз жолдады. Онда министр конференция қатысушыларын құттықтай отырып, «Құндылықтар жүйесінің трансформациясы, жаҺандандыру мен цифрландыру қоғамның рухани-адамгершілік даму бағыттарын айқындау — қазіргі мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі. Бұл конференция өзгермелі әлеуметтік, мәдени және технологиялық ортада құндылық бағдарларын жаңаша пайымдаудың өзектілігін танытатын ғылыми диалог алаңы ретінде құндылық саясатын жаңаша дамытуға үлес қосады деп сенемін»-деді.

    Пленарлық мәжілісте философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-зерттеушіcі А.Кулсариева, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Сейтахметова баяндама жасады. Баяндамашылар қоғамдық құндылықтардың үдемелі трансформациясы жағдайында тұлғаның дамуына ықпал ететін жаңа бағыттарды айқындау мәселесін көтерді. Ресейлік ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор А. Колесников мәдениетаралық философия жайында ой қозғады. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғалымы, қауымдастырылған профессор Б. Мейрбаев «XXI ғасырдағы құндылықтардың трансформациясы: адам философиясы және гуманизм негіздері» тақырыбында мазмұнды баяндама оқыды. Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің профессоры Г.Ботоканова заманауи қиындықтар мен дәстүрлі мәдениет тұрғысындағы ғылыми баяндамасын ұсынды. Философия ғалымдары Ә.Құранбек P4C жаһандық қозғалысы және қазақстандық зертттеулер мен ізденістер, Н.Байтенова ХХІ ғасырдағы жаһандық турбуленттілік жағдайында құндылық парадигмаларының трансформациясының философиялық негіздері, А.Құрманалиева Тілдік негіздегі ұлттық біртұтастық: мультимәдени медиакеңістіктің қазақ балаларының тілдік машықтарына ықпалы тақырыбында өз ойларын ортаға салды.

    Қазақстанның Құрметті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан Академиясының академигі Ә.Әрін маңызды баяндама жасады.

    «Қазақ халқының тарихын зерттеу – ұлттың рухани тамырын танудың, мәдени болмысын сақтаудың маңызды жолы. Бұл жолда тарихи деректерді ғылыми негізде талдап, ауызша және жазбаша мұраларды салыстыра отырып, шынайы қорытынды жасау қажет. Тарихты бұрмаламай жеткізу – өткенге құрмет, болашаққа аманат. Сондықтан әр зерттеуші мен әрбір азамат тарихи фактілердің дәлдігіне мән беріп, идеологиялық не субъективті көзқарастардан ада, әділ әрі ақиқат көзқарасты ұстануы тиіс»,- деді ол.

    Конференцияның секциялық мәжілісі «Құндылықтарды зерттеудің философиялық негіздері мен әдіснамасы», «Цифрландыру мен жасанды интеллект (ЖИ) жағдайындағы тұлға құндылықтары сынақ әрі мүмкіндік ретінде», «Қоғам және құндылықтар: дәстүр және жаңғыру», «Мәдениетаралық коммуникация және өркениеттер диалогы», «Әдебиет пен өнер құндылықтарды сақтаушы ретінде», «ХХІ ғасырдың құндылық бағдары аясындағы білім мен тәрбие» бағыттары бойынша өтті.

    Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ғалымдар үшін ХХІ ғасырда адамның тұлғалық дамуы, қоғамдық институттардың тұрақтылығы және өркениеттік прогрестің үйлесімді траекторияларын талқылау, сондай-ақ гуманитарлық, әлеуметтік, мәдени және философиялық салалардағы ғылыми пікір алмасу алаңы болды.

    Конференция соңында А.Кулсариева мен Е.Бөрібаевтың редакторлығымен жарық көрген «Парадигмы ценностных установок и ценностного сознания в казахстанском обществе: тренды, динамика, переспективы» ұжымдық монографияның тұсаукесері өтті.

    Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шара ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы» атты бағдарламасын іске асыру аясында өтті.

    Жетісу университеті конференция

    Оқылып жатыр

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18.08.2026

    300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

    17.08.2026

    Алимент төлеуден қашып жүргендің қарызы 18 млрд теңгеден асты

    17.08.2026

    Атағы дүрілдеген GGG Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді

    17.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.